Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жасау – біздің бизнесті жүргізуге деген көзқарасымыздың негізгі элементі. Мұндай тәсіл сыртқы өзгерістерді, нарықтың күтулерін, сондай-ақ жаңа мүмкіндіктер мен тәуекелдерді жақсы түсінуге көмектесе отырып, сенім мен ашықтыққа ықпал етеді.
Мүдделі тараптармен жүйелі жұмыс және олардың экономикалық, әлеуметтік, экологиялық, этикалық аспектілерге көзқарастарын талдау, сондай-ақ адам құқықтары мәселелері олардың қажеттіліктерін ескеруге және «Самұрық-Энерго» АҚ-ға тікелей де, жанама да әсерлерді тиімді басқаруға мүмкіндік береді. Мұндай стратегиялық тәсіл негізгі әріптестермен ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуға, жағымсыз салдардың алдын алуға немесе жеңілдетуге және бизнестің табысты болуын қамтамасыз етуге көмектеседі. Қызметкерлерді, клиенттерді және жалпы қоғамды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптар үшін құндылық жасай отырып, біз табысты бүкіл экожүйенің игілігімен байланыстыратын тұрақты бизнес-модельді дамытамыз.
Тиімді өзара іс-қимылды құру үшін мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл саласындағы үздік әлемдік тәжірибелерді басшылыққа ала отырып (АА1000 сериясы стандарты, GRI) Компания қызметін басқару процесінің барлық сатыларында барлық мүдделі тараптардың мүдделерін назарға алуға және ескеруге мүмкіндік беретін бірқатар қағидаттарды қолданады.
Біз өзіміздің қызметіміз аясында өзара іс-қимыл жасайтын негізгі мүдделі тараптарды анықтаймыз. Олардың маңыздылығын бағалау үшін Митчел, Агл және Вуд моделін қолданып, стейкхолдерлерді ішкі және сыртқы топтарға бөлеміз. Талдау және сәйкестендіру негізінде Компания үшін неғұрлым маңызды топтарды қамтитын Стейкхолдерлер картасын қалыптастырамыз. Бұл тәсіл бізге олардың күтулерін ескеріп, ұзақ мерзімді серіктестік қарым- қатынас орнатуға мүмкіндік береді.
Мүдделі тараптармен өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттары:
- мүдделі тараптардың мүдделерін, пікірлері мен артықшылықтарын құрметтеу және есепке алу;
- мүдделі тараптарды уақтылы және тұрақты хабардар ету;
- қабылданған міндеттемелерді жауапкершілікпен орындау.
Біз оларды маңызды мәселелер мен стратегиялық басымдықтарды талқылауға шақыра отырып, мүдделі тараптардың пікірлерін үнемі жинап отырамыз. Бұл үшін біздің бизнестің стейкхолдерлерге әсерін бағалауға және басқарудың негізгі аспектілерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы топтар құрылады.
Бізде түрлі департаменттер мен командаларда жұмыс істейтін мүдделі тараптармен өзара іс- қимылдың түрлі арналары бар. Бұл күнделікті қызмет барысында алынған ақпарат пен кері байланысты қамтиды.
Біз стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жасаудағы ашықтық пен этика қағидаттарын ұстанамыз. Бизнесті жүргізу қағидаттары адалдық, құрмет пен жауапкершіліктің нақты стандарттарын белгілейді . Ашықтық қағидатын ескере отырып, стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл шеңберінде біз жыл сайын жылдық есепті шығарғаннан кейін жылдық есептілікте ашылған ақпараттың теңгерімділігі мен толықтығына тексеру жүргіземіз, сондай-ақ Компанияның және оның мүдделі тараптарының қызметіне елеулі ықпал ететін тақырыптар мен аспектілерді анықтаймыз.
Біз тұрақты жаңартылып отыратын саясаттар мен Адам құқықтары саласындағы саясатты қоса алғанда, корпоративтік басқарудың жан- жақты қамтитын жүйесінің көмегімен бизнесті жауапкершілікпен және орнықты жүргізуді қамтамасыз етеміз.
Біз ашық қарым-қатынасқа ерекше көңіл бөлеміз және туындайтын мәселелерге жедел ден қоя отырып, кері байланысты көтермелейміз. Біздің қызметкерлер деректерді қорғау, кемсітпеушілік және құпиялылық мәселелері бойынша тереңдетілген оқытудан өтеді, бұл сенім мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.
Сыртқы аудит стейкхолдерлердің біздің қызметімізге деген сенімін қамтамасыз ете отырып, жоғары этикалық стандарттарды ұстанатынымызды растайды. Өзгермелі іскерлік ландшафт жағдайында біз ашық және жауапты тәжірибелер арқылы сенімді нығайта отырып, икемді болып қаламыз.
Барлық осындай іс-шаралар «Самұрық-Энерго» АҚ Стейкхолдерлер картасына және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл тәжірибесіне негізделген Стейкхолдерлермен өзара іс- қимыл жоспарына енгізілген. Жоспар сондай-ақ Компанияның мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл қағидаттарын, мүдделі тараптарды сәйкестендіру және талдау тәсілін, мүдделі тараптармен өзара іс- қимылға қойылатын талаптарды, шағымдарды беру және қарау тетіктерін және мүдделі тараптармен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шараларды сипаттайды. Компания Жоспардың орындалу мониторингін жүзеге асырады, нәтижелері Директорлар кеңесінің назарына жеткізіледі.
«Самұрық-Энерго» АҚ 2024-2034 жылдарға арналған стратегиясы БҰҰ Жаһандық шартында бекітілген тұрақты даму қағидаттарына негізделген, атап айтқанда мүдделі тараптардың картасын және өзара іс-қимыл әдістерін/арналарын құруды қамтиды. 2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ мүдделі тараптарымен өзара іс-қимыл жоспарының іс- шаралары толық көлемде орындалды. Жоспарға сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдары 2024 жылы қолданыстағы инвестициялық жобалар бойынша бекітілген Стейкхолдерлермен өзара іс-қимыл жоспарларына (СІҚЖ) мониторинг жүргізді.
«Самұрық-Энерго» АҚ стейкхолдерлерінің картасы

Мүдделі тараптардың түйінді топтарымен өзара әрекеттесу
Компанияға қатысты стейкхолдердiң мүддесi | Өзара iс-қимыл тетiктерi | Өзара iс-қимыл нәтижелерi |
---|---|---|
Ішкі | ||
Акционер | ||
|
|
Толық ақпарат «Корпоративтік басқару» бөлімінде берілген |
Еншiлес және тәуелдi ұйымдар | ||
|
|
Толық ақпарат «Қызмет көрсеткіштері», «ESG аспектілерін басқару», «Корпоративтік басқару» бөлімдерінде берілген |
Менеджмент және персонал | ||
|
|
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген |
Кәсіптік одақтар | ||
|
|
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген |
Сыртқы | ||
Мемлекеттік органдар | ||
|
|
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару», «Корпоративтік басқару» бөлімдерінде берілген |
Тұтынушылар | ||
|
|
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп» бөлімінде берілген |
Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер | ||
|
|
Толық ақпарат «Қызмет көрсеткіштері», «ESG аспектілерін басқару» бөлімдерінде берілген |
Бизнес-қоғамдастықтар (Қауымдастықтар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЗТБ) | ||
|
|
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген |
Қоғамдық ұйымдар және жергілікті халық | ||
|
|
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген |
Серіктестер | ||
|
|
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген |
Қаржы институттары | ||
|
|
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген |
Халықаралық ұйымдар | ||
|
|
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген |
Кредиторлар | ||
|
|
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген |
Жергілікті атқарушы органдар | ||
|
|
Толық ақпарат «Стратегиялық есеп», «Қызмет көрсеткіштері» бөлімдерінде берілген |
БАҚ | ||
|
|
Толық ақпарат «ESG аспектілерін басқару» бөлімінде берілген |

2024 кейстері
Еншілес және тәуелді ұйымдар
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ басшылығы ЕТҰ өндірістік нысандарына бірқатар жұмыс сапарларын өткізді. Сонымен қатар, барлық ЕТҰ-да компания басшылығының, Омбудсменнің, кәсіподақтар мен еңбек ұжымдары өкілдерінің қатысуымен есептік жиналыстар өтті, онда әлеуметтік-еңбек қатынастары мәселелері талқыланды.
Өзара іс-қимыл аясында 2024 жылы ЕТҰ-ның 2023 жылғы қызметінің қорытындылары бойынша жалпы кеңес өткізілді. Бұған қосымша ЕТҰ жұмысының нәтижелері қаралған 18 ҚЖжБК отырысы өтті.
Компания басшылығы «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ, «ЕМАЭС-1» ЖШС, «ЕСМАЭС-2» АҚ, «Богатырь Көмір» ЖШС, «Мойнақ СЭС» АҚ, «АлЭС» АҚ және басқа да түйінді кәсіпорындарында болды.
Менеджмент және персонал
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобында корпоративтік мәдениетті нығайтуға және қызметкерлердің тартылуына бағытталған көптеген іс-шаралар өтті. Қызметкерлер мемлекеттік және кәсіби мерекелерге, спорттық жарыстарға («Самұрық- Қазына» АҚ компаниялар тобының қызметкерлері арасындағы спартакиада) және гендерлік алуан түрлілікті ілгерілету форумына қатысты. Сондай-ақ, компаниялар тобының ІІІ жастар форумы өтті.
Әкімшілік лауазымдарға бос орындар туралы ақпараттың ашықтығы мен қолжетімділігін арттыру үшін 2024 жылы ішкі корпоративтік порталда қызметкерлерді электрондық пошта арқылы хабардар ету арқылы ақпарат орналастырылды. Портал өзекті бос орындарға қолжетімділікті қамтамасыз ететін QSamruk.kz онлайн-рекрутингінің бірыңғай платформасымен біріктірілген.
Тоқсан сайын «Әлеуметтік өзара іс-қимыл және коммуникациялар орталығы» ТМ компаниялар тобындағы әлеуметтік тұрақтылыққа зерттеу жүргізді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша оң динамика байқалды:
- «Самұрық-Энерго» АҚ бойынша SRS индексі 17% -ға артты
- Тартылу индексі 16% -ға өсті
- Әлеуметтік әл-ауқат индексі 35% -ға артты
- Әлеуметтік тыныштық индексі 15% -ға артты
Зерттеу нәтижелері қызметкерлердің сенімінің артқанын және компаниядағы әлеуметтік жағдайлардың жақсарғанын растайды.
Ұжыммен кері байланыс аясында 2024 жылғы 31 қаңтарда «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының корпоративтік орталық қызметкерлерімен есептік кездесуі өтті, онда 2023 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2024 жылға арналған жоспарлар ұсынылды.
Қоғамдық ұйымдар және жергілікті халық
2024 жылы «Самұрық-Энерго» АҚ компаниялар тобының кәсіпорындары негізгі экологиялық және әлеуметтік мәселелер бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізді.
«АлЭС» АҚ Алматы ЖЭО-2 мен ЖЭО-3 жаңғырту жобаларын, шығарындылар мен қалдықтарды басқару нормативтерін талқылауды ұйымдастырды. «СЭМАЭС-2» АҚ станцияны кеңейту және қайта құру жобасын ұсынды. «Екібастұз МАЭС-1» ЖШС салқындатқыш тоғанын қайта жаңғырту және шығарындыларды азайту қондырғыларын жаңғырту бойынша тыңдаулар өткізді. «АлматыЭнергоСбыт» ЖШС электр энергиясы тарифтерінің алдағы өзгерісін талқылады.
Тыңдаулар жергілікті тұрғындардың, мемлекеттік органдардың және сарапшылардың қатысуымен өткізілді.
БАҚ
2024 жылға БАҚ-пен өзара іс-қимыл бірнеше негізгі бағытты қамтыды. Олардың арасында «Самұрық- Энерго» АҚ өткен жылғы қызметінің қорытындылары, сондай-ақ инвестициялық жобаларды іске асыруды ақпараттық сүйемелдеу және келісімдер мен шарттарға қол қою туралы баяндалды. Сондай-ақ, компанияның ESG-бастамаларын жариялауға көп көңіл бөлінді.
БАҚ-пен жұмыс «Самұрық-Энерго» АҚ және еншілес ұйымдардың қызметі туралы баспасөз хабарламаларын дайындау мен таратуды, сондай- ақ «SK news» корпоративтік басылымында жарияланымдарды қамтыды. Ақпараттық материалдарды компанияның ресми сайтында және Telegram, Instagram және Facebook сияқты әлеуметтік желілерде орналастыру маңызды бөлік болды.
Компания сондай-ақ КВН финалдық турын, Спартакиаданы, Әйелдер және Жастар форумдарын қоса алғанда, түрлі корпоративтік, спорттық және мәдени іс-шараларды өткізуді белсенді жариялады. Бағыттардың бірі «Самұрық-Қазына» АҚ ұйымдастырған қайырымдылық жүгіру және IX Спартакиада сияқты спорттық және мәдени іс- шараларға компания қызметкерлерінің қатысуын ақпараттық сүйемелдеу болды.
Бұдан басқа, компания басшылықтың энергетикалық нысандарға жұмыс сапарларын ақпараттық қолдауды, сондай-ақ қызметкерлердің республикалық және халықаралық форумдар мен конференцияларға қатысуын қамтамасыз етті. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында іс- шаралар ұйымдастырылып, бірнеше тақырыптық бейнероликтер жасалды.
Компанияның қызметі туралы таныстырылымдық бейнематериалдар жасау, сондай-ақ балалар суреттері байқауы және қызметкерлер арасында «Үздік өндіріс маманы» байқауы сияқты түрлі конкурстарды ақпараттық сүйемелдеу маңызды бағыт болды. Баспасөз қызметі сондай-ақ БАҚ сұраныстары мен өтініштеріне жедел жауап берді, БАҚ және әлеуметтік желілерде компания туралы материалдар мен ескертулерге мониторинг жүргізді, сондай-ақ ресми сайттағы ақпаратты өзектілендірді.
Компанияның баспасөз қызметі «24 KZ», «Qazaqstan», «КТК», «Egemen Qazaqstan», «Казахстанская правда» газеттері және tengrinews.kz, zakon.kz, nur.kz интернет-порталдары және басқалары сияқты жетекші республикалық және өңірлік БАҚ-та жарияланған 85 материалды дайындады. Сондай-ақ, журналистерге арналған 21 сұхбат, 5 брифинг және 6 баспасөз туры ұйымдастырылды.
Компанияның ресми сайтында негізгі оқиғалар туралы 126 материал орналастырылды, ал әлеуметтік желілерде 705 жариялым, инфографика және бейнематериал жарияланды. Бір жыл ішінде Компанияның Telegram-арнасында жазылушылар саны 500-ден 7 мыңға дейін, ал Instagram-да - 7,1 мыңнан 8,7 мыңға дейін өсті, бұл аудиторияның тартылуына ықпал етті.
Негізгі серіктестіктер
Міндеттемелер мен іс-әрекетке шақыру Біз неге қол жеткізгіміз келеді |
|
Есеп беру Біз жетістіктеріміз туралы қалай хабарлаймыз |
|
Мүшелік және ынтымақтастық Біз міндеттемелерімізді орындау үшін кіммен ынтымақтасамыз |
|
Бағалаулар мен рейтингтер Біздің қызметімізді сыртқы бағалау |
|