«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының құрылымы
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының құрылымындағы өзгерістер
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ активтерді басқаруды оңтайландыруға және энергетикалық секторды дамытуға бағытталған бірқатар стратегиялық өзгерістерді жүзеге асырды. 14 мамырда Компания активтерінің периметріне «Өскемен СЭС АЭС» ЖШС және «Шүлбі СЭС АЭС» ЖШС-ке 100% қатысу үлестері қосылды. 17 маусымда «Самұрық-Энерго» АҚ тобы Екібастұз қаласы Әкімдігінің меншігіндегі Екібастұз ЖЭО-ның мүліктік кешенін сенімгерлік басқаруға қабылдады. 24 маусымда «Самұрық-Қазына» АҚ-мен бірлесіп үлестерін тең бөлетін үш бірлескен кәсіпорын құрылды (50%-дан): «Көкшетау ЖЭО» ЖШС, «Семей Энерго» ЖШС және «Өскемен Энерго» ЖШС.
Активтерді оңтайландыру шеңберінде 2024 жылғы 28 қазанда 2021 жылдан бастап қаржы- шаруашылық қызметтің болмауына байланысты «Ресурсэнергокөмір» ЖШС-ні тарату аяқталды. 30 қазанда 1997 жылдан бастап қаржы-шаруашылық қызметтің болмауына байланысты «Шүлбі СЭС» АҚ-ның таратылуы тіркелді. 14 қарашада «Астана» халықаралық қаржы орталығына шетелдік активтерді редомициляциялау шеңберінде Forum Muider Limited (Кипр) қосылу жолымен Forum Muider B.V. компаниясы (Нидерландтар) қайта құрылды. 30 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Үкіметі «Самұрық-Энерго» АҚ-ға «Өскемен СЭС» АЭС» ЖШС, «Шүлбі СЭС» АЭС» ЖШС және «Шардара СЭС» АҚ қоса алғанда, стратегиялық объектілерді Qazaq Green Power PLC.-ге беруге рұқсат беру туралы №1138 қаулысын қабылдады. 31 желтоқсанда «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңын орындау мақсатында «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ға қосылу жолымен қайта ұйымдастырылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ активтер портфелі
