Негізгі қаржылық көрсеткіштер

Макроэкономикалық факторлар

2024 жылғы желтоқсанда Қазақстанда жылдық инфляция 2023 жылғы 9,8% -дан төмендеп, 8,6% -ды құрады.

Азық-түлік тауарларының бағасы желтоқсанда жылдық көрсетуде 5,5% өсті, бұл өткен айлармен салыстырғанда өсудің біршама жылдамдығын көрсетеді. Бұл тренд бағаның маусымдық ауытқуын, азық-түлікке әлемдік бағаның өзгеруін, сондай-ақ көлік және логистикалық шығындар сияқты ішкі факторлардың әсерін қоса алғанда, бірқатар факторларға негізделген. Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бір жылда 8,3% -ға көтерілгенін көрсетті, бұл да болжанған мәндердің шегінде тұр. Алайда, неғұрлым айқын өсу ақылы қызмет көрсету секторында байқалады, онда бағаның жылдық өсуі 13,3% құрады.

Валюта нарығы да айтарлықтай өзгерістерге ұшырады. 2024 жылғы желтоқсанда теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы бір доллар үшін 523,54 теңгеге жетті, бұл ұлттық валютаның жыл басынан бері 15% әлсіреуін көрсетеді, бұл импорттаушылар тарапынан шетел валютасына жоғары сұранысты, экономиканың долларлануының күшеюін, сондай- ақ шикізат тауарлары бағасының динамикасы және әлемнің ірі орталық банктерінің саясаты сияқты сыртқы экономикалық факторларды қоса алғанда, факторлар кешенімен негізделген.

Ағымдағы шот тапшылығының 4,4 млрд долларға дейін қысқаруы және халықаралық резервтердің 105,7 млрд долларға дейін өсуі елдің сыртқы экономикалық позициясының жақсарғанын көрсетеді. Алайда сақталып отырған бюджет шығыстары және Ұлттық қор қаражаты есебінен тапшылықты қаржыландырудың жалғасуы макроэкономикалық тұрақтылық үшін ұзақ мерзімді сын-қатерді білдіреді. Болашақта бюджеттің трансферттерге тәуелділігінің ықтимал төмендеуі және елдің экономикалық құрылымын әртараптандыру тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуде негізгі рөл атқаруы мүмкін24.

24 ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар жөніндегі агенттігінің Ұлттық статистика бюросы, ҚР Ұлттық Банкі, Halyk Finance.

31.12.2023 31.12.2024 %
KZT/USD 454,56 523,54 115%
KZT/EUR 502,24 546,47 109%
KZT/RUB 5,06 4,99 99%
KZT/USD
KZT/EUR
KZT/RUB

Қаржылық-экономикалық көрсеткіштер

Негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштер, млн теңге25
Көрсеткіш 2022 нақты 2023 нақты 2024 нақты 2025 болжам
Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен кіріс 381 465 444 96026 573 490 691 659
Сатылған өнімнің және көрсетілген қызметтердің өзіндік құны 288 929 329 67626 371 645 479 409
Жалпы пайда 92 536 115 284 201 845 212 250
Операциялық пайда 64 574 92 828 172 987 176 610
Амортизация, пайыздар және КТС (EBITDA) бойынша аударымдарға дейінгі пайда 141 382 159 484 226 241 266 714
Салық салуға дейінгі пайда (шығын) 46 417 63 082 147 524 147 352
Корпоративтік табыс салығы бойынша шығындар 16 111 19 352 34 555 34 009
Азшылық үлесін шегергенге дейінгі жиынтық пайда (шығын) 30 306 43 730 112 969 113 342
Азшылық үлесі 175 649 461 712
Топ Акционерлеріне тиесілі жиынтық пайда 30 132 43 080 112 508 112 631

25 Кірістер мен өзіндік құнның толық жазылуы қызмет түрлері бөлінісінде (сегменттер бойынша емес) келтірілген және элиминациялауды есепке алмай көрсетілген..

26 2023 жылғы қаржылық көрсеткіштер «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС мен «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС ортақ бақылауындағы кәсіпорындарды сатып алуды көрсету үшін қайта есептеместен ұсынылған.

Камалов Алмасби Низамаддинұлы
Экономика және Қаржы жөніндегі басқарушы директоры
2024 жылы біз алғаш рет 110 миллиард теңге мөлшерінде таза пайда межесінен астық – бұл өткен жылғы деңгейден 2,5 есе жоғары.
Бұл өсім бүкіл ұжымның үйлесімді жұмысының, теңгерімді қаржылық саясаттың, өтімділікті тиімді басқарудың және инвестициялық жобаларды уақтылы жүзеге асырудың арқасында мүмкін болды. Бұл жетістік біздің бизнес-модельдың тұрақтылығын растап қана қоймай, одан әрі дамуға, инвестиция тартуға және нарықтағы позициямызды нығайтуға жаңа мүмкіндіктер ашады.
Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен кірістер
2024 жылы Қоғамның Компаниялар тобы бойынша өнім сатудан және қызмет көрсетуден түскен кіріс
573 490 млн теңгені құрады

Шоғырландырылған кірістің ұлғаюы көбінесе сату (өткізу) сегментінде орын алды; кірістің өсуі электр энергиясын сату көлемінің 1 651 млн кВтсағ (23%) және «Алатау Жарық Компаниясы-Энергосбыт» АҚ филиалының электр энергиясын сату тарифінің 23,64 теңге/кВтсағ-тан 28,03 теңге/кВт/сағ-қа ұлғаюымен байланысты. Электр энергиясын беру бойынша түсімнің ұлғаюы электр энергиясын беру көлемінің 572 млн кВтс (7%) және «Алатау Жарык Компаниясы» АҚ электр энергиясын беру тарифінің 7,68 теңге/кВтс- тан 9,95 теңге/кВтс-қа дейін өсуіне байланысты.

Электр энергиясын өндіру сегменті бойынша шоғырландыру периметріне «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС және «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС қосу, ағынының көп болуына байланысты су электр станцияларын өткізу көлемінің өсуі, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап ЭБҰ шекті тарифтерінің ұлғаюы, сондай-ақ 2024 жылға өткізілген сауда-саттық қорытындылары бойынша қуатты өткізу көлемін ұлғайту және «Өскемен СЭС» АЭС және «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС қуат көлемін шоғырландыру периметріне қосу есебінен түсімнің өсуі орын алды.

Сондай-ақ, «Алматы Электр Станциялары» АҚ өткізу көлемінің өсуі және «Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО) көлемін шоғырландыру периметріне қосу есебінен жылу энергиясын өндіру сегменті бойынша өсу байқалады. Қосымша «Алматы Электр Станциялары» АҚ-ның жылу энергиясына тарифі 4 215 теңгеден Гкал 5 195 теңгеге дейін ұлғайды.

Қызметтің негізгі түрлері бойынша 2024 жылғы кірістер құрылымы
Болашақ кезеңге арналған болжам

2025 жылға арналған болжамда іске асырудан түскен кіріс 691 659 млн теңге көлемінде жоспарланған, бұл 2024 жылғы фактіден 118 169 млн теңгеге немесе 21% -ға жоғары. Бұл арту электр энергиясын өндіру және өткізу бойынша тарифтердің, қуатқа арналған көлемдердің және тарифтердің өсуіне (1 065 мың теңге/МВТ*ай мөлшерінен 1 169 мың теңге/МВТ*ай мөлшеріне дейін), сондай-ақ «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС № 1 Блогын енгізуге байланысты.

Өндірушілер бойынша өнімді өткізуден және қызмет көрсетуден түскен табыс, млн теңге
Көрсеткіш 2022 нақты 2023 нақты 2024 нақты 2025 болжам
Өнімді сатудан және қызмет көрсетуден түскен кіріс 381 465 444 960 573 490 691 659
«Екібастұз МАЭС-1» ЖШС 189 266 186 939 198 847 257 776
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы – Энергосбыт 137 578 168 309 247 127 304 146
«Алматы Электр Станциялары» АҚ 86 220 96 660 125 605 133 983
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ 53 842 67 712 94 009 110 428
«Мойнақ СЭС» АҚ 22 804 21 720 25 768 21 761
«Шардара СЭС» АҚ 8 680 8 991 8 602 7 729
«Өскемен ЖЭО АЭС» ЖШС - - 10 915 11 190
«АЭС Шүлбі СЭС» ЖШС - - 16 603 16 371
«Бірінші Жел Электр Станциясы» ЖШС 4 987 6 170 6 641 7 918
«Бұқтырма СЭС» АҚ 4 181 21 837 16 520 24 135
«Energy Solution Center» ЖШС (ЭЖО) - - 4 233 10 594
«Energy Solution center» ЖШС филиалы – ЖҚҚО 1 515 1 595 1 945 3 209
«Samruk-Green Energy» ЖШС 409 500 659 755
Топішілік айналымдар (элиминациялау) -128 016 -135 475 -183 986 -218 337

Қоғамның негізгі қызметінен түсетін кірістердің негізгі үлесін «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Алматы Электр Станциялары» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ филиалы -Энергосбыт алады. Сонымен қатар, кірістерді шоғырландыру кезінде жалпы сомадан негізінен энергия өндіруші және таратушы компаниялар бойынша топішілік айналымдар алып тасталады.

Өзіндік құны
Өнім мен қызмет көрсетудің өзіндік құны, млн теңге
Көрсеткіш 2022 нақты 2023 нақты 2024 нақты 2025 болжам
Отын 68 247 91 379 105 269 138 644
Еңбекке ақы төлеу және байланысты шығыстар 45 643 53 766 69 099 85 019
Сатып алынған электр энергиясының құны 50 991 56 404 46 366 63 763
Электр қуатының әзірлігін ұстап тұру жөніндегі қызметтер 8 819 8 848 15 644 20 714
Негізгі құралдардың тозуы және МЕА амортизациясы 59 764 62 556 58 020 76 220
Жөндеу және ұстау 9 950 11 377 12 979 16 757
Электр энергиясын беру жөніндегі қызметтер 16 847 16 922 20 307 20 752
Материалдар 2 181 2 777 4 335 5 425
Сумен қамтамасыз ету 7 106 7 582 10 464 12 092
Желілердегі шығындар 2 2 0 0
Табыс салығынан басқа салықтар 4 642 4 633 5 042 7 127
Қоршаған ортаға эмиссиялар үшін төлем 7 664 4 435 5 337 9 223
Бөгде ұйымдардың қызметтері 3 385 3 350 11 719 14 507
Өзгелері 3 688 5 643 7 064 9 166
Жиыны 288 929 329 676 371 645 479 409

2024 жылдың қорытындысы бойынша өзіндік құн 371 645 млн. теңгені құрады, бұл 2023 жылғы фактіден 13% -ға жоғары. Шығындар электр энергиясының теңгерімдеуші нарығындағы (бұдан әрі – ЭТН) тауарлар мен қызметтер бағасының, шығыстардың өсуіне байланысты (көмір, газ, «KEGOC» АҚ қызметтері және т.б.), ЕТҰ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша, шикізат және өндірістік материалдар бағасын индекстеу шеңберінде өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеуге арналған шығыстар есебінен орын алды.

2024 жылы амортизация 58 020 млн теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 536 млн теңгеге немесе 8% -ға азайды. «Екібастұз МАЭС- 1» ЖШС бойынша негізгі төмендеу негізгі құралдардың қызмет мерзімін қайта қарау есебінен болды.

Қызметтің негізгі түрлері бойынша өзіндік құнның құрылымы
Болашақ кезеңге арналған болжам

2025 жылға арналған болжамда тауарлар мен қызметтер бағасының өсуіне байланысты өзіндік құн, теңгерімдеуші электр энергиясын сатып алу бойынша шығыстар, өндірістік персоналдың еңбегіне ақы төлеу шығындарының ұлғаюы, сондай- ақ өндіріс көлемінің ұлғаюына байланысты ұлғаяды.

Кіріс және сатуға арналған шығыстар

2024 жылдың қорытындысы бойынша іске асыру шығындары 2023 жылмен салыстырғанда (86) млн теңгеге (1%) азайып, 8 845 млн теңгені құрады. Бұл ауытқу тарифтің төмендеуі себебінен электр энергиясын өндіру-тұтынуды теңгерімдеуді ұйымдастыру бойынша «KEGOC» АҚ қызметтеріне шығындардың төмендеуінен туындады.

Сату шығындары, млн теңге
Болашақ кезеңге арналған болжам

2025 жылға арналған болжамда өнімді сату шығындары 10 319 млн теңге көлемінде жоспарланған, бұл 2024 жылғы фактіден 1 474 млн теңгеге немесе 17%-ға жоғары. Іске асыру шығыстарының ұлғаюы «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС шиналарынан электр энергиясын жіберу көлемінің ұлғаюымен (№ 1 блокты енгізу), сондай-ақ «KEGOC» АҚ қызметтеріне бағаның ұлғаюымен байланысты.

Әкімшілік шығыстар

2024 жылдың қорытындысы бойынша әкімшілік шығыстар 20 013 млн теңгені құрады, бұл негізінен «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС, «Шүлбі СЭС» АЭС» ЖШС және «Energy Solutions Center» (Екібастұз ЖЭО) ЖШС шығыстарды шоғырландыру периметріне қосу есебінен 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6 488 млн теңгеге немесе 48% -ға жоғары.

Жалпы және әкімшілік шығыстар, млн теңге
Болашақ кезеңге арналған болжам

2025 жылға арналған болжамда әкімшілік шығыстар 2024 жылғы деңгейден 5 308 млн теңгеге жоғары. Көбеюі негізінен ЕТҰ қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету шеңберінде жалақыны индекстеуге байланысты. Сондай-ақ, «Energy Solutions Center» ЖШС (Екібастұз ЖЭО) ОАР Қоғамын шоғырландыру периметріне қосу есебінен ұлғаю (2024 жылы осы шығындар 5 айда шоғырландырылды).

Қаржылық шығыстар

2024 жылдың қорытындысы бойынша қаржылық шығындар 31 322 млн теңгені құрады, бұл 2023 жылғы нақты мәннен 6 078 млн теңгеге жоғары. Ағымдағы шығыстарда «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС (№ 1 блок) қарыздары бойынша шығыстарды көрсету есебінен ұлғайту.

Қаржыландыруға жұмсалған шығыстар, млн теңге
Болашақ кезеңге арналған болжам

2025 жылға арналған болжамда қаржыландыруға арналған шығыстар 48 891 млн теңгені құрайды. Негізінен ағымдағы шығыстарда «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС (отын беруді реконструкциялау және жаңғырту) және «Алматы электр станциялары» АҚ (Алматы энергия кешенін газдандыру) қарыздары бойынша шығыстарды көрсету есебінен ұлғаю.

Бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың пайдадағы үлесі
Көрсеткіш,
млн теңге
2022 нақты 2023 нақты 2024 нақты 2025 болжам
Бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындардың пайдадағы үлесі 16 103 3 121 -5 856 12 499

2024 жылы үлестік компаниялардан шығын (5 856) млн теңге, осындай кезеңге қатысты азаю (8 977) млн теңге, негізінен Forum Muider B.V. бойынша негізгі қызметтен түсетін кірістердің төмендеуі нәтижесінде операциялық пайданы азайту есебінен (экспорт көлемінің төмендеуі) және операциялық шығындардың өсуі, сондай-ақ қаржыландырудан түсетін шығыстардың ұлғаюы есебінен (бағамдық айырма) және негізгі емес қызметтен өзге де шығыстар (оның ішінде өзге активтердің құнсыздануынан болған залал) орын алып отыр.

Өтімділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері

«Самұрық-Энерго» АҚ акционердің қарастырған қаржылық тұрақтылық коэффициенттері бойынша нысана- лы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Ковенантты сыртқы кредиторлардан орындау
Ковенант Норматив 2021 нақты 2022 нақты 2023 нақты 2024 нақты Ескертпе
Борыш/EBITDA (ЕҚДБ, АДБ) 3,5 артық емес 2,70 2,14 1,74 1,62 Сақталады
EBITDA/Пайыздар (ЕҚДБ, АДБ) 2,2-дан кем емес 5,00 5,92 10,8 12,23 Сақталады
Борыш/Меншікті капитал (ҚДБ) 2,0 артық емес 0,59 0,50 0,43 0,49 Сақталады
Ковенант 2019 нақты 2020 нақты 2021 нақты 2022 нақты 2023 нақты 2024 нақты
Борыш/EBITDA 3,31 2,96 2,41 1,90 1,71 1,66
Борыш/Меншікті капитал 0,56 0,54 0,59 0,50 0,43 0,49
Ағымдағы өтімділік 0,70 0,75 0,53 0,57 1,04 1

2024 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ жартыжылдық негізде белгіленетін кредиторлардың қаржылық және қаржылық емес ковенанттарын сақтады.

Борыштық жүктеме

2024 жылдың қорытындысы бойынша Қоғамның шоғырландырылған атаулы қарызы 403,3 млрд теңгені құрады, 2023 жылдың қорытындыларымен салыстырғанда (310,3 млрд теңге) есептік кезеңде атаулы қарыздың ұлғаюы 93 млрд теңгені құрады.

2024 жылы атаулы борыштың ұлғаюы ЖЭО-2 жобасы үшін «Алматы Электр Станциялары» АҚ инвестициялық жобаларына және «Екібастұз МАЭС- 1» ЖШС жобаларына қарыздар тартуға негізделген.

Пайыздық тәуекелді нивелирлеу мақсатында 2024 жылғы қыркүйекте «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС-де ставканы 16,5% -18,75% -дан 16,25% -ға дейін төмендетумен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның қарызын ішінара мерзімінен бұрын өтеу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Кредиттік рейтинг (Fitch Ratings)

2024 жылғы 14 қазанда Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Самұрық-Энерго» АҚ-ның шетелдік және ұлттық валютадағы ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін «BB +» деңгейінде, «Тұрақты» болжамын растады.

Салыстырмалы талдау (бенчмаркинг)

Бенчмаркинг – Компанияны басқарудың маңызды элементтерінің бірі. Бенчмаркинг жүргізудің мақсаты операциялық және қаржылық көрсеткіштерді Компанияның әлсіз және күшті жақтарын анықтау үшін ұқсас шетелдік компаниялармен салыстыру болып табылады. Бенчмаркинг үшін мынадай көрсеткіштер қолданылды:

  • EBITDA margin (EBITDA маржасы);
  • Борыш/EBITDA;
  • қарыз қаражаты үлесінің коэффициенті (Борыш/Меншікті капитал);
  • Инвестицияланған капиталдың рентабельділігі (ROIC).

Бенчмаркинг үшін мынадай ұқсас компаниялардың деректері пайдаланылды:

  • «Юнипро» ЖАҚ (Ресей);
  • CEZ Group (Чехия);
  • RWE (Германия).
Бенчмаркинг нәтижелері
EBITDA margin, 2024 жыл
Return on Invested capital (ROIC), 2024 жыл

Қазіргі уақытта шетелдік ұқсас компаниялармен салыстырғанда Қоғам кейбір көрсеткіштер бойынша төмен.

EBITDA margin көрсеткіші компания операцияларының тиімділігінің негізгі көрсеткіші болып табылады, оның пайыз, салықтар, амортизация және амортизация шегерілгенге дейін пайда өндіру қабілеттілігін көрсетеді. Unipro, RWE сияқты басқа компаниялармен салыстырғанда «Самұрық-Энерго» АҚ EBITDA маржа коэффициенті 39% деңгейінде операциялар тиімділігінің жоғары деңгейін көрсетеді, алайда ол CEZ Group-тан шамалы төмен.

Борыш/EBITDA және Борыш/СК көрсеткіштері бойынша «Самұрық-Энерго» АҚ CEZ Group және RWE- пен салыстырғанда орташа деңгейде тұрады, бірақ қаржылық тұрақтылық тұрғысынан Unipro-дан едәуір артта қалып отыр.

ROIC көрсеткіші бойынша (ұзақ мерзімді салынған капиталдың рентабельділігі) «Самұрық-Энерго» АҚ CEZ Group пен Unipro төмен, бұл ретте RWE компаниясынан 6% жоғары.

Бұл ретте айта кету керек, «Самұрық-Энерго» АҚ көпшілік компанияларға қарағанда ҚР Үкіметіне тиесілі, осыған байланысты Компания электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік саясаттың жүргізушісі болып табылады. Осыған байланысты, сондай-ақ энергетика секторының тозу дәрежесінің жоғары болуымен 2009 жылдан бастап әлеуметтік маңызы бар инвестициялық жобалар (ҚР энергия жүйесі жұмысының сенімділігі мен үздіксіздігіне бағытталған) іске асырылды, бұл инвестицияланған капиталдың айтарлықтай өсуіне әкелді және тиісінше инвестициялардың рентабельділік көрсеткішін төмендетті.

Инвестициялардың рентабельділік көрсеткіштеріне әсер ететін қосымша фактор ұқсас компаниялар елдерімен салыстырғанда Қазақстан Республикасында электр энергиясына тарифтің төмен деңгейі болып табылады.

2024 ж. электр энергиясына белгіленген орташа тариф, теңге/кВтс
Ұқсас компаниялар елдеріндегі электр энергиясына тарифтердің айырмашылығы27
Ел Орташа кВтс үшін тариф28 Теңгемен/кВт*сағ Орташа 2024 жылғы бағам29
Қазақстан 28,03 теңге 28,03 теңге/кВтсағ
Ресей 5,75 рубль 29,20 теңге/кВтсағ 5,08 теңге/рубль
Германия 0,33 еуро 168,66 теңге/кВтсағ 507,86 теңге/еуро
Чехия 6,48 крон 131,03 теңге/кВтсағ 20,22 теңге/чех кронасы

27 Дереккөз: Еуростат, Росстат.

28 Қоғам тобы бойынша соңғы тұтынушы үшін ҚҚС-сыз орташа тариф көрсетілген.

29 ҚР Ұлттық Банкінің деректеріне сәйкес орташа бағам.