Миссиясы, құндылықтары мен қағидаттары

Миссия

Біз елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етеміз және ресурстарды тұрақты дамыту және тиімді басқару қағидаттарын ұстана отырып, энергияның жедел өтуіне ықпал етеміз

Құндылықтар
Тәлімгерлік
көмек көрсету және қолдау көрсету, барлық мүдделі тараптармен сенімді қарым- қатынас орнату, жинақталған тәжірибені сақтау және беру.
Кәсіпқойлық
қойылған міндеттерге адал қарау, тиімділікті арттыру үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдерді жетілдіру, енгізу.
Сенімділік
үздіксіз және сапалы жұмысты қамтамасыз ету, қоршаған орта мен экология мәселелерінде болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілікті сезіну, қауіпсіз, жайлы және бәсекеге қабілетті еңбек жағдайларын жасау, қабылданған міндеттемелерге адалдық.
Әділдік
кез келген мәселені шешудегі объективті бағалау мен әділдік, тең талаптар мен мүмкіндіктер, пікір білдіру және естілу мүмкіндігі.
Қағидаттар
Кәсіпқойлық
біздің табысты қызметіміздің кепілі. Біз дербес және кәсіби даму үшін тең мүмкіндіктер бере отырып, Компанияның әрбір қызметкерінің қолайлы жұмысы мен әлеуетін іске асыру үшін барлық жағдайды жасауға ұмтыламыз.
Комплаенс
ережелерді ұстану бізге ортақ мақсаттармен, мінез-құлық мәдениетімен және дәстүрлерімен біріккен кәсіби мамандар командасы болуға мүмкіндік береді.
Қауіпсіздік
энергияны генерациялаймыз және оны қауіпсіз әдістермен жасауға ұмтыламыз.
Тәуекелге бағдарланған тәсіл
тәуекелдерді басқарудың маңыздылығын түсінеміз және олардың деңгейін уақтылы сәйкестендіруге және төмендетуге бағытталған шараларды қабылдаймыз.
Әлеуметтік жауапкершілік
қоршаған ортаны қорғай отырып және өзара іс-қимыл жасайтын қоғамдастықтарды құрметтей отырып, өндірістік қызметті жүргізуге ұмтыламыз.
Ашықтық
Компанияның мүдделері мен мүдделі тараптар арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық, диалог, құқықтар мен теңгерімді сақтау.

«Самұрық-Энерго» АҚ миссиясы мен көзқарасының негізгі элементтері