«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2024 жылғы негізгі қаржылық оқиғалары

16
ақпан
АХҚО биржасымен өтімділікті басқару бағдарламасы бойынша листинг алдындағы келісім жасалды, бұл «Самұрық-Энерго» АҚ тобына AIX-ке облигациялар шығаруды же- дел мерзімде және жеңілдікті комиссиялар- мен жүргізуге мүмкіндік береді.
Мамыр-маусым
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар то- бында ЕТҰ-ны кезең-кезеңімен енгізу арқылы физикалық кэш-пулинг іске қо- сылды, бұл топтың ақшалай қаражатын басқару тиімділігін арттыруға, қаржылық кірістерді ұлғайтуға және банктік қызмет көрсету бойынша шығыстарды оңтай- ландыруға мүмкіндік берді.
02
шілде
21 млрд теңге сомасына ЖЭО-2 газ- дандыру бойынша «АлЭС» АҚ жобасы шеңберінде ЕҚДБ-дан алғашқы іріктеу жүзеге асырылды. Жоба экологиялық жағдайды жақсартуға және ЖЭО жұ- мысының тиімділігін арттыруға бағыт- талған. ЕҚДБ-дан 22,9 млрд теңге со- масына кейінгі іріктеу 2 желтоқсанда жүзеге асырылды.
18
шілде
«МАЭС-1» ЖШС мен «Қазақстан Халық Банкі» АҚ арасында 79 млрд теңге сома- сына «МАЭС-1» ЖШС қайта жаңартуды қаржыландыруға несиелік келісім жа- салды, 2024 жылы игерілген сома 39,3 млрд теңгені құрады. Станция жұмысын жақсарту үшін отынмен қамтамасыз етуді жаңғырту жұмыстары жүргізілді.
24
шілде
«Самұрық-Энерго» АҚ тобы 2023 жылға Жалғыз акционердің пайда- сына 20,6 млрд теңге көлемінде ди- видендтер төледі. Бұл сома топ үшін рекордтық көрсеткіш болды
25
шілде
Басқарманың шешімімен қа- тысушылардың қосымша са- лымдары: «Самұрық-Энерго» АҚ 4 137 млн теңгесі және «Самұрық- Қазына» АҚ 4 137 млн теңгесі арқылы «Көкшетау ЖЭО» ЖШС жарғылық капиталын ұлғайту мақұлданды. Капиталды ұлғайту Компанияның қаржылық көрсеткіштерін жақсар- туға және инфрақұрылымды дамы- туға ықпал етеді.
30
шілде
Liquidity Management Program облига- циялық бағдарламасы AIX-те 250 млрд теңге лимитімен тіркелді. Бағдарлама топтың еншілес ұйымдары үшін обли- гациялардың тезірек шығаруын қамта- масыз етеді.
19
қыркүйек
«№1-блогын қалпына келтіру» жо- басы бойынша МАЭС-1 қарызының бір бөлігі 34,7 млрд теңге сомасына ұзақ мерзімді облигациялар шығару арқылы қайта қаржыландырылды, бұл пайыздық шығыстарды оңтайлан- дыруға мүмкіндік берді
27
қыркүйек
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ мен «ЕСМАЭС-2» АҚ арасында «ГМУ құ- бырын ауыстыру» және «РНД жұ- мыс дөңгелектерін (4,5 саты) қаптау жиынтығын сатып алу» жобаларын қаржыландыру мақсатында 5,5 млрд теңге сомасына кредиттік келісім жа- салды.
14
қазан
Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі Самұрық-Энерго АҚ-ның кредиттік рейтингтерін «BB+» деңгей- інде растады, болжам – «Тұрақты».
20
желтоқсан
15 млрд теңге сомасына ЖЭО-2 газ- дандыру бойынша «АлЭС» АҚ жо- басы шеңберінде АДБ-дан алғашқы іріктеу жүзеге асырылды.
31
желтоқсан
«Самұрық-Энерго» АҚ тобы тарифтердің өсуі және операциялық тиімділіктің ар- туы аясында 2024 жылдың қорытын- дысы бойынша қаржылық табыстың рекордтық деңгейіне – 9,6 млрд тең- геге жетті, бұл алдыңғы жылдардағы көрсеткіштерден едәуір асып түсті. 2023 жылмен салыстырғанда табыс 1,3 есе (7,3 млрд теңге), 2022 жылмен салыстырғанда 3,5 есе (2,75 млрд тең- ге) және 2021 жылменсалыстырғанда 3,7 есе (2,6 млрд теңге) өсті.