Тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау
«Самұрық-Энерго» АҚ тұрақты дамуын қамтамасыз ету стратегиясы шеңберінде тәуекелдерді тиімді басқару маңызды элемент болып табылады, бұл Компанияға өзінің стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуге және ықтимал қауіптерді барынша азайтуға мүмкіндік береді. Тәуекелдерді басқару Компания қызметінің барлық аспектілерін, соның ішінде экологиялық, әлеуметтік және экономикалық компоненттерді, сондай-ақ еңбекті қорғаумен, корпоративтік басқарумен және құқықтық аспектілермен байланысты нақты тәуекелдерді қамтиды.
Компания халықаралық стандарттарды, соның ішінде COSO стандартын және тәуекелдерді басқарудың жан-жақты тәсілін қамтамасыз ететін «Үш қорғаныс желісі» моделін ұстанады. Тәуекелдерді басқару жүйесі корпоративтік тәуекелдерді уақтылы анықтауға, бағалауға, басқаруға, мониторингтеуге және бақылауға бағытталған. Бұл процесс басшылыққа қысқа және ұзақ мерзімді перспективада олардың бизнеске әсерін барабар бағалай отырып, тәуекелдерді ескере отырып шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Тиімді бақылау үшін бизнес-процестерді оңтайландыруға және негізделген басқару шешімдерін қабылдауға мүмкіндік беретін тәуекелдерді талдау мен басқарудың заманауи құралдары қолданылады.
Тәуекелдерді басқару жүйесінің негізгі қағидаттары мен компоненттерін, тәуекелдерді басқару субъектілерінің функционалдық міндеттерін көрсететін негізгі корпоративішілік құжаттарға мыналар жатады:
- «Самұрық-Энерго» АҚ-да тәуекелдерді басқару саясаты
- «Самұрық-Энерго» АҚ тәуекелдерін сәйкестендіру және бағалау ережесі
- «Самұрық-Энерго» АҚ ішкі бақылау жүйесі туралы ереже
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның 2024 жылғы 27 тамыздағы ұйымдық құрылымы

2024 жылы әлеуметтік тәуекелдер, адами ресурстар, еңбекті қорғау саласындағы тәуекелдер, сондай-ақ құқықтық, комплаенс тәуекелдер және корпоративтік басқару тәуекелдері талданды. 2024 жылға арналған Тәуекелдер тізілімі мен картасына 33 тәуекел енгізілді (толық сипаттама 296–297 беттерде). Бұдан бөлек, тұрақты дамуды басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі Жол картасын іске асыру аясында тұрақты даму саласындағы тәуекелдерді кеңейтілген айқындау және бағалау жүргізілді. 2025 жылға арналған шоғырландырылған Тәуекелдер тізіліміне енгізілген экологиялық, физикалық және өтпелі климаттық тәуекелдерге ерекше назар аударылды:
Негізгі қауіп атауы | Қауіпті іске асырудың ықтимал салдарларының сипаттамасы |
---|---|
Климаттық физикалық қауіптер |
|
Климаттың өтпелі қауіптер |
|
Экологиялық қауіптер |
|
Осы тәуекелдердің әрқайсысы үшін ықтимал салдарларды ескере отырып, оларды басқару бойынша іс- шаралар әзірленді. Тәуекелдерді басқару жүйесі Компанияға жағымсыз әсерді азайтуға және басқарудың барлық деңгейлерінде жоғары нәтижелерге кепілдік беруге мүмкіндік береді.
Ішкі бақылау жүйесі және қызметтің үздіксіздігін басқару
Ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру негізгі және қосалқы бизнес-процестерді бақылауды, сондай- ақ тәуекелдерге тиімді жауап беруді қамтамасыз етеді. Жүйе компанияның процестерінің ашықтығы мен тұрақтылығын арттыруға ықпал ететін жақсартудың маңызды кемшіліктері мен бағыттары туралы басшылықты жедел ақпараттандыруға бағытталған. Компанияда құрылған қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі халықаралық стандарттарға сәйкес келетіні және Қызметті қамтамасыз ету мен қалпына келтіру жоспарларына тұрақты мониторинг пен тестілеуді көздейтіні маңызды.
2025 жылы «Тәуекел-менеджмент және ішкі бақылау» департаменті еншілес және тәуелді ұйымдарды олардың тәуекелге төзімділігін арттыру және үздіксіздікті кешенді басқаруды қамтамасыз ету үшін қолдауға баса назар аудара отырып, жүйені жетілдіруді жалғастырады.
Тәуекел-тәбет және тәуекелді бақылау
Директорлар кеңесі Компанияның тәуекел-тәбетін белгіледі, оған негізгі қызмет түрлеріне шектеулер кіреді. Бұл тәуекелдерді тиімді басқаруға және оларды азайту бойынша уақтылы шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Компанияның тәуекел-тәбеті сыртқы орта мен бизнес- болмыстардың өзгеруін есепке алу үшін тоқсан сайын үнемі бақыланады және жаңартылады.
Тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары
Біз жыл сайын Тәуекелдер тізілімін, Тәуекелдер картасын, негізгі тәуекел көрсеткіштерін (НТК) және Негізгі тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар жоспарын қалыптастырамыз және Директорлар кеңесінің қарауына және бекітуіне ұсынамыз.
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының тәуекелдерін сәйкестендіру бойынша жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша 2024 жылы Компания қызметіне тән 33 тәуекел сәйкестендірілді және бағаланды, ҚНК шекті мәндері жаңартылды, тәуекел иелері тәуекел факторлары мен оларды төмендету жөніндегі іс-шараларды өзектендірді.
Қайта бағалау нәтижелері бойынша жеті тәуекел «Самұрық-Энерго» АҚ компанияларының 2024 жылға арналған Тәуекелдер картасының негізгі аймағына түсті (2023 жылы – 9 негізгі тәуекел).
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының 2024 жылға арналған тәуекел картасы

- Қызметтік міндеттерін атқару процесінде қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне нұқсан келтіру, өндірістегі жазатайым оқиғалар қаупі
- Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен апаттар қаупі
- Климаттық тәуекелдер
- ЕТҰ-ның іске асырылатын/перспективалы инвестициялық жобалары мен инвестициялық бағдарламаларының тәуекел- дері
- Активтердің құнсыздану қаупі
- Контрагент банктердің несиелік тәуекелі
- Пайыздық тәуекел
«Самұрық-Энерго» АҚ-ның тәуекелдері және оларды басқару шаралары
Тәуекелді жүзеге асырудың ықтимал салдарларының сипаттамасы | Негізгі өзгерістер | Тәуекелдерді басқару бойынша іске асырылған іс-шаралар |
---|---|---|
Қызметтік міндеттерін атқару процесінде қызметкерлердің денсаулығы мен өміріне нұқсан келтіру, өндірістегі жазатайым оқиғалар қаупі | ||
|
Өзгеріссіз |
|
Өндірістегі жазатайым оқиғалар мен апаттар қаупі | ||
|
Өзгеріссіз |
|
Климаттық тәуекелдер | ||
|
Өзгеріссіз |
|
ЕТҰ-ның іске асырылатын/перспективалы инвестициялық жобалары мен инвестициялық бағдарламаларының тәуекелдері | ||
|
Өзгеріссіз |
|
Активтердің құнсыздану қаупі | ||
|
Өзгеріссіз |
|
Контрагент банктердің несиелік тәуекелі | ||
|
Әсер етудің төмендеуі |
|
Пайыздық тәуекел | ||
|
Өзгеріссіз |
|
