Біздің БҰҰ Тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесіміз
«Самұрық-Энерго» АҚ өз қызметіне Тұрақты даму қағидаттарын біріктірді, сондай-ақ БҰҰ-ның тұрақты дамуының 17 мақсатын ұстанды. Компания өз қызметін жүзеге асыра отырып, БҰҰ-ның тұрақты дамуының мынадай мақсаттарына қол жеткізуге үлес қосуға ұмтылады:
БҰҰ ТДМ міндеттері
1.1 2030 жылға қарай қазіргі уақытта күніне 2,15 АҚШ долларынан кем тұратын адамдардың санымен өлшенетін бүкіл әлемдегі барлық адамдар үшін ең соңғы кедейшілікті жою.
1.2 2030 жылға қарай ұлттық анықтамаларға сәйкес кедейшілікте өмір сүретін барлық жастағы ерлер, әйелдер мен балалардың кемінде екі есе азайту.
1.3 2030 жылға қарай барлық ерлер мен әйелдердің, әсіресе кедей және осал әйелдердің экономикалық ресурстарға тең құқықтарына, сондай-ақ жаңа технологияларға сәйкес келетін негізгі қызметтерге, жерді және меншіктің басқа да нысандарын, мұраны, табиғи ресурстарды иеленуге және бақылауға қол жеткізуін қамтамасыз ету.
2024 жылдың нәтижелері:
- 2024 жылы кадрлардың тұрақтамау деңгейі 10,9% -ды құрады.
- «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобы бойынша қызметкерлердің орташа жалақысы 15% -ға өсіп, айына 561 704 теңгені құрады. Жалақыны индекстеу 9,5% құрады, бұл ретте жалақысы төмен қызметкерлерге ерекше назар аударылды. 2024 жыл ішінде бекітілген тарифтерге сәйкес «Шардара СЭС» АҚ, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС, «Екібастұз МАЭС-2» АҚ және «Алматы электр станциясы» АҚ қызметкерлеріне жалақыны 10% -ға қосымша индекстеу жүргізілді.
- Қызметкерлердің әлеуметтік көңіл-күйі деңгейі (әл-ауқат индексі) 69% -ға жетті.
- Жергілікті халық өкілдері қатарынан жалданған ұйым қызметін жүзеге асырудың елеулі өңірлеріндегі жоғары дәрежелі басшылардың үлесі 100%.
- Компаниялар тобының Қазақстан электроэнергия нарығындағы үлесі 33,7% болды.
- Қазақстан электроэнергия нарығындағы Жаңартылатын энергия көздері арқылы өндірілген электр энергиясының үлесі 6,4%-ға жетті.
- Компанияның өндірістегі үлесі ҚР жалпы көмір өндіру көлемінің 38,1% -ын құрады.
Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК
«Кадрлардың тұрақтамауы» ПӘК белгілеген бақылау арқылы жұмыс орындарын сақтау, 14% -дан аспайды.
Бәсекеге қабілетті жалақыны қамтамасыз ету, жалақыны индекстеу.
«Самұрық-Энерго» АҚ әлеуметтік тұрақтылығын арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспары.
«Жергілікті халық өкілдері қатарынан жалданған жоғары дәрежелі басшылар үлесінің сәйкестігін қамтамасыз ету» ТТК мониторингі.
Кемінде 65% деңгейінде «Персоналдың әл-ауқат дәрежесі» ПӘК мониторингі.
Компания жергілікті халықтың шаруашылықтарын тұрақты жүргізу мүмкіндігі үшін өзінің барлық өңірлерінде, оның ішінде шалғай аудандар мен елді мекендерде үздіксіз энергиямен жабдықтауды қамтамасыз етеді.
Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар.
Көмір электр станцияларында көміртекті ұстау және сақтау технологияларын қолдану мүмкіндігін зерделеу. Қазандық агрегаттарын азықсыз жағу жүйесінің технологиясын енгізу (плазмалық-отын жүйесі).
БҰҰ ТДМ міндеттері
4.4 2030 жылға қарай жұмысқа орналасу, лайықты жұмыс пен кәсіпкерлік үшін техникалық және кәсіптік дағдыларды қоса алғанда, қажетті дағдылары бар жастар мен ересектердің санын айтарлықтай ұлғайту.
2024 жылдың нәтижелері:
- «Самұрық-Энерго» АҚ және АЭжБУ физика-математика пәндері бойынша республикалық олимпиада арқылы дарынды жастарды бірлесіп анықтап келе жатқанына 10 жыл болды.
- 2024 жылғы 30 қыркүйекте АЭжБУ мен «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжат АлЭС базасында студенттік тәжірибені ұйымдастыруды және одан кейін Генуя университетінде (Италия) тағылымдамадан өтуді көздейді, бұл студенттердің білімін тереңдетуге, кәсіби дағдыларын кеңейтуге және жылу энергетикасы саласында халықаралық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
- 700 студент Компанияда оқу-өндірістік тәжірибеден өтті, 60-тан астам студент дуальді оқытудан өтті.
- Жеке тұлғаның әлеуметтік және кәсіби дамуы мақсатында ойларын, тәжірибелерін алмасу арқылы Компания тобының 100 қызметкерінің қатысуымен «Самұрық-Энерго» АҚ «III ЖАСТАР ФОРУМЫ» өткізілді.
- «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобында жастар саясатын дамыту жөніндегі бағдарламаны іске асыру шеңберінде Компанияның 5 қызметкері «Жеті Қадам» жас көшбасшыларды дамытудың модульдік бағдарламасына қатысуды аяқтады.
- Компания Назарбаев Университетін, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, Ғ. Дәукеев атындағы АЭжБУ- ды, Қазақстан-Британ техникалық университетін, сондай- ақ бірқатар техникалық колледждерді қоса алғанда, 28 жетекші оқу орнымен ынтымақтаса отырып, білікті мамандарды даярлауды қамтамасыз етеді.
Компанияның жобалары/міндеттері/ ПӘК
Жастар ісі жөніндегі «Jas Energy» кеңесі жұмыс істейді.
«Самұрық-Энерго» АҚ-да тәжірибе мен тағылымдаманы ұйымдастыру және өткізу ережесі бекітілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ жастар саясатын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары әрекет етеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ қызметкерлерін кәсіптік оқыту және бейімдеу қағидалары әрекет етеді.
Компанияда «Таланттар пулын» бағдарламасы іске асырылуда.
БҰҰ ТДМ міндеттері
5.1 Бүкіл әлемдегі барлық әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарына шек қою.
5.2 Адам саудасын, сондай-ақ жыныстық және пайдаланудың басқа да түрлерiн қоса алғанда, мемлекеттiк және жеке салалардағы барлық әйелдер мен қыздарға қатысты зорлық- зомбылықтың барлық нысандарын жою.
5.5 Әйелдердің толық және тиімді қатысуын және саяси, экономикалық және қоғамдық өмірде шешімдер қабылдаудың барлық деңгейлерінде көшбасшылық үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету.
5.C Барлық деңгейдегі барлық әйелдер мен қыздардың гендерлік теңдігі мен құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге жәрдемдесу үшін орынды саясат пен жүзеге асырылып жатқан заңнаманы қабылдау және нығайту қажет.
2024 жылдың нәтижелері:
- Кемсітушілік, қысым көрсету, зорлық-зомбылық оқиға- лары тіркелмеген.
- Компаниядағы әйелдердің үлесі – 35%.
- Директорлар кеңесіндегі әйелдердің үлесі - 14%.
- 2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ әйелдерді қолдау мен дамыту үшін біріккен әйелдер клубы құрылды.
- «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының І фору- мы өткізілді: «Women in Power/Әйелдер қуаты/Әйелдер энергиясы» тақырыбында: «Энергетикадағы әйелдер: Серіктестік, ілгерілеу, перспективалар».
Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК
«БҰҰ-әйелдер» серіктестігі және БҰҰ Жаһандық шарты шеңберінде әзірленген Әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейту қағидаттарын қолдау туралы мәлімдемеге қол қойылды.
«Самұрық-Энерго» АҚ Басқармасындағы және «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының Байқау кеңестеріндегі/Директорлар кеңестеріндегі әйелдердің үлесін 2030 жылға қарай 30% -ға дейін арттыру жөніндегі іс- шаралар жоспары бекітілді.
ПӘК орнатылды: Жұмыс күшінің құрамындағы әйелдер санын ұлғайту.
ПӘК орнатылды: Кадр резерві құрамындағы әйелдер санын ұлғайту.
БҰҰ ТДМ міндеттері
6.3 2030 жылға қарай ластануды азайту, қалдықтардың төгілуін жою және қауіпті химиялық заттар мен материалдардың шығарындыларын барынша азайту, тазартылмаған сарқынды сулардың үлесін екі есеге қысқарту және рециркуляция ауқымын едәуір ұлғайту арқылы судың сапасын арттыру және бүкіл әлемде сарқынды суларды қауіпсіз қайта пайдалану.
6.4 2030 жылға қарай барлық секторларда су пайдаланудың тиімділігін айтарлықтай арттыру және судың жетіспеушілігі проблемасын шешу және судың жетіспеушілігінен зардап шегетін адамдар санының айтарлықтай қысқаруы үшін тұщы судың тұрақты алынуын және берілуін қамтамасыз ету
2024 жылдың нәтижелері:
- 2024 жылы Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасына сәйкес, оның ішінде жерүсті, жерасты және сарқынды сулардың химиялық құрамы мен сапасын айқындай отырып, аккредиттелген мамандандырылған зертханалар су объектілерінің жай-күйіне тұрақты мониторинг жүргізді.
- Есепті кезеңде «ЭМАЭС-1» ЖШС, «СЭМАЭС-2» АҚ, «АлЭС» АҚ, «Богатырь-Көмір» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ, «Шардара СЭС» АҚ, «АЖК» АҚ-да сарқынды сулар төгінділеріндегі ластаушы заттардың рұқсат етілген шекті шоғырлануын асырудың бірде-бір жағдайы тіркелмеген.
- Барлық өндірістік кәсіпорындарда таза суды пайдалануды қысқарту, нормативтік тазартылған суды ағызу, тасымалдау кезінде суды жоғалту және сарқынды суларды қайта пайдалану жүйесін енгізу жөніндегі іс- шаралармен су ресурстарын ұтымды пайдалану жоспарлары орындалды.
Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары әрекет етеді.
Су ресурстарын ұтымды пайдалану жоспарлары бар.
Міндеттері:
- тұщы суды тұтыну көлемін төмендету;
- бірнеше рет және қайта пайдаланылатын судың үлесін ұлғайту;
- сарқынды суларды ағызу көлемін және сарқынды суларда; дренаждық (шахталық) суларда - «Богатырь Көмір» ЖШС-де қосымша пайда болатын зиянды заттардың шоғырлануын төмендету;
- су пайдалануға қатысты тәуекелдерді азайту;
- ағызылатын сарқынды сулардың сапасын жақсарту.
БҰҰ ТДМ міндеттері
7.1 2030 жылға қарай арзан, сенімді және қазіргі заманғы энергетикалық қызметтерге жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.
7.2 2030 жылға қарай әлемдік энергетикалық теңгерімдегі жаңартылатын энергия көздерінің үлесін айтарлықтай ұлғайту.
7.3 2030 жылға қарай энергия тиімділігін арттырудың жаһандық қарқынын екі есеге ұлғайту.
7.A 2030 жылға қарай жаңартылатын энергия көздерін, энергия тиімділігін және қазбалы отынды пайдаланудың озық және неғұрлым таза технологияларын қоса алғанда, таза энергетика саласындағы зерттеулер мен технологияларға қол жеткізуді жеңілдету үшін халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ энергетикалық инфрақұрылым мен экологиялық таза энергетикалық технологияларға инвестицияларды көтермелеу.
2024 жылдың нәтижелері:
- «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобының кәсіпорындарында ЖЭК объектілерінің электр энергиясын өндірісі 4,2% -ға ұлғайды.
- «Самұрық-Энерго» АҚ ЖЭК нысандарының электр энергиясын өндіруі 2024 жылы 578,1 млн кВтс құрады, бұл ҚР-да өндірілетін ЖЭК электр энергиясының жалпы үлесінің 7,7% сәйкес келеді.
- «Самұрық-Энерго» АҚ энергия тиімділігі жөніндегі бастамалар 258,1 мың тонна шартты отынды үнемдеуге және шығындарды 1,2 млрд теңгеге төмендетуге әкелді.
- Компания ЖЭК үлесін арттыруға және сенімді энергетикалық қызметтерге қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруда. Толығырақ «Инвестициялық қызмет» бөлімінде.
БҰҰ ТДМ міндеттері
8.5 2030 жылға қарай барлық әйелдер мен ерлер үшін, оның ішінде жастар мен мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін толық және өнімді жұмыспен және лайықты жұмысқа, сондай-ақ тең құндылықтағы еңбек үшін тең ақы төлеуге қол жеткізу.
8.7 Мәжбүрлеу еңбегін жою жөнінде дереу және тиімді шаралар қабылдау, қазіргі заманғы құлдық пен адам саудасына шек қою, сондай- ақ бала еңбегінің ең нашар нысандарына тыйым салу мен жоюды, соның ішінде сарбаз балаларды тарту мен пайдалануды қамтамасыз ету және 2025 жылға қарай оның барлық нысандарындағы балалар еңбегіне шек қою.
8.8 Еңбекші-мигранттарды, атап айтқанда көшіп- қонушы әйелдерді және тұрақсыз жұмыспен қамтылған адамдарды қоса алғанда, барлық қызметкерлер үшін еңбек құқықтарын қорғауға және қауіпсіз және сенімді еңбек жағдайларын жасауға ықпал ету.
2024 жылдың нәтижелері:
- 2024 жылдың соңында компанияда 206 мүгедектігі бар адам жұмыс істеді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша ЕТҰ-да 31 МБТ жұмысқа орналастырылды, бұл белгіленген квотадан асады.
- Әйелдер мен ерлердің ең төменгі жалақысының арақатынасы 100% -ды құрайды.
- 2024 жылы Компанияның ЕТҰ-ларында мүгедектігі бар қызметкерлердің ыңғайлылығы үшін жағдайлар жасалды: автотұрақтар, шақыру түймесі бар панду- стар, тактильді плиткалар және жабдықталған сани- тарлық тораптар. Сондай-ақ, мүгедектігі бар азамат- тарға басымдықпен қызмет көрсету қамтамасыз етіледі, оның ішінде онлайн өтінім беру мүмкіндігі бар.
Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК
Бекітілген «Самұрық-Энерго» АҚ кадрлық саясаты.
Кемсітушілікке жол бермеу жөніндегі саясат әрекет етеді.
Компанияның адам құқықтары саласындағы саясаты жұмыс істейді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында мүгедектігі бар адамдар үшін қолжетімді және инклюзивті орта құру бағдарламасы бекітілді.
БҰҰ ТДМ міндеттері
9.1 Экономикалық даму мен адамның әл-ауқатын қолдау үшін өңірлік және трансшекаралық инфрақұрылымды қоса алғанда, сапалы, сенімді, тұрақты және тұрақты инфрақұрылымды дамыту, барлығына қолжетімді және әділ қолжетімділікке ерекше назар аудару.
9.4 2030 жылға қарай инфрақұрылымды жаңғырту және салаларды тұрақты ету, ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру және таза және экологиялық қауіпсіз технологиялар мен өнеркәсіптік процестерді неғұрлым кеңінен енгізу үшін салаларды жаңғырту, бұл ретте барлық елдер өз мүмкіндіктеріне сәйкес шаралар қабылдайтын болады.
9.5 Ғылыми зерттеулерді жандандыру, өнеркәсіп секторларының технологиялық әлеуетін барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде, оның ішінде 2030 жылға қарай инновациялық қызметті ынталандыру және ҒЗТКЖ саласындағы қызметкерлер санын 1 млн адамға, сондай-ақ ҒЗТКЖ-ға арналған мемлекеттік және жеке шығыстарға есептегенде едәуір ұлғайту жолымен арттыру
2024 жылдың нәтижелері:
- «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобы Қазақстан өңірлеріндегі су тасқынының салдарын жоюға 800 млн теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. Қаражат Samruk-Kazyna Trust қорына аударылды.
- Өндірістік активтерді қолдауға жұмсалған шығындар 89 млн теңгені құрады.
- 136 млн теңге инвестициялық жобаларды, оның ішінде ЖЭК нысандарын іске асыруға бағытталды.
- 229 млн теңге күрделі салымдар, оның ішінде ЖЭК-ке салымдар.
- ҒЗТКЖ «Көміртекті ұстау және сақтау технологиялары (CCS), көмірхимия өнімдерін алу» жобасын іске асыруда.
БҰҰ ТДМ міндеттері
12.2 2030 жылға қарай табиғи ресурстарды орнықты басқаруға және тиiмдi пайдалануға қол жеткiзу.
12.5 2030 жылға қарай қалдықтардың пайда болуын болдырмау, қысқарту, қайта өңдеу және қайта пайдалану есебінен едәуір қысқарту.
12.6 Компанияларға, әсіресе ірі және трансұлттық компанияларға тұрақты практикаларды енгізуді және тұрақты даму туралы ақпаратты өз есептілік цикліне енгізуді ұсыну.
2024 жылдың нәтижелері:
- Қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару Компанияның барлық деңгейлерінде корпоративтік басқаруға және қаржылық емес тәуекелдерді басқаруға интеграцияланған экологиялық менеджмент жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Экологиялық ТЖ-ға ден қою жөніндегі нұсқаулық бекітілді. Жүйе халықаралық сарапшылардың қатысуымен жүйелі түрде бағаланады және жетілдіріледі.
- «ЭМАЭС-1» ЖШС, «СЭМАЭС-2» АҚ, «АлЭС» АҚ және «Богатырь-Көмір» ЖШС қалдықтардың барлық түрлері түгендеу негізінде сәйкестендірілген.
- «Богатырь-Көмір» ЖШС ішкі үйінділерді пайдалана отырып және өздігінен жануды болдырмау үшін оқшаулау жүргізе отырып, аршу жыныстарын көмуді қысқартады.
- Күл-қоқыстар шаң басу және қалпына келтіру шараларымен көміледі, бір бөлігі құрылыс үшін өңделеді.
- Радиоактивті қалдықтар түзілмейді. Кәсіпорындар мен санитарлық-қорғау аймақтарында тоқсан сайын радиациялық мониторинг жүргізіледі, рұқсат етілген деңгейден асып кетулер тіркелмеген.
- Компания жыл сайын Интеграцияланған есептерді дайындайды, онда «Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында ресурстарды тұтынудың 3 жылдық динамикада өзінің ықпалын ашады.
- Тұрақты даму жөніндегі есептілікке (GRI) қойылатын халықаралық талаптарға сәйкес қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ақпаратты жинау үшін бейімделген нысандар қабылданды.
Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі корпоративтік стандарт әрекет етеді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
БҰҰ ТДМ міндеттері
13.1 Барлық елдерде қауіпті климаттық құбылыстар мен дүлей апаттарға бейімделу қабілеті мен қарсылығын арттыру.
13.3 Климаттың өзгеруі салдарын жұмсарту, бейімдеу, әсерді азайту және ерте алдын алу саласындағы білімді жақсарту, хабардарлықты арттыру, сондай-ақ адами және институционалдық әлеуетті арттыру
2024 жылдың нәтижелері:
- 2060 жылға дейінгі «Самұрық-Энерго» энергетикалық өту бағдарламасына сәйкес Компания генерация құрылымын біртіндеп өзгертуді, жаңартылатын көздерден генерация үлесін жоспарлы түрде ұлғайтуды, үздік қолжетімді технологияларды қолдануды, Компанияның көмір станцияларында көміртекті ұстау және сақтау технологияларын зерделеуді және қолдануды, сондай- ақ энергия тиімділігі мен энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды іске асыруды көздейді.
- Негізгі өндірістік объектілерде климаттық тәуекелдерді бағалау жүргізілді. Бейімдеу шаралары әзірленіп, енгізілді.
- Компания ұлттық және халықаралық климаттық форумдарға белсенді қатысып, көміртегі ізін азайту және климаттың өзгеруіне бейімделу бойынша тәжірибесімен бөліседі.
- 28 қарашада «Энергетикалық сектор кәсіпорындары үшін климаттық тәуекелдер» тақырыбында оқыту ұйымын тарта отырып, «Тәуекел менеджмент және Ішкі бақылау» департаментінің ұйымдастыруымен корпоративтік семинар өткізілді.
- 2024 жылдың 10 желтоқсанында компания Директорлар кеңесінің мүшелері, топ-менеджмент және басшылар үшін «Климаттың өзгеруі және энергетиканың даму перспективалары» тақырыбында оқыту жүргізді.
- Фторланған парниктік газдар шығарындыларын CO2- эквивалентке (тонна) есептегенде есепке алу жүргізілді:
Фторланған ПГ атауы | 2024 |
Гидрофторкөміртектер (ГФК) | 526,7 |
Перфторкөміртектер (ПФК) | 0 |
Дифторхлорметан (CHClF2) | 424,9 |
Күкірт гексафториді (SF6) | 258,5 |
Азот трифториді (NF3) | 0 |
Тетрафторметан (CF4) | 216,8 |
«Самұрық-Энерго» АҚ бойынша жиыны | 1 426,9 |
Компанияның жобала- ры/міндеттері/ПӘК
«Самұрық-Энерго» АҚ- ның 2060 жылға дейінгі энергетикалық көшу бағдарламасы
БҰҰ ТДМ міндеттері
15.1 2020 жылға қарай жерүсті және ішкі тұщы су экожүйелерін және олардың қызметтерін, оның ішінде ормандарды, сулы-батпақты алқаптарды, таулар мен құрғақ жерлерді халықаралық келісімдерден туындайтын міндеттемелерге сәйкес сақтауды, қалпына келтіруді және ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету.
15.5 Табиғи мекендеу ортасының тозуын тежеу жөніндегі елеулі шараларды дереу қабылдау, биологиялық әртүрлілікті жоғалтуды тоқтату және 2020 жылға қарай жойылу қаупі төнген түрлердің жойылып кетуін сақтауды және болдырмауды қамтамасыз ету
2024 жылдың нәтижелері:
- Су экожүйелерін қорғау үшін барлық гидротурбиналар балық қорғау құрылғыларымен жабдықталған, ал тәуліктің қараңғы уақытында балықты қорқыту үшін су тартқышты жарықтандыру қолданылады.
- Құстарды қорғау үшін оқшауланған сымдарды орната отырып, ЭБЖ қайта жаңарту жүргізіледі.
- СЭС жұмыс режимдері экожүйелерге әсерін азайту үшін су және табиғат қорғау органдарымен келісіледі.
- ЖЭҚ жобалау кезінде қоршаған ортаға әсері ескеріледі: жарық ластануы барынша азаяды, ал жарықтандыру габаритті шамдармен шектеледі.
- ЕТҰ жыл сайын ұңғымаларды, полигондарды және басқа да объектілерді қалпына келтіруді, жоюды қоса алғанда, биологиялық әртүрлілікті сақтау бағдарламаларын іске асырады.
- Мониторинг мәліметтері бойынша, 2024 жылы осал экожүйелерге айтарлықтай әсер тіркелген жоқ.
Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы Қоршаған ортаны қорғауды басқару жөніндегі корпоративтік стандарт бекітілді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобындағы еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін басқару жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді.
БҰҰ ТДМ міндеттері
16.5 Сыбайлас жемқорлық пен парақорлықты олардың барлық нысандарында айтарлықтай қысқарту
16.10 Ұлттық заңнамаға және халықаралық келiсiмдерге сәйкес жұртшылықтың ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету және негiзгi еркiндiктердi қорғау.
16.B Кемсітпеушілік заңдар мен тұрақты даму саясатын ілгерілету және сақтауды қамтамасыз ету.
2024 жылдың нәтижелері:
- Есептік кезеңде сыбайлас жемқорлық пен парақорлықтың расталған жағдайлары жоқ.
- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістер, салықтық декларациялау және «жедел желінің» жұмыс тәртібі туралы 290 астам оқыту іс-шаралары өткізілді.
Компанияның жобалары/міндеттері/ПӘК
«Самұрық-Энерго» АҚ Компаниялар тобында өкілеттіктер шеңберіне, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама және жұмыс мәселелері кіретін Комплаенс офицерлері тағайындалды.
Жыл сайын сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізіледі.
Комплаенс офицерлері контрагенттерді (due diligence), оның ішінде олардың сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға тартылуын комплаенс-тексеруді жүргізеді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жұмысқа орналасуда, мансаптық өсуде және еңбекақы төлеуде тең мүмкіндіктер бар.
Әдеп стандарттарының сақталуына және кемсітушілікке жол бермеуге үнемі бағалау жүргізіледі.
БҰҰ ТДМ міндеттері
17.6 Барлық елдерде, әсіресе дамушы елдерде тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуді қолдау үшін білімді, тәжірибені, технологияларды және қаржы ресурстарын жұмылдыратын және алмасатын көпжақты серіктестіктермен толықтырылатын тұрақты даму мақсатында жаһандық серіктестікті нығайту.
2024 жылдың нәтижелері:
- 2024 жылғы 14 қазанда Энергетикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі 7-ші Вена диалогына (Vienna Energy Security Dialogue) қатысты.
- 2024 жылғы 08 қарашада Астанада энергия үнемдеу жөніндегі VI халықаралық форумға қатысты.
- 13 қарашада климаттың өзгеруі жөніндегі СОР-29 қатысушысы болды.
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы бірқатар маңызды іс-шараларға қатыса отырып, мемлекеттік органдармен, бейінді қауымдастықтармен және халықаралық ұйымдармен белсенді өзара іс-қимыл жасады:
- 16 қаңтар – ҚР Президенті жанындағы Энергетикалық кеңестің және ҚР Үкіметінің электр энергетикасын дамыту мәселелері жөніндегі отырыстары;
- 31 қаңтар – KAZENERGY қауымдастығы кеңесінің отырысы;
- 8 ақпан – «EcoJer» қауымдастығының жалпы жиналысы;
- 22-25 сәуір – Роттердам қаласы (Нидерланд) 26-шы Дүниежүзілік энергетикалық конгресіне қатысу;
- 25 сәуір – СМЖ Машина жасаушылар форумы;
- 3 мамыр – ҚР Президенті жанындағы Энергетикалық кеңестің отырысы;
- 30 мамыр – «Qazaq Green Fest» ЖЭК бойынша халықаралық форум, Щучинск қаласы;
- 6 маусым – 64-ші ТМД Электр энергетикалық кеңесінің отырысы, Санкт-Петербург қаласы;
- 14 маусым – Қазақстан Машина жасаушылар одағының жалпы жиналысы;
- 18-19 маусым – II «Орталық Азия 2024 жылу энергетикасы» халықаралық форумы, Алматы қаласы;
- 11 шілде – ҚР энергетика вице-министрінің төрағалығымен электр энергетикасы жөніндегі кеңес;
- 18 шілде – СМЖ жалпы жиналысы;
- 14 тамыз – ҚР Премьер-Министрінің төрағалығымен мұнай-газ саласының проблемалық мәселелері жөніндегі кеңес;
- 1-4 қазан – Новосібір қаласы, ЖЭК-те ЖИ және нейрожелілер саласында тәжірибе алмасу жөніндегі іс-шара;
- 18 қараша – ҚР Президенті жанындағы Энергетикалық кеңестің отырысы;
- 4 желтоқсан – KAZENERGY қауымдастығы кеңесінің отырысы;
- 10 желтоқсан – ТМД ЭЭЖ электр энергетикасын төмен көміртекті дамыту жөніндегі жұмыс тобының отырысы;
- 20 желтоқсан – СМЖ Үйлестіру кеңесінің отырысы және ЖЭК саласындағы заңнамаға өзгерістер бойынша ҚР ЭМ жұмыс тобының бастапқы кеңесі;
- 2024 жыл ішінде – ҚЭҚ Директорлар кеңесінің отырыстарына қатысу. 151
Компанияның жобалары/міндет- тері/ПӘК
Компания мынадай ұлттық және халықаралық ұйымдарға мүше:
- ТМД Электр энергетикалық кеңесі;
- Қазақстан Электр Энергетикалық Қауымдастығы;
- Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
- «KAZENERGY» қауымдастығына мүшелік;
- «Қазақстанның машина жасаушылар одағы» ЗТБ
- ECOJER қауымдастығы;
- Дүниежүзілік Энергетикалық Кеңес;
- БҰҰ-ның жаһандық шарты.