Экологиялық бенчмаркинг

Экологиялық бенчмаркинг өз көрсеткіштерін сала- дағы жетекші компаниялардың нәтижелерімен салы- стыру арқылы «Самұрық-Энерго» АҚ экологиялық тиімділігін бағалау және басқару құралы болып табы- лады. Бұл тәсіл экологиялық басқару және тұрақты даму саласындағы үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуге ықпал етеді. Ағымдағы талдау шеңберінде 2021-2023 жылдардағы жалпыға қолжетімді де- ректер пайдаланылды. 2024 жылғы экологиялық көрсеткіштер жарияланғаннан кейін бенчмаркинг өзектендіріледі және оның нәтижелері Компанияның ресми сайтында орналастырылады.

Бенчмаркинг үшін келесі көрсеткіштер анықталды:

  • технологиялық және шаруашылық-ауыз су қажет- тіліктері үшін тұщы суды пайдалану;
  • тікелей (Scope 1) және жанама (scope 2) парниктік газдар шығарындылары.

Экологиялық үрдісті анықтау үшін Қазақстан мен әлемнің энергетика саласының ірі компаниялары талданды, атап айтқанда:

  • Enel;
  • ERG;
  • «РусГидро» ЖАҚ.
Өндірістік көрсеткіштер
Компания 2021 2022 2023
Электр энергиясын өндіру,
млрд кВт/сағ
Орнатылған қуат, ГВт Электр энергиясын өндіру,
млрд кВт/сағ
Орнатылған қуат, ГВт Электр энергиясын өндіру,
млрд кВт/сағ
Орнатылған қуат, ГВт
«Самұрық-Энерго» АҚ 35,61 6,215 35,88 6,275 35,33 6,275
ERG 19,91 3,387 19,23 3,387 19,16 3,387
Enel 222,6 87,1 227,8 84,6 207,33 81,4
«РусГидро» ЖАҚ 143,8 38,2 135,7 38,4 140,9 38,5
Парниктік газдар шығарындылары (1,2-қамту)48,49
Компания 2021 2022 2023
Тікелей ПГ шығарындылары млн тонна СО2экв (1-қамту) Жанама ПГ шығарындылары, млн тонна СО2экв (2- қамту) Тікелей ПГ шығарындылары, млн тонна СО2экв (1- қамту) Жанама ПГ шығарындылары, млн тонна СО2экв (2- қамту) Тікелей ПГ шығарындылары, млн тонна СО2экв (1- қамту) Жанама ПГ шығарындылары, млн тонна СО2экв (2- қамту)
«Самұрық-Энерго» АҚ 40,3 0,015 32,99 0,013 33,010 0,011
ERG 30,2 0,13 29,7 0,1 29,3 0,1
Enel 51,6 9,9 53,1 8,92 34,5 7,79
«РусГидро» ЖАҚ 30,58 - 30,88 - 32,05 -

48 «РусГидро» ЖАҚ компаниясы 2-қамтуды ашпайды.

49 Enel компаниялары мен «РусГидро» ЖАҚ су электр станцияларды пайдалануға негізделген энергия өндірумен айналысады, нәтижесінде парниктік газдар шығарындылары аз болады.

50 ERG компаниясы өз активінде энергия өндіруші объектілерден басқа тау-кен және қайта өңдеу объектілеріне ие, 1-қамту өндірістің барлық түрлерін қамтиды.

Тұщы суды тарту, млн м3
Компания 2021 2022 2023
«Самұрық-Энерго» АҚ 211,247 230,694 222,398
ERG 2 069 1 989 1 947
Enel 73,1 76,0 55,0
«РусГидро» ЖАҚ 672,96 686,76 708,6
Үлестік көрсеткіштер
Компания 2021 2022 2023
м3/мың кВт*сағ тонна СО2экв/ мың кВт*сағ м3/мың кВт*сағ тонна СО2экв/ мың кВт*сағ м3/мың кВт*сағ тонна СО2экв/ мың кВт*сағ
«Самұрық-Энерго» АҚ 5,93 1,13 6,43 0,92 6,29 0,93
ERG 103,92 1,52 103,43 1,55 101,62 1,53
Enel 0,33 0,28 0,33 0,27 0,27 0,20
«РусГидро» ЖАҚ 4,68 0,21 5,06 0,23 5,03 0,23

Компаниялар өндірілетін электр энергиясының белгіленген қуаты мен көлемімен ерекшеленеді, сондықтан парниктік газдар шығарындыларының және тұщы су тартудың нақты көрсеткіштеріне салыстырмалы талдау шартты болып табылады.

Алынған нәтижелерге сәйкес «Самұрық-Энерго» АҚ келесі үрдіске ие:

  • 2023 жылы ПГ-ның үлестік шығарындылары ERG мен «РусГидро» ЖАҚ компаниялары сияқты елеулі өзгерістерсіз 2022 жылғы деңгейде қалды. Сонымен қатар, Enel 2022 жылы 3,6%-ға және 2023 жылы 25,9%-ға жыл сайынғы төмендеуді көрсетеді;
  • 2021-2023 жылдардағы орташа меншікті су тарту 6,22 м3/мың кВт*сағ құрады, бұл:
    • Enel-мен салыстырғанда 20 есе жоғары (0,31 м3/ мың кВт*сағ);
    • «РусГидро» ЖАҚ-қа қарағанда 26,4%-ға жоғары (4,92 м3/мың кВт*сағ);
    • ERG-ге қарағанда 16,6 есе төмен (103 м3/мың кВт*сағ).

Жүргізілген талдау нәтижелері бойынша «Самұрық- Энерго» АҚ тұрақты даму бағытын ұстануын растайды. Біз көміртегі ізін азайту, парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталған заманауи технологиялар мен шешімдерді енгізу бойынша жүйелі жұмысты жалғастырамыз. Негізгі және қосалқы жабдықтарды жаңғырту маңызды басымдық болып қала береді, бұл ресурстық тиімділікті арттыруға және еншілес ұйымдарымыздың технологиялық қажеттіліктеріне су тартуды азайтуға мүмкіндік береді.