Топ қызметінің нәтижелеріне әсер ететін маңызды факторлар
2023 және 2022 жылдардағы Топ қызметінің нәтижелеріне әсер еткен және Компанияның болжамдары бойынша болашақта Топ қызметінің нәтижелеріне әсер етуді жалғастыратын елеулі факторларға жататындар:
- табиғи уранды сату барысында алынған баға және уран өнімдерінің бағасының өзгеруі;
- Топ құрылымындағы өзгеріс;
- валюта бағамдарының өзгеру әсері;
- пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықты қоса алғанда, салық салу;
- күкірт қышқылының бар болуы және құны;
- инфляциялық қысымға байланысты бағаның өзгеруі, сондай-ақ жеткізу тізбегіндегі үзілістерге байланысты аса маңызды операциялық материалдардың болуы;
- қорларды бағалаудағы өзгерістердің әсері; және
- еншілес кәсіпорындармен, БК, БО және қауымдасқан кәсіпорындармен мәмілелер.
ТАБИҒИ УРАНДЫ САТУ БАРЫСЫНДА АЛЫНҒАН БАҒА ЖӘНЕ УРАН БАҒАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
Топтың негізгі тауарлық өнімі болып табылатын U3O8-дің спотттық нарықтық бағалары Топтың түсіміне айтарлықтай әсер етеді. Топ түсімдерінің басым бөлігі U3O8-ді спот бағасына байланысты баға белгілеу келісімшарттары бойынша сатудан түседі. Споттық бағалармен қатар, Топтың тиімді сату бағасы осы кезеңдегі келісімшарттар портфеліндегі белгіленген баға құрамдас бөлігі бар келісімшарттардың үлесіне тәуелді болады. Тиісінше, әрбір қарастырылған кезеңдегі сатудың орташа бағасы спот нарығының бағасынан өзгеше болуы мүмкін. Спот нарықтағы бағалардың сатудың орташа бағасына әсері туралы толығырақ ақпарат Уранды сату бағалары бойынша сезімталдықты талдау бөлімінде берілген.
Келесі кестеде көрсетілген кезеңдерге U3O8 бір фунты үшін орташа споттық бағасы мен сатудың орташа бағасы көрсетілген:

23 Дереккөз: TradeTech және UxC.

Компанияның келісімшарттық портфелінің баға белгілеуі уранның ағымдағы споттық бағаларымен өзара байланысты (Уранды сату бағалары бойынша сезімталдықты талдауды қараңыз). Осыған қарамастан, тұтынушыларға қысқа мерзімді жеткізілімдер кезінде трансферттік баға белгілеу туралы қазақстандық заңнамаға сәйкес келісімшарт бойынша баға белгілеу күні мен нақты жеткізу кезіндегі споттық нарықтық баға арасында белгілі бір мезгілдік кідіріс болады. Бағаның бекітілуі мен жеткізілім арасындағы осындай мерзімдік кідірістер кезеңіндегі нарықтың жоғары құбылмалылығы бағаның өсуі мен құлдырауы жағдайында құбылмалылық артқан сайын айқынырақ болады. Сонымен қатар, 2023 жылы кейбір ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша жеткізілімдерге бағаның белгіленген құрамдас бөліктері, соның ішінде салыстырмалы түрде төмен спот бағалары жағдайында қалыптасқан бағаның шекті шегі кірді. Нәтижесінде, 2022 жылмен салыстырғанда Компанияның және Топ бойынша есепті кезеңдегі орташа сату бағасының салыстырмалы өсуі осы уақыт аралығындағы уранның спот нарығындағы бағаның өсуінен асып түскеніне қарамастан, орташа сату бағасы абсолютті мәнде есепті кезеңдегі орташа апталық спот бағасынан төмен болды.
2023 жылы уран бағасына әсер еткен нақты нарықтық үрдістерге қатысты қосымша ақпаратты www.kazatomprom.kz корпоративтік интернетресурсында қолжетімді «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің 2023 жылғы 4 тоқсандағы Операциялық нәтижелері» есебінен табуға болады.
ТОП ҚҰРЫЛЫМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР
2023 жылы Топ келесі мәмілелерді аяқтады:
- 2021 жылдың 30 желтоқсанында Компания мен «Біріккен химиялық технологиялар» сауда үйі» ЖШС арасында «Каустик» АҚ-да 40% акцияны сатып алу-сату келісімшартына қол қойылды. Келісімшарттың талаптарына сәйкес акцияларды төлеу бөліп төлеу арқылы жүзеге асырылды. 2023 жылдың 28 наурызында «Біріккен химиялық технологиялар» сауда үйі» ЖШС келісімшарт бойынша толық төлем жасады. 2023 жылғы 11 сәуірде акцияларды қабылдау-беруді растау актісіне қол қойылды.
- 2024 жылдың қаңтарында меншік құрылымын жеңілдетуге және оңтайландыруға бағытталған қайта құрылымдау шеңберінде Қазатомөнеркәсіп «Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС («TQZ» ЖШС) жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 49%-ын «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-не сатты. Жаңа күкірт қышқылы зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру үшін инвестициялар тарту мақсатында итальяндық Ballestra S.p.A. компаниясымен стратегиялық әріптестік туралы келісімге қол қойылды және Қазатомөнеркәсіптің Директорлар Кеңесі Қазақстандағы Ballestra жергілікті серіктесін осы жобаға тарту туралы шешім қабылдады. Ballestra жобаны жобалауды, жабдықты жеткізуді және техникалық қолдауды жүзеге асырады деп күтілуде. Ballestra технологиялары «СКЗ-U» ЖШС және «SSAP» ЖШС жұмыс істеп тұрған күкірт қышқылы зауыттарында сәтті қолданылады.
2022 жылы:
- 2021 жылдың 22 қарашасында Топ пен Genchi Global Limited арасында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының базасында құрылған ANU Energy-ге қатысу туралы шекті келісім жасалды. ANU Energy-дің негізгі мақсаты физикалық уранды ұзақ мерзімді инвестиция ретінде сақтау болып табылады. Топ 2022 жылдың наурыз айында ANU Energy-ге 12 368 миллион теңге (24,25 млн АҚШ доллары) инвестициялады, бұл ANU Energy инвесторларының бірлескен инвестициясының 32,7% үлесін құрайды. Топтың ANU Energy Директорлар кеңесінде өз өкілдігі жоқ және ANU Energy-де шешім қабылдауға қатыспайды. Тиісінше, Топтың ANU Energy басқарушылық операциялық қызметіне айтарлықтай әсер етпейді, осыған байланысты Топ бұл инвестицияны пайда немесе залал арқылы әділ құн бойынша таниды. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топ ANU Energy-ді шоғырландырылған қаржылық есептемедегі басқа қаржы активтерінің құрамында «Басқа инвестициялар» ретінде жіктейді. 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша ANU Energy OEIC Ltd.-ге инвестицияның әділ құны 30 667 млн теңгеге бағаланды (2022 жыл: 17 066 млн теңге).
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың еншілес кәсіпорындарының, БК, СО, қауымдастырылған кәсіпорындарының және өзге де инвестицияларының жалпы саны 36 болды.
ВАЛЮТА БАҒАМДАРЫНЫҢ ӨЗГЕРУ ӘСЕРІ
Топтың валюта бағамдарының ауытқуына ұшырауы шетел валютасында сатуды, сатып алуды және қарыздарды тартуды жүзеге асырумен байланысты. Топтың негізгі ақша ағындары АҚШ долларымен көрсетілген, себебі:
- уранның бағасы АҚШ долларымен көрсетілген, сондықтан Топтың шоғырландырылған сатудан түскен кірісінің көп бөлігі АҚШ долларымен өндіріледі (2023 жылы 92%; 2022 жылы 90%);
- Компания уран мен уран өнімдерін АҚШ долларында көрсетілген U3O8 спот нарығындағы басым бағалар негізінде айқындалған бағалар бойынша теңгемен көрсетілген келісімшарттарға сәйкес өзінің БК және қауымдастырылған кәсіпорындарынан сатып алады;
- Топтың қарыздарының едәуір үлесі негізгі кірістердің валютасы болып табылатын АҚШ долларымен (2023 жылы 96%; 2022 жылы 95%) көрсетілген. Қосымша ақпарат төменде Берешек бөлімінде берілген.
Топ шығындарының айтарлықтай бөлігі, оның ішінде операциялық, өндірістік және күрделі шығындар теңгемен көрсетілген. Осылайша, Топ кірістерінің басым бөлігі АҚШ долларымен, ал оның шығыстарының көп бөлігі теңгемен көрсетілгендіктен, Топ, әдетте, доллардың теңгеге қатысты нығаюынан пайда көреді, бұл кейіннен Топтың қаржылық нәтижелеріне оң әсер етеді. Алайда, Топтың АҚШ долларымен көрсетілген несиелік міндеттемелері болғандықтан, долларды нығайтудың оң әсерін ішінара немесе толығымен теңестіруге болады. Сонымен қатар, Компания өзінің бірлескен және қауымдасқан кәсіпорындарынан уран өнімін теңгемен көрсетілген, бірақ спот нарықтық бағамен байланыстырылған келісімшарттар бойынша сатып алады, ол өз кезегінде АҚШ долларымен көрсетіледі. Осылайша, АҚШ долларының едәуір нығаюы осындай келісімшарттар бағасының теңгемен тиісінше ұлғаюына әкеп соғады.
Топ валюталық мәндегі төлемдердің өзінің валюталық мәндегі ақша ағындарының көрсеткіштерімен арақатынасын бақылау арқылы валюта бағамдарының ауытқу тәуекелдерін мүмкіндігінше теңестіруге тырысады. Осы арақатынастың арқасында Топ туынды қаржы құралдарын қолданбай табиғи хеджерлеуге қол жеткізеді.
2023 жылы теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы 431,08-ден 482,77 теңгеге дейінгі (2022 жылы 414,67-ден 512,19 теңгеге дейінгі) диапазонда болды. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) АҚШ долларына теңгенің бағамы 454,56 теңгені құрады (2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша сома 465,65 теңгені құрады). Валюта бағамдарының ауытқуының әсері 2023 жылдың қорытындысы бойынша Топтың қаржылық нәтижелеріне теріс әсер етті. Топтың 2023 жылғы бағамдық айырма бойынша таза шығыны 21 330 млн теңгені құрады (2022 жылы бағамдық айырма бойынша пайда 17 304 млн теңгені құрады).
Төмендегі кестеде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (ҚҰБ) деректеріне сәйкес теңге/ АҚШ долларының 2023 және 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кезеңдегі және жыл соңындағы орташа айырбас бағамдары келтірілген:

24 Орташа бағамдар әр күнтізбелік күн үшін күнделікті айырбас бағамдарының орташа мәні ретінде есептеледі.
САЛЫҚ САЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛЫ ҚАЗБАЛАРДЫ ӨНДІРУГЕ САЛЫНАТЫН САЛЫҚ («ПҚӨС»)
2023 жылдың 1 қаңтарына дейін Қазақстандағы ПҚӨС өндірудің өндірістік өзіндік құнына байланысты салық салынатын шығындарға 29% мөлшерінде есептік салық есептеу жолымен айқындалды (формула негізінде – төмендегі кесте мен ескертпені қараңыз). Салық салынатын шығыстар пайдалы қазбаларды өндіруге байланысты барлық тікелей шығындарды, соның ішінде кезеңдегі тау-кен дайындық жұмыстарын өтеуді және тікелей өндіру қызметіне байланысты кез келген басқа амортизациялық аударымдарды қамтыды, бірақ қайта өңдеу шығындары мен жалпы және әкімшілік шығындарды алып тасталды. ПҚӨС жер қойнауын пайдалануға арналған әрбір келісімшарт бойынша жеке есептеледі. Осылайша, нәтижесінде алынған ПҚӨС сомасы өндірілетін өнімнің өзіндік құнына тікелей байланысты болды.
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2022 жылғы қаңтарда елдің Салық кодексіне өзгерістер енгізу ниеті туралы жариялады. 2022 жылдың 11 шілдесінде ҚР Салық кодексіне («Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» ҚР Кодексін қолданысқа енгізу туралы» №135-VII ҚРЗ заңдары) уранға ПҚӨС мөлшерлемесінің көлемі мен есептеу үшін базаны өзгертетін толықтырулар мен өзгерістер қабылданды. Салық кодексіне өзгерістер 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енді. Енгізілген өзгерістерге сәйкес уранға ПҚӨС бойынша салық базасы өндірілген уран мөлшеріне және 6%-дық ПҚӨС мөлшерлемесіне көбейтілген, белгілі бір есепті кезең үшін жария көздерден алынған уранның орташа өлшенген бағасы ретінде айқындалады.
Келесі кестеде Топтың көрсетілген жылдардағы салықтары көрсетілген:

25 Қолданыстағы мөлшерлеме: 20%; есептеу: табыс салығы мөлшерлемесіне көбейтілген салық салынатын табыс (салық есептілігі негізінде).
26 Қолданыстағы мөлшерлеме мен 2023 жылдан бастап ары қарай есептеу: 6% × (айдың соңындағы орташа спот бағасы) × өндірілген уран көлемі. Бұрын қолданылған мөлшерлеме: 18,5% өнімді ерітіндідегі уранның құны үшін; есептеу: салықты есептеу өндіру құнына жүзеге асырылады және кейбір шығындар бойынша пайданың болжамды 20% маржасына және 18,5% ПҚӨС мөлшерлемесіне негізделген. 29% мөлшерінде салықты есептеу мынадай формула бойынша айқындалады: (1 + 20%) × 18,5% ÷ (1 – (1 + 20%) × 18,5%).
27 Мүлік салығы, жер салығы, көлік салығы, Әлеуметтік салық, бюджетке төленетін басқа да төлемдер, ҚҚС және ЖТС кіреді (ЖТС бойынша Компания салық агенті болып табылады).
Есептелген салықтардың жалпы сомасы 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылдың қорытындысы бойынша орта есеппен 39%-ға ұлғайды, оған себеп болған:
- корпоративтік табыс салығының 33%-ға ұлғаюы, бұл спот бағасының өсуіне және U3O8 сату көлемінің өсуімен байланысты орташа сату бағасының өсуі нәтижесінде салық салуға дейінгі пайданың ұлғаюымен байланысты (Шоғырландырылған түсім және басқа да қаржылық көрсеткіштер мен Салық салуға дейінгі пайда және табыс салығы бойынша шығыстарды қараңыз);
- ПҚӨС 77%-ға артуы, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап салықты есептеу үшін салық базасы болып табылатын U3O8 бойынша спот бағасының өсуімен байланысты;
- бюджетке төленетін басқа да салықтар мен өзге де төлемдер сомасының 36%-ға ұлғаюы, бұл негізінен Қазақстан Республикасының аумағында топішілік сату құнының ұлғаюы нәтижесінде есептелген қосылған құн салығы сомасының ұлғаюына байланысты.
КҮКІРТ ҚЫШҚЫЛЫНЫҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ҚОЛ ЖЕТІМДІЛІГІ
ЖҰШ әдісімен уран өндіру үшін күкірт қышқылының айтарлықтай көлемі қажет. Күкірт қышқылының болмауы Топтың өндіріс кестесін бұзуы мүмкін, ал күкірт қышқылының бағасының өсуі Топтың пайдасына теріс әсер етуі мүмкін.
Қазақстан нарығында шикізаттың қымбаттауына және уақытша тапшылығына байланысты күкірт қышқылы үшін Топ төлейтін бір тоннаның орташа өлшенген бағасы (2022 жылы тоннасына 30 263 теңгеден) 2023 жылы тоннасына 33,6%-ға 40 455 теңгеге дейін өсті. 2023 жылы күкірт қышқылына жұмсалатын шығындар Топтың уран өндіруші кәсіпорындарының өндірістік өзіндік құнының шамамен 10%-ын (2022 жылы 12%-ды) құрады.
Орта мерзімді перспективада түсті металдарды өндіру және өңдеу саласындағы отандық кәсіпорындардың және балқыту зауыттарының қуаттылығын арттыру есебінен жергілікті нарықта қалыптасқан күкірт қышқылы тапшылығы азаяды деп күтілуде. Сондай-ақ, Компания «Taiqonyr Qyshqyl Zauyty» ЖШС жаңа зауытын салу арқылы өзінің күкірт қышқылы өндірісінің қолданыстағы қуатын арттыруды жоспарлап отыр (Топ құрылымындағы өзгерістерді қараңыз). Бұрын хабарланғандай, күкірт қышқылын жеткізумен байланысты тәуекелдерді азайту мақсатында күкірт қышқылын өндіретін зауыттың құрылысы өз өндірісін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар шеңберінде жүзеге асырылады. Зауыттың номиналды қуаты жылына 800 000 тонна күкірт қышқылын құрайды деп күтілуде. Шамамен 680 000 тоннаны құрайтын «СКЗ-U» ЖШС және «SSAP» ЖШС-нің қолданыстағы жеткізу көлемдерімен бірге Қазатомөнеркәсіптің еншілес және тәуелді ұйымдары жеткізетін күкірт қышқылының жалпы жылдық көлемі шамамен 1,5 миллион тоннаны құрайды деп күтілуде.

ИНФЛЯЦИЯҒА БАЙЛАНЫСТЫ АСА МАҢЫЗДЫ ӨНДІРІСТІК МАТЕРИАЛДАР МЕН ЖАБДЫҚТАРДЫҢ БАР БОЛУЫ ЖӘНЕ БАҒАСЫНЫҢ ӨЗГЕРУІ
ЖҰШ әдісімен уран өндіру белгілі бір маңызды өндірістік материалдар мен компоненттердің импортын талап етеді. Бұл позицияларды Топ Қазақстанға не тікелей импорттайды, не Топ осы материалдарды сатып алатын жергілікті жеткізушілер импорттайды.
Кейбір жағдайларда жеткізу мен қолжетімділікке байланысты шектеулер қажетті өндірістік материалдарды сатып алу шығындарының өсуіне әкелді, соның ішінде шикізат тауарлар бағасының өзгеруі нәтижесіндегі инфляциялық қысымдар өндіріс шығындарын ұлғайтты, сонымен қатар кірістілікке теріс әсер етті. (Уран сегментінің өндіру және сату көрсеткіштерін қараңыз).
ҚОРЛАРДЫ БАҒАЛАУДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕРДІҢ ӘСЕРІ
Топ қорлар мен ресурстарды, соның ішінде білікті үшінші тараптың есептеулерін бағалауды JORC кодексіне сәйкес жыл сайын бағалайды. Нәтижесінде қорлар мен ресурстар жыл сайын қолданыстағы стандарттарға сәйкес қайта жіктелуі мүмкін. Мұндай қайта жіктеу Топтың қаржылық есептілігіне ықпал етуі мүмкін. Мысалы, егер қайта жіктеу Топтың кенішті пайдалану мерзімінің өзгеруіне әкеліп соқтырса, бұл амортизациялық шығындарға, құнсыздану шығындарына, сондай-ақ әдетте жұмыс мерзімі аяқталғаннан кейін кеніштің өтелуіне жұмсалған шығындарға ықпал етуі мүмкін.

ЕНШІЛЕС КОМПАНИЯЛАРМЕН, БК, СО ЖӘНЕ ҚАУЫМДАСҚАН КӘСІПОРЫНДАРМЕН МӘМІЛЕЛЕР
Компания U3O8-ді өзінің еншілес кәсіпорындарынан, БО, БК және қауымдастырылған кәсіпорындардан қолданылатын нарықтық дисконттарды ескере отырып, негізінен спот бағасымен сатып алады, олардың мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. U3O8 негізгі сатып алынатын көлемі Компанияның тиісті сатушы кәсіпорындардағы қатысу үлесіне сәйкес келеді.
Топтың уран сегментінен түскен кірісі екі ағыннан тұрады:
- БК және қауымдасқан кәсіпорындардан, сондай-ақ үшінші тараптардан сатып алынған U3O8-ді сату; және
- Компания және оның шоғырландырылған еншілес компаниялары және БК шығарған өзінің U3O8-ін сату.
Сатып алынған уранды сату құны БК және қауымдастырылған кәсіпорындардан сатып алу бағасына тең, ол, әдетте, тиісті жеңілдіктермен басым спот бағасы болып табылады. Тиісінше, БК және қауымдастырылған кәсіпорындар нәтижелерінің үлесі Топ пайдасының едәуір бөлігін құрайды және оны Топтың қаржылық нәтижелерін бағалау кезінде ескеру қажет. 2023 жылы U3O8 спот бағасының 3,63% мөлшерінде орташа өлшенген дисконтты ескере отырып сатып алынды (2022 жылы 3,73%).
Компания, шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар және БО өндірген жеке уранды сату кезінде сату құны негізінен өндіріс құнымен көрсетіледі. Мұндай сатылым үшін уран өнімінің толық маржасы экспортқа уранды сатуды ескере отырып, Топтың шоғырландырылған нәтижелерінде көрсетіледі.
Келесі кестеде көрсетілген кезеңдерде Компания сатып алған көлемдер келтірілген:

2023 жылы БК, БО, қауымдастырылған және еншілес кәсіпорындардан сатып алынған U3O8 жалпы көлемі 2022 жылмен салыстырылады және 12 601 тоннаны құрады (2022 жылы 12 338 тонна).
Жоғарыда аталған көлемдерден басқа, Компания (оның ТҰК сауда-саттық еншілес компаниясын қоса алғанда) көлемдерді үшінші тараптардан әртүрлі бағамен сатып алады.
Қызметтің негізгі көрсеткіштерін талдау
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Бұл бөлімде талдау 2023 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған 12 айдағы деректер мен 2022 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған 12 айдағы деректерді салыстырғандағы ақпаратқа негізделген. Төменде келтірілген кестеде 2023 және 2022 жылдардағы Топтың шоғырландырылған нәтижелеріне қатысты қаржылық ақпарат көрсетілген:

28 2022 жылдың 11 тамызында «КАТКО» БК» ЖШС қатысушылары 10.04.2017 жылғы Кәсіпорынды одан әрі дамыту туралы келісімге өзгерістер енгізді, оның шеңберінде Топ «КАТКО» БК» ЖШС-ның екінші қатысушысынан 7 671 млн теңге көлемінде өтемақы алу құқығын алды, бұл 2022 жылы өзге кіріс және өзге де дебиторлық берешек деп танылды.
29 Келесідей есептеледі: Компанияның меншік иелеріне жатқызылатын, Шығарылған акциялар бөлімдегі Шығарылған акциялар жалпы санына бөлінген, ең жақын бүтін теңгеге дейін дөңгелектелген бір жылдағы пайда.
30 Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір жолғы ықпалы бар барлық мақалаларды алып тастау арқылы есептеледі. Есептелуі: салыққа дейінгі пайда – қаржылық кірістер + қаржылық шығындар +/- таза (пайда)/ бағамдық айырма бойынша шығын + тозу және амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру +/- бір жолғы және бір реттік оқиғалар.
31 Бұрын «түзетілген EBITDA (қатысу үлесіне пропорционалды) көрсеткіші» ретінде анықталды және келесідей есептеледі: EBITDA түзетілген көрсеткіші БК және қауымдастырылған кәсіпорындардың таза пайдасындағы үлесті шегергенде және уран сегментінде жұмыс істейтін бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардың (2023 жылы «Будёновское» БК ЖШС EBITDA түзетілген көрсеткішінің 3 048 млн теңге сомасындағы үлесін қамтиды, бұл ретте 2022 жылы елеусіз әсерге байланысты есепке енгізілмеген) EBITDA түзетілген көрсеткішінің үлесінің қосындысы, «Аппақ» ЖШС, «Инкай» БК» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Орталық» ӨК» ЖШС және «Хорасан-U (Хорасан-У)» БК» ЖШС-ның түзетілген EBITDA көрсеткіштегі бақыланбайтын үлесті шегергенде және Топтың іске асырылмаған пайдасындағы кез келген өзгерістерді шегергенде.
ШОҒЫРЛАНДЫРЫЛҒАН ТҮСІМ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Топтың шоғырландырылған түсімі 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 434 635 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 43%-ға ұлғайды (2022 жылы 1 001 171 млн теңгені құрады).
Бұл өсу негізінен мыналарға байланысты:
- U3O8 спот бағасының өсуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуімен;
- клиенттердің қосымша сұраныстарына, сондай-ақ жаңа ұзақ мерзімді келісімшарттарға байланысты U3O8 сату көлемінің ұлғаюымен (Уран сегментін өндіру және сату көрсеткіштерін қараңыз);
- «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-нің 2023 жыл ішінде ЖБҚ жеткізу көлемінің ұлғаюына және ҮМЗ сирек металдарынан өнімді сатудан түсетін кірістердің ұлғаюына (ҮМЗ сегментін қараңыз) сәйкес уран өнімін сатудан түсетін кірістердің (таблеткалар мен толлинг қызметтерін қоса алғанда) өсуімен.
Төмендегі кестеде 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылғы негізгі қызмет бағыттары бойынша түсімдер көрсетілген:

32 Тек U3O8 сатудан түскен түсімді қамтиды (Топ бойынша).
33 БУӨ, UF6, UO2 ұнтағын және «ҮМЗ» АҚ отын таблеткаларын өндіруді және сатуды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмейді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайда 2022 жылмен салыстырғанда 49%-ға өсті (2022 жылы 455 962 млн теңге), негізінен жоғарыда көрсетілгендей 2023 жылғы түсімнің ұлғаюы есебінен 680 812 млн теңгені құрады.
2023 жылы өзге шығын 50 855 млн теңгені құрады (2022 жылы өзге кіріс 38 667 млн теңгені құраған). Бұл негізінен Топ пен ANU Energy OEIC Ltd арасындағы 37 977 млн теңге сомасына тауарлық қарыздың қысқа мерзімді келісімшарты бойынша қайта бағалаудан түскен шығыстарға байланысты, оны қайтару мерзімі 2024 жылғы наурызға дейін ұзартылды. Сондай-ақ, Аргентина Үкіметінің импорттық операцияларға қатысты жаңа талаптарды енгізуіне байланысты Dioxitek S.A. (Аргентина) тарапынан төлемнің кешігуіне байланысты 15 692 млн теңге сомасына кешіктірілген төлемнің 100% мөлшерінде резерв есептелді. Топ Dioxitek S.A. тарапынан төлемдерді алуда қиындық күтеді, бұл ретте берешекті өтеу тәртібі тараптар арасында талқыланады.
2023 жылғы таза пайда 580 335 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға ұлғайды (2022 жылы 472 963 млн теңгені құрады). Ұлғаю, негізінен, жоғарыда айтылғандай, 2023 жылы операциялық кірістің өсуіне байланысты.
Бақыланбайтын үлеске жатқызылатын кезеңдегі пайда 2023 жылы айтарлықтай өсті және U3O8 бойынша спот бағасының өсуіне байланысты орташа сату бағасының өсуі нәтижесінде бақыланбайтын қатысу үлесі бар өндіруші кәсіпорындардың таза кірісінің ұлғаюы есебінен және осы кәсіпорындардың екінші қатысушылардың атына өткізу көлемінің ұлғаюы нәтижесінде 161 151 млн теңгені құрады.
EBITDA түзетілген көрсеткіші 2023 жылы 828 623 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 31%-ға ұлғайған (2022 жылы 630 898 млн теңгені құрады), бұл ретте EBITDA көрсеткіші 2023 жылдың қорытындысы бойынша қатысу үлесіне пропорционалды түрде 639 407 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 29%-ға ұлғайды (2022 жылы 495 357 млн теңгені құрады). Өзгерістер негізінен шоғырландырылған деңгейдегі операциялық кірістің жоғарылауынан, сондай-ақ БК мен қауымдастырылған компаниялардағы EBITDA көрсеткішінің жоғарылауынан туындады, бұл көбінесе U3O8 спот бағасының өсуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуімен шартталады.
Уран сегменті
УРАН СЕГМЕНТІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

34 Қаржылық есептіліктің «Сегменттік ақпарат» ескертпесінен уран сегменті бойынша сыртқы түсімдер мен басқа сегменттерден түсетін түсімдердің сомасы ретінде есептелген.
35 Тек U3O8 сатудан түскен түсімді қамтиды (Топ бойынша).
U3O8 сатудан түскен шоғырландырылған түсім 2022 жылмен салыстырғанда 39%-ға ұлғайып, 2023 жылы 1 180 722 млн теңгені құрады (2022 жылы 851 427 млн теңгені құраған):
- U3O8 спот бағасына байланысты сатудың орташа бағасының өсуі;
- клиенттердің қосымша сұраныстары, сондай-ақ жаңа ұзақ мерзімді келісімшарттар есебінен U3O8 сату көлемінің артуы (Уран сегментін өндіру және сату көрсеткіштерін қараңыз).
УРАН СЕГМЕНТІН ӨНДІРУ ЖӘНЕ САТУ КӨРСЕТКІШТЕРІА

36 U3O8 өндіріс көлемі (қатысу үлесіне пропорционалды) Еншілес компаниялармен, БК, БО және қауымдасқан кәсіпорындармен мәмілелер бөлімінде Компанияның корпоративтік орталығының (КО) сатып алған уранының көлеміне тең емес.
37 Компанияның КО сату көлемі (Топта ескерілетін): Компанияның КО және THK сыртқы сатып алушыларына сатудың жалпы көлемін қамтиды. Компанияның КО мен THK арасындағы топ ішіндегі мәмілелер есепке алынбайды. Бұл ретте Топтың U3O8 өндіру көлемінің бір бөлігі БУӨ, отын таблеткаларын, сондай-ақ Үлбі-ЖБҚ-дағы жылу бөлгіш құрамалар (ЖБҚ) өндіруге жұмсалады.
38 Топ бойынша сату көлемі және Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген) 2023 жылы «Үлбі-ЖҚБ» ЖШС жобасына БҰӨ жеткізу үшін пайдаланылған табиғи уранның 1 300 тоннаға жуық баламасын қамтымайды.
39 Компанияның КО дайын өнімі қалдықтарының көлемі (Топта ескерілетін): Компанияның КО және THK қалдықтарының жалпы көлемін қамтиды.
40 ҚАӨ мәмілелері бойынша сатудың орташа бағасы: ҚАӨ және THK соңғы сыртқы сатылымдары үшін бір фунт уран концентратының орташа өлшенген бағасы. ҚАӨ және THK арасындағы топ ішіндегі мәмілелер бойынша бағалар қосылмаған.
41 Дереккөз: UxC, TradeTech. Бағалар әр аптадағы спот бағасының орташа бағасын емес, айдың соңындағы уранның спот бағасының баға белгілеулерінің орташа мәнін білдіреді, өйткені келісімшарт бағасының шарттары әдетте айдың соңындағы бағамен байланысты болады.

Уран сегментіндегі өндірістік қызмет пен сатудың барлық жылдық нәтижелері Компанияның 2023 жылға арналған жаңартылған күтулеріне сәйкес келді.
2023 жылдың қорытындысы бойынша негізінен 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылға арналған өндірістік жоспардың шамалы төмендеуі есебінен өндіріс көлемі 100% негізде және меншік үлесіне пропорционалды түрде 2022 жылдың ұқсас көрсеткіштерінен төмен болды.
Клиенттердің қолданыстағы келісімшарттар шеңберінде жылдық жеткізілім көлемін ұлғайтуға қосымша сұраныстарына, сондай-ақ 2023 жылдан бастап жеткізілімдермен жаңа ұзақ мерзімді келісімшарттар жасасуына байланысты Топтың да, ҚАӨ-нің де сату көлемі 2022 жылмен салыстырғанда жоғары болды.
Әр кезеңнің сату көлемі клиенттердің сұраныстарына және физикалық жеткізу мерзімдеріне байланысты айтарлықтай өзгеруі мүмкін.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайда Топ бойынша U3O8 дайын өнімінің шоғырландырылған қорлары (қалдықтары) 7 242 тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайдан 23%ға төмен. Компанияның КО деңгейінде U3O8 дайын өнімінің қорлары (қалдықтары) 6 108 тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдайдан 21%-ға төмен. Жалпы, қорлардың азаюы сатылымның артуына байланысты.
2023 жылы Топтың орташа сату бағасы теңгемен 65 344 теңге/кг (55,09 АҚШ долл./фунт) құрады, бұл уран өнімдерінің орташа спот бағасының өсуіне байланысты 2022 жылмен салыстырғанда 26%ға жоғары. Компания деңгейінде сатудың орташа бағасы да осындай себептерге байланысты жоғары болды.
Компанияның келісімшарттық портфелінің ағымдағы баға белгілеуі уранның спот бағасымен өзара байланысты (Уранды сату бағалары бойынша сезімталдықты талдауды қараңыз). 2023 жылы сатудың орташа бағасының өсуі уранның споттық нарықтық бағасының өсуімен салыстырмалы деңгейде болды. Қысқа мерзімді жеткізілімдер бойынша түпкілікті тұтынушыларға трансферттік баға белгілеу туралы қазақстандық заңнамаға сәйкес келісімшарт бойынша баға белгілеу күні мен нақты жеткізілім сәтіндегі споттық нарықтық баға арасында белгілі бір мезгілдік кідіріс бар. Бағаның бекітілуі мен жеткізілім арасындағы осындай мезгілдік кідірістер кезеңіндегі нарықтың жоғары құбылмалылығының әсері бағаның өсуі мен құлдырауы жағдайында құбылмалылықтың өсуіне байланысты айқынырақ болады. Сонымен қатар, кейбір ұзақ мерзімді келісімшарттар бойынша баға белгілеу тетіктері төмен баға шарттарында белгіленген бағаның бекітілген негізгі құрамдас бөліктерін қамтиды.
УРАН СЕГМЕНТІНІҢ ӨНДІРІС КӨЛЕМІ
Төмендегі кестеде көрсетілген ақпарат әрбір кәсіпорын бойынша уран өндірісінің жалпы көлемін (100% негізде) көрсетеді. 2023-2022 жылдардағы кейбір негізгі материалдар мен жабдықтардың кешігуінің және/немесе шектеулі қолжетімділігінің әсері (Инфляцияға байланысты аса маңызды өндірістік материалдар мен жабдықтардың бар болуы мен бағасының өзгеруін қараңыз) ЖҰШ әдісімен өндіру процесінің ерекшеліктеріне, тау-кен дайындау жұмыстарының жоспарларындағы айырмашылықтарға және әрбір кәсіпорындарда өңдеу сатыларына байланысты барлық кәсіпорындарда бірдей болған жоқ.

42 «Инкай» БК» ЖШС үшін жылдық өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) Сату туралы Келісімге сәйкес айқындалады. Жылдық өндіріс көлемі (Компанияның меншік үлесіне пропорционалды) 2023 жылы U3O8 түрінде 1 615 тонна уранды құрады (2022: 1 600 тонна U3O8 ).

ҮМЗ сегменті
ҮМЗ УРАН ӨНІМІН САТУ

43 Толлинг қызметтері бойынша сатылған өнімдер мен материалдарды өткізу көлемін қамтиды.
2023 жылы отын таблеткаларын сату көлемі 196,5 тоннаны, ал керамикалық ұнтақтарды 87,8 тоннаға дейін құрады, бұл 2022 жылғы сату көрсеткіштерінің деңгейіне сәйкес келеді және тапсырыс берушілер тарапынан сұранысқа сәйкес келісімшарт бойынша өткізу көлеміне байланысты болады. 2023 жылы скраптардан алынған қос тотықты сату көлемінің 67%-ға 7,6 тоннаға дейін төмендеуі тапсырыс берушіден қайта өңдеуге шикізатты жеткізу көлеміне сәйкес болды.
ҮМЗ СИРЕК КЕЗДЕСЕТІН МЕТАЛЛ ӨНІМДЕРІН САТУ

44 Толлинг қызметтері бойынша сатылған өнімдер мен материалдарды өткізу көлемін қамтиды.
Бериллий өнімдерін сату көлемі, оның ішінде толлингтік өнімдер көлемі 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 33%-ға төмендеді, ал 2023 жылы бериллий өнімдерін сату бағасының 48%-ға өсуі қосылған құны анағұрлым жоғары тауарларға өнім ассортиментін өзгертуге байланысты болды.
2023 жылы тантал өнімдерін сату көлемі, оның ішінде толлингтік өнім көлемі сұраныстың төмендеуіне байланысты 2022 жылмен салыстырғанда 12%-ға төмендеді. Тантал өнімдерін сату бағасы 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға жоғары болды, бұл сатылған өнім құрылымының неғұрлым жоғары технологиялық және қымбат өнімдердің (өз шикізатынан алынған прокат пен ұнтақтар) үлесін ұлғайту жағына қарай өзгеруіне байланысты.
2023 жылы ниобий сатылымы, оның ішінде толлинг қызметтері сұраныстың төмендеуіне байланысты 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді, сонымен бірге 2023 жылы ниобий өнімдерін сату бағасы 2022 жылмен салыстырғанда сатылған өнім номенклатурасының өзгеруіне байланысты өсті.
2022 жылдың сәуір айында Қаражал кен орнында флюорит өндіруге арналған келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты «ҮМЗ» АҚ флюорит өндіру бойынша жұмыстарды тоқтатты. 2024 жылдың ақпан айынан бастап жаңа өндіру келісімшартын алғаннан бері флюорит өндіру жұмыстары қайта басталды. Бұл ретте осы кезеңде балқытылған шпат концентратын шығару тоқтаған жоқ – бұрын өндірілген минералды шикізатты қайта өңдеу жүргізілді.
Сатудың өзіндік құны
Төмендегі кестеде құрамдас бөліктер бойынша Топтың 2023 және 2022 жылдардағы өзіндік құны көрсетілген:

Сату құны 2023 жылы 671 862 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 41%-ға ұлғайды (2022 жылы 475 097 млн теңге), бұл негізінен шоғырландырылған еншілес кәсіпорындар мен бірлескен операциялар өндірген уран өзіндік құнының ұлғаюымен, сатып алынған уран құнының өсуімен (төмендегі сипаттаманы қараңыз), сондай-ақ 2023 жылы U3O8 сату көлемінің ұлғаюымен байланысты.
2023 жылы шикізат пен материалдардың құны 364 841 млн теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда 39%-ға көбейді (2022 жылы 261 825 млн теңге), бұл бірлескен және қауымдастырылған кәсіпорындардан, сондай-ақ үшінші тараптардан сатып алынған уран құнының өсуіне байланысты (мұндай уранды сату кезінде, сатудың өзіндік құны негізінен шикізат пен материалдарды басым споттық бағамен және тиісті қолданылатын дисконттармен сатып алу құнымен көрсетіледі). Шикізат пен материалдардың сатып алу бағасының өсуіне инфляциялық қысым мен спот бағасының өсуі нәтижесінде U3O8-ді қоса алғанда, шикізат пен материалдарды сатып алу бағасының өсуі де әсер етті.
2023 жылы тозу мен амортизация 92 824 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 17%-ға ұлғайды (2022 жылы 79 037 млн теңгені құрады), бұл негізінен шоғырландырылатын еншілес кәсіпорындар мен БО өндірген уранды сату көлемінің өсуіне, сондай-ақ ТДЖ өтеуге жұмсалатын шығыстардың көбеюіне байланысты (Капиталды өтеу шолуын қараңыз).
2023 жылы қайта өңдеуге және өзге де өндірістік қызметтерге жұмсалған шығындар 71 126 млн теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті (2022 жылы 31 361 млн теңгені құрады), бұл негізінен «Үлбі-ЖҚБ» ЖШС өндірісі үшін U3O8 қайта өңдеу көлемінің өсуі есебінен болды.
2023 жылы персоналдың еңбекақысы 61 886 млн теңге болып, 2022 жылмен салыстырғанда 25%-ға өсті (2022 жылы 49 348 млн теңгені құраған), бұл негізінен шоғырландырылатын еншілес кәсіпорындар мен БО өндірген уранды өткізу көлемінің ұлғаюына байланысты болды. Сондай-ақ, өндірісті кеңейтуге дайындыққа және Басқа қызмет сегменті кәсіпорындарының көрсетілген қызметтер көлемінің өсуіне байланысты өндірістік персонал санының кішігірім өсуі, сондай-ақ Топ шеңберінде бұрын енгізілген еңбекақы төлеуді жүйелендірудің кейінге қалдырылған әсері еңбекақының өсуіне әсер етті.
Негізінен пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықпен байланысты табыс салығынан басқа салықтар 2023 жылы 55 868 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 25%-ға ұлғайды (2022 жылы 32 216 млн теңгені құрады), бұған Салық салу және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық («ПҚӨС») бөлімінде аталған формулаға сәйкес нарықтық бағалардың өсуі, сондай-ақ 2023 жылы шоғырландырылатын кәсіпорындар өндірген өз уранының сатылған көлемінің ұлғаюы себеп болды.
Техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді, тасымалдауды және басқа да шығыстарды қамтитын өзге де шығыстар 2023 жылы 25 317 млн теңгені құрады, негізінен инфляциялық қысымға байланысты 2022 жылмен салыстырғанда 19%-ға өсті (2022 жылы 21 310 млн теңгені құраған).
C1, AISC УРАН ӨНІМІНІҢ АҚШАЛАЙ ӨЗІНДІК ҚҰНЫ МЕН КҮРДЕЛІ ШЫҒЫНДАРЫ

45 Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды. Күрделі шығындарға шолу бөлімінде тарату қорлары мен тарату шығындары қорытынды нәтижелерге қосылатынын ескеріңіз.
2023 жылы С1 ақшалай құны қатысу үлесіне пропорционалды түрде 29%-ға өсті, ал «AISC Ақшалай құны + күрделі шығындар» көрсеткіші (АҚШ долл. баламасы) қатысу үлесіне пропорционалды түрде 2022 жылмен салыстырғанда 32%-ға өсті. C1 көрсеткішінің өсуі негізінен 2023 жылдан бастап салық есебіне енгізілген өзгерістер себебінен пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың өсуіне, Салық салу және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салық («ПҚӨС») қараңыз, сондай-ақ өндірістік персоналдың жалақысының өсуі және қызметтерге, кейбір шығын материалдары мен реагенттерге инфляциялық қысымның жоғарылауына байланысты болды.
AISC көрсеткішінің артуы өндіруші кәсіпорындардың күрделі шығындарының өсуімен байланысты (қатысу үлесіне пропорционалды).
Өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары (100% негізде) 2022 жылмен салыстырғанда 37%-ға ұлғайып, 201 321 млн теңгені құрады (2022 жылы 146 499 млн теңгені құраған), бұл кен орындарын игеру жөніндегі жұмыстарды ауыстырумен, сондай-ақ шикізатқа, материалдарға, жабдыққа сатып алу бағасының өсуімен және бұрғылау қызметтері құнының жоғарылауымен байланысты (Күрделі шығындарды шолуды қараңыз).
Төмендегі кестеде C1 ақшалай құнының жалпы бөлінуі көрсетілген (ақпарат жалпылама түсіну үшін берілген, өйткені нақты пропорциялар кәсіпорынға, кен орнына және аймаққа байланысты өзгереді):

Сату бойынша шығыстар

2023 жылы сату бойынша шығыстар 28 851 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсті. Өсім негізінен сату көлемінің ұлғаюымен және ТХКБ қолданумен байланысты (Сатуларды қараңыз).
Жалпы және әкімшілік шығыстар (ЖӘШ)

ЖӘШ-тің өсуі 11 357 млн теңгеге мемлекет алдындағы өтемақы сомасын және төмендегі түсіндірмелерге сәйкес «ОРТАЛЫҚ» ПД» ЖШС-нің екінші қатысушысына 4 679 млн теңге мөлшерінде өтемақы төлеу бойынша есептелген резервті қамтиды.
2017 жылдың қазан айында Топ 2018 жылдың 31 мамырына дейінгі мерзіммен «Жалпақ» кен орнында уранды барлауға келісімшарт алды. 2018 жылғы мамырда Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі минералды ресурстарды бағалау үшін барлау мерзімін 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартуға келісті. Алайда, Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі бағалау жұмыстарының жобасын бекітпеді; сондықтан тәжірибелік өндіру 2020 жылдың сәуірінде тоқтатылды. 2018 жылғы маусым мен 2020 жылғы сәуір аралығында «Жалпақ» кен орнында өндірілген уран көлемі реттелмеген деп танылып, 162,45 тоннаны құрады. 2023 жылғы 15 тамызда «ОРТАЛЫҚ» ПД» ЖШС төлем күніне бағамдық айырманы ескере отырып, өндірілген уранның реттелмеген көлемі үшін мемлекетке 11 404 млн теңге көлемінде өтемақы төледі.
Осы төлемге қатысты Компания да «ОРТАЛЫҚ» ПД» ЖШС-нің екінші қатысушысына өтемақы төлеу бойынша резервті 4 679 млн теңге мөлшерінде есептеп шығарды, бұған 2021 жылғы «ОРТАЛЫҚ» ПД» ЖШС-дегі қатысу үлесінің 49%-ы сатып алу-сату келісімшартының кейбір талаптарының осы жағдайға қолданылуына байланысты өтемақы төлеу ықтималдығының туындауы себеп болды.
2022 жылы шығыстар мемлекет алдында «Ақбастау» БК» АҚ жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт бойынша артық өндірілген уранның 249 тоннасы үшін 7 310 млн теңге сомасына өтемақыны қамтыды.
БК және қауымдасқан кәсіпорындар кірістеріндегі үлесі
2023 жылы БК және қауымдасқан кәсіпорындардың кірістеріндегі үлесі 98 385 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 10%-ға жоғары (2022 жылы 89 076 млн теңгені құраған). Бұл өсім 2023 жылы U3O8 спот бағасының өсуіне байланысты сатудың орташа бағасының жоғарылау есебінен болған.

Салық салынғанға дейінгі пайда және табыс салығы бойынша шығыстар

2023 жылы салық салуға дейінгі пайда 728 342 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден едәуір жоғары, негізінен U3O8 нарықтық спот бағасының өсуіне және U3O8 мен уран өнімдерін сату көлемінің ұлғаюына байланысты сатудың орташа бағасының өсуінен туындайтын операциялық пайданың ұлғаюы есебінен болды.
2023 жылы табыс салығы бойынша шығыстар 148 007 млн теңгені құрады, 2022 жылмен салыстырғанда айтарлықтай жоғарылады (2022 жылы 110 742 млн теңгені құраған), бұған 2023 жылы ағымдағы табыс салығының ұлғаюы және салық салуға дейінгі пайданың өсуі себеп болды.
Топтың пайдасына қолданылатын табыс салығының мөлшерлемесі 2023 және 2022 жылдары 20% құрайды. Тиімді салық мөлшерлемесі 2023 және 2022 жылдары сәйкесінше 20% және 19% құрады.
Тиімді салық мөлшерлемесі корпоративті табыс салығынан салық есебінде мақұлданбаған кірістер мен шығыстардың белгілі бір элементтеріне байланысты ерекшеленеді. Тиімді салық мөлшерлемесі ҚР-дағы 20%-ға тең корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесінен шамалы ерекшеленеді.
Күрделі шығындарға шолу
Топтың күрделі шығындарының негізгі бөлігін табиғи уран өндіруді жүзеге асыратын еншілес, БО, БК және қауымдастырылған кәсіпорындар көтереді. Мұндай шығындар келесі негізгі құрамдас бөліктерден тұрады:
- уран өндіру ұңғымаларын салуға арналған шығындар;
- кеңейту шығындары, оған әдетте өндірістік қуаттарды кеңейту, қызметтер спектрін және көлік бағыттарын жаңа бағыттарға кеңейту, жаңа өндірістік жүйелер мен процестерді енгізу кіреді;
- кезеңдік шығындарды, инфрақұрылымдық шығындарды, жабдықты күтіп ұстау мен ауыстыруды көрсететін өндірісті қолдауға арналған күрделі шығындар, олар әдетте өндіріс тоқтағанға дейін үш жыл бұрын тоқтатылады; және
- тарату қорына жарналар және кенішті жабу шығындары – олар AISC есебіне енгізілмеген.
Төмендегі кестеде көрсетілген кезеңдерде уран өндіруді жүзеге асыратын Топтың еншілес ұйымдарының, БО, БК және қауымдасқан кәсіпорындарының күрделі шығындары 100% негізде келтірілген. Күрделі шығындардың сомалары кәсіпорындардың жеке аудиттелмеген бухгалтерлік деректері негізінде Топтың жекелеген компанияларының тәуелсіз басқару ақпаратынан алынған, сондықтан Топтың Шоғырландырылған қаржылық есептілігінде көрсетілген негізгі өндірістік құралдар мен жабдықтарды сатып алу сомаларымен салыстыруға келмейді немесе сәйкес келмейді, осыған байланысты инвесторларға мұндай күрделі шығындар туралы ақпаратқа шамадан тыс үміттенбеу ұсынылады.

46 Ұңғымаларды салу.
47 Өндірісті қолдау, оның ішінде кеңейту шығындары.
48 Тарату қоры/жабу.
Өндірістің жоспарланған деңгейіне жету үшін Топтың өндіруші кәсіпорындары жыл сайын қорлардың болуы негізінде ұңғымаларды бұрғылау мен өндірудің қажетті көлемін бағалайды.
Бұл шығыстар полигондардың жұмысқа қабілеттілігін сақтауға арналған капиталдандырылған шығыстарға жатады. Бұл шығыстардың негізгі құрамдас бөлігі ұңғымаларды салу шығындары болып табылады.

49 Жалпы кеңейту шығындарын қоспайды.
50 Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды.
Ұңғымаларды салуға және 14 уран өндіруші кәсіпорынның өндірісін қолдауға жұмсалған шығындар 2023 жылы 182 904 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылғы деңгейден едәуір асып түсті. Бұл 2024 жылы өндіріс жоспарының орындалуына және өндірісті дайындауға, сондай-ақ шикізат, материалдар, жабдықтар мен бұрғылау қызметтерін сатып алу бағасының өсуіне байланысты инфляциялық қысымға байланысты.
2023 жылдың қорытындысы бойынша күрделі шығындардың жиынтығы 2023 жылға арналған жаңартылған болжамдарға (200-210 млрд теңге) сәйкес келді, бұл есепті жылы өндірістік бағдарламаның орындалуына ықпал етті.
Төмендегі кестеде келтірілген ақпарат тау-кен дайындық жұмыстарының өтелуін (ТДЖ деп аталады), 2023 жылы әрбір тау-кен кәсіпорны үшін негізгі құралдар мен амортизацияны көрсетеді.

51 «Қызылқұм» ЖШС негізгі қаражатын қамтиды.
Резервтер және геологиялық зерттеулер
Қорлар мен ресурстар, мың тонна

SRK Consulting (UK) Limited (2024 жылғы 16 қаңтардағы) хатына сәйкес 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша (жылдық сарқылуды қоса алғанда) барлық өндіру кәсіпорындарының кеніш қорлары шамамен 566,9 мың тонна уранды (100% негізде) құрады, оның ішінде Компанияның үлесіне қатысу үлесіне пропорционалды түрде 300,9 мың тонна уран кірді (2022 жылы 588,8 мың тонна 100% негізде, оның 312,9 мың тоннасы қатысу үлесіне пропорционалды). Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 850,5 мың тонна уранға бағаланады (100% негізде), оның 508,9 мың тонна ураны Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды көлем болып табылады (2022 жылы 761,6 мың тонна 100% негізде, оның 464,8 мың тоннасы қатысу үлесіне пропорционалды). 2022 жылмен салыстырғанда минералдық ресурстардың көлемі шамамен 88,9 мың тоннаға ұлғайды, бұл негізінен «Қаратау» ЖШС, «Хорасан-U (Хорасан-У)» ЖШС және «Аппақ» ЖШС кәсіпорындарында уран қорларын қайта бағалау жөніндегі жұмыстардың аяқталуымен түсіндіріледі және кен орындары қорларының 2023 жылы 100% негізде 21 мың тонна көлемінде өндіру есебінен сарқылуын қамтиды. Қосымша ақпарат алу үшін Компанияның веб-сайтындағы «Инвесторлар» бөлімінде қол жетімді Минералды ресурстар мен Кеніш қорлары туралы SRK Consulting (UK) Limited хатын қараңыз.

Өтімділік және күрделі ресурстар
Қазатомөнеркәсіптің басшылығы үнемі өзгеріп отыратын нарықтық ортада қаржылық тұрақтылықты сақтауға бағытталған. Топтың қаржылық менеджмент саясаты қолданыстағы қызметті қолдау және бизнесті дамыту үшін ақша резервтерінің тиісті деңгейін сақтауға бағытталған.
Топтың өтімділікке деген қажеттілігі негізінен айналым қаражатын қаржыландыруға, күрделі шығындарға, борышты өтеуге қызмет көрсету және дивидендтер төлеуге қатысты. Тарихи тұрғыдан алғанда, Топ негізінен операциялық қызметтен түскен қаржы ағындарын өзінің айналым капиталын және ұзақ мерзімді капитал қажеттіліктерін қаржыландыру үшін пайдаланды, сондай-ақ қажет болған жағдайда сыртқы қаржы ресурстарын пайдалану мүмкіндігін сақтай отырып, болашақта жүзеге асырылуы жоспарланған. Қажет болған жағдайда, Компания белгілі бір инвестициялық жобаларды қорландыру үшін жобалық қаржыландыруды тарту мүмкіндігін қарастырады.
АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТ ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛАНДЫРУДЫҢ ҚОЛЖЕТІМДІ КӨЗДЕРІ
Топ өтімділікке деген қажеттіліктерін өз міндеттемелерін уақытында өтеу үшін жеткілікті ақша қаражатының тұрақты болуын қамтамасыз ету үшін, қолайсыз шығындардың пайда болуына жол бермей және Топтың беделіне қауіп төндірмей, қаржылық міндеттемелерін орындау үшін басқарады.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша ақша қаражаттары мен олардың баламалары, депозиттерді қоса алғанда, 2022 жылғы 170 466 млн теңгемен салыстырғанда 24%-ға өсіп, 211 920 млн теңгені құрады, мұндай өзгерістердің түсіндірмелері төменде Ақша қаражатының қозғалысы бөлімінде көрсетілген.
Қарыздар бойынша пайдаланылмаған сома Топқа қолжетімді, 12 айға дейінгі мерзімде өтелуге жататын, өтімділіктің қосымша көзі болып табылатын, негізінен сауда дебиторлық берешегінің түсу мерзімдерімен байланысты кассалық алшақтықтарды уақытша жабу үшін пайдаланылатын жаңартылатын корпоративтік кредиттік желілермен көрсетіледі.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың жаңартылатын несие желілері бойынша жалпы лимиті 253 миллион АҚШ долларын құрады, оның барлық көлемі пайдалануға қолжетімді болды (2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жаңартылатын несие желілері бойынша лимит 235 миллион АҚШ долларын құрады).

АЛЫНҒАН ЖӘНЕ ТӨЛЕНГЕН ДИВИДЕНДТЕР
Компания Топтың кәсіпорындарының иегері болып табылады және өзінің бизнес-операцияларынан түскен кірістен басқа, БК, қауымдастырылған кәсіпорындар және басқа да инвестициялардан дивидендтер алады. 2023 және 2022 жылдары Топ өздерінің БК, қауымдастырылған кәсіпорындарынан және басқа да инвестициялардан тиісінше 87 794 млн теңге және 45 346 млн теңге мөлшерінде дивидендтер алды.
2023 жылы өсім негізінен «КАТКО» БК ЖШС дивидендтер сомасының жоғарылауымен және кәсіпорынның екінші қатысушысынан жылдық пайданы бөлу сомасының қосымша 11%-ы бойынша өтемақы алумен байланысты. Компания дивидендтер ағындарын барынша көбейтуді және еншілес ұйымдардың, БК және қауымдастырылған кәсіпорындардың тұрақты даму мақсаттарын теңестіреді. Компания Қазақстан Республикасындағы инвестициялар объектілерінен алған дивидендтерге дивидендтер салығы салынбайды.
2023 жылы Компания өз акционерлеріне 2023 жылғы шілдеде 2022 жылғы қызмет қорытындылары бойынша төленген 200 970 млн теңге мөлшерінде дивидендтер төленгені туралы жариялады (2022 жылы Компания өз акционерлеріне 2022 жылғы шілдеде 2021 жылғы қызмет қорытындылары бойынша төленген 227 388 млн теңге мөлшерінде дивидендтер төледі).
АЙНАЛЫМ КАПИТАЛЫ
Төмендегі кестеде Топтың 2023 және 2022 жылдардағы айналым капиталының бөлінуі көрсетілген:

52 2023 жылы 8 млн теңге сомасына мерзімді депозиттерді шығарып тастайды (2022 жылы: 930 млн теңге), өйткені олар ақшалай қаражатқа теңестірілген (Ақшалай қаражат және қолжетімді қаржыландыру көздері бөлімін қараңыз).
Дебиторлық берешектің өсуі 2023 жылы түсімнің өсуіне байланысты (Шоғырландырылған түсім және басқа қаржылық көрсеткіштерді қараңыз).
Өтелетін ҚҚС 2023 жылы едәуір ұлғайды және Компанияның өзінің еншілес кәсіпорындарынан, БО, БК және қауымдастырылған кәсіпорындардан уран сатып алу құнының ұлғаюы себебінен 146 450 млн теңгені құрады, бұл нарықтағы спот бағасының өсуімен байланысты (Еншілес компаниялармен, БК, БО және қауымдастырылған кәсіпорындармен мәмілелерді қараңыз).
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша басқа да қаржы активтері негізінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, АҚШ Қаржы министрлігі және шетелдік коммерциялық банктер шығарған қысқа мерзімді борышқорлық бағалы қағаздарға Топтың инвестицияларымен ұсынылады. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша мұндай инвестициялар көлемі 46 276 млн теңгені құрады.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы өзге де ағымдағы міндеттемелерге Топ пен ANU Energy арасында жасалған, қайтару мерзімі 2024 жылғы наурызға дейінгі 91 151 млн теңге сомасындағы (әділ құн бойынша қайта бағалауды ескере отырып) уранның тауарлық қарызының қысқа мерзімді келісімшарты бойынша міндеттемелер кіреді.
Урандағы қарыздар геосаяси тұрақсыздықтың күшеюіне байланысты қазақстандық уранның батыс өңдеу кәсіпорындарына уақтылы жеткізілуіне әсер етуі мүмкін логистикалық тәуекелдерді азайту үшін қажетті Топтың қорларын басқарудың әдеттегі саясатының бөлігі болып табылады.
Топтың таза айналым капиталы қарастырылып отырған барлық кезеңдерде оң болып қала берді.
Келесі кестеде Топтың 2023 және 2022 жылдардың соңындағытауарлық-материалдық құндылықтарының (қорларының) құрамдас бөліктері келтірілген:

Топ уран нарығындағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізеді және нарық конъюнктурасына байланысты өзінің тауарлық-материалдық қорларын ұлғайту стратегиясын ұстана алады.
Топтың негізгі қорлары негізінен U3O8 және басқа уран өнімдерін қамтитын дайын тауарлар мен қайта сату тауарлары болып табылады.
Қорлар балансының ұлғаюы негізінен 2023 жыл ішінде U3O8 спот бағасының өсуімен және дайын өнімнің өсуімен байланысты болды, бұл БК-дан, қауымдастырылған кәсіпорындардан және уран өнімдерінің үшінші тараптарынан сатып алынған құнын арттырды. Компанияның стратегиясына сәйкес Қазатомөнеркәсіптің қорларының деңгейлері клиенттердің жеткізілімге сұраныстарының түсу мерзімдеріне және жеткізілім кестелерінің, өндіру және сату көлемдерінің өзгермелі нарықтық жағдайларға сәйкес келетін айырмашылықтарына байланысты өзгеріп отырады.
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ
Келесі талдау Қаржылық есептілікпен және оған тиісті ескертпелермен бірлесіп қаралуға және негізделуге тиіс.
Келесі кестеде Топтың 2023 және 2022 жылдардағы шоғырландырылған ақша ағындары көрсетілген:

53 Төленген табыс салығы мен төленген сыйақыны қамтиды.
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСКЕН АҚША ҚАРАЖАТЫ
2023 жылы операциялық ақша ағындары 432 225 млн теңгені құрады, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 283 859 млн теңгеге айтарлықтай ұлғайды, бұған негізінен себеп болған:
- 2023 жылы сатып алушылардан және своп-мәмілелер бойынша операциялардан түсетін ақшалай түсімдердің 2022 жылмен салыстырғанда 246 449 млн теңгеге ұлғаюы, бұл U3O8 нарықтық спот бағасының өсуіне, сату көлемінің өсуіне және жеткізу кестесінің өзгеруі есебінен орташа сату бағасының өсуіне байланысты;
- бюджеттен 50 546 млн теңге сомаға ҚҚС қайтаруды азайту;
- басқа төленген салықтардың өсуіне байланысты, негізінен Қазақстан Республикасының аумағында топішілік сату көлемінің ұлғаюы нәтижесінде есептелген қосылған құн салығы сомасының ұлғаюына және пайдалы қазбаларды өндіруге салынатын салықтың жоғарылауына байланысты 39 573 млн теңге сомасына нивелирлеу;
- салық салынғанға дейінгі кірістің өсуіне байланысты төленген табыс салығының 28 667 миллион теңгеге өсуі (Салық салынғанға дейінгі пайда мен табыс салығы бойынша шығыстарды қараңыз).

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСКЕН АҚША ҚАРАЖАТЫ
2023 жылы инвестициялық қызметтен түскен таза ақшалай жылыстаулар 2022 жылы 10 893 млн теңге көлеміндегі жылыстаулармен салыстырғанда 61 200 млн теңгені құрады.
2023 жылғы өзгерістер негізінен төмендегілерге байланысты болды:
- қауымдасқан кәсіпорындардан, БК және басқа да инвестициялардан алынған дивидендтерді 42 448 млн теңге сомасына ұлғайту арқылы (Алынған және төленген дивидендтерді қараңыз);
- АҚШ Қаржы министрлігі мен Еуразиялық Даму Банкі шығарған борышқорлық бағалы қағаздарды сатып алуға инвестицияларды нетто 41 249 млн теңгеге ұлғайту арқылы;
- негізгі құралдарды сатып алуды, кен орындарын игеру бойынша активтерді сатып алуды және барлау мен бағалау активтерін сатып алуды 35 283 млн теңге сомасына өсуі арқылы, бұл кен орындарын игеру жөніндегі жұмыстарды ауыстырумен, сондай-ақ жабдыққа сатып алу бағасының жоғарырақ болуымен байланысты (Күрделі шығындарды шолуды қараңыз).
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕН ТҮСКЕН АҚША ҚАРАЖАТЫ
Қаржы қызметінен түскен таза ақша жылыстауы 2023 жылы 319 425 млн теңгені және 2022 жылы 268 877 млн теңгені құрады.
Қаржылық операцияларда қолданылатын салыстырмалы ақша ағындарына әсер ететін негізгі факторлар:
- жалпы сомасы 95 517 млн теңгеге қарыздар мен қарыз қаражаттарын алу мен өтеуден түскен ақшалай қаражаттың таза жылыстауын ұлғайту;
- акционерлерге және бақылаусыз қатысушыларға төленген дивидендтер төлемдерінің тиісінше 26 418 және 18 422 млн теңге сомаға азаюымен нивелирленді.
Берешек
Топтың қаржылық міндеттемелері, баланстан тыс кепілдіктерді қоса алғанда, 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша 102 473 млн теңгені (2022 жылы 157 381 млн теңге) құрады, оның ішінде:

Келесі кестеде 2023 және 2022 жылдардағы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың қарыздарының сомасы көрсетілген:

2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша Топтың банктік несиелері жоқ.
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша банктік емес қарыздар бойынша берешек 86 377 млн теңгені құрады және оған мыналар кіреді:
- 2019 жылғы қыркүйекте «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда алаңында орналастырылған Компанияның номиналды құны 70 млрд теңге және өтеу мерзімі 2024 жылғы қазанда болатын АҚШ долларына индекстелген ұзақ мерзімді купондық облигациялары;
- «Талап бойынша» өтеу мерзімі бар «Хорасан-U (Хорасан-У)» БК» ЖШС-не тиесілі вексельдер бойынша міндеттемелер. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша осы вексельдер бойынша талап ету құқығы «Қызылқұм» ЖШСне тиесілі.
Кепілдіктер екінші тарап өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда төлемдерді жүзеге асыру жөніндегі Топтың баланстан тыс қайтарып алынбайтын міндеттемелерін білдіреді.
Басқа міндеттемелерге қаржылық жалдау, лизинг және басқа қаржылық берешек бойынша міндеттемелер кіреді.
Несиелік және кепілдік келісімдеріне сәйкес Топ кейбір белгіленген қаржылық емес міндеттемелерді (ковенанттарды) сақтауға міндетті. Бір жыл ішінде Топ жоғарыда аталған барлық міндеттемелерді орындады. Топтың қаржылық ковенанттар бойынша міндеттемелері жоқ.
Төмендегі кестеде 2023 және 2022 жылдардағы банктік қарыздар бойынша Топтың орташа өлшенген пайыздық мөлшерлемесі келтірілген:
Орташа өлшенген пайыздық мөлшерлеме, соның ішінде:

Белгіленген пайыздық мөлшерлемелер

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша орташа өлшенген пайыздық мөлшерлеме 3,81% құрап, өткен жылмен салыстырғанда өсті. 2023 жылы Топтың несиелер мен қарыздар бойынша орташа өлшенген мөлшерлемесіне негізінен Топтың белгіленген мөлшерлеме бойынша ұзақ мерзімді міндеттемелері әсер етті (жылдық 4% купондық облигациялар).
2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Топтың міндеттемелері толығымен белгіленген пайыздық қарыз есебінен қалыптасады.
Компанияларға халықаралық рейтингтік агенттіктерден несиелік рейтингтер берілді:
- Moody’s Investors Service Baa2, болжам «Оң» (2023 жылдың 30 қазанында расталған).
- Fitch Ratings BBB, болжам «Тұрақты» (2024 жылдың 19 қаңтарында расталған).
ТАЗА ҚАРЫЗ/ТҮЗЕТІЛГЕН EBITDA
Келесі кестеде 2023 және 2022 жылдардағы қаржылық тұрақтылықты өлшеу үшін Компания басшылығы қолданатын негізгі коэффициенттер келтірілген. Таза қарыз/Түзетілген EBITDA коэффициенті бойынша Компания басшылығының мақсатты мәні 1,0-ден төмен.

54 Түзетілген EBITDA көрсеткіші EBITDA-дан негізгі қызметке қатысы жоқ және бір реттік әсері бар барлық баптарды алып тастау арқылы есептеледі. Есептеуі: салыққа дейінгі пайда – қаржылық кірістер + қаржылық шығындар +/- таза (табыс)/бағамдық айырма бойынша шығын + тозу и амортизация + құнсыздану - құнсыздануды қалпына келтіру +/- бір жолғы және бірлік оқиғалар.
Шығарылған акциялар

2023 жыл ішінде Қазатомөнеркәсіптің акционерлік капитал құрылымында өзгерістер болған жоқ. 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның жарияланған және орналастырылған жай акцияларының саны 259 356 608 дана (2022 жылмен салыстырғанда өзгеріссіз) құрайды, оның 75%-ы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі және Astana International Exchange (AIX) биржасында және Лондон қор биржасында (LSE) листингтелген акциялардың/жаһандық депозитарлық қолхаттардың 25%-ы еркін айналымда болды. Бір жаһандық депозитарлық қолхат (ЖДҚ) бір акцияны білдіреді. Әрбір жай акция бір дауыс беру құқығын береді.

2024 жылға арналған болжамды көрсеткіштер

* Кейбір БК бойынша серіктес өзінің өндіріс үлесін сатып алудан бас тартқан жағдайда, Компанияның осындай қосымша көлемді (Компанияның қатысу үлесіне пропорционалды өндіріс көлемінен асатын) сатып алуға құқылы.
55 2023 жылғы орташа айырбас бағамы.
56 Өндіріс көлемі (100% негізде): бұл Компанияның қатысу үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің жиынтық көлемін білдіреді және осы өндіріс көлемінің бір бөлігі Топтың бірлескен кәсіпорындары бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға тиесілі болуы мүмкін екенін ескермейді.
57 Ресей-Украина қақтығысының ұзақтығы мен толық ықпалы әлі белгісіз. Осыған байланысты өндірістің жылдық көлемі ішкі болжаулардан өзгеше болуы мүмкін.
58 Өндіру кәсіпорнының U3O8 өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды): «Инкай» БК-ны қоспағанда, Компанияның меншік үлесіне пропорционалды үлесі бар кәсіпорындар өндірісінің көлемін білдіреді және бірлескен кәсіпорындар бойынша серіктестерге немесе үшінші қатысушыларға қатысты қалған бөлігін қамтымайды, мұнда жылдық өндіріс көлемі (меншік үлесіне пропорционалды) Компанияның IPO проспектісінде бұрын ашылған Сату туралы келісімге сәйкес айқындалады. Өндірістің нақты дәл көлемі конвертер деректерінің нәтижелері бойынша түзетуге жатады. «Буденовское» БК бойынша 2024 жылдан 2026 жылға дейінгі кезеңдегі өндіріс көлемінің 100%-ы оффтейк-келісімшарт шеңберінде нарықтық жағдайларда Ресейдің азаматтық атом энергетикасы өнеркәсібін шикізатпен қамтамасыз ету үшін толық сақталған.
59 Топтың сату көлемі, тонна: Қазатомөнеркәсіптің және оның шоғырландырылатын еншілес және тәуелді кәсіпорындарының U3O8ді сатуды қамтиды (келесілердің бар болуы арқылы ҚАӨ бақылайтын компаниялар: (i) олардың кірістілігіне айтарлықтай ықпал ететін тиісті қызметті басқару өкілеттігі, (ii) осындай субъектілермен оның қатысуынан түсетін кірістердің өзгеруіне ықпал ету немесе құқықтар және (iii) Топтың пайда мөлшеріне ықпал ету үшін осындай субъектілерге өз өкілеттіктерін пайдалану мүмкіндігі. айтарлықтай әлеуетті дауыс беру құқықтарының болуымен қатар, негізгі құқықтардың болуы және ықпалы, ҚАӨ-нің басқа заңды тұлғаға бақылауын бағалау кезінде ескеріледі). Топтың U3O8-ді сату көлемі уранның басқа түрлерін (отын таблеткаларын сатуды қоса алғанда, бірақ онымен шектелмейді) жүзеге асыруды қамтымайды.
60 Компанияның сату көлемі (Топ бойынша сату көлеміне енгізілген): тек компанияның сыртқы сатылымы мен TҰK кіреді. Компания мен ТҰК арасындағы топішілік мәмілелер қамтылмаған.
61 Күтілетін кіріс белгілі бір уақытта бөгде көздерден алынған уран бағасына және теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарына негізделген. Пайдаланылған бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдары Қазатомөнеркәсіптің ішкі болжамдарын көрсетпейді және 2023 жылғы түсім нақты бағалар мен теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамдарының бөгде көздер болжамынан алшақтығына айтарлықтай дәрежеде ықпал етуі мүмкін.
62 U3O8 фунтына кг уранды қайта есептеу коэффициенті 2,5998 құрайды.
63 U3O8 фунтына кг уранды қайта есептеу коэффициенті 2,5998 құрайды.
64 Күрделі шығындар (100% негізде): тек өндірістік кәсіпорындардың күрделі шығындарын, соның ішінде инвестициялық жобаларға айтарлықтай күрделі шығындарды қамтиды. Тарату қорлары мен тарату шығындарын қамтымайды. 2024 жылы «Буденовское» БК» ЖШС, «Катко» БК» ЖШС (Оңтүстік Төрткұдық) және «Орталық» БК» ЖШС (Жалпақ) бойынша кеніштердің инфрақұрылымын дамытуға арналған шығындарды ұлғайту шамамен 85 млрд теңге мөлшерінде қамтылады.
2024 жылы өндіріс көлемі 21 000-нан 22 500 тонна уранға дейін және сәйкесінше 100% негізде және меншік үлесіне пропорционалды түрде 10 900-ден 11 900 тоннаға дейін болады деп күтілуде (бұған дейін 2022 жылы Компания өндірісті 100% негізде 25 000-25 500 тонна уран деңгейіне шығару ниетін жариялаған болатын). Компанияның өндіріс бөлігінде бұрын жарияланған ниеттерін түзету Компания 2024 жылдың 12 қаңтарында хабарлағандай, күкірт қышқылының қолжетімділігімен және жаңа кен орындарында/учаскелерде құрылыс жұмыстарының кестесінен артта қалуымен байланысты қиындықтардан туындайды.
Компания өндіруші активтердің көпшілігінің уран өндіру деңгейі Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың минус 20% деңгейінде болады деп күтеді және Компания Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарға сәйкес өндіру көлемі бойынша міндеттемелерді бұзу фактілерін болдырмау үшін бар күшін салады. Бірақ қайта іске қосылатын кен орындарына/учаскелеріне жер қойнауын пайдалану құқығына ие кәсіпорындарда жерүсті кешені мен инфрақұрылымның құрылыс жұмыстарының кешігуіне байланысты өндіру деңгейін Келісімшарттық міндеттемелердің 20%-дан астамына төмендету қаупі бар.
Бүгінгі таңда Компания күкірт қышқылының қажетті көлемін жеткізуге келісімшарттар жасасты, ол 2024 жылға арналған өндірістік жоспар бойынша күтулерді жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарда белгіленген көлемнің минус 20% деңгейінде орындауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, жаңа кен орындарында/учаскелерде құрылыс жұмыстарының кешігуі айтарлықтай белгісіздік тудырады және Компанияның 2024 жылғы болжамды операциялық көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін. Компания жағдайдың дамуына қарай мүдделі тұлғаларды тиісті түрде хабардар етеді..
Сату көлемі бойынша 2024 жылғы күтулер де нарыққа бағытталған стратегияға сәйкес келеді. Топ 2024 жылы сату көлемі 15 500-ден 16 500 тоннаға дейін уранды, оның ішінде Компанияның 10 900-ден 11 900 тоннаға дейінгі уранды сату көлемін күтеді, бұл 2023 жылғы нақты көрсеткіштерге сәйкес келеді. Топ үшін де, Компания үшін де 2023 жылмен салыстырғанда 2024 жылға арналған сатудың болжамды көрсеткіштерінің төмендеуі отын жинақтарын кейіннен өндіру үшін «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-не БУӨ түріндегі сату көлемінің ұлғаюымен байланысты және болашақ кезеңдерге қорлардың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етуге бағытталған.
Түсім, сондай-ақ С1 «Ақшалай өзіндік құн» (қатысу үлесі бойынша) және AISC «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары» (С1 қатысу үлесі бойынша + күрделі шығындар) көрсеткіштері, егер теңгенің АҚШ долларына айырбастау бағамы 2024 жыл ішінде айтарлықтай ауытқитын болса, жоғарыда келтірілген болжамдардан өзгеше болуы мүмкін. ПҚӨС-ке әсер ететін споттық нарықтық бағаның өсуі (Салық салу және пайдалы қазбаларды өндіру салығын («ПҚӨС») қараңыз), сондай-ақ өндірістік материалдар мен реагенттерге инфляциялық қысымды қоса алғанда, қажетті шикізат пен материалдарды жеткізудегі қиындықтар 2024 жыл бойы сақталады, бұл Компанияның қаржылық көрсеткіштеріне әсер етуі мүмкін және C1 «Ақшалай өзіндік құн» (қатысу үлесі бойынша) және AISC «Ақшалай өзіндік құн + өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары» (қатысу үлесі бойынша С1 + күрделі шығындар) көрсеткіштері 2024 жылы 2023 жылмен салыстырғанда жоғары болады деп күтуге негіз береді. Егер жоғарыда аталған белгісіздіктер 2024 жылға дейін сақталса, болжамды көрсеткіштер жаңартылатын болады.
2023 жылдан бастап кен орындарын игеру жөніндегі жұмыстарды көшіруді жабу үшін 2023 жылғы нәтижелермен салыстырғанда 2024 жылға арналған 100% негізде өндіру кәсіпорындарының күрделі шығындары бойынша болжам айтарлықтай ұлғайды (Күрделі шығындар шолуын қараңыз), шикізатқа, материалдарға, жабдыққа сатып алу бағасының өсуі, сондай-ақ «Буденовское» БК» ЖШС, «Катко» БК» ЖШС (Оңтүстік Төртқұдық) және «ОРТАЛЫҚ» БК» ЖШС (Жалпақ) кеніштерінің инфрақұрылымын дамытуға жалпы сомасы шамамен 85 млрд. болды.
УРАНДЫ САТУ БАҒАЛАРЫ БОЙЫНША СЕЗІМТАЛДЫҚТЫ ТАЛДАУ
Төмендегі кестеде Топтың U3O8 орташа жылдық сату бағасы белгілі бір жылдағы (жоғарғы қатарда көрсетілген) спот бағасының өзгеруіне (сол жақ бағанда көрсетілген) қалай ықпал ететіндігі көрсетілген. Қазіргі уақытта кестеде Топ бойынша U3O8 сатудың орташа бағасы уранның нарықтық спот бағасымен тығыз байланысты екендігі айқын көрінеді.
Бұл сезімталдықты талдау тек анықтамалық ақпарат ретінде қолданылуы керек. Ақиқатында, уран нарығындағы спот бағалары U3O8 сатудың орташа жылдық бағалары осы кестеде көрсетілген мәліметтерден өзгеше болуына әкелуі мүмкін. Кесте бірнеше негізгі болжамдарға негізделген, соның ішінде өзгеруі мүмкін болашақ бизнес мүмкіндіктерін бағалау, Топтың бақылауынан тыс тәуекелдер мен белгісіздіктерге ұшырайды. Берілген кестенің астындағы ескертулерге назар аударуыңызды және қосымша ақпарат алу үшін Болашаққа қатысты мәлімдеме бөлімін қарауыңызды сұраймыз.

Мәндер доллар сомасына дейін дөңгелектенеді. Бұл сезімталдықты талдау келесі негізгі болжамдарға негізделген:
- Осы талдаудың мақсаттары үшін АҚШ-тағы жылдық инфляция тарихи мәндер негізінде 2% құрайды деген болжам қолданылады.
- Талдау 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша жүргізілді және 2024-2028 жылдарға арналған, Топтың көрсетілген кезең ішінде жылдық ең төменгі орташа сату көлемі негізінде шамамен 18.0 мың тонна U3O8 түрінде уран дайындалды, оның ішінде 2023 жылдың 31 желтоқсанындағы жағдай бойынша келісім-шарттар жасалған көлемдер келісімшарттың қолданыстағы шарттарына сәйкес сатылатын болады (яғни келісілген баға формуласына сәйкес есептелген, белгіленген баға компоненті және/немесе жекелеген спот, орта мерзімді және ұзақ мерзімді бағалар комбинациясы біріктірілген баға механизмдері бар келісім-шарттар). Қазатомөнеркәсіптің маркетингтік стратегиясы икемді болып қалу және нарықтық сигналдарға барабар жауап беру үшін оның портфеліндегі тіркелген және нарықтық бағасы бар келісім-шарттардың нақты үлесіне бағытталмайды.
- Осы кестедегі мақсаттар үшін U3O8 расталмаған көлемі сатып алушылармен тікелей жасалатын және спот бағаларға негізделген қысқа мерзімді келісім-шарттар бойынша сатылады деп болжанады.
