3

Стратегиялық тәсіл

ТҰРАҚТЫ ДАМУ ЖҮЙЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КЕЗЕҢДЕРІ

2011
  • Алғаш рет БЖЕ-ге GRI қаржылық емес есеп беру стандарттары енгізілді.
2017
  • 2017-2019 жылдарға арналған корпоративтік және әлеуметтік жауапкершілік саласындағы тұрақты даму бағдарламасы әзірленді.
2019
  • Тұрақты даму саласындағы саясат әзірленді және жарияланды.
  • Компания құрылымында арнайы бөлімше «Тұрақты даму басқармасын» құру арқылы тұрақты дамуды басқарудың корпоративтік функциясы күшейтілді.
  • БҚЕ-ге тұрақты дамуды басқару тәсілдері және Компанияның БҰҰ-ның жаһандық тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге қосқан үлесі туралы ақпарат енгізілді (БҰҰ ТДМ).
  • БҰҰ-ның басым ТДМ және БҰҰ-ның әрбір ТДМ үшін негізгі қосалқы міндеттер айқындалды.
2020
  • Алғаш рет 2020 жылға арналған біріктірілген жылдық есептегі ESG ақпарат үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес тәуелсіз растаудан өтті.
  • GRI индикаторларын ашу тереңдетілді.
2021
  • Климаттық тәуекелдерді басқару саласындағы жұмыстар басталды.
  • Тұрақты даму саласындағы тәуекелдер анықталды.
  • 2021 жылғы БЖЕ-ге БҰҰ Сауда және даму конференциясының (UNCTAD) тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізудің негізгі көрсеткіштері енгізілді.
  • Компания алғашқы бақылау аудитінен сәтті өтіп, TÜV International Certification (Германия) сертификатын бірден екі халықаралық ISO 45001 және ISO 14001 стандарттары бойынша растады.
  • Топтың барлық кәсіпорындарында ISO 50001 халықаралық стандартының талаптарына сәйкес келетін энергоменеджмент жүйесі енгізілді. Энергоменеджмент жүйелері аясында Топ кәсіпорындарында энергоаудиттер үнемі өткізіліп тұрады.
2022
  • Климаттық тәуекелдер анықталды және бағаланды.
  • Компанияның Директорлар кеңесі 2060 жылға дейін декарбонизациялау және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясын бекітті.
  • Компанияның Директорлар кеңесі Адам құқықтары саласындағы саясатты бекітті.
  • UN Global Compact-қа қосылды.
  • GRI индикаторларын ашу тізбесі кеңейтілді.
  • Климаттың өзгеруіне байланысты қаржылық ақпаратты ашу мәселелері бойынша жұмыс тобының (TCFD) ұсыныстарына сәйкес ақпарат ашылды.
  • S&P Global Ratings жетекші халықаралық рейтинг агенттігінен бірінші тәуелсіз ESG рейтингі алынды.
2023
  • «В» («басқару») деңгейінде CDP (Carbon Disclosure Project) бірінші халықаралық климаттық рейтингі алынды.
  • S&P Global Ratings жетекші халықаралық рейтинг агенттігінен 41/100 деңгейінде CSA (Corporate Sustainbility Assessment) бағасы алынды.
  • Компанияның Директорлар кеңесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2023-2030 жылдарға арналған Тұрақты даму саласындағы бағдарламасын бекітті.
  • Компанияның Директорлар кеңесі 2023-2030 жылдарға арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Су ресурстарын басқару стратегиясын бекітті.
  • 2023-2024 жылдарға арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да ESG тәжірибелерін жетілдіру жөніндегі Жол картасын іске асырды.
  • 2023-2030 жылдарға арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Радиоактивті қалдықтарымен жұмыс істеу бағдарламасы әзірленді.
  • SASB стандарттарына сәйкес ақпарат ашылды.
  • Компанияның тәуекелдер тізіліміне климаттық тәуекелдер қосылды.
  • Топ қызметкерлері үшін «Қазақстанның уран өндіру саласын тұрақты дамыту» тақырыбында жыл сайынғы таунхолл өткізілді.
  • БҰҰ-ның «SDG Ambition» Жаһандық келісімшарт бағдарламасына қатысты.
2024 жылға арналған жоспарлар
  • CSA (Corporate Sustainbility Assessment) бағасын жаңарту/тәуелсіз ESG рейтингін алу.
  • CDP (Carbon Disclosure Project) халықаралық климаттық рейтингін жаңарту.
  • 2023-2030 жылдарға арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның Тұрақты даму саласындағы бағдарламасын іске асыру.
  • 2023-2024 жылдарға арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да ESG тәжірибелерін жетілдіру жөніндегі Жол картасын іске асыру.
  • 2023-2030 жылдарға арналған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Су ресурстарын басқару стратегиясын іске асыру жөніндегі іс-шаралардың Кешенді жоспарын әзірлеу, бекіту және іске асыру.
  • IFRS S2 сәйкес ақпаратты ашуға дайындалу.
  • Холдинг қызметкерлеріне ESG қағидаттарын түсінуді және ұстануды насихаттау бойынша ісшаралар өткізу.

БАСҚАРУ ТӘСІЛІ

Қазатомөнеркәсіп өз жұмысының бүкіл циклі бойы тұрақты даму қағидаттарын белсенді түрде енгізеді, сонымен қатар өзінің серіктестерін, жеткізушілерін және басқа да мүдделі тараптарды бизнестегі және әлеуметтік жауапкершіліктегі жауапты тәсілге көтермелейді. Тұрақты даму Компания стратегиясының негізгі элементі болып табылады, оның ұзақ мерзімді перспективада бизнестің ілгерілеуі үшін ғана емес, сонымен қатар Қазатомөнеркәсіптің негізгі корпоративтік құндылықтарын қалау үшін де маңыздылығын атап көрсетеді.

GRI 2-23

Тұрақты даму саласындағы қызметтің басым бағыттарын анықтау кезінде Қазатомөнеркәсіп БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарын және 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған БҰҰ-ның (БҰҰ ТДМ) тұрақты даму саласындағы мақсаттарын, сондай-ақ осы саладағы басқа да халықаралық стандарттар мен бастамалардың ережелерін басшылыққа алады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму қағидаттары

Ашықтық
Есептілік
Айқындық
Этикалық мінез-құлық
Құрмет
Заңдылық
Адам құқықтарын сақтау
Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік
Мүдделер қақтығысына жол бермеу
Жеке мысал

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның тұрақты даму саласындағы басым бағыттары

Қызмет бағыттары БҰҰ ТДМ
Экономикалық тұрақтылық
Адами капитал мен мәдениетті дамыту
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік
Экологиялық жауапкершілік
Ғылыми-техникалық және инновациялық-технологиялық даму
Тиімді корпоративтік басқару және тәуекел-мәдениет
Жоғары этикалық стандарттар және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Жауапты сатып алулар
Жауапты бизнес жүргізу - мүдделі тараптармен, жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу және есеп беру
GRI 2-9, 2-12, 2-13, 2-14

Компанияда тұрақты даму мәселелері басқарудың барлық деңгейлерінде біріктірілген. Директорлар кеңесі иерархияның жоғарғы жағында оны стратегиялық басымдық ретінде қарастыра отырып, осы тақырыпқа ерекше назар аударады. Директорлар кеңесі Қазатомөнеркәсіптің тұрақты даму саласындағы қағидаттары мен мақсаттары біріктірілген Компанияның Даму стратегиясын, сондай-ақ Компанияның тұрақты дамуына байланысты мақсаттарды, құндылықтар мен процестерді қамтитын өзге де бағдарламалық және жоспарлы құжаттарды бекітетін және іске асыруды бақылайтын орган болып табылады. Директорлар кеңесіне тұрақты даму саласындағы бағыттар мен процестер бойынша есептер тұрақты (жыл сайынғы, тоқсан сайынғы) негізде ұсынылады, оларды қарау кезінде, қажет болған жағдайда, Директорлар кеңесінің мүшелері бұл мәселелерді мүдделі тараптармен (Компания қызметкерлерімен, сыртқы стейкхолдерлермен және т.б.) талқылайды. Мұндай есептілікті қарауды Директорлар кеңесі кезекті және кезектен тыс отырыстарда жүргізеді. Директорлар кеңесінің құрамында жұмыс істейтін Комитеттер Директорлар кеңесіне осы саладағы тұрақты даму қағидаттары мен стратегиялық міндеттерді енгізуге және іске асыруға ұсынымдар дайындаумен айналысады. Басқарушылық деңгейде Компания Басқармасы стратегиялық жоспарлардың, бағдарламалар мен бастамалардың орындалуын тікелей қадағалайды, белгіленген мақсаттарға қол жеткізуді және тұрақты даму шеңберіндегі іс-әрекеттердің тиімділігін бақылайды. Тұрақты дамудың нақты бағыттары бойынша міндеттер Компанияның тиісті бөлімшелері арасында орталықтандырылған деңгейде және еншілес және тәуелді қоғамдарда жергілікті деңгейде бөлінеді, бұл осы маңызды салада біртұтас және тиімді басқаруды қамтамасыз етеді.

Компанияның қаржылық емес есептілігінің құрамында ашу үшін маңызды тақырыптардың тізбесін Компания жыл сайын қайта қарайды және Компанияның Біріктірілген жылдық есебін бекіту шеңберінде Директорлар кеңесімен бекітіледі.

Қазатомөнеркәсіпте тұрақты даму аспектілеріне қатысты бірқатар негізгі ішкі құжаттар әзірленіп, енгізілген. Бұл құжаттар тиімді басқару және әдеп стандарттарын сақтау, еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау, персоналды басқару, жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу және жеткізу тізбегін басқару секілді салалардағы бизнес-процестерге арналған ережелерді белгілейді, бұл Компанияның жауапты және тұрақты бизнес жүргізуге деген ұмтылысын көрсетеді.

Тұрақты даму саласындағы стандарттар мен бастамаларды қолдау

2023 жылғы қараша айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі 2023-2030 жылдарға арналған Компанияның тұрақты даму саласындағы бағдарламасын бекітті.

Бағдарламаның мақсаты – экономикалық, әлеуметтік және экологиялық әсерді белсенді басқару есебінен акционерлік құнның өсуін қамтамасыз ету және мүдделі тараптардың барлық топтарының мүдделеріне ұзақ мерзімді перспективада қосылған құндылық жасау үшін тұрақты даму қағидаттарына сәйкес Компанияның даму стратегиясын іске асыруды қамтамасыз ету.

БҰҰ ТДМ сәйкес Бағдарламаның мақсаттары:

Е – ЭКОЛОГИЯ

Қоршаған ортаны қорғау

Ұтымды тұтыну және үнемді өндіріс

Биоан алуантүрлілікті сақтау

Экология және биоалуантүрлілік саласындағы әлемдік бастамаларды қолдау және ілгерілету

S – ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Нөлдік өлімге әкелетін жарақаттануға қол жеткізу

Қауіпсіздік мәдениетін арттыру

Мердігерлер мен жеткізушілерді Компанияның өндірістік қауіпсіздік жүйесімен қамту

Білікті кадрларды тарту және ұстап қалу

Әлеуметтік тұрақтылықты және персоналды тартуды арттыру

Қатысу аймақтарын дамыту

Қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау

G – КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ

Гендерлік теңдікке ұмтылу

Адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету

Сыбайлас жемқорлыққа нөлдік төзімділік

Корпоративтік басқару жүйесін жетілдіру

Тәуекел мәдениетін және комплаенсті дамыту

Компанияның жеткізу тізбегі бойынша жауапты сатып алу жүйесін енгізу

2030 жылға қарай Бағдарламаны іске асырудың негізгі күтілетін нәтижелері:

БҰҰ-НЫҢ ЖАҺАНДЫҚ КЕЛІСІМШАРТ ҚАҒИДАТТАРЫН ҰСТАНУ

GRI 2-23

2022 жылы Қазатомөнеркәсіп БҰҰ Жаһандық келісімшарт (БҰҰ ЖК) бастамасының ресми қатысушысы болды және осы бағытта жұмысын жалғастыруда. Адам құқықтары, еңбек қатынастары, қоршаған ортаны қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы Жаһандық шарттың он қағидаты Компания өзі үшін ең елеулі және өзекті деп анықтаған маңызды тақырыптарға енгізілген. БҰҰ ЖК-мен ынтымақтастық инвестициялық қоғамдастық тарапынан сенімді нығайтуға ықпал етеді, Он Қағидатты дәйекті және келісілген түрде іске асырудағы өзінің ілгерілеуін өлшеуге және көрсетуге, сондай-ақ өзінің ілгерілеуін басқа әлемдік компаниялардың ұқсас көрсеткіштерімен салыстыруға мүмкіндік береді.

Жыл сайын БҰҰ ЖК қатысушылары БҰҰ ЖК ресми сайтында қолжетімді Ілгерілеу туралы есеп жариялайды. 2023 жылдың маусым айында Қазатомөнеркәсіп өзінің Ілгерілеу туралы алғашқы есебін шығарды. Бұдан басқа, Қазатомөнеркәсіптің қызметкерлері БҰҰ ЖК академиялық платформасына қол жеткізе алады, онда ай сайын Жаһандық ESG күн тәртібіндегі маңызды тақырыптардың көпшілігін қамтитын түрлі семинарлар мен конференциялар өткізіледі.

Қағидаттар Есеп Бөлімі
1. Іскер топтар халықаралық деңгейде жарияланған адам құқықтарын қорғауды қолдауы және құрметтеуі керек Персоналды басқару
2. Іскер топтар адам құқықтарының бұзылуына қатысы болмауы тиіс Персоналды басқару
3. Іскер топтар бірлестік еркіндігін және ұжымдық шарттар жасасу құқығын нақты мойындауды қолдауы керек Персоналды басқару
4. Іскер топтар мәжбүрлі және міндетті еңбектің барлық түрлерін жоюды жақтауы керек Персоналды басқару
5. Іскер топтар балалар еңбегін толығымен жоюды жақтауы керек Персоналды басқару
6. Іскер топтар еңбек және жұмыспен қамту саласындағы кемсітушілікті жоюды жақтауы тиіс Персоналды басқару
7. Іскер топтар сақтық қағидатына негізделген экологиялық мәселелерге бағытталған тәсілді қолдауы керек Экологиялық тұрақтылық
8. Іскер топтар қоршаған ортаның жай-күйі үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған бастамалар қабылдауы тиіс Экологиялық тұрақтылық
9. Іскер топтар экологиялық қауіпсіз технологияларды дамытуға және таратуға жәрдемдесуі тиіс Экологиялық тұрақтылық
10. Іскер топтар сыбайлас жемқорлықтың барлық түрлеріне, соның ішінде бопсалау мен парақорлыққа қарсы тұруы керек Корпоративтік әдеп және комплаенс

МҮДДЕЛІ ТАРАПТАРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

GRI 2-29

Қазатомөнеркәсіптің басты міндеті - өзінің барлық мүдделі тараптарының қажеттіліктері мен үміттерін түсінуге сүйене отырып, олардың тұрақты құндылығын қалыптастыру. Бұл тұрғыда Компания тікелей диалог пен пікір алмасу жүйелерін жақсартуға үлкен мән бере отырып, әртүрлі байланыс нысандары мен кері байланыс арналарын пайдалана отырып, стейкхолдерлермен өзара әрекеттесудің тиімді әдістерін әзірлейді және енгізеді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ақпаратты ашу саясаты» және «Стейкхолдер картасы» мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу процестерін басқаратын негізгі нормативтік құжаттары болып табылады.

Одан әрі ынтымақтастық үшін мүдделі тараптарды таңдау және анықтау олардың ағымдағы операциялық қызметке және Қазатомөнеркәсіпті дамытудың стратегиялық жоспарларына әсерін бағалауға негізделеді. Бұл процессте Компанияның сыртқы мүдделі тараптармен алдыңғы өзара әрекеттесуінің тәжірибесі де, олардың Компания қызметінің нәтижелеріне тәуелділік дәрежесі де ескеріледі.

Мүдделі тараптармен байланыс арналары:

Компания жыл сайын мүдделі тараптардың картасын өзектендіреді. 2023 жылы картаның өзектілігі менеджмент сауалнамасымен расталды.

2023 жылғы Қазатомөнеркәсіптің мүдделі тараптарының дәрежелік картасы

Мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тетіктері

GRI 2-29
Стейкхолдердің Компанияға деген қызығушылығы Өзара әрекеттесу тетіктері
Акционерлер

Экономикалық пайда/Шоғырландырылған таза пайда/Экономикалық нәтижелілік;

Даму және дивидендтер үшін бос қаражат;

Таза активтердің құны (NAV);

Корпоративтік басқару рейтингі;

Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;

Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.

Компания акционерлерінің, Директорлар кеңесінің және Қор Басқармасының, Компанияның Директорлар кеңесінің жалпы шешімдері;

Бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастыру, кеңестер, келіссөздер, кездесулер өткізу;

Қормен тұрақты даму процестерін іске асыру мәртебесін талқылау;

Келісілген формат бойынша акционерлерге, оның ішінде Қорға мерзімді есеп беру;

Директорлар кеңесінің бейінді комитетімен тұрақты даму бойынша арнайы сессия өткізу;

Сауалдар жасау, сауалнама жүргізу, тестілеу;

Ішкі корпоративтік байланыс арналары;

Жылдық есеп пен Компанияның интернет-ресурстары.

Тұтынушылар

Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;

Өнімдер мен қызметтерді таңбалау;

Маркетингтік коммуникациялар;

Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.

Тұтынушылармен кері байланыс жүйесі;

Кездесулер, келіссөздер, сауалнама жүргізу;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

«Жедел желі»;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары.

Инвестициялық сарапшылар

Компания қызметінің түрлі аспектілерін талдау;

Компанияны аналитикалық рейтингтерге қосу.

Конференциялар, форумдар, талдаушы күндері, өндірістік алаңдарға сапарлар, инвесторлармен жыл сайынғы кездесулер;

Кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары;

Тоқсан сайынғы операциялық нәтижелер;

Тоқсан сайынғы қаржылық есептілік және баспасөз хабарламалары.

Менеджмент пен персонал

Жұмыспен қамту, қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарым-қатынасы, кемсітушілікке жол бермеу/Әртүрлілік және тең мүмкіндіктер/Қызметкердің жұмысына, сондай-ақ компанияның оның бақылауындағы қызметтерінің жұмысын қанағаттану деңгейі;

Оқыту және білім беру;

Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру.

Қызметкерлерге сыйақы берудің әділ және ашық шарттары, қызметкерлердің кәсіби өсуін қамтамасыз ету, қауіпсіз еңбек жағдайлары;

Кадрлық әлеуетті дамыту;

Өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар және еңбек жағдайларын жақсарту бағдарламаларын іске асыру;

Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін әлеуметтік қолдау жөніндегі шараларды іске асыру;

Қызметкерлердің біліктілігін арттыру, оқыту және дамыту бағдарламалары; Басшылықпен тұрақты кездесулер, келіссөздер жүргізу;

Қызметкерлерді Компания қызметі, кәсіби өсу мүмкіндіктері туралы корпоративтік журналдар, әлеуметтік желілер арқылы хабардар ету;

Сауалдар жасау, сауалнама жүргізу, тестілеу;

«Жедел желі», ішкі корпоративтік коммуникация арналары, Компанияның интернет-ресурстары.

Тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді жеткізушілер

Конкурстарға қатысуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету;

Сатып алу санаттық стратегияларын іске асыру қорытындылары бойынша пайда;

Отандық тауар өндірушілерді қолдау.

Ашық қол жетімді сатып алу жүйесі;

Тұрақты талдамалық кездесулер, келіссөздер, іскерлік хат алмасу жүргізу;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою, лицензиялау;

Компанияға жіберілетін өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлар мен міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат/есептілік;

Компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындысы бойынша есеп беру;

Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қарастыру;

Сауалдар жасау, сауалнама жүргізу, тестілеу;

«Жедел желі»;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары.

Бизнес-қоғамдастықтар (қауымдастықтар, Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, ЗТБ)

Компанияның салалық стандарттарды жетілдіруге және сақтауға қатысуы;

Компанияның бизнес-ортаны жетілдіруге қатысуы;

Бизнес-ортаның мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесу тетіктері арқылы мемлекеттік органдарда Компанияны қолдау, Компанияның заңнамалық бастамаларын ілгерілетуге жәрдемдесу.

Қазақстан Республикасының заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

Жұмыс топтарын құру, кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары.

Серіктестер

Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу;

Компания және барлық уран өндіруші ЕТҰ бойынша өндірілген уранның шала тотығы-тотығының меншікті өндірістік өзіндік құны.

Құрылтай шарттары;

Компанияның басқару органдарының/ЕТҰ қатысушыларының, бірлескен консультативтік-кеңесші органдардың шешімдері;

Бірлескен жұмыс топтарын ұйымдастыру, тексерулер жүргізу;

Жиналыстар, келіссөздер, іскерлік хат алмасу, сауалнама жүргізу;

Ағымдағы қызмет туралы есептер;

ЕТҰ қызметі мәселелері бойынша хат алмасу;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Мемлекеттік органдар

Талаптарға сәйкестік, тұрақтылық және бизнестің орнықтылығы;

Жұмыс орындарын құру және сақтау;

Халықаралық аренада елдің экономикалық мүдделерін білдіру (ҚР уран саласын дамыту тұрғысында ел үшін экономикалық, саяси және имидждік пайда;

Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру;

Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.

Компанияның ЕТҰ лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын тексеру, ҚРзаңнамасына өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартты, жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттік тіркеу актісін келісу;

Сұраныстарға сәйкес өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлар мен міндеттемелерді орындау бойынша ақпарат/есептілік;

Келіссөздер, іскерлік хат алмасу, аппараттық, өндірістік, жедел және өзге кеңестер, сауалнама жүргізу;

Компанияның ЕТҰ лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерін орындау бойынша есептер, ҚР Энергетика министрлігіне (ЭМ) тоқсан сайынғы есеп, Компанияның қаржы-шаруашылық қызметінің қорытындылары бойынша есептілік;

«Жедел желі»;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Халықаралық ұйымдар

Компанияның халықаралық келісімдерге, бастамаларға қатысуы.

Конференциялар, форумдар, жыл сайынғы кездесулер;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

Жұмыс топтарын құру, кеңестер, келіссөздер өткізу, сауалнама жүргізу;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурстары.

Кредит берушілер

Экономикалық пайда/Шоғырландырылған таза пайда/Экономикалық тиімділік;

Даму және дивидендтер үшін бос қаражат;

Таза активтердің құны (NAV);

Инвестициялау және сатып алу тәжірибесі/Сатып алу категориялық стратегияларын іске асыру қорытындылары бойынша пайда.

Тұрақты талдамалық кездесулер мен келіссөздер жүргізу, іскерлік хат алмасу, сауалнама жүргізу;

БАҚ-та Компания туралы ақпаратты жариялау;

«Жедел желі»;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Жергілікті атқарушы органдар

Талаптарға сәйкестік, жұмыс орындарын құру және сақтау, демеушілік және қайырымдылық көмек;

Компания қызметкерлерінің еңбегі мен денсаулығын қорғау;

Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру, қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту.

Өңірлердің әлеуметтік саласын қолдау және дамыту мақсатында жергілікті атқарушы органдар мен Компания арасындағы ынтымақтастық туралы меморандумдар;

Жергілікті атқарушы органдар мен Компания арасындағы өңірлердің әлеуметтік саласын қаржыландыру жөніндегі бас келісімдер;

«Жедел желі», әлеуметтік желілер;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Қоғамдық ұйымдар мен жергілікті тұрғындар

Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру;

Өндірістің энергия және ресурс тиімділігі деңгейін арттыру;

Қоршаған ортаға эмиссияларды барынша азайту;

Заңнамалық талаптарға сәйкестік, демеушілік және қайырымдылық көмек;

Оқыту және білім беру.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу;

ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

БАҚ-та Компания туралы ақпаратты жариялау;

Сауалдар жасау, сауалнама жүргізу, тестілеу;

Компания мен ЕТҰ-ның ағымдағы қызметі туралы хабардар ету;

Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қарастыру;

«Жедел желі», әлеуметтік желілер;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Кәсіподақ

Жұмыс орындарын құру және сақтау;

Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру.

Қоғамдық тыңдаулар өткізу;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

Ұжымдық шартпен Компания қызметкерлерімен еңбек қатынастарын реттеу;

ҚР еңбек заңнамасына сәйкес қызметкерлерге еңбекақы төлеу, оқыту және білім беру, қауіпсіз еңбек жағдайлары;

ЕТҰ-ның ағымдағы қызметі туралы хабардар ету;

Компанияға жолданған хаттарды (өтініштерді) қабылдау;

«Жедел желі», әлеуметтік желілер, ішкі корпоративтік коммуникация арналары;

Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Еншілес және тәуелді ұйымдар

Жұмыспен қамту және еңбекақы деңгейі, қызметкерлер мен басшылықтың өзара қарымқатынасы, кемсітушілікке жол бермеу, әртүрлілік және тең мүмкіндіктер;

Өндіріс қауіпсіздігі мәдениетінің деңгейін арттыру, оқыту және білім беру;

Нарықтағы үлес/Нарықтарға қатысу, өнімдер мен қызметтерді таңбалау.

Компанияның акционер/ЕТҰ қатысушысы ретіндегі шешімдері;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ арасындағы құпиялылық туралы келісімге сәйкес есептілік;

Компанияның басқару органдарының/ЕТҰ қатысушыларының шешімдері;

ҚР Заңнамасының және топтың ішкі құжаттарының сақталуын тексеру;

Қоғамның ЕТҰ лицензиялық-келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуын тексеру;

ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы ұсыныстар әзірлеу;

Мемлекеттік органдардың сауалы бойынша Компания қызметінің түрлі бағыттары бойынша ақпарат ұсыну;

Стратегиялық ынтымақтастық туралы шарттарға, меморандумдарға, келісімдерге қол қою;

Бұйрықтар мен өкімдер, Компанияның ЕТҰ менеджментін тыңдау;

Компанияға жіберілетін өндірістік, инвестициялық және әлеуметтік жоспарлардың/міндеттемелердің орындалуы туралы ақпарат/есептер;

Аппараттық, өндірістік жедел және басқа кеңестер, қоғамдық тыңдаулар өткізу;

Өндірістік қауіпсіздік бойынша нұсқаулықтар, оқыту және білім беру;

«Жедел желі», әлеуметтік желілер, ішкі корпоративтік коммуникация арналары; Жылдық есеп және Компанияның интернет-ресурсы.

Мамандандырылған ұйымдар (оның ішінде «SamrukKazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры)

Әлеуметтік маңызы бар мәселелерді шешуге бағытталған жобалар мен бағдарламаларды іске асыру;

«Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ компаниялар тобының қайырымдылық қызметінің бірыңғай операторының функцияларын іске асыру.

Кіріс және шығыс хат-хабарлар;

Іскерлік хат алмасу;

Жиналыстар, келіссөздер, өзгелер;

Ағымдағы қызмет туралы есептер;

БАҚ-та Компания туралы ақпаратты жариялау; ЖЖедел желі взять в кавычки;

Горячая линия;

Компанияның интернет-ресурсы.

Қор биржалары

Ережелерді сақтау;

Қаржылық есептілікті және өзге де ақпаратты уақтылы ұсыну.

Кездесулер, келіссөздер өткізу;

Компанияның интернет-ресурсы;

Есеп беру;

Биржалық реттеушінің интернет-ресурсы.

МҮДДЕЛІ ТАРАПТАР МЕН КОМПАНИЯ АРАСЫНДАҒЫ КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР

Қазатомөнеркәсіпте негізгі мүдделі тараптар мен Компания басшылығының қатысуымен қызметтің экономикалық, экологиялық және әлеуметтік аспектілерін талқылау үшін нақты процедуралар белгіленді. Бұл мәселелер Директорлар кеңесінің мамандырылған комитеттерінің отырыстарында, сондай-ақ ЕТҰ басқару органдарының отырыстары шеңберінде көтеріледі және мұқият өңделеді.

Бастапқы талдауды, негізгі мәселелерді егжей-тегжейлі талқылауды және шешім қабылдауға ұсыныстар дайындауды қамтитын Директорлар кеңесі комитеттерінің жүйелі жұмысының арқасында Директорлар кеңесі компанияны тиімді басқарудың барлық қажетті құралдарына ие. Бұл Компанияға өзгермелі сыртқы ортаға тез бейімделуге және корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын ұстануға мүмкіндік береді.

ТЕРІС ӘСЕРЛЕРДІ ЖОЮ ПРОЦЕСТЕРІ

GRI 2-25

Қазатомөнеркәсіп көпшілік компания бола отырып, листинг ережелері мен ақпаратты ашуға қойылатын талаптарды қатаң ұстанады. Компания өзінің корпоративтік басқару жүйесін тиімділік, жеделдік және ашықтық қағидаттарына негіздейді, бұл адам құқықтарын қорғау, акционерлердің мүдделері, кадр саясаты, жеткізушілермен өзара әрекеттесу, заңдылық пен әдеп, өндірістегі қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын шешу, сонымен қатар жағымсыз әсерлерді жою сияқты негізгі салаларда тиімді басқару мен бақылауға кепілдік береді.

Компания заңнаманы бұзумен байланысты немесе оның қызметіне теріс әсер ететін кез келген инцидент қаржылық шығындарды, инвесторлар мен стейкхолдерлердің сенімін жоғалтуды, акциялар құнының төмендеуін, беделге нұқсан келтіруді, айыппұлдарды және басқа да жағымсыз салдарды қоса алғанда, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екенін түсінеді.

Барлық мүдделі тараптармен тиімді өзара әрекеттесу үшін Қазатомөнеркәсіп екіжақты коммуникацияны дамытуға ерекше назар аудара отырып, байланыстың әртүрлі тәсілдері мен арналарын қамтитын коммуникациялар жүйесін әзірледі.

Қазатомөнеркәсіп шағымдарды беру үшін нақты және қолжетімді рәсімдерді әзірледі, бұл қызметкерлерінен бастап серіктестерге дейін барлық мүдделі тараптарға ықтимал немесе өзекті мәселелерге қатысты өз алаңдаушылықтарын білдіруге және олардың тез арада қаралуын және шешілуін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Компанияның әрбір қызметкері, сондай-ақ кез келген мүдделі тарап белгіленген байланыс арналары арқылы ұсыныстармен, сұрақтармен немесе шағымдармен жүгінуге құқылы. Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ішкі нормативтік құжаттарына сәйкес барлық қызметкерлерге жағымсыз салдарға әкеп соғуы мүмкін кез келген жағдайлар немесе әрекеттер туралы «жедел желі», корпоративішілік байланыс арналары, әлеуметтік желілер немесе Компанияның ресми сайты арқылы хабарлау міндеті жүктелген. Қазатомөнеркәсіп мәлімдеушілердің толық құпиялылығы мен анонимділігін қамтамасыз ете отырып, осындай хабарлауларға жауап ретінде кез келген қуғын-сүргінге қатаң тыйым салады.

Қазатомөнеркәсіп белгілі бір тақырыптың ерекшелігіне сәйкес келетін белгіленген критерийлерге сәйкес өтініштерде көтерілетін әрбір мәселенің маңыздылығын мұқият бағалайды. Пайда болған немесе ықтимал теріс әсердің сипатына, сондай-ақ келіп түскен шағымның мазмұнына байланысты Компания қажетті түзету шараларын қабылдайды.

Қоршаған ортаға теріс әсерді азайту және операциялық, экологиялық және қаржылық тәуекелдерді болдырмау мақсатында Қазатомөнеркәсіп ерте кезеңдерде ықтимал қауіптерді анықтау бойынша белсенді жұмыс істеуде. Бұл процесс Компанияның барлық негізгі бизнес-процестеріне, соның ішінде стратегияға, бизнесті жоспарлауға, операцияларды басқаруға және күрделі шығындарды бағалауға біріктірілген. Бұл тәсілді қолдану Компанияға ықтимал жағымсыз әсерлерді сәтті анықтауға және бейтараптандыруға, сондай-ақ тәуекелдерді тиімді басқаруға және азайтуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, тәуекелдерді, ықтимал инциденттерді зерттеудің және қоршаған ортаның жай-күйі туралы хабардар болудың қатаң рәсімдерінің арқасында Қазатомөнеркәсіп теріс әсерлердің алдын алу немесе жою үшін уақтылы және барабар шаралар қабылдайды.

Қазатомөнеркәсіптің коммуникациялық арналарының тиімділігін бағалау корпоративтік мәдениетті талдау негізінде жүргізіледі. Бұл қызметкерлердің қатысу деңгейін, олардың ұйым ішіндегі өзара әрекеттесуін, дағдарыстық жағдайларға ден қою жылдамдығын, жұмыс өнімділігін және Компанияның стратегиялық даму мақсаттарына қол жеткізудегі табыстылығын зерттеуді қамтиды.

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТЫ ҚҰРУ

GRI 3-3

Қазатомөнеркәсіп өзінің акционерлеріне, қызметкерлеріне, серіктестеріне және басқа да мүдделі тараптарына экономикалық құндылықты құру туралы ашық және айқын ақпарат береді. Есепті кезеңдегі экономикалық құндылықты құру және бөлу туралы мәліметтерді жариялау Компанияның барлық мүдделі тараптарына Топтың экономикалық дамуға қалай үлес қосатынын бақылауға мүмкіндік береді.

580,34
млрд теңгені
2023 жылы бөлінбеген экономикалық құны құрады
GRI 201-1

Құрылған және бөлінген тікелей экономикалық құн, млрд теңге

65 Кірістер GRI стандарттарының әдістемесіне сәйкес есептеледі және Компанияның түсімдері мен барлық кірістерінің сомасын қамтиды.

66 Операциялық шығыстар мынадай тарауларды қамтиды: өткізудің өзіндік құны (жалақы мен салықтарды қоспағанда), өткізу жөніндегі шығыстар (жалақы мен салықтарды қоспағанда), жалпы және әкімшілік шығыстар (жалақы мен салықтарды қоспағанда).

МАҢЫЗДЫ ТАҚЫРЫПТАРДЫ АНЫҚТАУ

GRI 3-1

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі қаржы реттеушісінің DTR 4.1.3 (UKLA's Disclosure and Transparency Rules) ашықтық және айқындылық талаптарына, Қазақстан қор биржасының (KASE) және «Astana International Exchange» Халықаралық қор биржасының (AIX) жылдық есептілікті жариялау туралы талаптарына сәйкес болу және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ақпаратын ашу» қағидаларының және Компанияның Корпоративтік басқару кодексі ұсынған корпоративтік басқару стандарттарының талаптарын сақтау мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2023 жылғы біріктірілген жылдық есебін дайындау GRI, SASB және TCFD қаржылық емес есептілік стандарттарына сәйкес жүргізілді.

Компания 2023 жылы БЖЕ-де ашу мақсатында Қазатомөнеркәсіптің маңызды тақырыптарын анықтау үшін бірқатар ісшаралар өткізді.

Адам құқықтарына әсерін қоса алғанда, Компанияның елеулі экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерін көрсететін 2023 жылғы БЖЕ-де ашу үшін маңызды тақырыптарды айқындау үшін мүдделі тараптарға сауалнама жүргізілді. Қазатомөнеркәсіптің атына жауаптар мүдделі тараптардың мынадай топтарынан келіп түсті:

Бағалауға арналған тақырыптар тізбесіне GRI Topic standards тақырыптары және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ көрсеткіштері кірді. Мүдделі тараптарға әр тақырыпты ұйымның экономикаға, қоршаған ортаға және адамдарға әсер ету дәрежесі, соның ішінде олардың адам құқықтарына әсері бойынша 5 балдық шкала бойынша бағалау ұсынылды, мұнда 1 балл «өте төмен» және 5 балл «өте жоғары» деп бағаланды. Алдын ала тізімге 5 мүмкін ұпайдан 4 және 5 ұпай жинаған тақырыптар кірді.

Сондай-ақ Компания атом және тау-кен саласындағы көшбасшы компаниялардың маңызды тақырыптарына талдау жүргізді және тәуелсіз халықаралық рейтингтік агенттіктердің ESG маңызды мәселелеріне талдау жасады.

Нәтижесінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасы бекіткен 2023 жылғы БЖЕ-де ашу үшін 16 маңызды тақырыптан тұратын тізім анықталды.

Тақырыптардың маңыздылығындағы өзгерістер

GRI 3-2

2023 жылғы маңызды тақырыптардың тізімі GRI, SASB және TCFD стандарттарының талаптарына сәйкес Компанияның экономикалық, экологиялық және әлеуметтік әсерін егжей-тегжейлі ашу үшін 2023 жылғы БЖЕ-ні дайындауда қолданылды.

Сонымен қатар GRI 3-3 стандартының талаптарына сәйкес Компания Қазатомөнеркәсіптің экономикаға, қоршаған ортаға немесе әлеуметтік салаға, оның ішінде адам құқықтарына әлеуетті оң және теріс әсеріне талдау жүргізді.

Климаттың өзгеруі және энергия тиімділігі

БАСҚАРУ ТӘСІЛІ

GRI 3-3

Технологиялардың климатқа әсерін азайту және төмен көміртекті экономикаға көшу қажеттілігін түсіне отырып, Қазатомөнеркәсіп парниктік газдар шығарындыларын азайту жөніндегі Париждік келісімге қосылған елдердің үлесін қолдайды. Компания өзінің экологиялық ізін азайту шараларын дәйекті түрде енгізеді және көміртектің бейтараптығы мен климаттың өзгеруінің тұрақтылығына қол жеткізу жоспарларын әзірлейді. Қазатомөнеркәсіпте декарбонизация климаттың өзгеруімен күресудің маңызды, бірақ жалғыз құралы емес екеніне сенімді. Сондықтан, 2022 жылы әзірленген Декорбанизация стратегиясы шеңберінде Қазатомөнеркәсіп парниктік газдар шығарындыларын азайту, сондай-ақ су ресурстары мен биоәртүрлілікті қорғау жөніндегі жобаларды іске асыруда. Мәселен, «Қаратау» ЖШС-де қонақ үй-тұрмыстық кешенді, жатақхананы, спорт кешенін, физика-химия зертханасы мен шаруашылық-тұрмыстық кешен ғимараттарын ыстық сумен қамтамасыз ету үшін төрт гелиоколлекторлық қондырғы пайдалануға берілді, вахталық кенттің қазандық қондырғыларының су жылыту қазандықтарын дизель отынынан сұйытылған газға ауыстыру жұмыстары аяқталды.

Декарбонизация және көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу стратегиясында Компания дамудың үш негізгі сценарийін анықтады:

Компания энергия тиімділігін арттыруға, офсеттік механизмдерді пайдалануға, жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды кеңейтуге, электромобильдерге көшу арқылы көлік паркін жаңартуға және өндірістің көміртекті қарқындылығын төмендетуге бағытталған бірқатар іс-шараларды қоса алғанда, өз стратегиясының басым бағыттары ретінде шынайы және оптимистік сценарийлерді ерекшелейді.

ПАРНИКТІК ГАЗДАР ШЫҒАРЫНДЫЛАРЫ

Компания халықаралық нормалар мен ұсыныстарға, соның ішінде GHG Protocol және ISO 14064ке сәйкес тікелей және жанама шығарындылар көлемін сандық анықтау арқылы парниктік газдар шығарындыларын үнемі бақылайды.

Парниктік газдар шығарындыларын есепке алу мақсатында Компанияның бірлескен кәсіпорындардағы үлесінің мөлшеріне қарамастан, барлық ақпарат бүкіл Топ бойынша жүз пайыз негізде шоғырландырылады.

GRI 305-1, SASB EM-MM-110a.1.

Парниктік газдардың тікелей шығарындыларының көлемі, 2021-2023 жылдар (қамту саласы 1), мың тонна CO2баламасы

2022 жылмен салыстырғанда 1 қамту бойынша Топтың парниктік газдар шығарындыларының 24%ға өсуі бұрғылау және тау-кен дайындау жұмыстарының көлемінің өсуімен, жүк тасымалдарының ұлғаюымен, сондай-ақ өндірудің жаңа учаскелерін игерумен байланысты.

Компанияда биомассаны өртеуден немесе оның ыдырауынан туындайтын шығарындылар жоқ.

GRI 305-2

Парниктік газдардың жанама энергетикалық шығарындыларының көлемі, 2021-2023 жылдар (қамту саласы 2), тонна CO2- баламасы

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы 2 қамту бойынша жанама шығарындылардың 5,70%-ға төмендеуі (2022 жылғы факт - 632 760 тонна CO2баламасы) жасыл электр энергиясының қосымша көлемін сатып алудың өсуімен түсіндіріледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ 2022 жылдың соңында «Электр энергиясы мен қуаты нарығының қазақстандық операторы» АҚ («КОРЭМ» АҚ) алаңында спот-сауда әдісімен электр энергиясын сатып алуды жүзеге асырды. «Мойнақ CЭС» АҚ-дан «КОРЭМ» АҚ алаңында сатып алынатын электр энергиясының жалпы көлемі 2023 жылға 142 млн кВт·с. құрады.

Сондай-ақ, «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының өзгеруіне байланысты GHG хаттамасына сәйкес 2 қамту бойынша парниктік газдар шығарындыларын есептеу әдісі нарықтықтан аймақтыққа өзгерді. Осыған байланысты жоғарыда көрсетілген кестеде 2023 жылғы аймақтық әдіспен алынған нақты деректер көрсетілген. Нарықтық әдіспен парниктік газдар шығарындыларын есептеу 2023 жылға 793 299 тонна СО2-баламаны құрайды.

01.07.2023 жылы заңды күшіне енген «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің «Жаңартылатын энергия көздерін қолдау жөніндегі есеп айырысу-қаржы орталығы» ЖШС Қазақстан Республикасында электр энергиясының бірыңғай сатып алушысы болып айқындалды. «Электр энергетикасы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19-1-бабы 5-бөлігі 3-тармақшасына сәйкес электр энергиясының көтерме сауда нарығының субъектілері электр энергиясын тек электр энергиясын бір сатып алушыдан сатып алуды жүзеге асыруға міндетті. Тиісінше, 2023 жылдың екінші жартысына «Мойнақ СЭС» АҚ-дан электр энергиясын сатып алуға жасалған шарттарды бұзуға тура келді. Тікелей шарттар мен спот-сауда әдісімен сатып алынған жасыл электр энергиясының нақты көлемі 2023 жылдың бірінші жартыжылдығында 49 615 мың кВт·сағ құрады, бұл Компанияның 2023 жылғы 2 қамту бойынша жанама парниктік газдар шығарындыларының төмендеуіне ықпал етті.

Әрбір ЕТҰ-дан парниктік газдар шығарындыларының жылдық көлемі шығарындылар бойынша есептілік және Қазақстан шығарындыларына квоталар саудасы жүйесіне қатысу үшін критерий болып табылатын ұлттық деңгейде белгіленген 20 000 тонна CO2-баламасы шегінен аспайды.

Есепті кезеңде Компания климатқа әсерін азайтуға бағытталған бірнеше бастамаларды жүзеге асырды. Сонымен қатар, ол өз кен орындарының аумағында және айналасындағы елді мекендерде тал отырғызу бағдарламасын жалғастырды. Сондай-ақ, «Автокөліксіз күн» акциясы ұйымдастырылды, онда персонал мен мүдделі тараптар қоғамдық көліктің пайдасына жеке көліктерді пайдаланудан бір күнге бас тартты, бұл автомобиль көлігінен CO2 шығарындыларын азайтуға ықпал етті.

Қазатомөнеркәсіптің персоналы барлық электр құралдарын бір сағатқа өшіріп, «Жер сағаты» әлемдік акциясына белсенді қатысты. Бұл іс-шара электр энергиясын үнемдеуге және парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ғана емес, сонымен қатар қоғамның климат өзгерістері туралы хабардар болуын арттыруға бағытталған.

GRI 305-3

Парниктік газдардың өзге де жанама шығарындыларының көлемі (қамту аймағы 3), тонна CO2-баламасы

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы 3 қамту бойынша парниктік газдар шығарындыларының төмендеуі сатып алынатын тауарлардың, атап айтқанда, «Заречное» БК» АҚ, «Байкен-U» ЖШС, «Орталық» ПД» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС, «ҮМЗ» АҚ-да күкірт қышқылының, «Қаратау» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-де аммиак селитрасының және «ҮМЗ» АҚ-да аммиак суының төмендеуімен байланысты.

2021 жылға дейін Компания 2 және 3 қамтуында парниктік газдар бойынша есеп жүргізген жоқ, ағымдағы қазақстандық заңнама тәуелсіз және лицензияланатын компаниялар жүргізген бағалау негізінде 1 қамту бойынша есептерді ғана көздейді. Осыған байланысты Компаниядағы парниктік газдар шығарындыларын қайта есептеу жүзеге асырылған жоқ.

GRI 305-4

2023 жылы парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы өндірілген уранның әр тоннасына 34,5 тоннаны құрады. Коэффициентті есептеу үшін Компания таңдаған метрика (бөлгіш) 2023 жылы Қазатомөнеркәсіптің уран өндіру көлемі (20 996 тонна) болды. Қатынастың қарқындылығында парниктік газдардың тікелей шығарындылары (қамту аймағы 1) және жанама энергетикалық шығарындылары (қамту аймағы 2) ескерілген.

Парниктік газдар шығарындыларының қарқындылығы

ЭНЕРГИЯ ТИІМДІЛІГІ ЖӘНЕ ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ

GRI 3-3, 302-4

Қазатомөнеркәсіп экологиялық ізін азайтуға ерекше назар аудара отырып, өзінің қоршаған ортаға әсерін барынша азайту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Компания энергия тұтынуды азайту және оңтайландыру шараларын жүзеге асыруда. Топтың барлық бөлімшелерінде энергия тиімділігі аспектілерін тиімді басқаруға мүмкіндік беретін ISO 50001:18001 халықаралық стандартына сәйкес келетін энергетикалық менеджмент жүйесі жұмыс істейді.

Қазіргі уақытта ISO 50001:2019 стандартына сәйкес жаңартылған энергияны басқару жүйесіне кезең-кезеңімен көшу жүргізілуде. Бұл энергияны тұтынуды жүйелі түрде азайтуға, ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуға және қаржылық үнемдеуге ықпал етеді.

Энергияны пайдалану тиімділігін арттыру және өндірістің энергия сыйымдылығын төмендету үшін Қазатомөнеркәсіп энергия тиімді жабдықты пайдаланады, табиғи ресурстарды ұтымды жұмсайды және өндірістік процестерді жетілдіреді. Энергия тасымалдаушыларды тұтыну және энергия тиімділігін арттыру саласында уран шығаруға арналған электр энергиясы шығысының жылдық жоспарлы үлестік нормаларынан асып кетуге жол бермейтін ПӘК белгіленген.

Әр бес жыл сайын Топтың кәсіпорындарында энергияны үнемдеу мүмкіндіктерін бағалау үшін энергия аудиті жүргізіледі. Энергия аудитінің нәтижелері Қазатомөнеркәсіптің 2028 жылға дейінгі Даму стратегиясын Іске асыру жоспарының бір бөлігі болып табылатын жыл сайын қалыптастырылатын Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының негізінде жатыр.

2023 жылы Компания энергия тиімділігін арттыру бойынша іс-шаралар кешенін іске асырды. Іс-шараларды енгізудің нақты экономикалық әсері 1 292 млн теңгені құрайды, бұл жоспарланғаннан 4%-ға артық. Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде үнемделген отын-энергетикалық ресурстардың саны 2023 жылы 218 ГДж-ны құрады.

Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және декарбонизациялау жобаларын іске асыру шеңберінде су жылыту қазандықтарын дизель отынынан сұйытылған газға ауыстыра отырып, «Қаратау» ЖШС вахталық кенттің қазандық қондырғыларын техникалық қайта жарақтандыру бойынша жұмыстар жүргізілді. Жұмыстар аяқталды, шығын өлшегіштер әкелінді және құрастырылды. 2023 жылғы үнемдеу 43 715 мың теңгені құрады.

GRI 302-1, 302-4, SASB EM-MM-130a.1.

Энергияны тұтыну, мың. ГДж67

67 2021-2023 жылдардағы көрсеткіштер түзетілді. Кестеге ЖЭК-тен жылу энергиясын және электр энергиясын тұтыну көрсеткіштері қосылды.

2022 жылға қатысты 2023 жылы жылу энергиясын тұтынудың төмендеуі «ҮМЗ» АҚ бойынша будан алынатын жылу энергиясын тұтынудың төмендеуімен байланысты, бұл технологиялық процесте одан әрі пайдалану үшін буда жылу энергиясын пайдаланбай тазартылған суды алуға мүмкіндік беретін «Сокол-М(О)-5» су тұзсыздандыру қондырғысын пайдалануға беруге мүмкіндік берді. Өнім өндіруге, шикізатты өндіруге және өңдеуге арналған отын-энергетикалық ресурстарды жиынтық тұтыну 5 556 мың ГДж құрады.

Бұрын тазартылған су құбырлы жылу алмастырғыштарды (дистилляторларды) айналмалы сумен салқындату арқылы қаныққан будан алынған.

Энергияның бастапқы көздерін пайдалану, мың. ГДж

Көмірді тұтынудың артуы «ҮМЗ» АҚ құрамына Курчатов қаласындағы плавикошпатты концентрат шығару жөніндегі байыту фабрикасының берілуімен байланысты, мұнда көмір өндірістік қажеттіліктер мен бөлмелерді жылытуға жылу мен бу шығару үшін пайдаланылады.

2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылы газды тұтынудың артуы дизель отынын тұтынуды табиғи газға біртіндеп ауыстырумен байланысты.

Топтың күн фотоэлектрлік станциялары өндіретін электр энергиясының жылдық өндірісі 3,02 мың МВт*сағ құрайды. Өндірілетін электр энергиясы өз қажеттіліктері үшін пайдаланылады, бұл жыл сайын 72 млн теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. Электр энергиясының артық мөлшері жергілікті электр желілеріне Топтың қатысуы бар аймақтардың тұрғындары мен кәсіпорындарының пайдалануы үшін беріледі.

Энергия сыйымдылығы

GRI 2-4, 302-3

2023 жылы Топтың кәсіпорындарында 2022 жылмен салыстырғанда отын-энергетикалық ресурстарды (ОЭР) тұтыну 2,7%-ға өсті. Бұл Буденовское 6,7 кен орындарын пайдалануға берумен және өнімді ерітінділердегі уранның аз болуымен байланысты, бұл қосымша қуаттарды енгізуді қажет етті. 2023 жылы үлестік энергия сыйымдылығы 0,265 мың ГДж/т құрады және барлық отын-энергетикалық ресурстардан энергия тұтынуды қамтиды.

Энергия сыйымдылығы68

68 2021 жылғы көрсеткіштер түзетілді. Өнім өндіруге, шикізатты өндіруге және өңдеуге арналған ОЭР тұтыну жөніндегі деректерге жылу энергиясын тұтыну бойынша көрсеткіштер қосылды.

Баламалы энергетика

Қазатомөнеркәсіп дәстүрлі энергия көздерінен неғұрлым экологиялық таза және жаңартылатын баламаларға қайта бағдарлана отырып, энергия тиімділігін арттыруға және көміртегі ізін азайтуға күшін белсенді бағыттайды. Бұл парниктік газдар шығарындыларын азайтуға ғана емес, сонымен қатар отын-энергетикалық ресурстарды ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді:

Фотоэлектрлік станциялардан электр энергиясын өндіру, мың. МВт·сағ

2023 жылы баламалы энергия көздерін пайдаланудың әсері, мың теңге

Компания өз кәсіпорындарында жаңа баламалы энергия көздерін қолдану мүмкіндіктерін тұрақты негізде қарастырады. Мәселен, 2022-2023 жылдары «Қаратау» ЖШС-де ЖСҚ әзірленіп, қонақ үй-тұрмыстық кешенді, жатақхананы, спорт кешенін ыстық сумен қамтамасыз ету үшін төрт гелиоколлекторлық қондырғыны енгізуге ведомстводан тыс сараптама қорытындысы алынды. Нысан 2023 жылдың 1 тоқсанында пайдалануға берілді.

2023 жылдың қорытындысының рециклингі бойынша жобаны іске асырудан түскен экономикалық тиімділік 6,85 млрд теңгені құрады.

2024 жылға және орта мерзімді перспективаға арналған жоспарлар

2024 жылға «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2060 жылға дейінгі Көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және декарбонизациялау стратегиясына сәйкес өнімнің көміртегі ізін төмендету бойынша жұмыстар жоспарланған. Осы мақсатқа жету үшін күштер жаңартылатын энергия көздерін дамытуға және Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарында парниктік газдар шығарындыларын азайтуға бағытталатын болады. Энергия үнемдеу және өндірістік қызметтің энергия тиімділігін арттыру жөніндегі жұмыс жалғастырылатын болады. Негізгі бағыттар төмендегілерді қамтиды:

  • гелиоколлекторлық қондырғыларды орнату;
  • электрмен жабдықтау, жарықтандыру, жылыту, ыстық сумен жабдықтау, желдету жүйелерін ұтымды бөлу және пайдалану;
  • электр жабдығын энергия үнемдейтін жабдыққа ауыстыра отырып, оны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар;
  • энергетикалық жабдықтар мен энергетикалық қондырғылардың тиісті техникалық жай-күйін және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз ету процесін іске асыру.

«ОТХК» БК» ЖШС-де 2024 жылы қолданыстағы қазандықтарды техникалық қайта жарақтандыруды жүргізу үшін оларды отынның негізгі түріне – сұйытылған әкелінетін газға ауыстыра отырып, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу бойынша жұмыстар жоспарланған. Бірінші кезек бойынша вахталық кенттің №1 орталық қазандығы мен шағын қазандығы-құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу 2025 жылға көзделген. Екінші кезек бойынша жаңа вахталық кенттің №2 шағын қазандығы және ВИП-ауылының шағын қазандығы – құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу 2026 жылға көзделген.

Экологиялық тұрақтылық

БАСҚАРУ ТӘСІЛІ

Табиғи уран өндірудің қоршаған ортаға теріс әсер ететінін түсіне отырып, Қазатомөнеркәсіп бұл әсерді барынша азайтуды стратегиялық мақсат етіп қояды. Компанияда әрдайым экологиялық мониторинг жүргізіледі, табиғи ресурстар тиімді пайдаланылады және инновациялық технологиялар енгізіледі.

Компанияның экологиялық саясаты Топтың барлық өндірістік кәсіпорындарында енгізілген және ISO 14001 және ISO 50001 стандарттарына сәйкес келетін экологиялық менеджмент және энергоменжмент жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Экологиялық менеджмент пен энергоменжмент жүйесіндегі қатаң бақылау судың, топырақтың пен ауаның ластануын болдырмауға, сондай-ақ биоәртүрлілікті сақтауға және шу деңгейін төмендетуге көмектеседі. Бұл жүйе Компанияға мақсаттар қоюға, нәтижелерді өлшеуге және заң талаптарына сәйкес келуге мүмкіндік береді.

Қазатомөнеркәсіпте экологиялық басқарудың негізгі қағидаттары мен тәсілдері Компанияның еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау, радиациялық және ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі саясаты шеңберінде айқындалған.

Осы саладағы жұмысты үйлестіру үшін Директорлар кеңесінде Өндірістік қауіпсіздік комитеті (HSE) жұмыс істейді. Экологиялық басқару мәселелері Қазатомөнеркәсіптің бас кеңсесінің Өндірістік қауіпсіздік бөлімінің қадағалауында. Бұл бөлім ҚОҚ бойынша қызметті ұйымдастырады, оның нәтижелерін талдайды және Компанияның жоғарғы басшылығына есептер дайындайды. ЕТҰ құрылымында мамандандырылған бөлімшелер құрылды, олардың міндеті экологиялық саясаттың орындалуын қамтамасыз ету, ҚОҚ саласындағы заңнама мен корпоративтік стандарттардың талаптарын сақтау болып табылады.

GRI 2-23

Қазатомөнеркәсіпте еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік мәселелеріне ерекше назар аудара отырып, сақтық қағидаты қолданылады. Бұл қағида Еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды басқарудың біріктірілген жүйесіне сәйкес жұмыс істейтін кешенді тәуекел-менеджменті шеңберінде іске асады.

Қазатомөнеркәсіп кен орындарын жобалау кезінде қоршаған ортаға әсерді бағалаудан (ҚОӘБ) бастап, кен орындарын пайдалану аяқталғаннан кейін жабу және қалпына келтіру іс-шараларына дейін кен орындарының өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде экологиялық салдарларды қысқартуға белсенді қатысады.

Сонымен қатар, Компания қоршаған ортаны қорғау саласындағы оқытуға және мүдделі тараптармен ашық ақпарат алмасуға, соның ішінде қоғамдық тыңдаулар мен жазбаша өтініштерге үлкен мән береді.

Қазатомөнеркәсіптің тауарларды жеткізушілері, жұмыстар мен қызмет көрсетушілері, сондай-ақ мердігер ұйымдары «Өндірістік қауіпсіздік стандарттарының жүйесі» корпоративтік стандарттарының талаптарын сақтау міндетті. Компанияның контрагенттері үшін бұл стандарт ұсынымдық сипатта болады.

2023 жылы біз ESAP жол картасын жүзеге асыруды жалғастырдық, оның аясында келесі іс-шаралар өткізілді:

ҚОҚ бойынша 2023 жылғы негізгі іс-шаралар

Қазатомөнеркәсіп тобында келесі бағыттар бойынша экологиялық жобалар іске асырылуда:

Сонымен қатар 2023 жылы:

МОНИТОРИНГ ЖАСАУ ЖӘНЕ БАҚЫЛАУ

SASB EM-MM-160a.1.

Экологиялық мониторингтің негізгі міндеті Компания қызметінің қоршаған ортаға және өндірістік қызметті жүзеге асыру аудандарында тұратын адамдардың денсаулығына әсерін бақылау болып табылады. Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының нормаларына сәйкес есепті кезеңде Топтың ЕТҰ бекітілген жоспар-кестеге сәйкес аккредиттелген сыртқы зертханалардың қызметтерін тарта отырып, тоқсан сайынғы өндірістік экологиялық бақылау жүргізді.

2023 жылы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің69 жаңа нормаларын орындауға және «Zero Waste» Қалдықсыз өндіріс мәдениетін дамыту бағдарламасын іске асыруға сәйкес Компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 17.2 СТ ҰАК «Табиғатты қорғау саласындағы стандарттар жүйесі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында өндіріс қалдықтары мен тұтынуды басқару қағидалары» Корпоративтік стандартын өзектендірді70. 30.09.2023 ж. №1204 «ҮМЗ» АҚ қалдық қоймасының қалдықтарын басқару» регламенті әзірленді.

69 02.01.2021 жылғы №400-VI ҚРЗ Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі.

70 Компанияның 10.01.2024 жылғы №6 бұйрығы.

Ластану көздерінде мониторингтің автоматтандырылған жүйесін орнату бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары («СКЗ-U» ЖШС) аяқталды және «ҮМЗ» АҚ-да тәжірибелік-өнеркәсіптік (тестілік) пайдалану орындалды.

Жоспарланған жұмыстар басталар алдында Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына сәйкес келетін қоршаған ортаға әсерді бағалауды (ҚОӘБ) жүргізеді. Бұл процесс Компания өкілдері тапсырыс беруші ретінде әрекет ете отырып, өз жобаларын көрсететін және мүдделі тараптармен алдағы іс-шаралардың экологиялық және әлеуметтік салдарын талқылайтын қоғамдық тыңдауларды қамтиды. ҚОӘБ нәтижелері барлық мүдделі тұлғалардың зерттеуі мен түсініктемесі үшін толығымен қол жетімді, бұл Компания қатысатын аймақтардың тұрғындарына талқылауға белсенді қатысуға және болжамды әрекеттердің қоршаған ортаға және жергілікті халықтың денсаулығына әсер етуіне қатысты мәселелер бойынша өз пікірлерін білдіруге мүмкіндік береді.

Қазатомөнеркәсіптің ЕТҰ-да өндірістік объектілерді салу және жаңғырту жөніндегі барлық жобалар қоғамдық тыңдаулар мен ҚОӘБ кезеңдерінен сәтті өтіп, тиісті мемлекеттік органнан мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алды.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУҒА АРНАЛҒАН ШЫҒЫНДАР

Топтың барлық өндірістік кәсіпорындарына енгізілген экологиялық менеджмент және энергоменеджмент жүйесі ISO 14001 және ISO 50001 стандарттарына сәйкес келеді.

2023 жылы өндірістік қауіпсіздік мәселелерін басқару тәсілдерін жетілдіру бойынша міндеттемелер шеңберінде Қазатомөнеркәсіптің КО-сы қайта сертификаттау аудитінен сәтті өтті, TÜV Thüringen сертификаттау органына сәйкестік сертификатын беру ұсынылды. Тәуелсіз аудит арнайы тауарлардың лицензияланатын экспорттық-импорттық жеткізілімдерін ұйымдастыру кезінде Компанияның біріктірілген менеджмент жүйесі ISO 14001:2015 «Экологиялық менеджмент жүйесі» және ISO 45001:2018 «Денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджменті жүйесі» халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкес келетіндігін куәландырды.

2023 жылы Қазатомөнеркәсіптің табиғат қорғау қызметі жөніндегі іс-шараларға жұмсаған шығындары 1 306,5 млн теңгені құрады. Сонымен қатар Компания қоршаған ортаға эмиссиялар үшін 267 млн теңге салық төлемдерін аударды.

2023 жылы табиғатты қорғау іс-шараларына инвестициялар, млн теңге

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢНАМАҒА СӘЙКЕСТІГІ

SASB EM-MM150а.9

Компания өзінің барлық уран кеніштері мен өндірістік алаңдарында қоршаған ортаны және радиациялық қауіпсіздікті бақылаудың сенімді жүйелерін (ISO 14001 сәйкес) пайдаланады. 2023 жылы экологиялық апаттарға жол берілмеді. Алайда, Холдингтің 22,213 млн теңге сомасына айыппұл төлеуге әкеп соқтырған экологиялық заңнаманы бұзу фактілері анықталды («ҮМЗ» АҚ, «Семізбай-U» ЖШС, «РУ-6» ЖШС, «КАТКО» БП» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Хорасан-U (Хорасан-У)» БП» ЖШС. Уәкілетті мемлекеттік орган экологиялық нормалар мен талаптарды бұзғаны үшін, атап айтқанда технологиялық ерітінділердің төгілуі салдарынан жердің ластануы және аумақтың шамалы қоқыстануы үшін әкімшілік айыппұлдар салды. Сонымен қатар, мемлекеттік органдар қалдықтардың, шығарындылардың, төгінділердің пайда болуына рұқсат берген белгіленген жиынтық шектеулерінен асып кету болмады. Барлық бұзушылықтар бойынша түбегейлі себептер анықталып, уақтылы жойылды және болашақта мұндай жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдануда.

ҚОРШАҒАН ОРТАНЫ ҚОРҒАУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУ

Озық халықаралық салалық тәжірибені (GIIP) зерделеу және қолдану, табиғатты қорғау қызметін басқарудың тиімділігін қамтамасыз ету бөлігінде қажетті құзыреттер мен білім алу үшін Компанияда ЕТҰ басшылары мен жер қойнауын қорғауға, экологиялық және әлеуметтік мәселелерге жауапты мамандар қатарынан персонал әрдайым оқытудан өтеді. ESAP жол картасының Іс-шаралар жоспарына сәйкес есепті кезеңде «Жоғары технологиялар институты» ЖШС филиалымен, «Қазақстан ядролық университеті» ЖШС-мен бірлесіп экологиялық қауіпсіздік және ҚОҚ саласында оқыту семинарлары өткізілді:

Оқытуға 20 ЕТҰ мен КО-дан 243 тыңдаушы қатысты.

ESAP жоспарын іске асырудың барлық кезеңінде (2018-2023 жж.) 33 оқыту семинары/вебинар өткізілді, оған Компанияның 968 ЕТҰ және КО тыңдаушылары қатысты.

АТМОСФЕРАҒА ШЫҒАРЫНДЫЛАР

GRI 3-3

Атмосфераға ластаушы заттардың шығарындыларын барынша азайту Қазатомөнеркәсіптің оның операциялық белсенділігінің ерекшелігіне байланысты табиғат қорғау қызметінің негізгі аспектісі болып табылады. Компания өзінің өндірістік процестеріне технологиялық инновацияларды енгізу арқылы қоршаған ортаға теріс әсерді азайтуды көздейді. Өз өнімдерін ядролық энергетика белсенді пайдаланылатын елдерге жеткізе отырып, Қазатомөнеркәсіп төмен көміртекті дамуға және атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларын азайтуға ықпал етеді.

Атмосфераға ластаушы заттар шығарындыларының құрылымы мен көздері, мың тонна

GRI 305-7, SASB EM-MM-120a.1

Спецификалық ластаушы заттар шығарындыларының, сондай-ақ 1-қамтудың парниктік газдар шығарындыларының көрсеткіштерінің артуы бұрғылау жұмыстарын жүргізудің өсуіне, жүк тасымалының ұлғаюына, сонымен қатар жаңа учаскелерді игеруге байланысты.

Топ бойынша сынап шығарындылары жоқ. Компанияда қорғасын мен оның қосылыстарының шығарындылары тек «ҮМЗ» АҚ, «КАТКО» БК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС, «РУ-6» ЖШС және «Семізбай-U» ЖШС-де ғана бар және барлығының қосындысы 0,00055 тоннаны құрайды.

Топ атмосфераға шығарындыларды азайтуға және ауа сапасын бақылауға бағытталған шараларды іске асырады:

  • атмосфераның жай-күйін бақылау;
  • ластаушы заттардың шығарындыларын азайтуды қамтамасыз ететін заманауи газ тазарту жүйелерін, энергияны үнемдейтін технологияларды және фотоэлектрлік станцияларды пайдалану;
  • қыздыру пештерінен шығатын шаңды тазарту және технологиялық газдарды тазарту үшін шаңгаз ұстағыш қондырғыларын пайдалану. Гидрофильтр, импульсті керамикалық сүзгісі бар қондырғы (ФКИ-45) атмосфераға радиациялық шаң шығаруды болдырмай және қоршаған ортаға эмиссияларды 20%-ға азайта отырып, «Байкен-U» ЖШС-нің аффинаж цехтарында және қайта жаңартылған «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-де сәтті пайдаланылуда.
GRI 305-6

Компания озонды бұзатын заттарды өндірмейді, экспорттамайды немесе импорттамайды.

СУ РЕСУРСТАРЫ

GRI 3-3, 303-1

Су негізгі өндірістік объектілерде де, кері осмос қондырғыларында да Қазатомөнеркәсіптің технологиялық процестерінің маңызды элементі болып табылады (минералсыздандырылған су жергілікті қауымдастықтардың қажеттіліктері үшін ортақ желіге берілетін электр энергиясын тудыратын ресурс ретінде пайдаланылады). Сонымен қатар, Компания кейбір аймақтардағы жергілікті тұрғындар мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың суға қол жеткізуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.

Қазатомөнеркәсіп БҰҰ-ның 2030 жылға дейінгі Тұрақты дамуының жаһандық мақсаттарын белсенді қолдайды, оның ішінде барлық адамдар үшін су ресурстары мен санитарияның қолжетімділігі мен тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етуге бағытталған 6-мақсатын да қолдайды. Компанияның қызметі Қазақстан Республикасының Су кодексіне (66-бап) және өндірістік және тұрмыстық қажеттіліктер үшін бөлек сумен жабдықтауды көздейтін су ресурстарын қорғау саласындағы рұқсаттарға сәйкес жүзеге асырылады.

2023 жылы Компания су ресурстарын тиімді және ұқыпты пайдаланудың маңыздылығын түсіне отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Су ресурстарын басқару стратегиясы мен стандартын әзірледі. Су ресурстарын басқару стратегиясының мақсаттары мен міндеттерін Компания су ресурстарын тиімді басқару жөніндегі жалпымемлекеттік саясат пен тәсілдерге, Компанияның стратегиялық жоспарларына сәйкес және су ресурстарының қолжетімділігі контекстінде кәсіпорындардың орналасқан жерін ескере отырып, Қазатомөнеркәсіптің әрбір кәсіпорнының өндірістік және технологиялық процестерінің ерекшелігіне сәйкес белгіледі.

«ҮМЗ» АҚ-да айналмалы сумен жабдықтау жүйелерін орнатуға ЖСҚ әзірлеу бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілуде, бұл чиллерлер мен драйверлердің көмегімен салқындатылған айналмалы суды пайдалану есебінен муниципалдық көздерден пештер мен илемдік орнақтарды салқындату үшін пайдаланылатын суық суды тұтынуды азайтуға мүмкіндік береді. Бұл сәйкесінше ағынды сулардың мөлшерін азайтады.

Компаниямен су алу су көздеріне айтарлықтай әсер етпейді, ал жергілікті қауымдастықтар немесе биоәртүрлілік үшін ерекше құндылығы бар осал және мемлекетпен қорғалатын көздерден су алу жүзеге асырылмайды. Суды тұтынуды азайтуға ұмтылу аясында Қазатомөнеркәсіп оны алу көлемін қысқарту және қайта пайдалану тәжірибесін кеңейту бойынша белсенді жұмыс істеуде. Бұдан басқа, қызметтің барлық аймақтарында сумен жабдықтауға байланысты тәуекелдерге тұрақты мониторинг және талдау жүргізіледі.

Су ресурстарын басқару кезінде Қазатомөнеркәсіп жергілікті қоғамдастықтармен ынтымақтастыққа назар аударады. Таза және қауіпсіз ауыз суға қол жеткізуді қамтамасыз ету адамның негізгі құқығы ретінде қарастырылады. Компания кері байланыс арналарын ұсынады, олар арқылы адамдар Топ кәсіпорындары қызметінің жергілікті су айдындарына әсері туралы өз сұрақтары мен алаңдаушылықтарын білдіре алады және олардың өтініштері қабылданатынына және тиісті экологиялық қызметтерімен қаралатынына сенімді бола алады. Сонымен қатар Қазатомөнеркәсіп ұзақ мерзімді перспективада үздіксіз сумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін жергілікті билік органдарымен және қоғамдық ұйымдармен ынтымақтасады.

СУДЫ ТҰТЫНУ ЖӘНЕ СУ АЛУ

GRI 303-1, SASB EM-MM-140a.1.

Су алу, оның ішінде ауыз сумен жабдықтау қажеттіліктерін қамтамасыз ету, ЖСҚ әдісінің технологиялық регламенттерінде белгіленген талаптар мен нормаларға сәйкес жүргізіледі және су көздеріне айтарлықтай әсер етпейді. Сумен жабдықтаумен айналысатын ұйымдар (орталықтандырылған немесе орталықтандырылмаған болсын) алынатын судың есебін жүргізеді, су жинау құрылыстарының, ішкі сумен жабдықтау жүйелерінің және есепке алу тораптарының жай-күйіне тұрақты бақылауды жүзеге асырады. Суды есепке алу құрылғыларын пайдалануды реттейтін нормалар Қазақстан Республикасының Су кодексінде, техникалық регламенттерде, сондай-ақ сумен жабдықтау және су тарту жүйелерінде есептегіштерді іріктеу, орнату және пайдалану қағидаларында айқындалған.

Жер асты суларын өндіру Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі бассейндік инспекциялар беретін арнайы суды пайдалануға рұқсат негізінде су пайдаланушының аумағынан жүзеге асырылады. 2023 жылғы 11 қыркүйек күні Қазақстан Республикасының дербес Су ресурстары және суландыру министрлігі құрылды.

2023 жылы алынатын судың жалпы мөлшері 2022 жылмен салыстырғанда 1,2%-ға, тиісінше 9 188,9 мың м3-ден 9 081,4 мың м3-ге дейін азайды.

Алынатын су көлемі, мың м3

GRI 303-3, SASB EM-MM-140a.1

Алынатын судың жалпы көлемінің 87%-ы жер асты суларына тиесілі. Судың 0,07%-ы жер үсті көздерінен алынады. Жер асты көздерінен су алу есепті кезеңде қайта пайдаланылатын судың үлесін ұлғайту есебінен 8 573,5 мың м3-ден 7 877,6 мың м3-ге дейін 8%-ға төмендеді.

Aqueduct Water Risk Atlas су ресурстары институтына сәйкес су тапшылығы бар аймақта тек «Заречное» БК» АҚ өндірістік алаңдары орналасқан. Кәсіпорында жер асты суларынан тұщы суды алу көлемі 141,8 мың м3 құрады.

GRI 303-5

Суды тұтынудың жалпы көлемі 5 193,5 мың м3, «Заречное» БК» АҚ-да - 68,9 мың м3 құрады.

АҒЫНДЫ СУЛАРДЫ ТӨГУ

Операциялық қызмет шеңберінде Қазатомөнеркәсіп объектілерінде ағынды сулардың әртүрлі түрлері, соның ішінде өндірістік, нөсерлік және шаруашылық-тұрмыстық түрлері қалыптасады. Жер үсті су айдындарына су тарту өнеркәсіптік аумақтардан және технологиялық процеске қатысы жоқ сулардан нөсер суларын тартуды қамтиды. Тазартылған суды төгу нөсерлі кәріз жүйелері арқылы жүзеге асырылады. Кеніштерде пайда болған ағынды сулар арнайы сақтау тоғандарына төгіледі. Ұлттық заңнамада ағынды суларды төгуге рұқсат етілген нормативтерге дейін тазартылмаған суды су объектілеріне немесе жергілікті жергілікті жер бедерінде төгуге тыйым салынады. 2017 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіпте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарында экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар стандарты қолданылады.

GRI 303-2, SASB EM-MM-140a.2

Мониторинг бағдарламасы орталықтандырылған кәріз жүйесіне қосылған барлық өндірістік аумақтардағы ағынды сулардың сапасын талдауды қамтиды.

ҚР СТ 1545 мемлекеттік стандартына сәйкес кәсіпорындарда ластаушы заттарды төгу көздерін өндірістік мониторингтеудің негізгі міндеттері:

Ластаушы заттардың бекітілген тізбесіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 25 маусымдағы №212 бұйрығы) өндірістік объектілерде ластаушы заттардың эмиссиялары экологиялық нормалануға жатады.

Суды ластайтын заттар:

  1. галогендердің органикалық қосылыстары және осы қосылыстарды сулы ортада тудыра алатын заттар;
  2. фосфордың органикалық қосылыстары;
  3. қалайының органикалық қосылыстары;
  4. металдар және олардың қосылыстары;
  5. көмірсутектер және олардың қосылыстары;
  6. цианидтер;
  7. мышьяк және оның қосылыстары;
  8. судағы заттардың шекті жол берілетін концентрациялары және жол берілетін бағдарлы деңгейлері белгіленген пестицидтер (улы химикаттар);
  9. өлшенген заттар мен суспензиялар;
  10. эвтрофикацияға ықпал ететін заттар (нитраттар мен фосфаттар);
  11. оттегі балансына қолайсыз әсер ететін заттар;
  12. мәдени-тұрмыстық, шаруашылық-ауыз су және балық шаруашылығық су пайдаланудың су объектілеріндегі судағы заттардың шекті жол берілетін концентрациялары мен жол берілетін бағдарланған деңгейлері белгіленген өзге де ластаушы заттар мен олардың қосылыстары.

Бұдан басқа, Ластаушы заттардың шығарындылары мен тасымалдануының тізіліміне ақпарат ұсынылатын ағынды сулардағы ластаушы заттардың мониторингі Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 31 тамыздағы №346 бұйрығымен бекітілген ластаушы заттардың шығарындылары мен тасымалдануының тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес заттар бойынша жүзеге асырылады. Бұл тізілімге Американдық химиялық қоғамның бөлімшесі болып табылатын Химиялық рефераттық қызмет (Chemical Abstracts Service) тізіліміне енгізілген химиялық қосылыстар, полимерлер, нуклеотидтердің немесе аминқышқылдарының, қоспалар мен қорытпалардың биологиялық тізбегі кіреді.

Төгілуге жататын ағынды сулардың әрбір көлемі ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бекіткен Қоршаған ортаға эмиссиялар нормативтерін айқындау әдістемесінде айқындалған су сапасының белгіленген нормаларына сәйкес тазартылады. Жер үсті, жер асты және ағынды сулардың химиялық құрамын талдауды қоса алғанда, су ресурстарының жай-күйін бағалауды аккредиттелген зертханалар тұрақты негізде жүзеге асырады.

2023 жылы Топтың ЕТҰ-да балық шаруашылығық маңызы бар су объектілері үшін белгіленген ағынды сулардың төгінділеріндегі ластаушы заттардың шекті жол берілетін концентрацияларынан асып кету, сондай-ақ ағынды сулардың төгінділеріне қойылатын шектеулерден асып кету тіркелмеген.
GRI 303-4

Қабылдағыштар бойынша бөлу арқылы ағынды суларды төгу көлемі, мың м3

Санаттар бойынша ағынды суларды төгу көлемі, мың м3

2022 жылы «ҮМЗ» АҚ бойынша өнеркәсіптік-нөсерлі кәрізге су төгу көлемінің көрсеткіші ғана көрсетілгендіктен, ағынды сулардың төгу көлемі 2022 жылы 3 415,6 мың м3-ден 2023 жылы 3 887,9 мың м3-ге дейін 14%-ға ұлғайды. 2023 жылы өнеркәсіптік-нөсерлі кәрізге су төгінділерінен басқа, төгілген судың жалпы көлемінің көрсеткішіне қалалық кәрізге және қалдық қоймасына төгу көрсеткіштері енгізілді.

Aqueduct Water Risk Atlas Су ресурстары институтына сәйкес су тапшылығы аймағында тек «Заречное» БК» АҚ өндірістік алаңдары орналасқан. Кәсіпорында тұщы суды төгу көлемі 72,9 мың м3 құрады.

ТОПЫРАҚ АСТЫ СУЛАР

ЖҰШ әдісімен уран өндіру барысында жер асты суларының контаминациялану қаупі туындайды. Бұл қауіпті азайту үшін Қазатомөнеркәсіптің әрбір жұмыс істеп тұрған уран кеніші санитариялықэпидемиологиялық нормаларға сәйкес кенді игеру орындарынан радиусы 500 метрді құрайтын санитариялық-қорғау аймағымен қоршалған. Заңнамалық және корпоративтік нормаларды, оның ішінде «Уранның топырақ асты және жер асты суларына ЖҰШ әсерінің мониторингін ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» корпоративтік стандартының нұсқамаларын сақтай отырып, Топ кәсіпорындары өндірістік экологиялық мониторинг шеңберінде жер асты суларының жай-күйіне үздіксіз бақылау жүргізеді.

ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

GRI 3-3, 306-1, 306-2, SASB EM-MM-150a.10

Топ кәсіпорындарының өндірістік қызметі өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды өндірумен байланысты. Қазатомөнеркәсіптің басымдығы қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу, оларды қайта өңдеу және жою болып табылады. Қайта өңдеу мүмкін болмаған жағдайларда Компания қалдықтарды бейтараптандыруды, оларды экологиялық зиянсыз сақтауды немесе мамандандырылған кәсіпорындарға беруді қамтамасыз етеді.

Компанияның негізгі қалдықтары:

Қалдықтармен жұмыс істеу шеңберінде Компания туындайтын қалдықтарды одан әрі жою, қайта өңдеу және кәдеге жарату үшін олардың түрлері мен құрамы бойынша бөлек жинауды қамтамасыз ете отырып, қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі Қазақстан Республикасының корпоративтік стандарттары мен заңнамасын ұстанады. Компания қалдықтардың пайда болуын болдырмау үшін міндетті мониторинг жүргізеді және қабылданған қалдықтарды басқару бағдарламалары мен жоспарларына сәйкес бірқатар әрекеттерді жүзеге асырады.

Қалдықтар көлемін қысқартуға арналған іс-шаралар:

Қалдықтарды басқару үшін біз қалдықтарды жинау, қалпына келтіру немесе жою операцияларын жүзеге асыратын мамандандырылған ұйымдармен де жұмыс істейміз.

Атап айтқанда, Қазатомөнеркәсіп келесі қызметтерді орындау бойынша келісімшарттар жасасады:

GRI 306-3, SASB EM-MM-150a.4

Кейбір ЕТҰ-да бұрғылау жұмыстарының ұлғаюына қарамастан, жалпы алғанда, Компания жасаған жұмыс қалдықтардың пайда болуын болдырмау, оларды азайту, қайта өңдеу және қайта пайдалану бойынша шаралар қабылдау арқылы олардың көлемін азайтуға қол жеткізді. 2023 жылы Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің жаңа нормаларын орындауға және «Zero Waste» Қалдықсыз өндіріс мәдениетін дамыту бағдарламасын іске асыруға сәйкес Компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 17.2-СТ ҰАҚ «Табиғатты қорғау саласындағы стандарттар жүйесі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында өндіріс қалдықтары мен тұтынуды басқару қағидалары» Корпоративтік стандартын өзектендірді. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2023 жылы Топ қалдықтарының жалпы көлемі 401 мың тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден 12%-ға төмен.

Түрлері бойынша бөлінген шығыстар мен қалдықтардың жалпы массасы, мың тонна

GRI 306-3, SASB EM-MM-150a.7

71 Қалдықтардың жаңа жіктелуі нәтижесінде есептеу әдіснамасының өзгеруіне байланысты 2021 және 2022 жылдары қалдықтар көлемін қайта есептеу жүргізілмеген.

Компания сұйық радиоактивті шығыстарды, сондай-ақ радионуклидтермен ластанбаған бериллий өндірісінің минералдық шикізатын гидрометаллургиялық қайта өңдеу шламдарын қалдықтар ретінде жіктейді.

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінде көзделген қалдықтардың жаңа жіктемесіне сәйкес қалдықтар қауіпті және қауіпті емес болып екіге бөлінеді. Компанияда туындайтын қалдықтардың басым көпшілігі бұрғылау шламы болып табылады, ол санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық қорытындыға сәйкес қауіпті емес қалдықтарға жатады.

Қауіпті қалдықтар үшін негізгі ақпарат: атауы, қауіпті қасиеттер тізімі, құрамы, уыттылығы және қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі сақтық шаралары көрсетілген паспорттар әзірленді. Қауіпті қалдықтарды тасымалдау қолданыстағы заңнамаға сәйкес және тек лицензияланған ұйымдарды тарта отырып жүргізіледі. 2023 жылы Компания қауіпті қалдықтарды трансшекаралық тасымалдауды жүзеге асырмады.

РАДИОАКТИВТІ ҚАЛДЫҚТАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ

SASB EM-MM-150a.5

Топ кәсіпорындарының өндірістік қызметі барысында қатты және сұйық радиоактивті қалдықтар туындайды, оларды кәдеге жарату сол үшін арнайы бөлінген орындарда жүзеге асырылады.

2023 жылы Топ бойынша жалпы 19 865,61 тонна қатты радиоактивті қалдықтар (бұдан әрі – ҚРҚ) туындады. Топтағы ҚРҚ-ның негізгі түрі радиоактивті ластанған топырақ болып табылады, бұл жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен уран өндірудің технологиялық ерекшеліктерімен, сондай-ақ 2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС «Уванас» кен орнында жер қойнауын пайдалану салдарын жою жөніндегі жұмыстарды жүргізумен түсіндіріледі.

Топтың кәсіпорындарының әртүрлі ҚРҚ түрлерінің 2023 жылы ҚРҚ-ның жалпы көлеміне қосқан үлесі, %

Сұйық радиоактивті қалдықтар (бұдан әрі – СРҚ) тек «ҮМЗ» АҚ қызметі шеңберінде туындайды, өйткені Топтың өндіру кәсіпорындарында технологиялық регламентке сәйкес пайдаланылған өнімді ерітінділер технологиялық процесте қайта пайдалану үшін құм тұндырғыштарға жіберіледі. 2023 жылы «ҮМЗ» АҚ-да жалпы 141 603,54 тонна СРҚ және 119,456 мың тонна бериллий өндірісінің шламдары туындады. Туындаған СРҚ мен бериллий өндірісінің шламдарының жалпы көлемі «ҮМЗ» АҚ қалдық қоймасына орналастырылған.

Топтың кәсіпорындарында радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға және осы саладағы үздік қолжетімді әлемдік тәжірибелерге сәйкес жүргізіледі.

Топтың бірыңғай саясатын айқындау және радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласында орта мерзімді кезеңге кешенді тәсілді әзірлеу мақсатында, сондай-ақ БҰҰ-ның жаһандық бастамасына қатысу және ESG қағидаттарын іске асыру жөніндегі міндеттемелерді орындау шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2023-2030 жылдарға арналған Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі бағдарламасы бекітілген.

Бағдарламаның мақсаты радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз және тиімді басқару, олардың қоршаған ортаға әсерін азайту және адамдардың денсаулығын қорғау болып табылады.

Осы мақсатқа қол жеткізу шеңберінде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінің ағымдағы жай күйіне талдау жүргізілді, оның нәтижелері бойынша келесі негізгі міндеттер тұжырымдалды:

  1. Радиоактивті қалдықтардың туындауын азайту;
  2. Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жүйесін жетілдіру және жаңа тәсілдерді енгізу;
  3. Топтың ішкі құжаттарын жетілдіру, радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік құқықтық базаны жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу және енгізу;
  4. Стейкхолдерлердің сенімі мен беделін нығайту

2023 жылы қойылған міндеттерге қол жеткізу жөніндегі жұмыс шеңберінде, сондай-ақ радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ішкі нормативтік базаны жетілдіру мақсатында төмендегі іс-шаралар өткізілді:

2023 жылы радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы нормативтік құқықтық базасын жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу шеңберінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мамандары Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі комитеті жанындағы жұмыс тобының құрамында «РАҚ-пен жұмыс істеу туралы» ҚР заң жобасын әзірлеуге қатысты.

ҚАЛДЫҚ ҚОЙМАСЫН БАСҚАРУ

SASB EM-MM-540a.1

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қалдық қоймаларын басқаруға жауапкершілікпен қарайды, олардың физикалық және технологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударады. Қазіргі уақытта Компанияда Өскемен қаласы, «ҮМЗ» АҚ-да орналасқан бір қалдық қоймасы жұмыс істейді. Қалдық қоймасының құрамында сұйық қалдықтарды орналастыруға арналған құйылмалы ашық түрдегі 5 буландырғыш карта бар.

SASB EM-MM-540a.2.

«Қалдықтар шаруашылығы» учаскесі (қалдық қоймасы) «ҮМЗ» АҚ сервистік орталығының құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Қалдық қоймасын басқару және тұрақтылықты сақтау келесі құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:

  1. «ҮМЗ» АҚ «Қалдықтар шаруашылығы» учаскесін пайдалануға арналған технологиялық регламент;
  2. «ҮМЗ» АҚ қалдық қоймасының шығыстарын басқару» технологиялық регламент;
  3. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «ҮМЗ» АҚның өзге де ішкі нормативтік құжаттары.

«ҮМЗ» АҚ «Қалдықтар шаруашылығы» учаскесін пайдалануға арналған технологиялық регламент өндірістік қалдықтарды қабылдау мен орналастырудың технологиялық процесіне қолданылады және процесті жүргізудің дәйектілігіне, процесті жүргізудің қауіпсіздігі мен апатсыздығын қамтамасыз ететін белгіленген шектерде технологиялық параметрлерді қолдауға, сондай-ақ сұйық және қатты өндірістік қалдықтарды қабылдау, орналастыру, есепке алу және тасымалдау; «ҮМЗ» АҚ «Қалдықтар шаруашылығы» учаскесіне түсетін «ҮМЗ» АҚ бөлімшелерінің сұйық және қатты радиоактивті қалдықтарын қабылдау, орналастыру және есепке алу процестеріне қойылатын талаптарды белгілейді.

2023-2042 жылдарға арналған «ҮМЗ» АҚ-ның жұмыс істеп тұрған қалдықтар шаруашылығының учаскесін басқару үшін «ҮМЗ» АҚ қалдықтар қоймасының шығыстарын басқару регламенті («ҮМЗ» АҚ Басқарма Төрағасы 30.09.2023ж. бекіткен) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне, Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес әзірленген және «ҮМЗ» АҚ жұмыс істеп тұрған қалдықтар шаруашылығы учаскесінде зиянды заттарды (өндіріс қалдықтарын) сақтау және көму үшін жер қойнауы кеңістігін пайдалану шарттарын айқындайды.

«ҮМЗ» АҚ қалдықтар шаруашылығы учаскесінде Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне сәйкес қызметтің қоршаған ортаға әсерін бағалау жүзеге асырылды, сондай-ақ гидротехникалық құрылыстардың жай-күйіне және жақын маңдағы аумақтардағы қоршаған ортаға мониторинг үнемі жүргізіледі.

SASB EM-MM-540a.3.

«ҮМЗ» АҚ-да апаттық ден қою және апаттық жағдайларға дайындық саласында келесі құжаттар әзірленіп, қолданылады:

  1. «ҮМЗ» АҚ «Қалдықтар шаруашылығы» учаскесінің гидротехникалық құрылыстарындағы апаттарды жою жоспары («ҮМЗ» АҚ Техникалық даярлау жөніндегі директорымен 14.11.2023ж. бекітілген);
  2. «ҮМЗ» АҚ «Қалдықтар шаруашылығы» учаскесінің айдау (пульпанасостық) станцияларындағы апаттарды жою жоспары («ҮМЗ» АҚ Техникалық даярлау жөніндегі директорымен 13.11.2023ж. бекітілген).

«Қалдықтар шаруашылығы» учаскесіндегі апаттарды жою жоспарлары «Қауіпті өндірістік объектілерде апаттарды жою және оқу дабылдарын және апатқа қарсы жаттығуларды жүргізу жоспарларын әзірлеу жөніндегі нұсқаулықтар» талаптарын және «Азаматтық қорғау туралы» 11.04.2014 №188-V ҚР Заңын ескере отырып әзірленді.

«ҮМЗ» АҚ өзінің қалдық қоймасындағы төтенше жағдайларды жою және зақымды тез жою үшін қажетті барлық материалдық және қаржылық ресурстарға ие.

БИОАЛУАНТҮРЛІЛІК

GRI 3-3

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қызметі биоалуантүрлілікке тікелей елеулі әсер етпесе де, біз өзіміздің қатысуымыздағы аймақтарда биологиялық әртүрлілікті сақтаудың маңыздылығын түсінеміз және мойындаймыз және уран кен орындары аумағындағы өсімдіктер мен жануарлар әлемінің жай-күйін зерделеу үшін мүмкін болатын барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Компания биоәртүрлілікті сақтау және қорғау мәселелері бойынша қоғамдық ұйымдармен ынтымақтасады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ЕТҰ («ЖТИ" ЖШС) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бағдарламасы шеңберінде құстарды электр беру желілерінің әсерінен қорғау бойынша кешенді зерттеулер жүргізу үшін Зоология институтымен консорциумдық келісімге ие.

Қазатомөнеркәсіп біздің қызметіміздің барлық кезеңдерінде тәуекелдерді талдауға қомақты қаражат сала отырып, биоалуантүрлілікке төнетін қатерлердің алдын алуға ерекше назар аударады. Өндірістік қызметпен байланысты экологиялық тәуекелдер, ең алдымен, топырақ пен өсімдік жабынының бұзылуымен және жануарлардың әдеттегі мекендеу орындарынан шығарып жіберуімен байланысты. Экологиялық тәуекелдерді азайту үшін Компанияда уран кен орындарын өнеркәсіптік өңдеу процесінде және қайта өңдеу кезеңінде биоалуантүрлілікті бағалау және мониторингілеу бойынша стандарт әзірленді.

GRI 304-1

Топтың меншігіндегі/жалға алған/басқаруындағы жердің жалпы ауданы 105 477,99 га құрайды.

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтармен (қорықтармен/қаумалдарымен) шектесетін Топтың учаскелері/кен орындары туралы ақпарат:

GRI 304-2

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Компания өнеркәсіптік мақсаттағы жерлерде және елді мекендер шегінде қызмет жүргізеді. 2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экологиялық және әлеуметтік салалардағы іс-қимыл жоспарын (ESAP) іске асырудың Жол картасын орындау кезінде Топтың ЕТҰ уран өндіретін аумақтарында биоалуантүрліліктің жай-күйіне зерттеулер жүргізілді.

ESAP Жол картасын іске асыру аясында есепті кезеңде Құстарды электр беру желілерінің әсерінен қорғау бағдарламасын іске асыру жалғасты. Сонымен қатар кешенді экологиялық зерттеулер, оның ішінде Оңтүстік Қазақстанның уран өндіретін 12 кеніш: Хорасан-1, Хорасан-2, Орталық Мойынқұм, Оңтүстік Мойынқұм, Қанжуған, Құланды, Қаратау, Батыс Мыңқұдық, Шығыс Мыңқұдық, Уванас, Инкай және Оңтүстік Инкай кеніштеріне іргелес аумақтарда биоалуантүрлілікті бағалау жүргізілді.

Қоршаған орта объектілері мен жергілікті халыққа ықтимал техногендік және кумулятивтік әсерлерді анықтау үшін кеніштердің жер бөлу аумағында және олардан 10 км радиуста зерттеулер жүргізілді. 2023 жылы зерттелген аумақтардың жалпы ауданы шамамен 9000 кв. км құрады.

Биоалуантүрлілікті бағалау бойынша жұмыстар СТ ҰАК 17.6-2022 «Уран кен орындарындағы, өндірістік объектілердегі және оларға іргелес аумақтардағы биоәртүрлілікті бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар» сәйкес Оңтүстік Инкай, Шығыс Мыңқұдық, Уванас, Қанжуған, Оңтүстік Мойынқұм, Орталық Мойынқұм кеніштерінде жүргізілді.

Зерттеу барысында Топ кәсіпорындары қызметінің қоршаған ортаға әсері талданды, атмосфералық ауаның, жер үсті және жер асты суларының жай-күйі туралы бар деректер бағаланды, топырақ түрлері, сулы қабаттардың құрылымы, өсімдіктер мен жануарлар әлемінің әртүрлілігі зерттелді. Топырақтың, су ресурстарының және жауын-шашынның жай-күйі туралы жаңа мәліметтер жиналды. Топырақтың микрофлорасы мен фитоуыттылығы бойынша алғашқы зерттеулер жүргізілді. Табиғи объектілерге әсер етудің ықтимал жолдары анықталды және экологиялық тәуекелдердің тізімі жасалды.

Зерттеу нәтижелері кәсіпорындардың санитарлық-қорғау аймақтарынан тыс қоршаған ортаға әсері анықталмағанын көрсетті.

2024 жылы Қазатомөнеркәсіптің уран кен орындарындағы экологиялық жағдайды бағалау және биоәртүрлілікті бағалау бойынша зерттеулер жалғасады.

ЖЕР ҚОЙНАУЫН ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ БҮЛІНГЕН ЖЕРЛЕРДІ ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ЖӨНІНДЕГІ ОПЕРАЦИЯЛАРДЫҢ САЛДАРЫН ЖОЮ

Топ кәсіпорындарында жер қойнауын пайдалану және бұзылған жерлерді қалпына келтіру жөніндегі операциялардың салдарын жою саласындағы қызмет «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодексіне және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік-құқықтық актілеріне, сондай-ақ төмендегі ішкі нормативтік құжаттарға сәйкес жүзеге асырылады:

Топтың уран өндіруші кәсіпорындарында активтердің шығуы бойынша міндеттемелерін (ARO – Asset retirement obligations) бағалауды жүргізу шеңберінде жою іс-шараларының сметалық құнының жыл сайынғы есебі жүргізіледі.

Жер қойнауын пайдалану және бұзылған жерлерді қалпына келтіру бойынша операциялардың салдарын жою жөніндегі жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да жою және қалпына келтіру жұмыстарының мониторингі бойынша тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрылды және жұмыс істеуде.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы өзінің жауапкершілігін сезіне отырып, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ 2023 жылы Топ кәсіпорындарында үдемелі жоюды жүргізу практикасын енгізуге бастамашылық жасады. Бұл практика жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың қолданылуы аяқталғанға дейін уран өндірудің геотехнологиялық полигондарында пайдаланылған технологиялық блоктарды жоюды білдіреді, бұл ықтимал зиянды әсердің ұзақтығын қысқарту арқылы қоршаған ортаның жай-күйіне оң әсер етеді, болашақта жою жұмыстарын жүргізу жөніндегі қаржылық міндеттемелерді төмендетуге ықпал етеді және қатысатын аймақтардағы жергілікті халықтың мүдделерін толық көлемде ескереді.

Үдемелі жою практикасын енгізу аясында 2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да «Уранды жерасты ұңғымалық шаймалау кен орындарында пайдаланылған пайдалану технологиялық блоктарын үдемелі жоюды жүргізу тәртібі» Стандарты әзірленіп, енгізілді.

2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС Уванас кен орнында Кен орнын жою жобасына сәйкес жер қойнауын пайдалану және бұзылған жерлерді қалпына келтіру операцияларының салдарын жою бойынша жұмыстар басталды, ол уәкілетті мемлекеттік органдарда мемлекеттік сараптамадан өтіп, оң экологиялық қорытынды алды. Жүргізілетін жұмыстар аясында келесі іс-шаралар қарастырылады:

GRI 304-3

Қазатомөнеркәсіп әрдайым өндіру барысында бұзылған жерлерді қалпына келтіру жұмыстарын жүргізеді. Учаскелерді игеру аяқталғаннан кейін ландшафт пен өсімдіктерді кезең-кезеңімен қалпына келтіру жүзеге асырылады, бұл жерді шаруашылық пайдалануға қайтаруға мүмкіндік береді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 26 учаскесінің/ кен орнының аумағында қорғалатын немесе қалпына келтірілген мекендеу жерлері жоқ. Жыл сайын экологиялық мәселелер бойынша мүдделі тараптармен, оның ішінде жергілікті қоғамдастық өкілдерімен консультациялар өткізіледі.

Биоәртүрлілікті бағалау жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде халықаралық стандарттар, әдістемелік нұсқаулар және тиісті анықтағыштар, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі және СТ ҰАК 17.6-2022 «Уран кен орындарындағы, өндірістік объектілердегі және оларға іргелес аумақтардағы биоәртүрлілікті бағалау жөніндегі әдістемелік нұсқаулар Стандарты пайдаланылады.

GRI 304-4

Компанияның қызметі Халықаралық табиғатты қорғау одағының (ХТҚО) Қызыл кітабындағы және Қазақстан Республикасының Қызыл кітабындағы жойылып кету қаупі төнген жануарлар мен өсімдіктерге қауіп төндірмейді.

Қолданылатын ЖҰШ әдісі бірегей флора мен фаунаны сақтауға ықпал ететін өндіру аймақтарының ландшафтында өзгерістерге әкеп соқтырмайды.

Табиғи ландшафтқа араласудың болмауы жануарлардың өлімін және аумақтардың шөлейттенуін болдырмайды. Уран өндіру аяқталғаннан кейін және өндірудің салдарын жою шараларын орындағаннан кейін жануарлар өздерінің табиғи мекендеу жерлеріне орала алады.

Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктер түрлерінің ағымдағы қорғау мәртебесі: толық жойылу алдында – 6, жойылып кету қаупі төнген (жойылу қаупінде) – 3, осал (осалға жақын) – 14, қауіп төнгенге жақын күйде – 1, ең аз қауіп төндіретін – 25.

2024 ЖЫЛҒА ЖӘНЕ ОРТА МЕРЗІМДІ ПЕРСПЕКТИВАҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2024 жылы Компания қоршаған ортаны қорғау саласында бірқатар іс шараларды іске асыруды жоспарлады:

  • қоршаған ортаны қорғауға жауапты ЕТҰ персоналын: өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару, уран өндіруші кен орындарындағы биоалуантүрлілікті бағалау, кәсіпорындарда экологиялық мониторинг жүргізу бағыттары бойынша оқытуды жалғастыру;
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік қызметінің қоршаған ортаға және жергілікті халыққа әсерін кешенді экологиялық және әлеуметтік зерттеулер бағдарламасын (Environmental and Social Research Program /ESRP) және уран өндіру саласында туындаған өндіріс пен тұтыну қалдықтарын төмендету және азайту жөніндегі іс-шараларды әзірлеуге бағытталған «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Zero Waste» бағдарламасы бойынша зерттеулерді іске асыруды жалғастыру;
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Құстарды электр беру желілерінің әсерінен қорғау бағдарламасын іске асыруды жалғастыру;
  • Топтың уран өндіруші кәсіпорындарының экологиялық мониторингі жүйесінің және қоршаған ортаның жай күйінің дерекқор базасын құру жөніндегі жұмысты жалғастыру;
  • 2060 жылға дейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ көміртекті бейтараптыққа қол жеткізу және декарбонизациялау стратегиясын іске асыруды жалғастыру;
  • ЕТҰ-да Су ресурстарын басқару бойынша стратегия іс-шараларын іске асыруды жалғастыру;
  • Дүниежүзілік қоршаған орта күні аясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ РИТМ корпоративтік бағдарламасын ұйымдастыру және өткізу;
  • ESAP Жол картасын іске асыру нәтижелері бойынша ЕТҰ-да сыртқы диагностикалық аудит жүргізу;
  • Қазатомөнеркәсіптің қызметіне әсер ететін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасына түзетулер енгізу жөніндегі жұмыс топтарына қатысу; Компанияның қызметіне әсер ететін Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасын өзгерту жөніндегі ұсыныстарды жинау мен талдауды жүзеге асыру;
  • мүдделі тараптармен экологиялық акцияларды (Жер сағаты – Earth hour, Дүниежүзілік тазалық күні – World Clean Day), сенбіліктерді, экологиялық іс-шараларды, ашық есік күнін, мастер-класстарды және басқа да экологиялық коммуникацияларды өткізу;
  • Қазатомөнеркәсіптің 2023-2030 жылдарына арналған РАҚ-пен жұмыс істеу жөніндегі бағдарламасын іске асыруды жалғастыру;
  • Уванас кен орнында жер қойнауын пайдалану салдарын жою бойынша жұмыстарды іске асыруды жалғастыру.

Кен орындарының өмірлік циклін басқару

КАП 1

Топ 26 кен орындарында/учаскелерінде өндіруді жүзеге асырады. Кен орнын игеру ЖҰШ әдісімен технологиялық блоктарға дәйекті түрде бөлу арқылы жүзеге асырылады. Орта есеппен алғанда кен орнындағы бір технологиялық блок үш-төрт жылда игеріледі.

ЖҰШ әдісімен уран өндіру төмендегідей жұмыстар кешенін орындауды қамтиды:

Табиғи уранды дәстүрлі әдіспен салыстырғанда ЖҰШ әдісімен өндірудің артықшылықтары:

Қазақстанда ЖҰШ әдісімен уран өндіру

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік

БАСҚАРУ ТӘСІЛІ

Қазатомөнеркәсіп үшін қызметкерлер мен мердігерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігі өндірістік және қаржылық көрсеткіштерден гөрі маңыздырақ. Компанияның еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік (ЕҚжәнеӨҚ) саласындағы саясаты қауіпсіздік үшін жауапкершілік қағидаты, барлық қызметкерлер мен мердігерлер арасында «нөлдік жарақаттану» мәдениетін қолдау, сондай-ақ өндірістік алаңдарда тәуекелдерді тиімді басқару қағидатына негізделген.

GRI 3-3, 403-1

Компанияның еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі саласындағы қағидаттар мен нормаларды белгілейтін негізгі нормативтік актілер:

Компания белгілеген еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қағидаттар мен ережелер Топтың барлық қызметкерлері мен мердігерлері үшін міндетті болып табылады.

Топтың еңбекті қорғауды, өнеркәсіптік қауіпсіздікті және қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі

Басқарма төрағасы еншілес және тәуелді қоғамдардың жоғары басшыларымен және топ-менеджерлерімен үнемі кездесулер өткізеді, онда өндірістік қауіпсіздік пен қауіпсіздік мәдениетіне қатысты мәселелер қаралады

GRI 2-13, 3-3

«Қазатомөнеркәсіп» Тобының компанияларында қызметкерлердің денсаулығын қорғау және қауіпсіздігін сақтау бойынша жүйелі іс-шаралар жүзеге асырылады. Бұл шаралардың тиімділігін Директорлар кеңесі жанындағы Өндірістік қауіпсіздік комитеті және Басқарма жанындағы тәуекелдерді басқару комитеті бақылайды.

Өндірістік қауіпсіздік саласындағы есептілік СЕО есебіне енгізіледі және оны Директорлар кеңесі талдайды.

Басқарма төрағасына тікелей бағынатын Өндірістік қауіпсіздік департаменті компаниядағы және оның еншілес ұйымдарындағы еңбекті қорғау жүйесін жақсартуды үйлестірумен айналысады. Сондай-ақ, бұл блок еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласында, өрт қауіпсіздігі талаптарында бұзушылықтардың алдын алуға, инциденттер мен дағдарыстық жағдайларға жедел ден қоюға, тәуекелдерді мониторингтеуге, талдауға және бақылауға жауапты.

«Қазатомөнеркәсіп» саясатына сәйкес еншілес және тәуелді компаниялардың өндірістік қауіпсіздік қызметтері кәсіпорынның бірінші басшысына бағынады.

Ұлттық заңнаманы және әлемдік озық тәжірибелерді ескере отырып, еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі саласындағы жұмыстың тиімділігіне кепілдік беру үшін Қазатомөнеркәсіп өзінің еншілес және тәуелді ұйымдарының өндірістік қауіпсіздік қызметтерінің біліктілігіне үнемі талдау жүргізеді.

ЕҚ ЖӘНЕ ӨҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІН БАҒАЛАУ

GRI 403-2

Қазатомөнеркәсіп тәуекелдерді басқаруды корпоративтік басқару жүйесінің негізгі элементі ретінде таниды, ол еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтиды. Компания тәуекелдерді анықтау, талдау және азайту арқылы өндірістегі оқиғалар мен аурулардың алдын алуға жүйелі тәсілді қолданады.

Қазатомөнеркәсіптің қызметі Еңбек Кодексі мен «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңын қоса алғанда, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы қолданыстағы заңнамаға толық сәйкес келеді. Компания уранды әзірлеу және өңдеу, қауіпті жабдықтарды, атап айтқанда, көтергіш механизмдер мен қысым астында жұмыс істейтін сыйымдылықтарды пайдалану сияқты әртүрлі жұмыс түрлерінде қауіпсіздікті қамтамасыз ететін түрлі ережелерді де басшылыққа алады.

Қазатомөнеркәсіп кәсіпорындарындағы инциденттерді тексеру рәсімдері регламенттеуші құжаттарға қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады. Жұмыс қабілеттілігін жоғалтуға әкеп соққан әрбір инцидент кезінде Компания тиісті мемлекеттік құрылымдарды жедел хабардар етеді. Еңбек инспекторларының қатысуымен арнайы тергеп-тексеру топтық инциденттер немесе ауыр салдарға әкеп соқтырған жағдайлар кезінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргізіледі. Басқарма Төрағасы мен Компания басшылығының қатысуымен өтетін кеңестерде әрдайым «5 неге» және «Себептер ағашы» әдістемелерін қолдана отырып жүргізілетін оқиғалардың себептерін ішкі тергеп-тексеруі қаралады. Барлық оқиғалар, соның ішінде ЖКО, өрт және басқа да төтенше жағдайлар туралы ақпарат құрылымдық бөлімшелерге болашақта осындай оқиғалардың алдын алу үшін ақпараттық бюллетеньдер түрінде жүйелі түрде таратылады.

Оқиғалар болған жағдайда, Компания да тез арада ақпараттық бюллетеньдер жасап, оларды барлық байланысты ұйымдарға таратады. Бұл мәліметтер қызметкерлерге электрондық пошта, жоспардан тыс нұсқаулықтар мен ақпараттық стендтерде және басқа қолжетімді орындарда жарияланымдар арқылы беріледі.

Компания тәуекелдердің, оның ішінде өндірістік жарақаттану тәуекелдерінің өзекті тізілімін жүргізеді. Осы тәуекелдерді барынша азайту шеңберінде Қазатомөнеркәсіп еңбекті қорғау жағдайларын үздіксіз жақсарту, өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алу және белгіленген қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігі үшін іс-шаралардың кең жиынтығын әзірлеуді және енгізуді жүзеге асырады.

Бұл шаралар мыналарды қамтиды:

Әрбір өндірістік бөлімшеде еңбек қауіпсіздігі және денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдерге талдау жүргізіледі. Анықталған тәуекелдер тізімі тиісті бөлімшенің қызметкерлеріне хабарланады және персонал үшін анық көрінетін жерлерде орналастырылады. Бұл тізілімдер әрдайым жаңартылып, толықтырылып отырады. Өндірістің барлық учаскелерінен анықталған тәуекелдер кәсіпорындағы қауіпсіздік және денсаулық сақтау саласындағы тәуекелдердің бірыңғай тізбесіне жиналады.

17 038
мінез-құлық аудитін
2023 жылы адами фактормен байланысты тәуекелдерді азайту үшін Қазатомөнеркәсіп Компания мен ЕТҰның әртүрлі деңгейдегі басшыларының қатысуымен өткізді.

Біздің Компанияда Қауіпті жағдайлар (ҚЖ), Қауіпті мінез-құлықтарды (ҚМ) және Near Miss (NM) салдарынсыз жағдайларды анықтау және бекіту жүйесі жұмыс істейді. Бүкіл ҚЖ, ҚМ, және NM барлық персоналға қолжетімді еКАР ақпараттық жүйесінің дерекқорына енгізіледі. ҚЖ, ҚМ, NM тіркеу қызметкерлер үшін жағымсыз салдарға әкелмейді, бірақ мотивациялық ынталандыруды қалыптастыруда қолданылады.

Сонымен қатар, Компания елеулі оқиғаларды тудыратын немесе тудыруы мүмкін қауіптерді анықтайды және тіркейді. ЖКО, құлау, сүріну және химиялық заттардың әсерінен туындаған ауыр оқиғалардың қаупін ең маңызды деп бағалайды.

Топтың барлық кәсіпорындарында қызметкерлердің жұмыс міндеттерін орындау кезіндегі мінез-құлқын бағалау және осы мінез-құлыққа байланысты ықтимал тәуекелдерді болдырмау мақсатында қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттері жүргізіледі.

Деректерді үнемі талдау және бақылау көбінесе адам факторымен байланысты қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы Топтың барлық өндірістеріне ортақ қауіп төндіретінін көрсетеді. Қазатомөнеркәсіпте жұмыс орындарында өнеркәсіптік қауіпсіздік қағидаларының сақталуын, жабдықтың техникалық жай-күйін және нұсқаулықтарды, рәсімдер мен стандарттарды қоса алғанда, барлық қажетті ішкі регламенттеуші құжаттардың болуын қатаң бақылайды.

Қазатомөнеркәсіп өндіріс қауіпсіздігін жақсарту мақсатында тәуекел-центрлік әдісті белсенді қолданады.

Өндірістік қауіпсіздік департаменті департаменттің операцияларына байланысты ықтимал қауіптер мен тәуекелдерді қамтитын функционалдық тәуекелдер тізілімін әзірлеуді жүзеге асырды. Бұл тізілім әрдайым қайта қаралып, жыл сайын жаңартылып отырады. Компания тексерулерді ұйымдастыру және орындау тұрғысынан тәуекел-центрлік тәсілді де қолданады, бұл өндірістің ең қауіпті учаскелері мен негізгі тәуекелдерге назар аударуға және ерекшелеуге ықпал етеді, осылайша инспекциялардың сапасын жақсартады және уақыт пен ресурстардың шығындарын азайтады.

2022 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіпке қауіптілігі жоғары жұмыстарды жүргізу кезінде наряд-рұқсаттарды рәсімдеу және қолдану тәртібін анықтайтын стандарт, сондай-ақ Жұмыстарды қауіпсіз жүргізуді талдау нысаны бекітіліп, енгізілді. Мұндай талдау жұмысты бастамас бұрын бар және ықтимал тәуекелдерді бағалауға және оларды азайту шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, 2023 жылы наряд-рұқсаттар берудің электрондық жүйесін әзірлеу жұмыстары басталды.

ЕҚ ЖӘНЕ ӨҚ БОЙЫНША ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІГІ

Қазатомөнеркәсіп үшін қызметкерлердің қауіпсіздігі мен әл-ауқаты бірінші орында тұр. Компания жанжақты шараларды енгізіп, жазатайым оқиғалар мен инциденттердің алдын алу үшін әлемдегі үздік тәжірибелерді қолданады. Бұдан басқа, Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлерін олардың хабардарлығын жақсарту және қауіпсіздік нормаларын қатаң сақтау үшін оқытуды жүйелі түрде жүргізеді. Осы шаралардың барлығы Топ кәсіпорындарында қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және ықтимал теріс салдарларды азайтуға бағытталған.

GRI 403-8
100%-ын
Топ қызметкерлерінің
сондай-ақ мердігер ұйымдардың қызметкерлерін еңбекті қорғау мен қауіпсіздікті басқару жүйесі 2023 жылы қамтыды.

ЕТҰ бірінші басшылары өндірістік қауіпсіздік саласындағы жеке міндеттемелерді қабылдайды және бұл міндеттемелер бұдан әрі барлық деңгейдегі басшыларға беріледі.

ЕҚ ЖӘНЕ ӨҚ САЛАСЫНДАҒЫ «ҚАУІПСІЗДІКТІҢ АЛТЫН ҚАҒИДАЛАРЫ»
  • Көшбасшы болу – адалдықты көрсету.
  • Қауіптерді анықтау – тәуекелдерді бақылау.
  • Мақсаттарды анықтау – бағдарламаларды әзірлеу.
  • Өндірістік қауіпсіздік жүйесін үнемі жетілдіріп отыру – ұйымдастырудың жоғары деңгейіне қол жеткізу.
  • Жұмыс орындарында, жабдықты пайдалану және қауіпті заттармен жұмыс істеу кезінде өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
  • Біліктілікті арттыру – кәсіби дағдыларды дамыту.
  • Кадрларға инвестиция салу – қатысу арқылы ынталандыру.

ЕТҰ вахталық кенттерінде Топ персоналының хабардарлығын арттыру және ақпараттандыру үшін жеке жауапкершілік пен басшылық мәселелеріне назар аударылған арнайы қауіпсіздік аймақтары ұйымдастырылды.

Еңбекті қорғаудың жоғары деңгейіне қол жеткізу кешенді тәсілді және тиісті инвестицияларды көздейді.

Еңбекті қорғау, өрт және өнеркәсіптік қауіпсіздік жөніндегі бағдарламаларға жұмсалған шығындар 12,47 млрд теңгені құрады. Айта кету керек, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындар шамамен 1,3 млрд теңгені құрады.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына инвестициялар Компанияның өз қызметкерлерінің өмірі мен денсаулығы мәселелеріне байыпты көзқарасын көрсетеді.

Компанияда қызметтің негізгі көрсеткіштеріне (ҚНК) негізделген персонал жұмысының тиімділігін бағалау жүйесі бар. Топ қызметкерлерінің денсаулығы мен қауіпсіздігіне қамқорлық жасау маңызды ҚНК-тің бірі болып табылады. Өндірістік қауіпсіздік саласындағы басым ҚНК арасында «Қауіпсіздік мәдениетін арттыру» ерекшеленеді, оның аумалы элементтеріне «Еңбекке жарамсыздығы бар жарақаттану жиілігінің коэффициенті (LTIFR)», «Өткізілген қауіпсіздік мінез-құлық аудиттерінің саны (ҚМА)» және «Еңбек қызметімен байланысты емес өлім жағдайларының коэффициенті (NWRF)» кіреді. Бұл негізгі көрсеткіш бұдан әрі Компания мен ЕТҰның басқарушы құрамы мен қызметкерлері үшін тиімділік көрсеткіштеріне қолданылады. ҚНК жүйесі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасынан бастап қарапайым орындаушыға дейінгі барлық қызметкерлерге қатысы бар.

Еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шараларды тиімді құру және іске асыру үшін Компанияда жыл сайын корпоративтік жиналыс өткізіледі. Бұл жиналыста бір жылдағы өндірістік қауіпсіздік жөніндегі жұмыстың қорытындысы жасалады және болашаққа қойылған мақсаттар айқындалады. Жиналыс нәтижесінде Нақты тапсырмалары бар хаттама жасалады, оның мақсаты өндірістік қауіпсіздік деңгейін жақсарту болып табылады.

Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесіне сәйкес әрбір ЕТҰ-да өндірістік бақылау жүйесі бар, оның мақсаты жобалардан, технологиялық регламенттерден, нормалардан, стандарттардан, ережелер мен нұсқаулықтардан, жұмыстарды жүргізудің белгіленген тәртібінен ауытқулардың алдын алу және жою, сондай-ақ апаттық жағдайлар мен жарақаттанудың туындауының алдын алу болып табылады.

Бақылаудың бірінші деңгейін жұмыстардың тікелей басшысы (шебер, ауысым бастығы, механик және т.б.) ауысымда кемінде бір рет жүзеге асырады. Өндірістік бақылаудың екінші деңгейін бөлімше басшысы жүзеге асырады. Өндірістік бақылаудың үшінші деңгейін ЕТҰ Өндірістік қауіпсіздік бөлімі құрылымдық бөлімшенің басшысы мен бағыттар бойынша мамандарды тарта отырып жүзеге асырады. Өндірістік бақылаудың төртінші деңгейін ЕТҰ басшысының төрағалығымен комиссия жүзеге асырады. Комиссия құрамына басшылары, бағыттар бойынша мамандар және өндірістік қауіпсіздік қызметінің/бөлімшесінің мамандары кіреді. Өндірістік бақылаудың бесінші деңгейін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ КО комиссиясы жүзеге асырады. Комиссия құрамына Компания басшылары, бағыттар бойынша мамандар және өндірістік қауіпсіздік қызметінің басшысы немесе мамандары кіреді.

2023 жылы Компанияның ЕТҰ бөлімшелерінде өндірістік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен ішкі регламенттердің талаптарына сәйкестігін тексеру үшін өндірістік бақылау шеңберінде жоспарланған және мамандандырылған инспекциялар өткізілді. Бұдан басқа, ЕТҰ арасында бекітілген кестеге сәйкес өзара тексеру практикасы жалғастырылды, бұл коммуникацияларды нығайтуға және тәжірибе алмасуға ықпал етеді.

Қазақстан Республикасының Еңбек және Кәсіпкерлік кодекстеріне сәйкес мемлекеттік органдар ЕТҰ-ның өндірістік қауіпсіздік саласында тексерулерін орындайды.

2023 жылы Компанияның барлық өндірістік бөлімшелері мен қызметкерлері ішкі және сыртқы аудит бағдарламасына енгізілді.

Компанияда «Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай стандарты» жұмыс істейді, бұл еңбекті қорғау саласындағы рәсімдерді стандарттауға мүмкіндік береді. Өндірістік қауіпсіздік департаменті енгізілген әдістемелердің тиімділігіне үздіксіз бақылауды жүзеге асырады және оларды жақсарту жөнінде шаралар қабылдайды.

«Өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесі» стандарты портфельдік компаниялардың өндірістік қауіпсіздігін басқару үшін, сондай-ақ үздік халықаралық стандарттар мен тәжірибелерді ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасы, «Самұрық-Қазына» АҚ корпоративтік стандарты негізінде құрылған.

ҚЫЗМЕТ НӘТИЖЕЛЕРІ

Компанияның тәуекелдер тізілімінде өндірістік жарақаттар негізгі тәуекелдердің бірі ретінде көрсетілген. Кәсіпорындар тобы өндірістік жарақаттанудың алдын алуға және оның салдарын азайтуға бағытталған шаралар кешенін әзірледі және іске асыруда

Өндірістік қауіпсіздік жағдайын талдау Қазатомөнеркәсіп ЕТҰ жұмыскерлері мен мердігерлік ұйымдарының жарақаттану қаупінің негізгі факторлары жол-көлік оқиғаларымен, күкірт қышқылын пайдаланумен, биіктіктен және тайғақ беттерде құлаумен байланысты екенін анықтады.

ӨНДІРІСТІК ЖАРАҚАТ ЖӘНЕ ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАР

GRI 3-3, SASB EM-MM-320a.1.

Өндірістегі оқиғалар санының айтарлықтай азаюына қарамастан, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жазатайым оқиғаларды толығымен жою және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау мақсатына қол жеткізуге ерекше назар аударуды жалғастыруда.

2023 жыл ішінде Топтың кәсіпорындарында төрт инцидент болды, оның барысында бес қызметкер жарақаттанды, олардың біреуі ауыр жарақат алды, ал қалған төртеуі жеңілірек сипаттағы жарақат алды.

Өндірістік жарақаттану жиілігінің коэффициенті (LTIFR) 2023 жылы 0,15 құрады.

2023 жылғы жазатайым оқиғалар

GRI 403-9

Компания қабылданған процедураларға сәйкес әрбір жазатайым оқиғаға мұқият тергеу жүргізді, бұл оқиғаның негізгі себептерін анықтау және болашаққа тиісті алдын алу шараларын әзірлеу үшін жағдайларды егжей-тегжейлі талдауды қамтыды. Тергеу кезінде жабдықтың техникалық жағдайынан бастап қызметкерлердің физикалық және психологиялық жағдайына дейінгі барлық аспектілер ескерілді.

Тергеу нәтижелері негізінде Компанияның кәсіпорындарында белгіленген мерзімде іске асырылған қауіпсіздіктің тұтастай қамтитын шаралары әзірленіп, енгізілді.

Өндірістік жарақаттанудың алдын алу

GRI 403-9

Қазатомөнеркәсіп тобында өндірістік жарақаттану жағдайларының алдын алу, сондай-ақ жұмыс орындарында тәуекелдер мен қауіптерді алдын ала төмендету мақсаты болып табылатын іс-шаралар жүйелі түрде өткізіліп тұрады.

Мұндай іс-шараларға төмендегілер жатады:

GRI 403-2

2020 жылдан бастап Қазатомөнеркәсіптің ЕТҰ барлық бөлімшелерінде қауіпті жұмыстарды орындауды тоқтатуға бағытталған «СТОП-Карта» жүйесі жұмыс істейді. Бұл құралды енгізу кезінде ЕТҰ бірінші басшысының барлық қызметкерлерге қауіпті жұмыстарды тоқтату жөніндегі іс-әрекеттер ешқандай теріс салдарға, соның ішінде тәртіптік жазаларға әкеп соқтырмайтынын растаған өтініші міндетті шарт болып табылады. 2023 жылы осындай 357 карта тіркелді.

Сонымен қатар, Компания қызметкерлері арасында пікір білдіру бостандығы мәдениетін (speak-up culture) дамыту және ашықтығын арттыру мақсатында барлық кәсіпорындарда HSE (HSE@kazatomprom.kz) пошта жәшігі енгізілді, оған барлық ниет білдірген қызметкерлердің өндірістік қауіпсіздік мәселелері бойынша сұрақтары, өтініштері, шағымдары мен ұсыныстары қабылданады.

ЕТҰ өндірістік қауіпсіздік бөлімдері басшыларының ай сайынғы бейнеконференциялары өндірістік қауіпсіздіктің маңызды аспектілерін талқылау, оқиғалардың себептерін талдау және инциденттердің қайталануын болдырмау шараларын әзірлеу үшін өткізіледі. Қажет болған жағдайда тәуекелдер тізілімдері жаңартылады, сондай-ақ хаттамаларда тіркелетін іс-шараларды іске асыру бойынша ұсынымдар мен тапсырмалар бойынша жұмыс жүргізіледі. Іс-шаралардың орындалуы туралы ақпарат белгіленген есептілік аясында бақылау орталығына ұсынылады.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Компанияда біліміне, жұмыс өтіліне немесе атқаратын лауазымына қарамастан барлық жұмыскерлер үшін еңбекті қорғау бойынша кіріспе нұсқамалар әрдайым өткізіліп тұрады. Нұсқаулықтарды қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметімен әзірленген және бекітілген бағдарлама негізінде қауіпсіздік және еңбекті қорғау қызметі немесе уәкілетті тұлға жүргізеді. Бағдарлама қауіпсіздік нормаларының, стандарттардың, өндірістегі жұмыстарды қауіпсіз жүргізу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтардың талаптарын қамтиды. Сонымен қатар, Топ қызметкерлері үшін еңбекті қорғау бойынша нұсқаулықтары бар бейнероликтер қолжетімді.

GRI 403-2

Қазатомөнеркәсіптің өндірістік қауіпсіздік саласындағы кәсіпорындарында қабылданған шаралар бақыланбайтын жарылыстарды, қауіпті заттардың шығарындыларын және ғимараттардың қирауын қоса алғанда, елеулі өнеркәсіптік апаттардың алдын алуға сәтті ықпал етті.

КӘСІПТІК АУРУЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ

Қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын қорғау Қазатомөнеркәсіп Тобының басты мақсаты болып табылады. Компания өз қызметкерлерін әлеуметтік пакеттің бөлігі ретінде сауықтыру және шипажайлық-курорттық емдеуді қоса алғанда, әлеуметтік бағдарламалармен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, қызметкерлер кәсіподақпен Ұжымдық шарт негізінде ұсынылатын кеңейтілген шипажайлық-курорттық сауықтыру бағдарламаларын пайдалана алады. Жұмысшылар үшін медициналық сақтандыру жүйесі де қолжетімді.

268,7
млн теңге
2023 жылы қызметкерлердің шипажайлық-курорттық емделуін қаржыландыруға бағытталды.

Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ЕТҰ персоналына күніне үш рет емдік-профилактикалық тамақтану ұсынылады.

GRI 403-3

Біз денсаулық сақтау бағытын белсенді дамытуды жалғастырдық. Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік медицина саласындағы заңнамасының сақталуын және медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау үшін талаптардың толық тізімі бар медициналық қызметтер аудиті бойынша Чек-лист әзірленді. Аудит негізінде ЕТҰ-дағы медициналық объектілер мен медициналық қызметтер цифрландырылды.

929,9
млн теңге
2023 жылы өнеркәсіптік медицина бойынша ісшараларды іске асыруға бағытталды.

Цифрландыруға арналған трендті ескере отырып, ауысым алдындағы медициналық тексерулерді автоматтандыруды жалғастырдық. Өткен жылмен салыстырғанда өндіру кәсіпорындарының техникалық жарақтандырылуы 64%-дан 100%-ға дейін 2 есеге жуық өсті. Қазіргі уақытта барлық өндірістік өндіру кәсіпорындары ауысым алдындағы электрондық медициналық тексеру терминалдарымен жабдықталған.

Қазақстандық Ядролық университеті персоналды міндетті оқыту пакетінің бірі ретінде ЕТҰ персоналына Алғашқы көмек көрсету бойынша оқыту өткізеді. Медицина қызметкерлер алған білімдерін практикада бекітуді жүргізеді.

Ауруларды ерте анықтау мақсатында зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін ескере отырып, өндірістік персонал үшін жыл сайын профилактикалық медициналық тексерулер жүргізіледі.

Қызметкерлердің міндетті контингенттерін жыл сайынғы медициналық тексерулермен қамту 2023 жылы 97%-ды құрады. Компания қызметкерлері арасында кәсіби аурулар анықталған жоқ. Бұл ретте, Қазатомөнеркәсіп Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін Компаниямен тікелей жалданбаған, бірақ жұмысы және/немесе жұмыс орны Топпен бақыланатын қызметкерлер арасында кәсіптік аурулары бар қызметкерлердің есебін жүргізбейді.

Кәсіптік аурулардың алдын алу үшін жұмыс орындарын аттестаттау нәтижелері бойынша өндірістік бақылау, еңбек жағдайларын сауықтыру жүргізіледі. Дәрігерлік комиссияның ұсынымдары бойынша қосымша тексеру, амбулаториялық және стационарлық емдеу, диспансерлеу, шипажайлық-курорттық сауықтыру, емдік-профилактикалық тамақтандыру жүргізіледі. Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің Салалық кәсіподағымен әлеуметтік әріптестік шеңберінде шипажайлық-курорттық сауықтыру және емдеу, фитнес-клубтарға бару жөніндегі қызметкерлер үшін бағдарламалар ұсынылады.

ЕТҰ медициналық объектілері медициналық қамтамасыз ету үшін белгілі бір материалдық-техникалық базасы бар бірыңғай инфрақұрылым болып табылады. Медициналық пункттер барлық кәсіпорындарда бар, дефибрилляторлармен, ЭКГ-мен және медициналық көмек көрсету үшін басқа да қажетті құралдармен, жабдықтармен және материалдармен жабдықталған. Медициналық нысандар персоналмен және жедел жәрдем көліктерімен жабдықталған. Бүгінгі таңда ЕТҰ-ның 63 медициналық нысанында - бұл дәрігерлік және фельдшерлік пункттер, медициналық пункттер, медициналық кабинеттері, жалпы саны 155 адамнан тұратын медициналық персонал, оның ішінде 33 дәрігер және 106 орта медициналық персонал жұмыс істейді. Жедел және шұғыл көмек көрсету, медициналық эвакуациялау үшін 17 жедел медициналық жәрдем көлігі бар.

ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУ

GRI 403-1, 403-4

Қазатомөнеркәсіп Тобы кәсіпорындарының барлық қызметкерлері еңбекті қорғау мен өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару процесіне белсенді қатысады, бұл жұмыс орындарында қауіпсіздіктің жоғары деңгейін ұстап тұруға ықпал етеді. ЕҚ және ӨҚ саласындағы персоналмен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін және Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес Топтың кәсіпорындарында қауіпсіздік жөніндегі мамандандырылған өндірістік кеңестер құрылды, оларға жұмыс берушінің, қызметкерлердің өкілдері және техникалық еңбек инспекторлары кіреді.

Өндірістік кеңестердің міндеттері еңбекті қорғау ережелері мен шарттарының сақталуын үнемі бақылауды қамтиды. Тексеру жүргізуді техникалық еңбек инспекторлары жүзеге асырады, ал тексеру нәтижелері мен қабылданған шешімдер Топ кәсіпорындарының жұмыс берушілері үшін де, қызметкерлері үшін де орындауға міндетті болып табылады.

Топтың 2018-2028 даму стратегиясын іске асыру шеңберінде өндірістік қауіпсіздік жүйесін жақсарту бойынша жұмыстар кешені өткізілді. 2023 жылы осы бағытта Компания келесі іс-шараларды орындады:

2023 жылы орындалған іс-шаралар Топ қызметкерлерінің қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттырды, ал жүргізілген алдын алу шаралары оқиғалар санын одан әрі азайтуға бағытталға.

2020 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да қауіпсіздік мәдениетін нығайту және барлық деңгейдегі басшылардың көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында «Еңбек қауіпсіздігі мәдениетіндегі көшбасшылық» электрондық білім беру курсы әзірленіп, енгізілді. Бұл курс өндірістік қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған жетілдірілген оқыту жүйесінің бөлігі болып табылады, оның шеңберінде ЕТҰ басшылары мен қызметкерлері қауіпсіздік саласындағы, оның ішінде ықтимал қауіпті жағдайларды, қауіпті іс-әрекеттер мен жағдайларды тануда, сондай-ақ қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттерін жүргізуде өз құзыреттерін арттырады. Бұған қоса, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша мамандандырылған міндетті оқыту бағдарламалары өткізіледі.

20 716
Компания қызметкерлері
2023 жылы Компанияның 20 716 қызметкері қауіпсіздік мәдениетін арттыру бойынша оқудан өтті.
GRI 403-5, SASB EM-MM-320a.1.

Қазатомөнеркәсіп HSE саласында өз қызметкерлері үшін оқыту курстарын жүйелі түрде ұйымдастырады. Бұл курстар міндетті және қосымша болып бөлінеді. Міндетті курстар аясында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген, оның ішінде өнеркәсіптік қауіпсіздік, еңбекті қорғау, сондай-ақ радиациялық және ядролық қауіпсіздік бойынша оқыту жүргізіледі. Қосымша курстарға қауіпсіздік мәдениетін дамыту, көшбасшылық қабілеттер және HSE саласындағы жауапкершілікті сезіну кіреді. Мұндай курстарды таңдау Компанияның өндірістік қауіпсіздік саласындағы жұмысын талдау негізінде жүзеге асырылады және қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға және үздік халықаралық тәжірибелерді қолдануға ықпал етеді.

Қазатомөнеркәсіп оқу бағдарламаларын іске асыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына, атап айтқанда «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» заңға сәйкес келуі үшін міндетті болып табылатын барлық қажетті лицензиялары, аттестаттары, сертификаттары және басқа да құжаттамалары бар сарапшылар мен ұйымдарды тартады.

Топта тәжірибемен алмасу және өнеркәсіптік қауіпсіздікті басқару жүйесін жақсарту бойынша шаралар әзірлеу HSE-Club корпоративтік клубының шеңберінде жүргізіледі.

Оқыту бағдарламалары мен тренингтердің тиімділігін бақылау алынған білімді тесттер мен емтихандарды пайдалана отырып, алынған білімдерді кейіннен тексеру арқылы жүзеге асырылады.

МЕРДІГЕРЛІК ҰЙЫМДАРДАҒЫ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУДЫ БАСҚАРУ

GRI 403-7

Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлері мен мердігерлерін бақылау арқылы өнеркәсіптік қауіпсіздік стандарттарының сақталуына кепілдік береді. Мердігерлік ұйымдардың өндірістік қауіпсіздік аспектілеріндегі жұмысы «Өндірістік қауіпсіздікті басқарудың бірыңғай жүйесі» стандартымен, атап айтқанда 10.3 «Мердігерлік ұйымдарды басқару» бөлімінде реттелген.

Қазатомөнеркәсіптің барлық қызметкерлері және оның штаттық қызметкерлері болып табылмайтын бірақ қызметі және/немесе жұмыс орны Компанияның бақылауында болатын тұлғалар Компанияның өндірістік қауіпсіздігін басқару жүйесіне енгізілген.

2022 жылы Қазатомөнеркәсіп штаттан тыс қызметкерлер арасындағы жазатайым оқиғаларды есептеу әдістемесі мен ақпараттарды есепке алу тәсілін жаңартты, сондай-ақ мердігер ұйымдардың қызметкерлері арасында жарақаттану жағдайларын ескере бастады.

2023 жылы Компанияның мердігерлік ұйымдарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.

Қазатомөнеркәсіп барлық мердігерлер, сондай-ақ тауарлар жеткізушілер мен қызметтер көрсетушілер үшін орындалуы міндетті болатын қауіпсіздік нормаларын белгілейді. Келісімшарттарға қол қоймас бұрын Компания әлеуетті контрагенттердің осы талаптарға қаншалықты сәйкес келетінін бағалайды. Тәуекелді талдау және қауіпсіздікті оқытуды жоспарлау кезінде контрагенттердегі жазатайым оқиғалар да ескеріледі. Мердігерлердің еңбекті қорғау саласындағы қызметін талдауды Өндірістік қауіпсіздік департаменті бекітеді. Қауіпсіздік стандарттарына сәйкестігін тексеру үшін тұрақты инспекцияларды еңбекті қорғау бөлімі мен қызметтері жүзеге асырады. Мердігерлерде болған барлық оқиғаларды тиісті ішкі қызметтер тіркейді және зерттейді. Өндірістік қауіпсіздік қызметінің әр бөлігі қауіпсіздік деңгейін бағалауға мүмкіндік беретін мердігерлік ұйымдардың жұмысы туралы есептерді ұсынады. Ұзақ мерзімді келісімшарттары бар мердігерлер инциденттер мен ауыр салдарсыз «NearMiss» оқиғаларын тіркеуі керек. Қазатомөнеркәсіп мердігер фирмаларының қызметкерлері үшін еңбекті қорғау бойынша оқытуды ұсынады және оларды қауіпсіздік жөніндегі жиналыстарға қатысуға шақырады.

Компанияның еңбекті қорғау департаменттері өндірістік қауіпсіздікті басқару жүйесінің талаптарына сәйкестігін тексеру үшін мердігерлік ұйымдарға аудиттер жүргізеді. Сонымен қатар, мердігерлік ұйымдарды басқару жүйесі ISO 45001 және 14001 сертификатталған аудит шеңберінде белгіленген стандарттарға сәйкестігін растау үшін аудит жүргізеді.

ЯДРОЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

SASB EM-MM-150a.10

Өз жұмысында ядролық материалдарды пайдаланумен айналысатын Топ компаниялары осы материалдармен жұмыс істеу кезінде ядролық қауіпсіздік саласындағы барлық белгіленген нормалардың, нұсқаулықтардың, ережелер мен технологиялық рәсімдердің сақталуын қатаң қадағалайды.

Топ кәсіпорындарының арасында «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және «Үлбі-ЖҚБ» ЖШС ядролық қондырғылармен жабдықталған.

Топтың кәсіпорындарында ядролық қауіпсіздікке кепілдік беру үшін ядролық тәуекелдер тұрғысынан ықтимал қауіпті объектілерде ядролық қауіпсіздіктің жай-күйіне жүйелі түрде тексеру жүргізіледі, сонымен бірге ядролық материалдарды түгендеу жүзеге асырылады.

2023 жылы «Үлбі металлургия зауыты» АҚ және «Үлбі-ЖҚБ» ЖШС бас физик қызметтері бірқатар іс-шараларды жүзеге асырды:

Іс-шаралар тиімділігінің көрсеткіші есепті жыл ішінде инциденттер мен апаттардың болмауы болып табылады.

Уәкілетті мемлекеттік орган – ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті Компаниямен ядролық қаруды таратпау бөлігіндегі халықаралық міндеттемелердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады. 2023 жылы бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасы мен АЭХА арасында жасалған АЭХА кепілдіктерін қолдану туралы келісімшарт шеңберінде 6 уран өндіруші ЕТҰ кеніштерінде, «ҮМЗ» АҚ-да және «Үлбі-ЖҚБ» ЖШС-де АЭХА қосымша қолжетімділік пен инспекциялар жүргізілді, олардың нәтижелері бойынша мәлімделмеген қызмет түрлері мен ядролық материалдардың болмауы анықталды.

ДУ КУЯМ өкілдері 2023 жылғы мамыр айында Венадағы (Австрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің штаб-пәтерінде «Uranium Raw Material for the Nuclear Fuel Cycle: Innovation for Sustaining Future Resources and Productions» АЭХА халықаралық симпозиумына және 2023 жылдың қыркүйек айында Венадағы (Австрия) Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің штаб-пәтерінде АЭХА-ның 67-ші Бас конференциясына қатысты.

РАДИАЦИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК

КАП 3

2023 жылы жұмыс орындарында, үй-жайларда, кәсіпорындар аумағында және радиация деңгейі реттелетін аймақтарда радиациялық жағдайды тұрақты бақылау жүзеге асырылды. Барлық тіркелген радиациялық параметрлер белгіленген стандарттар шегінде қалды және 2022 жылмен салыстырғанда ауытқуларды көрсетпейді.

2023 жыл барысында Компания кәсіпорындарында радиациялық апаттар мен оқиғалар тіркелген жоқ. Сәулеленудің жылдық дозаларының бақылау деңгейлерінің асып кетуі тіркелген жоқ.

2023 жылы персоналға радиациялық әсердің орташа дозасы табиғи радиациялық аяны қоса алғанда, жылына 1,40 мЗв құрады. Табиғи радиациялық фонның көрсеткіштері жылына 0,69-дан 1,22 мЗвға дейін құрады.

Топ кәсіпорындарында персоналдың ең жоғары жылдық тиімді дозасы жылына 4,86 мЗв құрады, бұл рұқсат етілген жылына 20 мЗв доза шегінің 24,3% құрайды.

Топтың компанияларында жұмыс істейтін және арнайы киімді дезактивациялаумен, өндірістік үй-жайларды тазалаумен және дайын өнімі бар көліктік қаптама комплектілерін жөнелтуге дайындаумен айналысатын мердігерлік ұйымдар қызметкерлерінің орташа радиациялық әсер ету дозасы жылына 0,66 мЗв құрады.

Радиациялық қауіпсіздік деңгейін арттыру және қызметкерлерді қорғау үшін радиациялық жағдайды оңтайландыру бойынша келесі іс-шаралар жүйелі түрде жүргізіледі:

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАРҒА ДАЙЫНДЫҚ

КАП 2, SASB EM-MM-320A.1.

Компанияда персоналды төтенше жағдайларға дайындау мақсатында тұрақты оқыту мен жаттығулар жүзеге асырылады. Жыл сайын төтенше жағдай туындаған кезде жұмыскерлердің қажетті дағдылары мен іс-әрекеттерін пысықтай отырып, уәкілетті мемлекеттік органдарды міндетті түрде тартып, жұмыскерлерді ғимараттан эвакуациялай отырып, оқыту мен жаттығулар өткізіледі.

2023 жылы Компанияның барлық объектілерінде өрт қауіпсіздігі бойынша ішкі аудиттер жүргізілді және мердігерлік ұйымдардың төтенше жағдайларға ден қоюға дайындығы қамтамасыз етілді.

Сондай-ақ, қызметкерлердің хабардарлығын арттыру және өрт қаупін азайту мақсатында алғашқы «Өрт қауіпсіздігінің айлығы» ұйымдастырылды.

2023 жылдың қараша айында өрт қауіпсіздігі саласындағы аккредиттелген мамандандырылған ұйым Қазақстан Республикасының Өрт қауіпсіздігі қағидаларының нормаларына сәйкес Компанияның КО әкімшілік корпусы үшін регламенттелген инспекция және жеке өрт тәуекелін бағалауды жүргізді. Аудит жүргізу нәтижелері бойынша өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы және өрттің қауіпті факторлары анықталған жоқ. Қазатомөнеркәсіптің ғимараты өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 стандарттарының талаптарына сәйкес келеді, бұл халықаралық сертификатталған аудитпен расталады.

2023 жылы 8500-ден астам қызметкер өрт-техникалық минимум бойынша оқытуға қатысты, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен «Самұрық-Қазына» Қоры өкілдерінің қатысуымен ауқымды жаттығуларды қоса алғанда, 8000-нан астам қызметкер үшін 411-ден астам оқу жаттығулары өткізілді.

Персоналды басқару

БАСҚАРУ ТӘСІЛІ

GRI 3-3

Білікті жұмысшыларды тарту және ұстап қалу Компания жұмысының басым бағыттарының бірі болып табылады. Қазатомөнеркәсіп жоғары стандарттарға сай келетін еңбек және демалыс жағдайларын жасауға ұмтылады: Компания бәсекеге қабілетті жалақыны ұсынады, кәсіби өсу үшін мүмкіндіктерді қамтамасыз етеді және ұжымда, әсіресе тұрақсыздық кезеңінде ашық диалог жүргізеді.

Топтың корпоративтік мәдениетінде басты назар өзара сенімге, құрметке, ашықтық пен адалдыққа, сондай-ақ тұрақты дамуға аударылады. Компания жұмысшылардың өз жұмысында табысты болуы, корпоративтік ортаға тезірек бейімделуі және кәсіби деңгейін жоғарылатуы үшін оқыту және тәлімгерлік бағдарламаларын үнемі жетілдіріп отырады. Қазатомөнеркәсіп географиялық шектеулерді жеңе отырып, мамандануына және жұмыс орнына қарамастан барлық қызметкерлердің білім ресурстарына қол жеткізуіне кепілдік береді.

Қызметкерлердің әл-ауқаты мен қанағаттануы Компания үшін өте маңызды және біз оларға құпиялылықты қамтамасыз ете отырып, ішкі коммуникациялар жүйесі арқылы сұрақтар мен мәселелерді шешуге мүмкіндік береміз.

Компания Әдеп кодексінде көрсетілген іскерлік этика қағидаттарын басшылыққа алады және кемсітушілік пен қысымға жол бермеуге қатаң көзқарасты ұстанады. Қазатомөнеркәсіп компания ішінде оқытуды, тәлімгерлікті және белсенді өзара әрекеттестікті қамтитын кешенді бағдарламаларды енгізе отырып, тең мүмкіндіктер мен әлеуметтік-мәдени әртүрлілік мәдениетін құру бойынша белсенді жұмыс атқаруда.

Компаниядағы персоналды басқару 2023 жылдан 2028 жылға дейінгі кезеңге арналған Кадр саясатына сәйкес жүзеге асырылады, оған инклюзивтілік пен әртүрлілік тәжірибелерін енгізу, психологиялық қауіпсіз орта құру және барлық жұмысшылар үшін тиесілілік сезімі кіреді.

Одан басқа, біз Қазақстанның Еңбек заңнамасын, халықаралық стандарттарды және корпоративтік құжаттар кешенін басшылыққа аламыз:

GRI 2-13

Директорлар кеңесі персоналды басқару саласындағы стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуді бекітуді және бақылауды жүзеге асырады. Кадр саясатының тиімділігі мен қызметкерлермен жедел жұмысына HR департаменті мен Әлеуметтік жұмыс департаменті жауап береді. Кәсіпорындардың персоналды басқару қызметі орындарында қызметті үйлестіреді және жедел басқаруды жүзеге асырады.

ПЕРСОНАЛ САНЫ ЖӘНЕ КАДРЛАРДЫҢ АУЫСУЫ

Бірлескен және тәуелді ұйымдарды қоса алғанда, АҚС шарты мен аутстафинг шарты бойынша қабылданған қызметкерлерді қоспағанда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының жалпы тізімдік саны 2023 жылдың аяғында 21 554 адамды құрады. Есепті кезеңде Топ персоналының тізімдік саны 2022 жылмен салыстырғанда 4%-ға өсті, бұл жекелеген ЕТҰ өндіру көлемінің ұлғаюымен және жобалау қызметіне персоналды тартумен байланысты. Кезең соңындағы тізімдік саны 31.12.2023 жағдай бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компанияларының еншілес және тәуелді кәсіпорындарының штатында тұратын қызметкерлердің санымен айқындалады.

GRI 2-7, 401-1, SASB EM-MM-000.B

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының саны, 2023 ж., адам

Біз өз қызметкерлерімізбен ұзақ мерзімді қарым-қатынасты бағалаймыз, сондықтан олардың басым бөлігі ұзақ мерзімді шарттар бойынша жұмыс істейді (>90%), мерзімді шарттар бойынша қызметкерлердің шамамен 10%-ы жұмысқа орналастырылды.

GRI 2-8

Компания қызметкерлері болып табылмайтын персонал арасында шарттық қатынастардың ең көп тараған түрі азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) және аутстафинг шарты болып табылады. Компания қызметкерлері болып табылмайтын, бірақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен бақыланатын персоналдың жалпы саны – 1 010 адам. АҚС шарты және аутстафинг шарты бойынша жалданған қызметкерлер жобалық немесе маусымдық жұмысты орындау үшін тартылады. 2022 жылмен салыстырғанда Компания қызметкерлері болып табылмайтын персонал санының артуы жобалау қызметінің өсуіне, сондай-ақ біржолғы сипаттағы жұмыстарды орындау қажеттілігіне байланысты.

GRI 401-1

2023 жылы Топқа 4386 адам қабылданды. Жаңа қызметкерлердің 77%-ы Оңтүстік аймақта (Шымкент қаласын қоса алғанда) жұмысқа тартылған. Қазатомөнеркәсіпте жергілікті тұрғындар арасынан қызметкерлерді басым жалдау бойынша саясат жоқ. Бос лауазымдарға іріктеу ізденушілердің біліміне, біліктілігіне және кәсіби қасиеттеріне қарай жүргізіледі.

2023 жылы Топтағы шығу бойынша кадрлардың жалпы айналымының коэффициенті 15,8% құрады. 2022 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1%ға өсті. Бұл ретте, ауысу негіздері бойынша кадрлардың ауысуы 7,9% құрады, кадрлардың ауысуы бойынша мақсатты көрсеткіш 14%-дан аспайды.

GRI 2-7, 2-8, SASB EM-MM-000.B

Жұмыспен қамту нысаны бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының тізімдік саны, 2021-2023 жылдар, адам

ӘРТҮРЛІЛІК ЖӘНЕ ИНКЛЮЗИВТІЛІК

GRI 405-2

Біздің корпоративтік мәдениетіміздің маңызды бөлігі инклюзия мен тең құқықтарды қамтамасыз ету, сондай-ақ кемсітушілікке жол бермеу болып табылады. Біз жынысына, ұлтына, жасына, дініне, әлеуметтік мәртебесіне, физикалық және менталдық қабілеттеріне, жұмыс тәжірибесі және біліміне қарамастан ең талантты жұмысшыларды тартамыз және дамытамыз. Бұл тәсіл барлық жастағы адамдардың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын арттыру, білім сапасы бойынша инклюзивті және тең білім беру, өмір бойы білім алу үшін мүмкіндіктер жасау, сондай-ақ гендерлік теңдікке қол жеткізу және барлық адамдар үшін лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша БҰҰ ТДМ-мен 3, 4, 8, 9, 10, 11 байланысты.

Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлерінің көзқарастары мен мәдени құндылықтарының әртүрлілігін мойындайды және бағалайды. Біздің компанияда кемсітушіліктің кез-келген түріне, соның ішінде нәсілдік, гендерлік, діни, мүгедектікке немесе саяси сенімге жол берілмейді. Бос жұмыс орындарын жариялау және үмкерлерді іріктеу кезінде персоналды іріктеу процесінде кез келген жағымсыздықты болдырмау үшін тәжірибе мен біліктілікке нақты талаптар қойылады. Сыйақы мөлшері тек үмкердің кәсіби қасиеттеріне байланысты.

Қазатомөнеркәсіп сұрақтармен немесе шағымдармен жасырын түрде жүгінуге болатын сенім желісін қоса алғанда, біздің кері байланыс арналарымыз арқылы кемсітушіліктің ықтимал жағдайларын мұқият қадағалайды.

Инклюзивті орта

GRI 405-1

Қазатомөнеркәсіп мүмкіндігі шектеулі жандарға жұмыс орындарын ұсынады. 2023 жылы мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің саны 191 адамды құрады (оның ішінде 12 адам – әкімшілік-басқару персоналы, 179 адам – өндірістік персонал), бұл 2022 жылмен салыстырғанда 8 адамға артық. 2023 жылы мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің үлесі қызметкерлердің тізімдік санының 0,8%-ын құрады.

Мүмкіндігі шектеулі қызметкерлердің тізімдік саны, 2021-2023 жылдар, адам

Гендерлік теңдік

Персонал құрылымында ер адамдардың басым болуы компанияның өндірістік қызметінің ерекшелігімен байланысты. Бұл ретте Қазатомөнеркәсіп гендерлік теңдік қағидатын қолдайды және әйелдерді әкімшілік және техникалық позицияларға белсенді тартады. 2023 жылы Топ қызметкерлері арасындағы әйелдердің үлесі 17,2% құрады.

Гендер бойынша бөліністегі персоналдың тізімдік саны, 2021-2023 жылдар, адам

Компания гендерлік теңдікті ілгерілету, сондай-ақ әйелдер арасында көшбасшылық әлеуетті дамыту және болашақ әйел-көшбасшыларды даярлау шеңберінде 2030 жылға қарай Қазатомөнеркәсіп пен ЕТҰ басқару органдары (директорлар кеңестерінде, байқау кеңестерінде және атқарушы органдарда) құрамындағы әйелдер үлесін кемінде 30% деңгейінде кезең-кезеңмен арттыруды жоспарлап отыр. 2023 жылдың соңында бұл көрсеткіш 26% құрады.

Жас топтарының әртүрлілігі

Қазатомөнеркәсіп жасы бойынша кемсітушілікке жол бермейді. Компанияда әртүрлі жас топтарының өкілдері, соның ішінде 50 жастан асқан адамдар жұмыс істейді, олардың үлесі 2023 жылы 27,2% құрады. Қызметкерлердің орташа жасы 40 жасты құрайды

GRI 405-1

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының жасына қарай бөлінген тізімдік саны, 2021-2023 жылдар, адам

МОТИВАЦИЯ ЖӘНЕ СЫЙАҚЫ

GRI 202-3

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ішкі әділеттілік пен сыртқы бәсекеге қабілеттілікті ескере отырып, материалдық сыйақыны айқындауда ашық әдістерді қолданып, жалпыұлттық еңбек нарығына ғана емес, жалпы салаға да сәйкес келетін жалақының жоғары деңгейін ұстап тұра отырып, өз қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеуді қамтамасыз етуге ұмтылады.

Компанияда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға негізделген және еңбекақының ең төменгі мөлшерін белгілеуді, жұмыс уақытын реттеуді және үстеме жұмыс үшін сыйақыны қамтамасыз ететін еңбекақы төлеу жүйесі жұмыс істейді.

«Самұрық-Қазына» АҚ Персоналды басқару жөніндегі корпоративтік стандартына сәйкес Компанияның ЕТҰ қызметкерлері үшін жалақының референттік нарығы Қазақстан Республикасының жалпы индустриялық нарығы болып табылады, ал еңбекақы деңгейі оның медианасына ұмтылады.

GRI 2-20

Компанияның еңбекақы төлеу тәртібі ішкі нормативтік құжатта – Компанияның Басқармасы бекітетін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлеріне Сыйақы беру және еңбекақы төлеу тәсілінің үлгілік қағидаларында көрсетілген. Әрі қарай, Топтың әрбір кәсіпорны Сыйақының үлгілік қағидалары негізінде ерекшелігін ескере отырып, өзінің сыйақы қағидаларын әзірлейді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның барлық еншілес және тәуелді ұйымдарының басқару органдары Компанияның Сыйақының үлгілік қағидалары негізінде құрылған сыйақы қағидаларын бекітуге бірауыздан дауыс берді. Сыртқы консультанттар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлеріне сыйақы беру туралы шешім қабылдауға қатыспайды.

547 867
теңгені
2023 жылы Қазатомөнеркәсіп өндірістік персоналының орташа айлық жалақысы 21%-ға өсіп, құрады.

2023 жылы 15 240 адам немесе Компания қызметкерлерінің тізімдік санының 71%-ы нәтижелілікті ресми бағалаудан өтті.

GRI 405-2

Қазатомөнеркәсіп әйелдер мен ерлердің сыйақыларының арақатынасын талдауға ерекше назар аударады. Көбінесе физикалық еңбекті қажет ететін индустриялық ерекшелікке байланысты жұмысшылардың көпшілігі ер адамдар. Дегенмен, біз әйелдерді жалдауға, сыйақыны анықтауға, қызметін бағалауға және мансаптық дамуға қатысты кемсітушіліктің кез келген түріне жол бермейміз. Ерлер мен әйелдердің негізгі жалақысының арақатынасы 1:1 құрайды.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес, еңбекақы төлеу жүйесі біржолғы ынталандырушы төлемдерді есепке алмағанда, қызметкерлердің жалақысындағы негізгі жалақының кемінде 75% үлесін қамтамасыз етуге тиіс, осылайша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да жалақының белгіленген (негізгі) бөлігі кемінде 75%, ауыспалы бөлігі 25%дан аспайды.

Қызметкерлерді қабылдау және жұмыстан шығару кезінде бонустар «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ішкі нормативтік құжаттарында көзделмеген.

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес зиянды еңбек жағдайлары бар жұмыстарда жұмыс істейтін қызметкерлердің өндірістерінің, жұмыстарының, кәсіптерінің белгілі бір тізбесіне сәйкес жұмыс берушінің қаражаты есебінен 5% мөлшерінде міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары жүзеге асырылады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жалақы қоры, теңге

Өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысы

Жалақы қоры,
млн

Қазатомөнеркәсіп Топ қызметкерлерінің жалпы төлемдеріндегі айырмашылықтарға талдау жүргізді. Нәтижелері бойынша 2023 жылы өндірістік персонал арасындағы әйелдердің орташа айлық жалақысы еркектерге қарағанда 8%-ға аз болды, ал Топ бойынша ерлер мен әйелдердің орташа айлық жалақысының айырмашылығы әйелдердің пайдасына 6% құрады.

Қызметкерлерді ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді ынталандыру

Топтың жоспарлы, өндірістік, стратегиялық және операциялық көрсеткіштеріне қол жеткізгені үшін, сондай-ақ инновациялық идеяларды ұсынғаны, жоғары кәсібилігі және жұмысқа жауапкершілікпен қарағаны үшін сыйлықақы беру персоналды материалдық көтермелеу және ынталандыру жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады.

Қосымша материалдық ынталандыру мыналар арқылы қамтамасыз етіледі:

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

GRI 3-3

Персоналды оқыту және дамыту Корпоративтік мәдениетті трансформациялау және дамыту бағдарламасы шеңберіндегі Компанияның негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Қазатомөнеркәсіп өндірістік тиімділік, өндірістік қауіпсіздік, адам құқықтары, еңбекті қорғау және кәсіптік бағдарлау сияқты салаларда озық және неғұрлым тиімді білім беру практикаларын белсенді енгізеді. Компания көшбасшылық құзыреттілікті дамыту бойынша бағдарламалар жүргізеді, тәлімгерлер мен ішкі жаттықтырушыларды оқытады. Компания кәсіпорындарының қызметкерлері жыл сайын міндетті және кәсіптік оқытудан өтеді.

2021-2023 ж. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ персоналының білім деңгейі, %

Компанияда қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру процестерін жүйелеуге бағытталған 2019-2023 жылдар кезеңіне арналған Кешенді білім беру бағдарламасы жұмыс істейді. Бағдарлама келесі бағыттарды қамтиды:

Оқыту ішкі сарапшыларды да, сыртқы провайдерлерді де тарта отырып, корпоративтік университет − Қазақстан ядролық университетінің (ҚЯУ) ресурстарын пайдалана отырып жүргізіледі.

Қазатомөнеркәсіп өз персоналын оқытуға және дамытуға ресурстардың едәуір мөлшерін инвестициялайды. 2023 жылы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған жиынтық инвестициялар көлемі 2,9 млрд теңгені құрады.

38 775
адам-семинарды
2023 жылдың қорытындысы бойынша Компания қызметкерлерін оқытудың жалпы уақыты құрады.

Оқыту бағдарламасының негізгі қағидаты - өзінөзі оқытатын ұйым, оған сәйкес оқытудың 70%ы жұмыс барысында жүреді, дағдылардың 20%-ы тәлімгерлік және коучинг бағдарламасы арқылы алынады, ал 10%-ы тренингтер мен басқа да білім беру бағдарламаларын қамтамасыз етеді.

HR функциясы персоналды оқытуда басшыларды қолдауға, оқу процесін ұйымдастыруға, білім беру бағдарламаларын және білім беру жеткізушілерін таңдауға жауап береді.

2023 жылы Компания ЕТҰ қызметкерлері ұсынған 3 жоба шеңберінде: «Тау-кен-дайындық жұмыстарын өтеу есебін автоматтандыру» («Ақбастау» БК» АҚ), «Іскерлік келіссөздер жүргізу дағдыларын игеру. Тиімді презентация. Тапсырыс берушілермен жұмыс жасау кезінде дербес және жауапты шешімдер қабылдау мүмкіндігі» («Волковгеология» АҚ) және «Батпалы сорғылардың жұмысын оңтайландыру. Жиілік түрлендіргішін автоматтандыру» («Байкен-U» ЖШС) тәлімгерлік мәдениетін дамытуға бағытталған «Тәлімгер» жобасын іске асыруды жалғастырды.

Одан басқа, Қазатомөнеркәсіптегі тәлімгерлік түрлі бағдарламалар мен бағыттар арқылы жүзеге асырылады және дамиды. Мәселен, «Ізбасар» бағдарламасы үшін шақырылатын тәлімгерлердің тұрақты пулы сәтті қалыптасты, оған әрбір ротацияны ұйымдастыру кезінде барған сайын жаңа тәлімгерлер тартылады. Сонымен қатар, Компания мен ЕТҰ-да тәлімгерлерді жас мамандарға, тағылымдамадан өтушілер мен практиканттарға бекіту жүйесі үнемі жұмыс істейді.

ОҚЫТУ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да қызметкерлердің ұжымдық және жеке қызметін талдау негізінде олардың кәсіби, жеке-іскерлік және басқарушылық қасиеттерін бағалау рәсімі енгізілді. Бұл процедура персоналдың оқу қажеттіліктерін және олардың одан әрі мансаптық даму мүмкіндіктерін анықтауға мүмкіндік береді. Талдау нәтижелері негізінде әр қызметкер үшін даму жоспары немесе сыйақы мөлшерін өзгерту, лауазымын жоғарылату немесе төмендету сияқты түзету шаралары жасалады.

Оқу аяқталғаннан кейін білім алушылар сауалнамаларды толтыру арқылы өткен курсты бағалау жүргізіледі. Оқу аяқталғаннан үш ай өткен соң басшы білім алған қызметкердің үлгерімі мен жетістіктерін бағалайды.

ОҚЫТУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ

GRI 404-2

Компания қызметкерлердің біліктілігіне қойылатын үнемі өсіп келе жатқан талаптарды ескере отырып, олардың практикалық дағдылары мен кәсіби іскерліктерін жетілдіруге көп көңіл бөледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндетті курстарды қоса алғанда, әртүрлі кәсіптік бағыттар бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлейді және енгізеді.

Компанияның барлық білім беру бағдарламалары басшылардың, таланттардың (әлеуетті ізбасарлардың) басқарушылық және тұлғалық-іскерлік дағдыларын дамытуға, тиімді басқару командаларын қалыптастыруға, қызметкерлердің ішкі әлеуетін ашуға, кросс-функционалдық өзара әрекеттестікті жақсартуға және жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін алынған дағдыларды жұмыс ортасында қолдануға бағытталған.

2023 жылы Компания басшыларды дамыту бойынша өз жұмысын жалғастырды.

Бағдарламаны іске асыру үшін көшбасшылық қасиеттерді, басқару құзыреттерін дамытуда тәжірибесі, сондай-ақ экологиялық, әлеуметтік және басқарушылық жауапкершілік, команданы басқару және т. б. қағидаттарына сәйкестікті өлшеуге арналған құралдары бар қазақстандық және халықаралық қызмет көрсетушілер тартылды.

Оқыту бағдарламалары басшылардың және олардың ізбасарларының басқарушылық және жеке-іскерлік дағдыларын жақсартуға, тиімді басқару командаларын қалыптастыруға, ішкі әлеуетті дамытуға, кросс-функционалдық өзара әрекеттесуді арттыруға, сондай-ақ жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін алынған дағдыларды жұмыс ортасында қолдануға бағытталған.

Даму аймақтары негізінде 2023 жылы басшылардың барлық деңгейлері үшін бірқатар оқыту іс-шаралары өткізілді. Әрбір оқыту «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да бекітілген корпоративтік құзыреттер мен құндылықтарды дамытуға бағытталған.

2023 жылы 18-ден астам семинарлар, тренингтер және стратегиялық сессиялар өткізілді. SEO-1 және SEO-2 деңгейлерінің басшылары арасында қамту 100% құрайды.

Сондай-ақ, 2023 жылы «ALMAU» университетімен бірлесіп Департаменттер директорларын дамыту бағдарламасы бекітіліп, іске қосылды. Soft skills дамыту бойынша бағдарлама 5 модульден тұрды. Бағдарламаның барлық модульдерінен өткен басшылар университеттен диплом алды.

2023 жылдың тамызында кеніштер директорларын дамыту бағдарламасы іске қосылды және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік объектілер басшыларының клубына старт берілді. Кеніштердің директорларын дамыту жөніндегі осы бағдарламада негізгі назар мынадай үш деңгейге аударылды: базалық басқару құзыреттері мен дағдыларын нығайту; коммуникативтік процестерді терең түсіну; mindset кеңейту арқылы өзін-өзі басқару, энергоменеджмент, шиеленісті жанжалды жағдайларда тұрақтылыққа ие болу.

256 адам оқудан өтті, академиялық сағаттардың жалпы саны 12 515 сағатты құрады.

Персоналды дамыту аясында Компанияда қызметкерлер күшімен дәстүрлі мастер-класстарды жүргізу жалғасуда. Мәселен, 2023 жылы Қазатомөнеркәсіпте 15 мастер-класс өткізілді. Бейне форматындағы мастер-класстар Холдингтің барлық қызметкерлеріне корпоративтік порталда қолжетімді, бұл бейнематериалдарды бірегей білім мен үздік тәжірибелерді тарататын қосымша оқыту құралдары ретінде пайдалануды көздейді.

КАДР РЕЗЕРВІ

2012 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ басқарушы персоналдың сабақтастығы бағдарламасын іске қосты, оның мақсаты – компанияны басқарудағы үздіксіздікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіптік дағдыларды арттыруға және мансаптық өсуге ұмтылатын Топ персоналының ішінен әлеуеті жоғары қызметкерлерді анықтау.

Бағдарлама шеңберінде әрбір ізбасар үшін оның дамуына, прогресін бақылауға және идеяларды жүзеге асыруда қолдауға жауапты тәлімгер немесе жетекші тағайындалады. Ізбасарлар пулын қалыптастыру жұмысшылардың қызметін бағалау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады. Сабақтастық бағдарламасының дамуына пулдардың иелері – Басқарма Төрағасы және функционалдық бағыттардың басшылары үлес қосады.

2023 жылы менеджмент пен функционалды ізбасарлар пулынан 7 ізбасар тағайындалды, бұл негізгі лауазымдарға тағайындаулардың жалпы санының 47% құрады. Ізбасарларымен тәлімгерлік сессиялардың тиімділігі мақсатында тәлімгерлерге кері байланыс бойынша оқыту жүргізілді.

Жыл сайын КО ізбасарлар пулынан тағайындаулардың санын тексереді.

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

Болашақ білікті кадрларды дамытуға қосқан үлесін түсіну, жоғары оқу орындары мен колледждерде даярлау шеңберінде оқыту Қоғам мен оның ЕТҰ үшін басым бағыттардың бірі болып табылады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ дәстүрлі түрде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарымен және бейінді колледждерімен, сондай-ақ жақын шетелдің білім беру мекемелерімен атом саласының мамандықтары бойынша ынтымақтасады.

Мұндай жоғары оқу орындары мен колледждерге жататындар: Қ.И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТЗУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚМТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, ҚарТУ, Өскемен көпсалалы технологиялық колледжі, Оңтүстік Қазақстан политехникалық колледжі, Геологиялық барлау колледжі және басқалар. Сондай-ақ, Қоғам ресейлік жоғары оқу орындары: Томск политехникалық ұлттық зерттеу университеті (бұдан әрі - ТПУ), «МИФИ» Ұлттық ядролық зерттеу университеті (бұдан әрі-МИФИ) және басқалармен ынтымақтасады.

Топ кәсіпорындарының барлық қызметкерлері Компания қаражаты есебінен оқытуға жіберіледі. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушылар кәсіпорындарының қаражаты есебінен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-мен және оның еншілес және тәуелді ұйымдарымен еңбек қатынастарында тұрмайтын жеке тұлғалар оқытылады. 2023 жылдың соңындағы жағдайна сала бойынша бейінді мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында 632 адам, оның ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның еншілес және тәуелді ұйымдарының 95 қызметкері, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК»АҚ кәсіпорындарымен еңбек қатынастарында тұрмайтын 537 жеке тұлға оқиды. 2023 жылы жоғары оқу орындары мен колледждерде мамандар даярлауға Компания шығыстарының жалпы сомасы 484 284,9 мың теңгені құрады, оның ішінде 329 060,1 мың теңге сомасы Қоғаммен және ЕТҰ-мен еңбек қатынастарында тұрмайтын жеке тұлғаларды даярлауға бағытталған.

Жыл бойынша жалпы шығындар және Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ-мен ынтымақтастық шеңберінде 2023 жылы Қоғамның еншілес кәсіпорындарының лицензиялық-келісімшарттық шарттарының қаражаты есебінен жалпы сомасы 283 166,9 мың теңгеге қаржыландыру жүзеге асырылды. Қ.И. Сатпаев атындағы ҚазҰТЗУ техникалық мамандықтарының 236 студенті халықтың әлеуметтік осал топтарынан.

2023 жылы Қазатомөнеркәсіп білім беру гранттарын беруге бағытталған «Murager» маңызды әлеуметтік жобаларының бірін іске қосты. Бағдарлама Компания қатысатын жергілікті қауымдастықтардың талапкерлерін, колледж түлектерін және бастауыш курс студенттерін қолдауға бағытталған. Қазатомөнеркәсіптің мақсаты аймақтарды дамытуға және жергілікті халықтың білім деңгейін арттыруға, соның ішінде компания кәсіпорындарында кейіннен жұмысқа орналасу мүмкіндігімен техникалық мамандықтарды дәріптеуге өз үлесін қосу болып табылады.

Бағдарлама шеңберінде қатысушылар Қазақстанның техникалық колледждері мен жоғары оқу орындарында басым техникалық мамандықтар бойынша 1 жылға тегін білім беру грантын ала алады. Оқуды сәтті аяқтағаннан кейін грант бойынша қаржыландыру келесі оқу жылына ұзартылады. Білім беру грантын алуға арналған конкурс халықтың әлеуметтік осал топтары үшін де ашық. Конкурс қорытындысы бойынша бағдарлама шеңберінде жалпы сомасы 14 500,0 мың теңгеге 34 білім беру гранты берілді.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ӘЛ-АУҚАТЫ

GRI 401-2

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыскерлердің еңбек жағдайлары мен өмірін жақсарту мақсатында жұмыспен қамту нысанына қарамастан өз персоналы үшін әлеуметтік қолдау шараларын іске асырады. Әлеуметтік саясат компанияның тұрақтылығы мен тұрақты дамуының негізгі элементі болып табылады. Компания қолайлы жұмыс ортасын құрады, өз қызметкерлерін әлеуметтік қорғаудың жоғары деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған қосымша кепілдіктер мен жеңілдіктер береді. Бұл бастамалар персоналдың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған. Әл-ауқаттың корпоративтік бағдарламасы (well being) шеңберінде әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге, қолайлы моральдық-психологиялық климат құруға, әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсартуға және қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған түрлі іс-шаралар іске асырылуда.

Компанияның әлеуметтік саясатының негізгі принциптеріне жататындар:

Қазатомөнеркәсіп еліміздегі жетекші өнеркәсіптік компания бола отырып, әлеуметтік қамсыздандыру және персоналды басқару саясатын іске асыру саласындағы өз тәсілдерін ұдайы жетілдіріп отырады.

2023 жылғы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға арналған шығындар, млрд теңге

2023 жылы Компания әлеуметтік міндеттерді орындауда өзін-өзі жүзеге асыруға және қызметкерлердің әлеуметтік әл-ауқатын қолдауға бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастырды және өткізді: Қазатомөнеркәсіп марафоны, Спартакиада, «Салауатты жүрек ырғағында» акциясы және Денсаулық күндері, Донор күні, экологиялық жобалар, әлеуметтік волонтерлік жобалар, сондай-ақ корпоративтік іс-шаралар мен конкурстар.

Қаржылық әл-ауқатты қамтамасыз етуге, атап айтқанда, қызметкерлердің қаржылық сауаттылығын және ақылға қонымды және саналы қаржылық шешімдер қабылдау үшін қажетті білімді арттыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде Компания қызметкерлердің жеке қаржыны басқару және қаржы құралдарымен танысу саласындағы білім деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар өткізеді. ЕТҰ-ның бірінде пилоттық жоба шеңберінде жеңілдетілген кредит беру бағдарламасы енгізілді.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ҚОЛДАУ

Компанияның ұжымдық шарты қызметкерлердің белгілі бір санаттарын: жалғызбасты ата-аналарды, көп балалы отбасыларды, мүгедек балалардың ата-аналарын, сондай-ақ жұмыстан босатылған кезде жұмыс істемейтін зейнеткерлерді қолдауға ерекше назар аударады. Топ кәсіпорындарында толық және жартылай жұмыспен қамтылған персоналға бірыңғай тәсіл қолданылады.

Әлеуметтік қамсыздандыру шеңберінде жалғызбасты ата-аналарға және үш және одан да көп баланың аналарына (12 жасқа дейінгі) қосымша демалыс беріледі. Көп балалы отбасылар мен мүгедек балалары бар отбасылар (18 жасқа дейін) материалдық қолдау алады.

2023 жылы 347 жұмысшыға ана/әке демалысы берілді, оның 64-і ерлер, 283-і әйелдер.

Жасы немесе мүгедектігі бойынша зейнеткерлікке шығу себебінен жұмыстан шығарылған кезде Компанияның жұмыс істемейтін зейнеткерлеріне медициналық қызмет көрсету және маңызды күндер мен мерекелерге қосымша материалдық көмек көрсетіледі.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ДЕНСАУЛЫҒЫ МЕН ӘЛАУҚАТЫНА ҚАМҚОРЛЫҚ ЖАСАУ

GRI 202-3, 403-6

Қызметкерлердің денсаулығы мен әл-ауқатына қамқорлық жасау «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ негізгі басымдықтарының бірі болып табылады. Осы мақсатта Компания физикалық және психологиялық денсаулықты қолдауға, сондай-ақ қаржылық, әлеуметтік және кәсіби әл-ауқатты арттыруға бағытталған әртүрлі бағдарламаларды әзірледі және жүзеге асырады.

Қазатомөнеркәсіп әрбір қызметкерге өзінің әл-ауқатына саналы көзқарасты дамытуға және жұмыста да, одан тыс жерлерде де салауатты және бақытты өмір салтын жүргізу үшін қажетті дағдыларды игеруге көмектесуге ұмтылады.

Біз жұмысшылардың физикалық жағдайын жақсарту, өмір сүру сапасын жақсарту, денсаулықты сақтау және өнімділікті арттыру үшін пайдалы әдеттерді қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыс жүргіземіз.

2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 20232027 жылдарға арналған «Денсаулықты қорғау 360°» корпоративтік бағдарламасы бекітілді72. Бағдарлама ұзақ мерзімді перспективада «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тұрақты экономикалық қызметін қамтамасыз ету үшін корпоративтік әлеуметтік мәдениеттің негізі ретінде қызметкерлердің денсаулығын нығайту мақсатында әзірленді.

72 Басқарманың 08.06.2023 ж. шешімімен.

Мынадай міндеттер арқылы жүзеге асырылады:

2023 жылы іске асырылған бағдарламалар:

КӘСІПОДАҚТАР ЖӘНЕ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

Қазатомөнеркәсіп өз қызметкерлерінің мүдделерін көрсететін қоғамдық ұйымдарға қатысу құқығын шектемейтін саясатты ұстанады. Топ қызметкерлерінің қоғамдық, саяси, білім беру және қайырымдылық қызметтерінің әртүрлі түрлерімен айналысуға мүмкіндігі бар, бірақ бұл олардың лауазымдық міндеттерін орындауға кедергі келтірмеу және қоғамға зиян келтірмеу керек.

Қазатомөнеркәсіп үшін «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» еңбек заңнамасын сақтауда сенімді әріптес болып табылады және қызметкерлердің мүдделерін белсенді қорғайды. 2023 жылдың соңына қарай «Атом өнеркәсібі қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағына» Топ кәсіпорындарының 13 347 қызметкері кіреді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 1%-ға аз.

Еңбек қатынастарын реттеу және қызметкерлердің әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз ету үшін ұжымдық шарттар жасалады. Осындай шарттар мен қабылданған міндеттемелерді орындау аясында Кәсіподаққа Компания қызметкерлері арасында түрлі іс-шаралар өткізу үшін қаржы қаражаты жыл сайын беріледі. Бұл қаражат медициналық қызмет көрсетуді, әлеуметтік қолдауды ұйымдастыруға, мәдени-бұқаралық және спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізуге, сондай-ақ шипажайлар мен балалар лагерлеріне жолдамалар сатып алуға жұмсалады.

Кәсіподақтарды қолдауға арналған шығындар, млн теңге

ҰЖЫМДЫҚ КЕЛІСІМШАРТ

GRI 2-30, SASB EM-MM-310a.1.

Ұжымдық келісімшарт қызметкерлердің еңбек құқықтарын, экономикалық және әлеуметтік кепілдіктерін қорғауды қамтамасыз етуде, сондай-ақ еңбек қатынастарын реттеуде және компания мен қызметкерлер арасында тиімді диалог орнатуға көмектесуде шешуші рөл атқарады. Ұжымдық келісімшарт үш жыл мерзімге жасалады және үнемі жаңартылып отырады.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерінің 94%-ы ұжымдық келісімшарттарға қол қойды, бұл келісімдердің ұйымда кеңінен қамтылғанын растайды

GRI 402-1

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ұжымдық келісімшартының маңызды элементі қызметкерлерді еңбек шарттарындағы елеулі өзгерістер туралы болжамды өзгерістерден кемінде бір ай бұрын, ал белгілі бір жағдайларда күнтізбелік он бес күн бұрын алдын ала хабардар ету міндеттемесі болып табылады.

Сонымен қатар, Ұжымдық келісімшартта персоналды іріктеуге, корпоративтік мәдениетті қолдауға және қызметкерлермен қарым-қатынасты басқаруға қатысты мәселелер реттеледі. Осы құжатқа сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлердің еңбек жағдайлары мен өмір сүру сапасын әрдайым жақсарту мақсатында персоналды әлеуметтік қолдау шараларын қабылдауда.

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН САҚТАУ ТӘСІЛІ

GRI 2-23

Адам құқықтарын қорғау, әлеуметтік серіктестік, бір-біріне деген өзара құрмет пен сенім және кемсітушіліктің кез келген түрінің алдын алу Компания мен қызметкерлер арасындағы қарым-қатынастың негізгі принциптері болып табылады.

Компаниядағы Адам құқықтарын сақтау саясатына қатысты мәселелерді басқару үшін жауапкершілік Омбудсмен қызметі мен Комплаенс қызметіне жүктеледі.

Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік практикасы адам құқықтары саласындағы танылған халықаралық стандарттар мен бастамаларға негізделеді, мысалы:

Біздің міндеттемелерімізді бекіту және олардың сақталуын қамтамасыз ету үшін 2022 жылы Қазатомөнеркәсіп Адам құқықтары саласындағы саясатты73 әзірлеп, бекітті. Бұл Саясат барлық қызметкерлердің орындауы үшін міндетті және компанияның барлық құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады. Компанияның еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын ұйымдарына осы қағидаттарға сәйкес ұқсас ішкі құжатты әзірлеу және бекіту ұсынылады. Бұл құжатты жасау кезінде біз адам құқықтары жөніндегі халықаралық стандарттарға, мысалы, Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясына, БҰҰ Жаһандық шартының қағидаттарына және т.б. сүйендік. Саясатқа адам құқықтары саласындағы негізгі аспектілер, сондай-ақ ұжымдағы моральдық-әдептілік ахуалын диагностикалау жөніндегі шаралар енгізілді.

73 «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесімен 2022 жылғы 16 маусымда бекітілген.

Адам құқықтары саясаты барлық мүдделі стейкхолдерлерге қол жетімді болу үшін компанияның корпоративтік веб-сайтында және ішкі ресурстарында жарияланған. Сонымен қатар, Холдинг қызметкерлері тұрақты даму бойынша мастер-класстар кезінде оның мазмұнымен танысты.

GRI 408-1

Адам құқықтарын құрметтеу қағидаттарына сүйене отырып, Қазатомөнеркәсіп өзінің серіктестері мен контрагенттерін таңдайды, олармен ынтымақтасады, олардың заңнаманы және Топта қабылданған корпоративтік және іскерлік этика нормаларын сақтауына көз жеткізеді. Компания Топтың әдеп қағидаларын бөлісетін және ұстанатын, сыбайлас жемқорлықты қабылдамайтын, адам құқықтарын құрметтейтін және қызметкерлердің қауіпсіздігі мен денсаулығына қамқорлық жасайтын жеткізушілермен ғана ұзақ мерзімді қарым-қатынас орнатуды жөн көреді. Қазатомөнеркәсіп балалар еңбегін пайдалануға да қатаң қарсы.

GRI 406-1, 409-1, 411-1

2023 жылы Компанияда адам құқықтары саласындағы кемсітушілік немесе басқа да бұзушылықтар тіркелген жоқ. Сондай-ақ мәжбүрлі немесе міндетті еңбек жағдайлары, сонымен қатар байырғы және кіші халықтардың құқықтарын бұзу жағдайлары тіркелген жоқ.

Қазатомөнеркәсіп өз жеткізушілері мен мердігерлерінен өндірістік қауіпсіздік саласындағы заңнама нормаларын және өзінің корпоративтік стандарттарын сақтауды талап етеді. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның барлық келісімдері мен келісімшарттары Компанияның өнім берушілері мен мердігерлерінің кодексіне сәйкес адам құқықтарын сақтау туралы ережелерді қамтиды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Омбудсмен қызметі жұмыс істейді, ол:

Адам құқықтарының (қызметкерлердің) және адам құқықтары саласындағы халықаралық нормалардың сақталуын бақылауды Компанияның комплаенс қызметі, сондай-ақ кәсіподақ ұйымдары жүзеге асырады. Құқықтар бұзылған жағдайда қызметкерлер Компанияның барлық кері байланыс арналарына жүгіне алады.

КОРПОРАТИВТІК МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ ІШКІ КОММУНИКАЦИЯЛАР

Өндіріс тиімділігіне қол жеткізу және Компанияны дамытудың стратегиялық міндеттерін іске асыру нығайтылған корпоративтік мәдениетті құруға баса назар аударудың арқасында жүзеге асырылады. Ұжымда ұйымның негізгі принциптері: қауіпсіздік, жауапкершілік, кәсібилік, даму және командалық рух белсенді түрде алға жылжуда.

Компанияның әрбір қызметкері негізгі құндылықтарды түсінеді және бөліседі, өзін команданың ажырамас бөлігі ретінде көреді және ортақ іске жеке үлес қосады.

Корпоративтік құндылықтарды нығайтуға бағытталған корпоративтік мәдениеттің маңызды бөлігі әлеуметтік волонтерлік болып табылады. Ол ұжымды біріктіреді, қызметкерлердің тартылуын арттыруға ықпал етеді, қолайлы ішкі орта қалыптастырады және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның өзінің әлеуметтік жауапкершілігін сезінетін компания ретіндегі беделін нығайтады.

2023 жылы компания және ЕТҰ қызметкерлері Компания қатысатын аймақтардың елді мекендерінде орналасқан халықтың қорғалмаған топтарын, ардагерлерді, жағдайы төмен отбасыларды қолдауға, жоғары сынып оқушыларына білім беруді қолдауға бағытталған ауқымды волонтерлік жобаларды, экологиялық акцияларды іске асыруды жалғастырды.

Корпоративтік мәдениетті нығайтуда ішкі коммуникациялар шешуші рөл атқарады, оның мақсаты қызметкерлер арасындағы тиімді қатынасты ұйымдастыру, жанжалды жағдайларды реттеу, қызметкерлердің адалдығы мен ниеттестігін нығайту болып табылады. Қызметкерлерді хабардар ету үшін түрлі коммуникациялық арналар, соның ішінде корпоративтік портал, корпоративтік БАҚ: күнделікті жаңалықтар дайджесттері, Компания хабаршысы, QazAtomNews корпоративтік журналы белсенді пайдаланылады.

2023 жылы коммуникацияларды жақсарту үшін мессенджерде 4 мыңнан астам жұмысшыны біріктіретін арна іске қосылды. Бұл арна жұмысшыларға жаңалықтардан хабардар болуға және ақпаратты тікелей дереккөзден алуға мүмкіндік береді.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ІС-ШАРАЛАР

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлердің кәсіби дамуына ғана емес, олардың жеке әлеуетін іске асыруға да мүдделі. Корпоративтік спорттық және мәдени іс-шаралар қызметкерлердің белсенділігін, мотивациясын және Компания өміріне тартылуын арттыруға ықпал етеді.

2023 жылы Компания жетістіктерін көрсетуге, корпоративтік рухты нығайтуға бағытталған ауқымды корпоративтік іс-шаралар өткізілді:

Қызметкерлердің отбасыларына қамқорлық жасау мақсатында ЕТҰ қызметкерлерінің балаларына арналған «Kids талантыңмен таныл» және Жазғы білім беру лагері сияқты маңызды іс-шаралар өткізілді.

ЕТҰ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ БАЛАЛАРЫНА АРНАЛҒАН ЖАЗҒЫ БІЛІМ БЕРУ ЛАГЕРІ

Қызметкерлердің отбасыларын әлеуметтік қолдау және балалардың атом саласына қызығушылығын арттыру мақсатында 2023 жылғы 17-28 шілде аралығында ЕТҰ қызметкерлерінің 100 баласы, жоғары сынып оқушылары үшін IQanat High School of Burabay алаңында жазғы білім беру лагері ұйымдастырылды.

Бағдарламаға қатысу үшін 490 өтінім берілді. Қатысушыларды ашық іріктеу мақсатында прокторинг рәсімімен онлайн тестілеу ұйымдастырылды (Қазақстан тарихы, математика, география, ағылшын тілі және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметі бойынша 45 сұрақ). Тестілеу қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған 100 өтініш беруші осы бағдарламаның қатысушылары болды.

10 күн бойы балалар тілдерді, бағдарламалауды, қаржылық сауаттылықты, мобилографияны және СММ ғана емес, сонымен қатар көшбасшылық дағдыларды да нығайтты. Сондай-ақ лагерь аясында кәсіптік бағдар беру сабақтары өтті.

Жоба аяқталғаннан кейін бағдарлама қатысушыларынан да, олардың ата-аналарынан да көптеген оң пікірлер алынды.

ІШКІ БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУ

GRI 2-26

Компанияда бірнеше кері байланыс арналарын қамтамасыз ететін тиімді ішкі байланыс жүйесі бар.

Коммуникацияның негізгі арнасы Компанияның Интернет-ресурсы – kazatomprom.kz болып табылады, мұнда сыртқы мүдделі тараптар жазбаша өтініш немесе шағым қалдыра алады, сондай-ақ телефон байланысы үшін «жедел желін» пайдалана алады.

Компания төмендегі жолдармен кері байланыс мәдениетін белсенді түрде дамытуда:

Өтініштердің мониторингі мен талдауын Қазатомөнеркәсіптің орталық аппаратына тоқсан сайын есеп беретін Топ кәсіпорындары жүзеге асырады. Әрбір өтінішті талдағаннан кейін бұзушылықтардың жойылуын бақылау және тиісті ұсынымдар беру жүргізіледі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ішкі коммуникациялар жүйесі қызметкерлерді Топтағы өзекті оқиғалар туралы уақтылы хабардар етуді қамтамасыз ететін және ұжымда қолайлы атмосфераны сақтауға жәрдемдесетін басты құрал болып табылад

Компания қызметкерлер үшін ірі ұйымдастырушылық іс-шаралардың (корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған іс-шаралар, ұжыммен басшылықтың кездесулері, жиналыстар) гибридті форматын (офлайн және онлайн) қолданады.

Компания жобалары туралы қызметкерлерді хабардар ететін «Қазатомөнеркәсіптің РИТМ» бағдарламасы жұмыс істейді.

Қызметкерлердің ағымдағы жағдай және сала үшін маңызды оқиғалар туралы хабардар болуы электрондық пошта арқылы, яғни басшылық атынан тұрақты ақпараттық таратулар мен өтініштер, сондай-ақ электрондық «QazAtomNews» корпоративтік журналы арқылы жүргізіледі.

ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІҢ ҚАНАҒАТТАНУ ЖӘНЕ ҚАТЫСУ ДЕҢГЕЙІ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның корпоративтік мәдениетті дамыту, әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін арттыру, материалдық сыйақы, мотивация және персоналдың қатысуы саласындағы бағдарламалары мен бастамалары әзірленген жоспарларға сәйкес іске асырылады және оны Компанияның барлық қызметкерлері қолдайды.

Қызмет нәтижелерінің жыл сайынғы оң бағалары әлеуметтік тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша жүйелі зерттеулермен расталады. 2023 жылы «Әлеуметтік өзара әрекеттесу және коммуникациялар орталығы» ЖМ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тобының 21 кәсіпорнында Samruk Research Service (SRS) әлеуметтік тұрақтылық деңгейін анықтау бойынша зерттеулер жүргізді. SRS қызметкерлердің бағалауы және олардың индекстің құрамдас бөліктеріне жеке қабылдауы негізінде есептеледі. SRS үш компонентті қамтиды:

2023 жылғы зерттеулердің қорытындысы бойынша Samruk Research Services зерттеуі шеңберінде Топтағы әлеуметтік тұрақтылық көрсеткіші 74% құрады, бұл қолайлы деңгейге сәйкес келеді. 2023 жылдың 1 жартыжылдығындағы нәтижелермен салыстырғанда әлеуметтік тұрақтылық деңгейі 4%-ға, ал 2022 жылмен салыстырғанда 2%-ға төмендеді. Бұдан басқа, осы зерттеу шеңберінде әлеуметтік тыныштық индексі айқындалады, ол 2023 жылдың қорытындысы бойынша 84% (қолайлы деңгей) құрады.

Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік тұрақтылық деңгейін дамыту және жақсарту мәселелеріне жүйелі көзқарас мақсатында әлеуметтік тұрақтылық деңгейін жақсартуға, еңбек жанжалдары мен наразылық көңіл-күйінің алдын алуға ықпал ететін іс-шаралар кешенін іске асыруда. Samruk Research Services зерттеуінің жыл сайынғы оң нәтижелерімен расталатын іске асырылатын іс-шаралардың тиімділігін назарға ала отырып, 2024 жыл ішінде Компания корпоративтік мәдениетті дамыту, әлеуметтік-еңбек жағдайларын жақсарту, қауіпсіздік деңгейін, материалдық сыйақыны арттыру, қызметкерлерді ынталандыру және тарту саласындағы жүйелі іс-шараларды іске асыруды жалғастырады. Бұл ретте, Қазатомөнеркәсіп әлеуметтік тұрақтылық пен қызметкерлерді тартудың қолайлы деңгейін, бірақ көрсеткіштің 70% деңгейінен төмен болмауын қамтамасыз етуге ұмтылады.

2024 ЖЫЛҒА ЖӘНЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМГЕ АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2024 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлерді қолдау бағдарламасын іске асыруды жалғастырады, кадрлық әлеуетті сақтап, дамытады және қызметкерлердің қатысу деңгейін, оның ішінде жұмыс берушінің брендін дамыту жөніндегі іс-шаралар есебінен қолдайтын болады.

Компания еңбекақы төлеу және материалдық көтермелеу жүйесінің тиімділігін жақсартуға бағытталған жұмысты жалғастыруды, персоналды басқару саласындағы процестерді автоматтандыруды жүзеге асыруды, басқарушы персоналдың сабақтастығы мен көшбасшылықты дамыту бағдарламаларын іске асыруды, еңбекақы төлеуді жүйелеуді, сондай-ақ еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған іс-шараларды жоспарлайды.

Компанияның басымдықтарына сәйкес әлеуметтік әріптестік өкілдері ретінде кәсіподақтармен жұмысты кеңейту, ұжымдық шарттарға өзгерістер енгізу, сондай-ақ әлеуметтік тұрақтылықты қолдау, келіссөздер мәдениетін дамыту және ішкі коммуникациялардың тиімділігін арттыру бойынша іс-шараларды жүзеге асыру жоспарлануда.

Қызметкерлердің еңбек жағдайларына қанағаттануын арттыру мақсатында 2024 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ мен заңды тұлғалардың өндірістік қатынастарын дамыту жөніндегі Корпоративтік стандартында белгіленген регламентке сәйкес әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жақсарту жоспарлануда, елу пайыздан астам дауыс беретін акцияларының (қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на тиесілі.

Жергілікті қауымдастықтарды қолдау

БАСҚАРУ ТӘСІЛІ

GRI 3-3

Қатысу аумақтарын қолдау және дамыту Компанияның негізгі әлеуметтік жауапкершілігі болып табылады. Қазатомөнеркәсіп жұмыс орындарын ашады, салық төлейді және жергілікті қоғамдастықтарда әлеуметтік-экономикалық әріптестік бағдарламаларын іске асырады. Компанияның мүдделі тараптармен өзара әрекеттесуі бізге қоғамдағы жақсы беделді сақтауға көмектеседі.

Қазатомөнеркәсіптің әлеуметтік бағдарламалары ағымдағы әлеуметтік мәселелерді шешуге, жергілікті халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға және экономикалық өсуді қолдауға бағытталған. Топ әлеуметтік инвестициялардағы ашықтық қағидатын ұстанады және Компания жобаларын іске асырудың барлық кезеңдерінде мүдделі тараптармен белсенді өзара әрекеттеседі.

Сыртқы әлеуметтік саясат пен жергілікті қауымдастықтармен өзара әрекеттесу үшін жетекшілік ететін басшы – HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас директор жауап береді.

2023 жыл ішінде Компания қызмет аймақтарымен ұзақ мерзімді тиімді байланыстар құруға және әлеуметтік жауапты кәсіпорын ретінде имиджді нығайтуға бағытталған іс-әрекеттерді тұрақты түрде жүзеге асырды.

«Қазатомөнеркәсіп» Компания өз қызметін жүргізетін аймақтардың әлеуметтік-экономикалық саласының өркендеуі мен дамуына келесі жолдармен елеулі үлес қосады:

  • салық салу арқылы жергілікті бюджеттерге маңызды қаржы қаражатын беру;
  • жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттарға сәйкес аймақтардың бюджеттеріне төлемдер;
  • жергілікті тұрғындар үшін жұмыс орындарын құру.
2,264
млрд теңге
Қазатомөнеркәсіп 2023 жылы жер қойнауын пайдалануға және әлеуметтікэкономикалық дамуға, сондайақ инфрақұрылымды дамытуға арналған келісімшарттар бойынша міндеттемелерді орындау шеңберінде қатысушы аймақтардың бюджеттеріне аударды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қатысу аймақтарын дамытуға қосқан экономикалық үлесінің негізгі көрсеткіштері

ДЕМЕУШІЛІК ЖӘНЕ ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІ

GRI 413-1

Жергілікті қоғамдастықтармен өзара әрекеттесу үшін ЕТҰ-ның әлеуметтік жобаларды өз бетінше іске асыруға өкілеттігі бар. ЕТҰ қатысушы аймақтардың қайырымдылық науқандары мен мәдени өміріне белсенді қатысады, балалар үйлеріне, көпбалалы отбасыларға көмек көрсетеді, аудандарды абаттандыру мәселелерінде халықты қолдайды, экологиялық акцияларға, сенбіліктерге, қоғамдық іс-шаралар мен мерекелерді ұйымдастыруға қатысады.

Компанияның қайырымдылық және демеушілік көмегі аясында ЕТҰ-да қоғамдастықтарды дамыту бойынша бастамалар іске асырылуда. Бұл бағдарламалар әкімдіктің, «Ақсақалдар кеңесінің» және волонтерлердің қатысуымен жергілікті тұрғындар мен осал топтардың қажеттіліктері негізінде іске қосылады. Компанияда жедел желі жұмыс істейді, ол бойынша сыртқы мүдделі тұлғалардан өтініштер де қабылданады.

ӘЛЕУМЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛАР

GRI 202-3

Жыл сайын Қазатомөнеркәсіптің кәсіпорындары Компания өз қызметін жүргізетін аймақтарда әлеуметтік-экономикалық инфрақұрылымды дамыту үшін маңызы зор әлеуметтік жобаларды жүзеге асырады. Бұл жобалар Қазатомөнеркәсіп қызметкерлерінің, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.

2023 жылы бірқатар әлеуметтік маңызды жобаларға бастамашылық жасалды, олардың ішінде мәдениет үйінің құрылысын қаржыландыру, балалардың ойын және спорт алаңдарын салу, оқу жабдықтарын сатып алу, елді мекендерді абаттандыру, халықтың әлеуметтік осал топтарына: көмір, азық-түлік себеттері, мектеп керек-жарақтары, сыйлықтар сатып алу, сондай-ақ басқа да бірқатар әлеуметтік бастамалар түрінде қаржылық көмек көрсету.

GRI 203-1, 413-1, SASB EM-MM-210b.1

2023 жылы сыртқы әлеуметтік бағдарламаларға инвестициялар, млн теңге

580
млн теңге
2023 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыруға жиынтық сомасы ретінде бөлінді

Әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту

Қызмет аймақтарындағы негізгі мәселелерді анықтау және оларды шешуге көмектесу, сондай-ақ әлеуметтік инфрақұрылымды жақсарту Қазатомөнеркәсіптің сыртқы әлеуметтік стратегиясының маңызды аспектілері болып табылады.

2023 жыл ішінде Қазатомөнеркәсіптің кәсіпорындары «КАТКО» БК ЖШС, «ОРТАЛЫҚ» БК» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС) Түркістан облысы Созақ ауданының елді мекендерінде көшелерді жарықтандыру, тротуар жолдарын орнату, учаскелерді көгалдандыру және аллеяны қайта жаңарту бойынша жобаларды іске асырды. Жобаларды іске асыруға 115,6 млн теңге бағытталды.

Білім беруді қолдау

2023 жылы Компания «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жұмыс істейтін аймақтар мектептерінің жоғары сынып оқушылары үшін көшбасшылық әлеуетті дамыту бойынша SANA Ақпараттық лагерін ұйымдастырды. Лагерьдің негізгі мақсаты – оқушыларды кәсіптік бағдарлау шеңберінде оқыту және ақпараттық іс-шаралар арқылы жеке құзыреттіліктер мен көшбасшылық қасиеттерді, сондай-ақ эмоционалды интеллектті дамыту. Іс-шара өндірістік бағыттар бойынша техникалық мамандықтарды дәріптеуге және жергілікті тұрғындар тарапынан Қазатомөнеркәсіптің HR-брендіне деген сенімді нығайтуға бағытталған.

2023 жылы лагерь Түркістан облысының Шолақорған, Қызымшек, Тасты ауылдарында, сондай-ақ Қызылорда облысының Шиелі ауылында өткізілді. Лагерьге мына мектептерден барлығы 440 оқушы қатысты:

Денсаулық сақтау саласындағы жобалар

Компания жүзеге асыратын денсаулық сақтау бастамалары медициналық мекемелердің жұмысын қолдауға және жақсартуға, сондай-ақ неврологиялық аурулары бар балаларға медициналық тексерулер ұйымдастыруға бағытталған.

«КАТКО» БК ЖШС Түркістан облысы Шу ауылындағы медициналық орталықты күрделі жөндеуге қаражат бөлді.

Спортты қолдау жобалары

Спортты қолдау Қоғам кәсіпорындарының әлеуметтік жобаларды іске асыру мәселелерінде маңызды бағыт болып табылады. «КАТКО» БК ЖШС және «Байкен-U» ЖШС-нде спорттық және ойын алаңдарын, баскетбол алаңын және көше воркаут-алаңын салу жобаларына, сондай-ақ Қоғам қатысатын аймақтарда шахмат мектебінің жұмысын ұйымдастыруға 113,8 млн теңге көлемінде қаражат бөлінді.

Мәдениетті қолдау жобалары

Мәдениет саласындағы жобалармен Қызылорда және Түркістан облыстарының елді мекендері қамтылған. Қызылорда облысының Жаңақорған ауданы «Байкен-U» ЖШС-не «Қорасан Ата» өлкетану мұражайын салуға көмек көрсетілді, ал Түркістан облысы Созақ ауданы «Буденовское» БК» ЖШС-не жер қойнауын пайдалануға келісімшарттық міндеттемелер шеңберінде 75 орындық мәдениет үйін салуға мақсатты ақшалай қаражат бөлінді. Аталған жобаларға жұмсалған жиынтық шығындар 109,7 млн теңгені құрады.

Қайырымдылық

Компания әлеуметтік қолдауға белсенді қатысады, мұқтаж жандарға мақсатты көмек көрсетеді, жұмысшылар мен белсенді азаматтарды аймақтардағы әлеуметтік міндеттерді шешуге тартып, әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыруға ықпал етеді.

2023 жылы көптеген маңызды әлеуметтік жобалар іске қосылды, олардың ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарына: көмір, азық-түлік себеттері, мектеп керек-жарақтары, сыйлықтар алу, сондай-ақ басқа да бірқатар әлеуметтік маңызды бастамалар түрінде қаржылық көмек көрсету.

Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіп ардагерлер мен зейнеткерлерді – Компанияның бұрынғы қызметкерлерін қолдауға ерекше назар аударады. Жеңіс Күнін мерекелеу құрметіне сала кәсіпорындарында Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін құрметтеу бойынша іс-шаралар өткізілді: сыйлықтар берілді, қажетті көмек көрсетілді.

Осы бағыт бойынша жалпы сома 231,3 млн теңгені құрайды.

2024 ЖЫЛҒА ЖӘНЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМГЕ АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

2024 жылға келесі бағыттар бойынша әлеуметтік жобаларды іске асыру жоспарланған:

Жеткізу тізбегі

БАСҚАРУ ТӘСІЛІ

GRI 2-6, 3-3

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қазақстан Республикасының ұлттық операторы және табиғи уран өндіруде әлемдік көшбасшы болып табылады. Компания бизнестің кең географиясы мен ауқымына ие, сондықтан сатып алудың оңтайлы шарттарымен бірге қажетті ресурстарға қажеттіліктерді тиімді, уақтылы және толыққанды қамтамасыз етуге ерекше назар аударады.

Сатып алуға жауапты тәсіл өзара тиімді серіктестік қатынастарды дамытуға, жеткізушілермен және мердігерлермен өзара әрекеттесу тиімділігін арттыруға, сондай-ақ жеткізу тізбегі шеңберінде сатып алу қызметін бақылау мен ашықтықты ұдайы жақсартуға ықпал етеді.

Сатып алу бөлігіндегі Топтың негізгі басымдықтары:

Сатып алу қызметін басқаруға жауапты сатып алу департаменті Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі Бас директордың басшылығында болады. Жауапты департамент сапаны, уақтылықты, қауіпсіздікті, өнімділікті және әртүрлі нысандарда тәуекелдерді азайтуды қамтамасыз ету арқылы бизнес үшін құндылық құруды барынша арттыруға тырысады. Ол үшін Қазатомөнеркәсіп Сатып алу департаменті қызметкерлерінің кәсіби құзыреттерін үнемі кеңейтіп, жаңа технологиялық шешімдерді енгізеді.

Сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазатомөнеркәсіп «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының және дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-на меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тиесілі заңды тұлғалардың сатып алуды жүзеге асыру тәртібін74» басшылыққа алады.

74 «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №193 шешімімен бекітілген.

Қазатомөнеркәсіптің қажеттілігін қанағаттандыру бойынша сатып алу процестері жеткізушілермен белгіленген қағидалар шеңберінде құрылған, олар мүлтіксіз сақталады. Сатып алу процестері zakup.sk.kz жүйесінде автоматтандырылған. Сатып алу тәсілін айқындау кезінде жариялылық пен ашықтық қағидаттарын ұстана отырып, конкурстық сатып алуларға артықшылық беріледі. Бұдан басқа, мемлекеттің қолдауымен отандық өндірушілерге ерекше көңіл бөлінеді, импортты алмастыруды қолдау және жаңа өндірістерді дамыту бойынша белсенді қызмет жүргізілуде.

Компания үшін стратегиялық маңызды тауарларды ірі жеткізушілермен сатып алу тәртібі шеңберінде ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастық орнатылды, үздіксіз өндіріс үшін барлық жеткізу тізбектері пысықталды, логистика мен сақтау жүйесі жөнге келтірілді. Бизнесті жауапты жүргізу жөніндегі барлық талаптар жасалған келісімшарттарда көрсетіледі және жеткізушілермен де, Компаниямен де орындалады.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚНЫҢ 2023 ЖЫЛҒЫ САТЫП АЛУ ҚЫЗМЕТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Қазатомөнеркәсіптің Компаниялар тобы бойынша сатып алу жоспарларының жалпы сомасы 339,6 млрд теңгені құрады. Жасалған келісімшарттардың сомасы 314,3 млрд. теңге болды. Бұл ретте сатып алу жоспарларын игеру 92,5%-ды құрайды.

Бір көзден (БК) алу тәсілімен өткізілген сатып алулардың жалпы сомасы – 106,4 млрд теңгені немесе өткізілген сатып алулардың жалпы сомасының 33,8%-ын құрады.

Конкурстық тәсілмен өткізілген сатып алулардың жалпы сомасы – 207,9 млрд теңгені немесе өткізілген сатып алулардың жалпы сомасының 66%-ын құрады.

Конкурстық сатып алу үлесін ұлғайту үшін Компания әлеуетті жеткізушілермен тендерлік құжаттаманы рәсімдеу және беру шарттарымен таныстыру үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Бұл ретте Компания жеткізушілерге қойылатын артық талаптарды қоспайды және өндірістік процеске әсер етпейтін әкімшілік шығыстарды қысқартады.

Сонымен қатар, үздік әлемдік тәжірибелерге сәйкес сатып алу процесін жетілдіру шеңберінде 2023 жылы Компания жеткізушілер үшін сапа менеджменті жүйесі, экология, жеткізу тізбегінің қауіпсіздігі, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және т. б. бойынша сұрақтарды қамтитын ESG жауап алу сауалнамасын әзірледі. ESG жауап алу сауалнамасын толтыру бойынша жеткізушінің міндеттемелері Қазатомөнеркәсіптің Тауарларын сатып алу, жұмыс пен қызметтерін көрсету үлгілік келісімшартқа енгізілген. Қоғам жеткізушілері толтырған ESG жауап алу сауалнамаларында көрсетілген талдау негізінде Компания өз жеткізушілерінің ESG-практикаларын дамытудың ішкі талдауын жүргізуді жоспарлап отыр.

САНАТТЫ САТЫП АЛУДЫҢ ЖОСПАРЛЫ ЖӘНЕ НАҚТЫ ПАЙДАСЫ (СБС)

2023 жылы осы жылға арналған Сатып алу жоспарына сүйене отырып, Компания үш сатып алу санаттық стратегиясын сәтті жүзеге асырды.

14,5
млрд теңгені
2023 жылы Топ бойынша санатты сатып алудың нақты көлемі құрады.

Сатып алу санаттық стратегияларын іске асыру қорытындысы бойынша 2,57 млрд теңге мөлшерінде нақты пайдаға қол жеткізілді.

Компанияның 2023 жылғы санаттық стратегиялары:

  • Құбыр өнімдері
  • IT жабдықтары
  • Арнайы киім

ЖЕРГІЛІКТІ ӨНДІРУШІЛЕРДІ ҚОЛДАУ

GRI 202-3, 204-1

Отандық жеткізушілерді қолдау бойынша және мемлекеттік саясатқа сәйкес белсенді жұмыс жүргізілуде.

2023 жылы Компания отандық жеңіл, жиһаз, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындары өндіретін тауарларды, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ тізбесінде тұрған тауар өндірушілерден құрылыс, көлік жасау, химиялық және целлюлоза-қағаз өнімдерінің түрлерін өндіру саласындағы тауарларды сатып алуды қамтамасыз етуді бақылауды жалғастырды.

Белгіленген көрсеткіштерге сәйкес, ҚЗЭ бойынша сатып алулардағы елішілік құндылық үлесі 72% құрайды (2024 жылғы 21 ақпандағы жағдай бойынша есеп).

Есепті кезеңде Жаңа өндірістерді құруға жәрдемдесу бағдарламасына сәйкес жалпы сомасы 1,2 млрд теңгеге 50 оффтейк-келісімшарттары жасалды.

Отандық тауар өндірушілерді қолдау үшін «Самұрық-Қазына Контракт» ЖШС алаңында Компанияның ЕТҰ қатысуымен Орталық жобалау кеңсесі жұмыс істеуді жалғастыруда, оның шеңберінде тауар өндірушілермен оффтейк-келісімшарттар жасалады. Сондай-ақ, саланың қажеттіліктеріне бейімделген жаңа отандық тауар өндірушілерді іздеу бойынша жұмыстар тұрақты негізде жүргізілуде.

2023 жылы тауарлар мен жұмыстарға/қызметтерге жеке көрсеткіштерді белгілей отырып, елішілік құндылық үлесін есептеу тәсілі өзгерді.

Осылайша, 2023 жылы мына көрсеткіштерге75 қол жеткізілді:

Тауарлар бойынша елішілік құндылық үлесі 60% құрады

Жұмыстар/қызметтер бойынша елішілік құндылық үлесі 91%-ға жетті

75 Деректер 2024 жылғы 23 қаңтардағы жағдай бойынша көрсетілген.

2023 жылы жергілікті өндірушілердің күкірт қышқылын жеткізу тапшылығына байланысты тауарлар бойынша елішілік құндылық үлесінің төмендеуі байқалады.

Аймақтар бойынша жеткізушілер

2023 жылы жергілікті жеткізушілердің үлесі 98% құрады. Жергілікті жеткізушілерден сатып алынған тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің үлесі 99% құрайды.

2024 ЖЫЛҒА ЖӘНЕ ҚЫСҚА МЕРЗІМГЕ АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР:

Ақпарат, талдау және деректер еншілес және тәуелді компаниялар, олардың дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) 50%-ы және одан көп бөлігі меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен тікелей немесе жанама түрде «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі.

Ғылым және инновация

ҒЫЛЫМИ ЖӘНЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІН БАСҚАРУ

Ғылыми зерттеулер мен инновациялық қызмет Қазатомөнеркәсіптің өндірістік көлемдерді қолдауға, операциялық тиімділікті арттыруға және қоршаған ортаға теріс әсерді барынша азайтуға қатысты стратегиялық мақсаттарына қол жеткізуде шешуші рөл атқарады.

Қазақстанның уран өнімінің құны мен ғылыми құрамдас бөлігін ұлғайтуға бағытталған ғылыми зерттеулер мен инновацияларды басқару жөніндегі стратегиялық міндеттерді іске асыруға негізгі үлесті төмендегі ұйымдар жүзеге асырады:

Ғылыми-технологиялық қызметті жалпы үйлестіруді, зияткерлік меншікті басқару мен коммерцияландыруды «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Ғылыми-техникалық жобалар департаменті жүзеге асырады.

Ғылыми-техникалық даму:

2023 жылғы нәтижелер

Қоғамда және оның ЕТҰ-да 422 қызметкер ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық қызметымен айналысады. Қоғамда ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық институты («Жоғары технологиялар институты» ЖШС), сондай-ақ кәсіпорындардың ғылыми-өндірістік бөлімшелері («Үлбі металлургия зауыты» АҚ ҰО, «Волковгеология» АҚ ОТӘЭ) бар.

1,372 млрд теңге (ҚҚС-сыз) – 2023 жылы Қазатомөнеркәсіп және оның ЕТҰ жасаған ҒЗТКЖ келісімшарттарының жалпы сомасы, оның ішінде 24 келісімшартты ЕТҰ (1,332 млрд теңге) және 1 келісімшартты Қазатомөнеркәсіп (0,040 млрд теңге) жасасты. Сондай-ақ, 2023 жылы өткен жылдардан (жалпы сомасы 5,467 млрд теңгеге) ауысатын 39 келісімшарт бойынша жұмыстар жүргізілді.

2023 жылы 2,623 млрд теңге актіленді, оның ішінде Қазатомөнеркәсіптің үлесі – 0,151 млрд теңге және ЕТҰ үлесі – 2,472 млрд теңге.

Ғылыми-технологиялық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында 2023 жылы пайдалы модельдерді пайдалануға құқық беру туралы мына 3 келісімшартқа қол қойылды:

Бұдан басқа, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ зияткерлік меншік объектілерін коммерцияландыру бойынша жұмыстар тұрақты негізде жалғасуда.

Сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен оның еншілес және тәуелді ұйымдары («АППАК» ЖШС және «Байкен-U» ЖШС) арасында «Табиғи уран концентратын алу тәсілі» пайдалы моделін пайдалану құқығын беру туралы лицензиялық келісімшарттарға қол қою бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Ғылыми әзірлемелер

Топтың ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарының көпшілігі (ҒЗТКЖ) өндірістік процестерді жақсартуға және жаңартуға бағытталған. 2023 жылы бірнеше маңызды ҒЗТКЖ жобалары іске қосылды:

Жобалар Сипаттама
Ұңғымалық сорғы жабдықтарын басқаруға арналған бағдарламалық өнімді әзірлеу
  • Осы ҒЗТКЖ-ны орындау нәтижесінде бірнеше сүңгуір ұңғыма сорғысын бір уақытта жеке тәртіппен, көп арналы СБШ басқаруға арналған бағдарламалық жасақтаманы әзірлеу арқылы басқарудың кешенді технологиялық міндеті шешілді. Зияткерлік меншік объектілері рәсімделді.
  • «Орталық» ПД» ЖШС «Орталық Мыңқұдық» кенішінде игеруге далалық сынақтар жүргізілді. Далалық сынақтар батырмалы ұңғыма сорғыларын жеке басқаруға және келесі міндеттерді шешуге арналған әзірленген техникалық шешімнің жұмыс қабілеттілігін растады:
    • бір көп арналы ШУН арқылы параллельді ретпен батырмалы ұңғыма сорғыларын жеке басқару;
    • барлық ұңғыма сорғылары үшін технологиялық параметрлерді бір уақытта орнату;
    • технологиялық процесті бақылаудың жеделдігін арттыру;
    • технологиялық блоктарда тау-кен дайындау жұмыстарын жүргізуді оңтайландыру.
  • Өндіру кәсіпорындарында әзірлемелерді тираждау жоспарлануда.
Пайдаланылған технологиялық ұңғымалардан минималды ақаулары бар қаптама құбырларын алу технологиясын әзірлеу және оларды одан әрі пайдалану бойынша ұсыныстарды әзірлеу
  • ҒЗТКЖ іске асыру шеңберінде уран кеніштері жағдайында ұңғымалардан құбырларды алудың техникалық шешімі, құрылғысы, шығару әдістемесі және қайталама пайдалану жолдары әзірленетін болады.
  • 2023 жылы қаптама құбырларын алу үшін техникалық құралдар жасалды, қауіпсіздендіретін ерітіндінің құрамы әзірленді. Қаптама құбырларын алу бойынша далалық сынақтар, құбырларды қауіпсіздендіру бойынша тәжірибелік жұмыстар және құбырларды радиологиялық талдау жүргізілді. Жұмыс 2024 жылға дейін жалғасады.
Гибридті жууды және технологиялық параметрлердің деректерін берудің автоматтандырылған онлайн жүйесін қолдану мүмкіндігімен уран кен орындарына арналған жаңа буынның бірыңғай модульдік бұрғылау агрегатын, прототипін әзірлеу және дайындау
  • Жұмыстың мақсаты бұрғылау қондырғысын жобалауға арналған жабдықтардың, механизмдер мен қондырғылардың ең қолайлы техникалық сипаттамаларын таңдай отырып, жаңа бірыңғайланған бұрғылау білдегін әзірлеу болып табылады.
  • 2023 жылы бұрғылау қондырғысының тәжірибелік үлгісін дайындау үшін конструкторлық-техникалық құжаттама мен сызбалар әзірленді және бұрғылау қондырғысының жекелеген тораптары дайындалды. Жұмыстар 2025 жылға дейін жалғасады.
Ғылыми-техникалық жобалар департаменті сирек және сирек жер металдары бойынша бірқатар ҒЗТКЖ жобаларына бастамашылық жасады:
Уран сорбциясының аналық ерітінділерінен скандийді ілеспе алу кезінде нанофильтрация әдісін қолдану бойынша іздеу зерттеулері
  • Жұмыстың мақсаты уран сорбциясының аналық ерітінділерінен (УСА ерітінділері) немесе нанофильтрациялық жабдықты қолдана отырып, алдын ала өңделген УСА ерітінділерінен скандий концентраттарын алу кезінде шығындарды азайту мүмкіндігін анықтауға бағытталған іздеу зерттеулері болып табылады.
  • Бүгінгі таңда УСА-дан скандий алудың баламалы технологияларын және осы бағыт бойынша жұмыстарды жалғастыру нұсқаларын іздеу бойынша жұмыстар жалғасуда.
Заречное кен орнында уран өндіру кезінде сорбция аналықтарынан ванадий алу мүмкіндігін бағалау
  • Бұл жұмыстың мақсаты уран кенішін жерасты ұңғымалық шаймалау әдісімен өңдеу кезінде сорбцияның аналық ерітінділерінен ванадий мен басқа да құнды компоненттерді ілеспе алудың технологиясын таңдау және табыстылығын бағалау болып табылады.
  • Бүгінгі таңда уран өндіру кезінде сорбция аналықтарынан ванадий алудың баламалы технологияларын және осы бағыт бойынша жұмысты жалғастыру нұсқаларын іздеу жұмыстары жалғасуда
Ресурстардың әлеуетін бағалау, пайдаланылған және жұмыс істеп тұрған уран кен орындарының блоктарынан алтын мен ілеспе бағалы металдарды алу технологиясын әзірлеу және сынау
  • Бұл жоба алтын, скандий, германия, СЖМ және ілеспе құнды компоненттер ресурстарының әлеуетін бағалауға және Семізбай кен орнында пайдаланылған уран блоктарынан ЗиПЦК алу технологиясын таңдау негіздемесіне бағытталған 2 жұмысқа бөлінген.
  • Әзірленіп жатқан технологияны пайдалану консервацияланған технологиялық ұңғымалардан алтын концентраты, платина тобындағы металдар және СЖМ түрінде қосымша өнім алуға мүмкіндік береді.
ЕТҰ-да пайдаланылған ион алмастырғыш шайырларды олардан бағалы компоненттерді, атап айтқанда СМ және СЖМ-ді ілеспе алумен байланысты кәдеге жарату технологиясын әзірлеу
  • ҒЗТКЖ-ның негізгі мақсаты қираған иониттен туындаған ҚОН көлемін 3-5 есе азайту, олардан қалдық уран мен басқа да құнды компоненттерді ілеспе алу болып табылады.
  • 2023 жылы оңтайлы температура мен терең кептіру режимдері таңдалды, пешті жаңғырту орындалды және пештің тәжірибелік моделінде тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар жүргізілді.
2023 жылы өндірістің экологиялық қауіпсіздігін жақсартуға бағытталған бірнеше зерттеулермен жұмыс жалғасты:
Тұрақты даму мақсатында кешенді экологиялық және әлеуметтік зерттеулер жүргізу (GRI стандарттары)
  • Алынған нәтижелер өндірістік қызметтің экологиялық және әлеуметтік тұрақтылығы салаларында тәуекелге бағдарланған басқаруға көшуге, сондай-ақ көпжылдық бақылаулар мен жедел бақылауға сүйене отырып, өндірістік процестердің экожүйелердің жай-күйіне әсерін динамикада бағалауға мүмкіндік береді.
  • Жобаны орта мерзімді және ұзақ мерзімді (20 жылға дейін) перспективада іске асыру нәтижелері уран өндіруші кәсіпорындардың өндірістік қызметтің салдарын жоюға арналған шығындарын барынша азайтуға, апаттық жағдайларды, экологиялық және әлеуметтік тәуекелдерді азайту есебінен тұтастай алғанда қоршаған ортаны қорғауға арналған шығындарды қысқартуға, өзара әрекеттесу деңгейін арттыруға және мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы билік органдарымен және халықпен қоршаған ортаны қорғау саласында сындарлы диалог орнатуға мүмкіндік береді.
  • 2023 жылы тау-кен бөлу аумағындағы, іргелес аумақтардағы, эталондық учаскелердегі және елді мекендердегі НҚ объектілерінің жай-күйіне экологиялық мониторинг жүргізілді, сондай-ақ өндірістік объектілердегі және оларға іргелес аумақтардағы биоалуантүрліліктің жай-күйін бағалау жүргізілді. Жұмыс 2022 жылы басталып, 2024 жылға дейін жалғасады.
Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексіне және GRI стандарттарына сәйкес кәсіпорында өндіріс және тұтыну қалдықтарымен жұмыс істеу процестерін оңтайландыру бойынша зерттеулер жүргізу
  • Жобаны іске асыру нәтижесінде қалдықтарды қайта пайдалану және қайта өңдеу технологиялары әзірленетін болады, сондай-ақ қалдықтарды басқару жүйелері жетілдірілетін болады, бұл жалпы алғанда қалдықтардың туындау деңгейін 15%ға төмендетуге және жобаны іске асырғаннан кейін 5 жыл ішінде қалдықтарды қайта пайдалану деңгейін 20%-ға арттыруға мүмкіндік береді. ҒЗЖ-ны іске асыру көміртегі бейтараптығына қол жеткізу құралы болады. Қалдықтармен жұмыс істеу кезінде көміртегі ізі айқындалады, парниктік газдар шығарындыларын 10%ға төмендету бойынша ұсыныстар әзірленеді.
  • 2023 жылға ӨТҚ-ны қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың қолданыстағы тиімді технологияларына талдау жүргізілді, оларды кәсіпорында қайта пайдалануды бағалау және өндіруші кәсіпорындар өндірісінің ерекшелігін ескере отырып, ӨТҚ-мен жұмыс істеудің оңтайлы технологияларын таңдау жүргізілді. Жұмыс 2022 жылы басталып, 2024 жылға дейін жалғасады.

2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен «Орано Майнинг» арасында жасалған келісімшарт аясында келесі бағыттар бойынша ҒЗТКЖ бірлескен жобаларында жұмыс басталды:

Сондай-ақ, 2023 жылы СМ және СЖМ саласындағы Ғылыми-технологиялық даму бағдарламасы аясында аммоний перренатын алу бойынша мобильді қондырғыны технологиялық жобалау бойынша жұмыстар жүргізілді. Бұл жұмыстың мақсаты техникалық тазалықтағы аммоний перренатын (Re 60%-дан кем емес) алу үшін мобильді қондырғы жасау, уран өндірісінің ион алмасу шайырын рений көзі ретінде пайдалану жолымен аппаратуралық-технологиялық схеманы әзірлеу және мобильді қондырғыда сынақтар жүргізу болып табылады. Мобильді қондырғыда ренийді алудың технологиялық регламенті және мобильді қондырғының жобалау-конструкторлық құжаттамасы әзірленді. Техникалық тазалықтағы аммоний перренатын алу үшін мобильді қондырғы жасалды және іске қосылды. 2024 жылы аммоний перренатының тәжірибелік партиясын әзірлеу бойынша жұмыс жоспарланған.

Өнертапқыштық қызмет

Топ өнертапқыштық ұсыныстарды қабылдау, өңдеу, бағалау және қарау тетіктері арқылы өз қызметкерлерінің инновациялық белсенділігін жандандырады. ЕТҰ арасында өткізілетін Өнертапқыштық қызмет бойынша конкурс өнертапқыштық қызметке қатысу үшін қосымша ынталандырудың бірі болып табылады.

2023 жылдың нәтижелері:

  • Топ қызметкерлерімен 2 843 өнертапқыштық ұсыныс ұсынылды, оның 2 406-сы қабылданды, 1 668-і енгізілді. Өнертапқыштық ұсыныстардан күтілетін экономикалық тиімділік – 2,54 млрд теңге.

2024 жылға және қысқа мерзімге арналған жоспарлар:

2024 жылы Топтағы ғылыми қызметті басқарудың жаңа тәсілін іске асыру шеңберінде:

  • жер қойнауын пайдаланушылардың 1% қаражатын ғылымға шоғырландыру шеңберінде ішкі нормативтік құжаттарды өзектендіру жүргізілді;
  • ғылыми-техникалық кеңестердің құрамы өзектендірілді;
  • ҒЗТКЖ тыңдау алаңы арқылы ғылыми қызметті үйлестіру (жаңа ҒЗТКЖ бастамасы, ҒЗТКЖ нәтижелерін іске асыру және енгізу) жалғастырылды;
  • ғылыми ортамен ғылыми-техникалық ынтымақтастықты кеңейту (ғылыми орталықтар, университеттер және т.б.).

Сондай-ақ, Компания ғылыми қызметке тартылатын ЕТҰ қызметкерлерінің ғылыми құзыретін арттыру жөніндегі жұмысты жалғастырады. Бұл тәсіл ғылыми әзірлемелер бойынша жергілікті келісімшарттық үлестерді (ЖКҮ) орындау аясында ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың (ҒЗТКЖ) сапасын арттыруға ықпал етеді.

ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ IT

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясы бойынша «Бизнес-қызметте озық тәжірибелерді пайдалану» стратегиялық мақсатына қол жеткізуге бағытталған «Цифрландыру және трансформациялау» стратегиялық бағыты контекстінде бизнес-процестерді стандарттау және оңтайландыру, сондай-ақ бірыңғай тігінен интеграцияланған IT-инфрақұрылымды құру бойынша жұмыстар жалғасуда.

IT және цифрландырудың негізгі жобалары

Жоба Мақсаты/Әсері
Қызмет пен шешім қабылдау тиімділігін арттыру
«Бірыңғай Корпоративтік деректер қоймасы және интеграциялық шина»
  • Қоғам қызметі бойынша деректерді жинау, өңдеу және талдау мақсатында корпоративтік деректер қоймасын және интеграциялық шинаны құру жобасы іске асырылуда. Жобаны іске асыру Қоғам қызметінің барлық аспектілері туралы деректерді орталықтандырылған жинау, өңдеу және сақтау қағидаттарында жүзеге асырылады.
  • Қазіргі уақытта жоба бойынша 4 кезеңнің 3 кезеңі аяқталды. 4 кезең шеңберінде құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп тәжірибелік-өнеркәсіптік сынақтар өткізіледі. Жобаны 2024 жылы аяқтау жоспарлануда.
IT архитектурасын дамыту
Қазатомөнеркәсіп кеніштерінің қызметкерлерін 4G сапалы мобильді байланыспен қамтамасыз ету
  • Қазатомөнеркәсіп KAP Technology еншілес ұйымымен бірлесіп өндірістік объектілердегі және вахталық кенттердегі қызметкерлерге жоғары жылдамдықты мобильді интернетке қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуде.
  • 2022 жылы Орталық Мойынқұм («Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС) және Орталық Мыңқұдық («Орталық» ПД» ЖШС) алғашқы екі кенішінде интернетке қол жеткізу үшін мобильді байланыспен қамту қамтамасыз етілді. 2023 жылы тағы 4 ЕТҰ қосылды. Осының арқасында қазіргі заманғы 4G жұмысшыларға қол жетімді болды: енді кеніште бола отырып, олар жоғары жылдамдықты интернетті, банктік қосымшаларды қолдана алады, отбасына жақын бола алады, бейне байланыс арқылы байланысады, жаңа білімді игереді, онлайн оқытудан өтеді және қалаларда қол жетімді барлық қызметтерді ала алады.
  • 2024 жылы мобильді операторлармен ынтымақтастықтың оң тәжірибесін жалғастыру және басқа кеніштер мен өндірістік объектілердің қызметкерлеріне ұялы байланыс пен жоғары жылдамдықты интернетке сапалы қолжетімділікті қамтамасыз ету жоспарлануда.

Ақпараттық қауіпсіздік

Бизнес-процестердің өзгеруі компанияларға қазіргі уақытта шешім қабылдаудың жаңа перспективаларын ашады, бұл өнімділіктің өсуіне, саланың икемділігі мен динамизміні арттыруға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл ақпараттық қауіпсіздікті, кибер тұрақтылықты және ақпараттық жүйелердің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету қажеттілігін күшейтеді.

Киберқауіптерден тиісті деңгейде қорғауға кепілдік беру үшін Қазатомөнеркәсіп ақпараттық қауіпсіздік нормаларының сақталуына үздіксіз бақылауды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасының заңнамасына және ISO/IEC 27001 халықаралық стандарттарына сәйкес келетін ақпараттық қауіпсіздікті басқару жүйесін жақсартуға ұмтылады.

Ақпараттық қауіпсіздікті басқарудың кешенді жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес «Цифрландыру және трансформациялау» стратегиялық міндеті аясында және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2018-2028 жылдарға арналған Даму стратегиясы бойынша «Бизнесте озық тәжірибелерді пайдалану» стратегиялық мақсатына қол жеткізу үшін «Киберқауіпсіздікті дамыту» жобасы бойынша жұмыс жалғасуда. Компания ақпараттық қауіпсіздік инциденттеріне тәулік бойы мониторинг және ден қою жүргізеді және Ақпараттық Қауіпсіздік жөніндегі Жедел орталықпен және Ақпараттық Қауіпсіздік жөніндегі Ұлттық Үйлестіру Орталығымен белсенді ынтымақтасады. Хабардарлық деңгейін арттыру және киберқауіптердің алдын алу үшін Топта қызметкерлерге арналған онлайн-тренингтер, оқу кибершабуылдары және арнайы нұсқамалар әрдайым өткізіліп тұрады.

2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында, сондай-ақ бірлесіп бақыланатын кәсіпорындарда АҚ-инциденттердің едәуір саны тіркеліп, алдын алынды, Компания үшін мүліктік және беделдік залалдың алдын алу бойынша тұрақты жұмыс жүргізілуде.

Ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету саласындағы персоналдың хабардарлығын арттыру, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарын регламенттейтін ішкі құжаттардағы өзгерістер туралы хабардар ету мақсатында Компанияда Компания мен ЕТҰ қызметкерлері үшін интерактивті онлайн-оқытуды жүргізуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе енгізілді. 2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және барлық ЕТҰ қызметкерлері үшін оқыту жүргізілді.

Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы уағдаластықтарға сәйкес кибергигиена мен цифрлық қауіпсіздікті жақсарту үшін бастамалар жүргізілуде. Сондай-ақ, ядролық саладағы цифрландыру процестерін және ақпараттық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік жүйелерін дамыту стратегияларын талқылауға бағытталған форумдар мен іс-шараларға белсенді қатысу жүзеге асырылады.

2024 жылға арналған ақпараттық қауіпсіздікті дамыту жоспарлары

Қазатомөнеркәсіп барлық қолданыстағы және әзірленіп жатқан IT-жүйелер шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік саласындағы нормалардың орындалуын бақылауды жалғастыратын болады, сондай-ақ киберқауіпсіздік деңгейін күшейту, ақпараттық қауіпсіздік аспектілері бойынша хабардарлықты арттыру және құпия ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету үшін бастамалар ұйымдастыратын болады.

Сонымен қатар Компания мына шараларды іске асыруға ниетті: