2023 негізгі оқиғалар

Қаңтар
  • Қазатомөнеркәсіптің екі кәсіпорнының жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар ұзартылды.
Сәуір
  • Қазатомөнеркәсіп Румыния АЭС-не уран жеткізуді сәтті жүзеге асырды.
  • АЭХА басшысы ҮМЗ аумағында орналасқан АЭХА ТБУ банкі мен «Үлбі-ЖБҚ» зауытына барды.
Мамыр
  • ҚХР-дағы атом электр станциясына жылу бөліп шығаратын құрамалардың (ЖБҚ) екінші партиясын жеткізу жүзеге асырылды.
  • Қазатомөнеркәсіп «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің жаңа құрамын сайлау туралы ақпаратты жариялады.
Шілде
  • Қазатомөнеркәсіп Түркістан облысында аффинаж өндірісін іске қостыи.
Қыркүйек
  • Қазатомөнеркәсіп АЭХА Бас конференциясы аясындағы ел павильонында ұсынылды.
  • Қазатомөнеркәсіп өндірістің үздік қызметкерлерін марапаттады.
Қазан
  • Қазатомөнеркәсіп қытайлық АЭС үшін отынның партиясын экспорттады.
Қараша
  • Қазатомөнеркәсіп пен Framatome ядролық отын циклі саласындағы ынтымақтастықты дамыту туралы келісімге қол қойды.
  • Қазатомөнеркәсіп China National Uranium Corporation Limited компаниясымен уран жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты.
  • Қазатомөнеркәсіп State Nuclear Uranium Resource Development Company Limited компаниясымен уран жеткізуге ұзақ мерзімді келісімшарт жасасты.
  • Қазатомөнеркәсіп IPO-ға шығудың бес жылдығын атап өтті.
  • Қазатомөнеркәсіп пен Siemens цифрландыру және автоматтандыру саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
  • ҚХР атом электр станциясына ЖБҚ-ның үшінші және төртінші партияларын жеткізу жүзеге асырылды.
Желтоқсан
  • ҚХР атом электр станциясына ЖБҚ-ның бесінші партиясын жеткізу жүзеге асырылды.
  • «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС жылу бөліп шығаратын құрамаларды өндіру зауыты А типті AFA 3G дизайнындағы ЖБҚ өндіру үшін Framatome сертификатын алды.
  • Қазатомөнеркәсіп Emirates Nuclear Energy Corporation компаниясымен табиғи уран концентратын жеткізуге келісімшарт жасасты.