Біздің стратегиямыз


Қазатомөнеркәсіп әлемдегі ең маңызды уран ресурстарының біріне басымдықпен қол жеткізе отырып, табиғи уранның әлемдік өндірушілер арасында көшбасшы орынға ие.
Қызмет бағыттары
- Табиғи уран өндіру
- Уран өнімдерін өндіру
- Геологиялық барлау жұмыстары
- Сирек металдар өндірісі
Компания активтерінің құрылымына уранды барлау мен өндіруден, ядролық отын циклі үшін өнім өндіруден бастап ғылыми зерттеулерге, әлеуметтік қамсыздандыруға және персоналды оқытуға дейінгі түпкілікті өнімді жасау процесіне қатысатын кәсіпорындардың толық спектрі кіреді.
Компанияда 21 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Қазатомөнеркәсіп тұрақты даму қағидаттарын қатаң ұстанады және корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы халықаралық стандарттарды ұстанады. Компанияның жетістіктері халықаралық және ұлттық деңгейде жоғары бағаланды.
Қазатомөнеркәсіп:
- Әлемдік нарықтағы үлесі 20%-дан асатын уранның жетекші әлемдік өндірушісі.
- Әлемдегі ең ірі ресурстық базалардың біріне басымдықпен қол жеткізу мүмкіндігі бар.
- Уран өндірудің төмен шығынды, тиімді және экологиялық таза әдісін- жерасты ұңғымалы шаймалауды (ЖҰШ) қолданады.
- Өндірістік тиімділік, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау бойынша салалық көшбасшы.
- Уран нарығын тұрақты және ұзақ мерзімді дамыту үшін стратегияларды әзірлеуде көшбасшы.
2018 жылы Қазатомөнеркәсіп 2018-2028 жылдар кезеңіндегі бес негізгі мақсатқа назар аудара отырып, дамудың жаңа стратегиясын қабылдады:
- Қызметтің негізгі түріне назар аудару.
- Нарық жағдайы негізінде өндіріс, қайта өңдеу және сату көлемін оңтайландыру.
- Маркетинг функциясын нығайту және сату арналарын кеңейту арқылы құндылықтар құру.
- Бизнес-қызметтегі озық тәжірибелерді қолдану.
- Сала көшбасшысына лайықты корпоративтік мәдениетті дамыту.

2023 жылы стратегиялық мақсаттарды іске асыру жөніндегі есеп
Стратегиялық мақсаттар | Негізгі нәтижелер |
---|---|
Қызметтің негізгі түріне назар аудару |
|
Нарық жағдайы негізінде өндіріс, қайта өңдеу және сату көлемін оңтайландыру |
|
Маркетинг функциясын нығайту және сату арналарын кеңейту арқылы құндылықтар құру |
|
Бизнесқызметтегі озық тәжірибелерді қолдану |
|
Сала көшбасшысына лайықты корпоративтік мәдениетті дамыту |
|
Даму стратегиясын іске асыруға байланысты негізгі тәуекелдер:
- Ресейге қатысты санкциялармен байланысты күрделі және сандық емес тәуекелдер, соның ішінде, бірақ олармен шектелмей, «Росатом» атом энергиясы жөніндегі Мемлекеттік корпорациясы мен оның еншілес ұйымдарына қатысты санкциялар енгізілуі мүмкін, сондай-ақ, Украинадағы қазіргі жағдайға байланысты тәуекелдер, бұл топтың қаржылық тұрақтылығының нашарлауына және әлеуметтік шиеленістің өсуіне әкелуі мүмкін, байланысты, бірақ АҚШ долларымен және басқа валюталармен өзара есеп айырысу шектеулерімен шектелмейді, тауарларды Ресей Федерациясының аумағы арқылы ауыстырып тиеуді тоқтата тұру, тауарлардың физикалық қауіпсіздігі;
- Топтың табыстылығы уранның нарықтық бағасымен тікелей байланысты. Уран бағасының құбылмалылығы Топқа айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін;
- Ядролық өнеркәсіптегі ірі апаттар уран бағасының күрт төмендеуіне әкелуі мүмкін;
- Ядролық энергия бірқатар басқа энергия көздерімен бәсекелеседі, ал баламалы энергия көздерінің орнықты және неғұрлым төмен бағалары ядролық шикізатқа және отынға сұраныстың төмендеуіне, ядролық энергетиканы дамыту мен АЭС салу бағдарламаларының қысқаруына, нәтижесінде уранға сұраныстың және оның нарықтық бағасының төмендеуіне әкелуі мүмкін;
- Ядролық энергия қоғамдық пікірлерге байланысты көптеген тәуекелдерге ұшырайды, бұл ядролық энергияға деген сұранысқа елеулі жағымсыз әсер етуі мүмкін және ядролық салада реттеуді күшейтуге әкеліп соғуы мүмкін;
- Топ басқа уран жеткізушілер тарапынан бәсекелестікке тап болады және уран өнімінің соңғы тұтынушыларын жоғалтуы мүмкін;
- Қазіргі уақытта Топ уранның едәуір бөлігін сатып алатын аздаған клиенттердің санына тікелей байланысты, бұл ретте маңызды клиенттердің кез келгенінен айырылып қалу елеулі қолайсыздық тудырып, әсер етуі мүмкін;
- Топтың кейбір клиенттері мен іскерлік серіктестері халықаралық санкцияларға ұшырауы мүмкін, егер бұндай жағдай орын алса, мұндай оқиғалар да айтарлықтай жағымсыз әсер етуі мүмкін;
- Топ ірі салық төлеуші болып табыладытындықтан, салық тәуекелдеріне ұшырайды, ең маңыздысы – уранға пайдалы қазбаларды өндіруге салықтың өсуі және талап қою мерзімі шегінде трансферттік баға белгілеу болып табылады;
- Уранды өндіру және тасымалдау жөніндегі Топтың қызметі операциялық тәуекелдерге, қауіптерге және күтпеген іркілістерге байланысты, бұл Топтың уран және уран өнімін өндіруді және жеткізуді кідіртуге, Топты өндіру құнын ұлғайтуға немесе Топтың өндіру орындарында апатқа әкеп соғуы мүмкін;
- Күкірт қышқылының болуы, сатып алу мүмкіндігі және оның құны Топ қызметінің үздіксіздігі мен коммерциялық өміршеңдігіне айтарлықтай әсер етеді, өйткені Топ уран алу үшін күкірт қышқылының едәуір көлемін пайдаланады;
- Топ Қазақстанды көрші елдермен немесе басқа көлік инфрақұрылымымен байланыстыратын теміржолдарды пайдалануда қиындықтарға тап болуы мүмкін;
- Топ өзінің ағымдағы кен қорларын сақтауы немесе жаңа кен қорларын ашуы кезінде ықтимал қолайсыз болжамдарға тап болуы мүмкін және Топтың уран кені қорларын санау немесе жіктеу кенді бағалау барысында сөзсіз орын алар белгісіздіктерге байланысты бағаланатын деректерден төмен болуы мүмкін;
- Топ белгілі бір қаржылық және басқа да шектеу шарттарын сақтауға, пайыздық мөлшерлемелер мен валюта бағамдарының ауытқуларына, өтімділікті шектеуге немесе қажетті қаржыландыруды ала алмауға, контрагенттердің дефолттарына байланысты әртүрлі қаржылық тәуекелдерге ұшырайды;
- Топ төрелік немесе сот талқылауына, заңнаманы сақтамау/дұрыс түсіндірмеудің құқықтық салдарына тап болуы мүмкін;
- Топтың сақтандыру өтемі ықтимал операциялық тәуекелдерге және күтпеген іркілістерге байланысты шығындарды жабу үшін жеткіліксіз болуы мүмкін;
- IT-жүйелерінің іркілістері немесе Топқа қатысты кибершабуылдар қызметтің нәтижелеріне теріс әсер етуі мүмкін;
- Уран (U3O8) өндірудің немесе шығарудың, сатудың, өнім мен қызметтердің өзіндік құнының жоспарланған көлемін орындамау;
- Корпоративтік басқару жүйесін жақсарту көрсеткіштерін, еңбек қауіпсіздігі және қоршаған орта көрсеткіштерін орындамау;
- Қазақстан Республикасында жылу бөлетін құрамаларды өндіру бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалмауы;
- Топ Қазақстанда бар макроэкономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайларға едәуір дәрежеде тәуелді, Топ жергілікті билік органдары тарапынан қолайсыз егеменді іс-әрекеттер тәуекеліне ұшырауы немесе ауқымды мемлекеттік реттеу мен заңнамаға ұшырауы мүмкін;
- Топқа Қазақстандағы еңбек толқулары немесе әлеуметтік шиеленістің өсуі әсер етуі мүмкін, бұл Топтың қызметіне және оның беделіне айтарлықтай теріс әсер етуі мүмкін;
- Топ қызметінің нәтижелері Қытайда, Үндістанда, Кореяда, Жапонияда, Ресейде және тікелей және қайталама санкциялар қаупі жоғары басқа елдерде экономикалық, саяси және құқықтық өзгерістерге ұшырайды;
- Күтпеген апатты оқиғалар, соның ішінде вандализм мен терроризм актілері Топтың қызметіне теріс әсер етуі мүмкін;
- Қазақстан аумағында және басқа елдерде эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауы Топтың қаржылық тұрақтылығының нашарлауына, әлеуметтік шиеленістің артуына және негізгі операциялық материалдарды сатып алу мүмкіндігінің болмауына әкеп соғуы мүмкін.

2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндірістік мүмкіндіктерді дамытуға және экологиялық жағдайды жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жобаларды іске асыруды жалғастырды:
мың тонна
Түркістан облысы Созақ ауданы Тайқоңыр ауылында 2027 жылы аяқтау жоспарымен жыл сайынғы қуаты 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу.
Жобаны іске асырудың құндылығы:
- Жаңа жұмыс орындарын құру (құрылыс кезеңінде 150 және пайдалану процесінде 500);
- Салық түсімдерін жылына 4 млрд теңгеден астам ұлғайту;
- Күкірт қышқылының импортына тәуелділікті азайту;
- Қазақстанда күкірт қышқылының болжамды тапшылығы проблемасын шешу;
- Қосымша 30 МВт электр энергиясын өндіру;
- Аймақтың әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттыру және ШОБ-ты дамыту.
- Экология мен энергия үнемдеудің әлемдік стандарттарын ескере отырып, күкірт қышқылын өндіру бойынша жаңа, озық технологияларды енгізу;
- Әлемдегі уран өнімдерінің төмен құнының бәсекелестік артықшылығын сақтау.
Құрылыс және жобалау жұмыстарының мерзімі:
2022-2027 жж.
аффинаждық өндірісін салу
«ҮМЗ» АҚ уранның шала тотығы-тотығын аффинаждау зауытын салу жөніндегі жобаны іске асыру жылдық қуаты 6 000 тонна өндірісті іске қосуды көздейді. Жоба экология және энергия үнемдеу саласындағы озық технологияларды қолдану арқылы жүзеге асырылады. Жобадағы үлес – 100%. Портфельдік компания – «ҮМЗ» АҚ. Зауыт жұмыс істей бастағаннан кейін қосымша жұмыс орындары құрылады.
Жобаны іске асырудың құндылығы:
- Қосымша жұмыс орындарын құру;
- Салық аударымдарын ұлғайту;
- Әлемдік нарықтағы қазақстандық шикізат үлесін кеңейту;
- Уранның шала тотығы-тотығы өндірісінің көлемін жылына 6 000 тоннаға дейін арттыру.
Құрылыс және жобалау жұмыстарының мерзімі:
2020-2026 жж.
Тантал, ниобий және бериллийден («Жоғарғы Ырғыз және «Қаражал» кен орындары) өнім шығару бойынша «ҮМЗ» АҚ-ның жұмысын қамтамасыз ету үшін «ҮМЗ» АҚ-ның отандық минералдық-шикізат базасын құру, сонымен қатар «ҮМЗ» АҚ өндірістерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін басқа да әлеуетті кен орындарын игеру мүмкіндіктерін белсенді іздеу және зерделеу.
Жобаны іске асырудың құндылығы:
- Өнімнің өзіндік құнын төмендету;
- Импортқа тәуелділікті азайту;
- Жаңа жұмыс орындарын құру;
- «ҮМЗ» АҚ өндірісінің тиімділігін арттыру.
Іске асыру мерзімі:
2023-2029 жж.

Бағдарлама қызметкерлердің физикалық және менталдық денсаулығын, қаржылық, сондай-ақ мансаптық және әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған. Бұл іс-әрекеттер қызметкерлердің жалпы әл-ауқатын арттыруға, олардың өнімділігін ынталандыруға және қызметкерлердің де, Компанияның да мүдделері үшін кәсіби және жеке әлеуетін толық ашу үшін қолайлы атмосфера құруға бағытталған.
Жобаны іске асырудың құндылығы:
- Әлеуметтік тұрақсыздыққа байланысты тәуекелдерді азайту;
- Еңбек өнімділігін арттыру;
- Қызметкерлердің жалпы әл-ауқатын жақсарту;
- Қызметкерлердің белсенділігі мен адалдығын арттыру.
Іске асыру мерзімі:
2023-2026 жж.
Жоба Қоғамның ЕТҰ қызметі аймақтарындағы әлеуметтік-экономикалық деңгей мен инфрақұрылымдық дамуды арттыруға, өзекті әлеуметтік міндеттерді шешуге, сондай-ақ кәсіпорындардағы еңбек жағдайларын жақсартуға бағытталған. Жобаға арналған бастамалар қызметкерлердің, Компанияның еншілес және тәуелді ұйымдарының және жергілікті қауымдастықтардың ұсыныстары негізінде қалыптастырылады.
Жобаны іске асырудың құндылығы:
- Аймақтардағы әлеуметтік тәуекелдер мен шиеленісті азайту;
- Халық арасында Компанияның оң қабылдауын нығайту;
- Жұмыс берушінің брендінің тартымдылығын арттыру.
Іске асыру мерзімі:
Жыл сайын.
жергілікті бағдарламасын іске асыру
Бағдарламаның мақсаты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында кезең-кезеңімен мансаптық өсу болашағы бар дарынды көшбасшыларды тәрбиелеу болып табылады. Бағдарлама Қоғамда және оның ЕТҰ-да 15 айлық ақылы тағылымдамадан өтудің, арнайы оқытудан өтудің және қатаң конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша бағдарламаға кіріп, орасан зор тәжірибе алудың бірегей тәжірибесін ұсынады. Әрбір жас маманға тәжірибелі қызметкерлер қатарынан тәлімгер бекітіледі.
Жобаны іске асырудың құндылығы:
- Дарынды жастардың атом саласына деген қызығушылығын арттыру;
- Жас мамандардың әлеуетін дамыту;
- Қоғам және ЕТҰ қызметкерлері қатарындағы жас мамандардың мансаптық дамуы;
- Қызметкерлердің белсенділігі мен адалдығын арттыру.
Іске асыру мерзімі:
Жыл сайын.

Бағдарламаның мақсаты: ұзақ мерзімді перспективада тұрақты экономикалық қызметті қамтамасыз ету үшін қызметкерлердің денсаулығын нығайту.
Жобаны келесі міндеттер арқылы іске асыру жоспарлануда:
- Аурулардың алдын алу мен басқаруды жетілдіру;
- Қызметкерлердің салауатты өмір салтын ұстануын қалыптастыру;
- Қолда бар ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру.
Жобаны іске асырудың құндылығы:
- Денсаулық сақтау бойынша негізгі көрсеткіштердің оң динамикасы, денсаулық жағдайы бойынша кенеттен өлім көрсеткішінің төмендеуі;
- Персоналды аурулардың алдын алу үдерістеріне тарту және салауатты өмір салты дағдыларын қалыптастыру;
- Вахталық кенттерде қауіпсіз тамақпен, медициналық көмекпен, микроклиматтың оңтайлы параметрлерімен қамтамасыз ету;
- Денсаулық сақтау мәселелері бойынша әдістемелік басшылық және бірыңғай саясат құру.
Іске асыру мерзімі:
2023-2027 жж.
Бағдарлама Компания қатысу аймақтарының жергілікті тұрғындары арасынан талапкерлерді, колледж түлектерін және бастауыш курс студенттерін қолдауға бағытталған. Бағдарлама шеңберінде қатысушылар Қазақстанның техникалық колледждері мен жоғары оқу орындарында басым техникалық мамандықтар бойынша 1 жылға тегін білім беру грантын ала алады. Өткен оқу кезеңінде оқудың сәтті нәтижелері болған жағдайда, бағдарлама қатысушылары Murager білім беру гранты бойынша келесі оқу жылында да оқуын жалғастыра алады.
Жобаны іске асырудың құндылығы:
- Жастар арасында техникалық мамандықтарды дәріптеу;
- Жергілікті халықтың Қоғамға және ЕТҰ-ға деген сенімі мен адалдығын арттыру және нығайту;
- Қазатомөнеркәсіптің тұрақты даму саласындағы саясатын жетілдіру;
- Жастардың назарын жұмысшы кәсіптеріне, оның ішінде ТжКБ-ға аудару.
Іске асыру мерзімі:
Жыл сайын.
2023 жылы «Буденовское» БК» ЖШС Буденовское кен орнының 6, 7-учаскесінде уранды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіруді бастады.
Жобаны іске асырудың құндылығы:
- Жаңа жұмыс орындарын құру;
- Салық түсімдерін ұлғайту;
- Аймақтың әлеуметтік-экономикалық деңгейін арттыру және ШОБ-ты дамыту.
Өндірістік қуатқа шығу:
2023-2026 жж.
Бизнес-үлгі
1 Оған біріктірілмеген кәсіпорындар – БК және 100% негізде қауымдасқан кәсіпорындар, сондай-ақ тарату қорлары мен жою шығындары кіреді.
2 Топ бойынша біліктілікті арттыру, оқыту және қайта даярлау, білімді сақтау және беруге арналған шығындарды қамтиды.
Активтер құрылымы
Қазатомөнеркәсіп Қазақстандағы 26 уран кен орнында 14 өндіруші кәсіпорынға иелік етеді, онда өндіру жерасты ұңғымалық шаймалау (ЖСШ) әдісімен жүзеге асырылады.
Активтер құрылымына кіретіндер:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2023 жылғы басты активтері
Кәсіпорын | Активтер сипаттамасы |
---|---|
Жер қойнауын пайдалану | |
Жиынтығында Қазақстанның Шу-Сарысу және Сырдария провинцияларында орналасқан 17 уран учаскелері/кен орындары бар Қоғамның еншілес және тәуелді ұйымдарына қатысты өндіру құқығын беретін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар. |
|
Шу-Сарысу, Сырдария және Солтүстік Қазақстан провинцияларында орналасқан 9 уран учаскесіне/кен орнына қатысты БК және Топтың қауымдасқан компанияларына өндіру құқығын беретін жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар. |
|
Өндіріс | |
«Үлбі металлургиялық зауыты» АҚ |
2023 жылғы өнімділік:
|
Сауда | |
KazakAtom TH AG сауда үйі |
Уран саудасы. |
Қосалқы кәсіпорындар | |
«СКЗ-U» ЖШС «SSAP» ЖШС |
680 мың тонна күкірт қышқылы – жиынтық жылдық өндірістік қуат. |
«Волковгеология» АҚ |
Геологиялық жұмыстар мен технологиялық бұрғылау жүргізу. |
«KAP Logistics» ЖШС (бұрын – «СаудаКөлік Компаниясы» ЖШС) |
Өндірістік активтерге қызмет көрсететін көліктік-логистикалық компания. |
«Qorǵan-Security» ЖШС |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және онымен үлестес заңды тұлғалар үшін күзет қызметі. |
«KAP Technology» ЖШС |
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарын жергілікті және корпоративтік телефон байланысымен деректерді берумен УҚТ-радиобайланыспен қамтамасыз ету. |
«Уранэнерго» ЖШС |
Электр энергиясын беру және тарату, электр желілері мен қосалқы станцияларды пайдалану, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Уран өндіруші кәсіпорындарды сенімді және үздіксіз электрмен жабдықтау. |
Ғылым, инжиниринг, білім беру | |
«Жоғары Технологиялар Институты» ЖШС |
Қазақстанның атом саласындағы инновациялық дамуы, саланы технологиялық жаңарту, шығарылатын ғылымды қажетсінетін өнімнің сапасы мен бәсекеге қабілеттілігін түбегейлі көтеру жөніндегі стратегиялық міндеттерді шешу, кейіннен сала кәсіпорындарына енгізе отырып, ғылыми зерттеулер мен жобалау-конструкторлық жұмыстарын жүргізу, кадрларды даярлау және қайта даярлау. |

Қызмет нәтижелерінің динамикасы
ӨНДІРІСТІК КӨРСЕТКІШТЕР
Қазатомөнеркәсіп уран мен оның қосылыстарының экспорты мен импорты жөніндегі ұлттық оператор болып табылады, бұл оған уран өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын беру кезіндегі тікелей келіссөздерді қоса алғанда, кейбір артықшылықтар береді. Осының арқасында Компания ЖҰШ үшін қолайлы жоғары сапалы кен орындарына қол жеткізе алады. 2023 жылы Қазатомөнеркәсіп әлемдік өндірістің 20%ға жуығын қамтамасыз ете отырып, әлемдік жетекші уран өндіруші ретіндегі өз позициясын растады, бұл ретте әлемдік уран өндірудің 39%ы Холдингтің қазақстандық кәсіпорындарының үлесіне тиесілі.
Табиғи уран өндірудің әлемдік нарығындағы Қазатомөнеркәсіптің үлесі (өндірістің тиісті үлесі негізінде), %

2023 жыл ішінде Қазатомөнеркәсіп әлемдік нарықтағы ең үлкен үлесті ұстап, уранның ең ірі өндірушісі ретінде өзінің көшбасшылық орнын растады. UxC мәліметтері бойынша, Компанияның 2023 жылы өндірген уран үлесі уранды бастапқы өндірудің жалпы әлемдік көлемінен шамамен 20%-ын құрады. Бұл ретте, Қазақстандағы Қазатомөнеркәсіп Холдингінің құрамына кіретін кәсіпорындармен өндірілген уранның үлесі осы кезеңде әлемдік уран өндірісінің жалпы көлемінен шамамен 39%ға жетті.
Қазатомөнеркәсіптің уран өндіру көлемі (өндірістің тиісті үлесі), тонна

Өндіріс 2023 жылы өндіріс жоспарының 2022 жылмен салыстырғанда төмендеуіне, сондай-ақ материалдар мен жабдықтардың кешігуіне және шектеулі қолжетімділігіне байланысты төмендеді. Бұл ұңғымаларды іске қосу кестесінде және ЖҰШ әдісімен уран өндірудің жалпы көлемінде көрініс тапты. Күкірт қышқылы сияқты негізгі материалдарға қол жеткізу мәселелері 2024 жылы да жалғасуы мүмкін, бұл өндіріс көлеміне әсер етеді.
Ниобий өнімін өндіру көлемі, тонна Nb

Ниобий өнімінің өндірісі 2023 жылы 2022 жылмен салыстырғанда 2,53%-ға төмендеді, бұл ниобий өніміне сұраныс құрылымының өзгеруіне байланысты.
Бериллий өнімін өндіру көлемі, тонна Be

2022 жылғы деңгейге қатысты есепті кезеңде заттай көріністе бериллий өндірісінің көлемі 34,94%-ға азайды, бұл бериллий өніміне сұраныстың төмендеуімен түсіндіріледі.
Тантал өнімдерін өндіру көлемі, тонна Ta

2022 жылғы деңгеймен салыстырғанда 2023 жылы заттай көріністе тантал өнімдерін өндіру көлемі 7%-ға азайды, бұл тапсырыс берушілер тарапынан сұраныстың төмендеуіне байланысты.
Отын таблеткаларын өндіру көлемі, тонна

2023 жылы отын таблеткаларын өндіру көлемі 196,5 тоннаны құрады, бұл 2022 жылғы өндіріс көлемімен салыстырмалы көрсеткіш.
ҚАРЖЫЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕР
Топтың түсімі, млрд теңге

Топтың шоғырландырылған түсімі 2022 жылмен салыстырғанда 43%ға ұлғайып, 2023 жылдың қорытындысы бойынша 1 434 635 млн теңгені құрады. Бұл өсу негізінен төмендегілермен байланысты:
- U3O8 спот бағасының өсуіне байланысты сатудың орташа бағасының өсуімен;
- клиенттердің қосымша сұраныстарына, сондай-ақ жаңа ұзақ мерзімді келісімшарттарға байланысты U3O8 іске асыру көлемінің ұлғаюымен;
- «Үлбі-ЖБҚ» ЖШС-нің 2023 жыл ішінде ЖБҚ жеткізу көлемінің ұлғаюына және ҮМЗ сирек металдарынан жасалған өнімдерді сатудан түсетін кірістердің өсуіне сәйкес БУӨ және басқа уран өнімдерін сатудан түсетін кірістердің (таблеткаларды сатуды және толлинг қызметтерін көрсетуді қоса алғанда) өсуімен.
Төленген дивидендтер, млрд теңге

2023 жылы Компания өз акционерлеріне 2023 жылғы шілде айында 2022 жылғы қызмет қорытындылары бойынша төленген 200 970 млн теңге мөлшерінде дивидендтер төленгені туралы жариялады (2022 жылы Компания өз акционерлеріне 227 388 млн теңге мөлшерінде дивидендтер төледі, олар 2021 жылғы қызмет қорытындылары бойынша 2022 жылғы шілде айында шілдеде төленді. Дивидендтер алынбайтын немесе дивидендтерді төлеуден бас тарту жоспарланатын келісімдер болған жоқ.
Таза пайда, млрд теңге

2023 жылғы таза пайда 580 335 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 23%-ға өсті (2022 жылы 472 963 млн теңгені құрады). Өсім негізінен жоғарыда көрсетілгендей 2023 жылы операциялық пайданың артуына байланысты болды.
Таза қарыз/түзетілген EBITDA

«Таза қарыздың түзетілген EBITDA-ға қатынасы» коэффициенті 2022 жылмен салыстырғанда 0,1-ге өсті. EBITDA түзетілген көрсеткіші 2023 жылы 828 623 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 31%-ға ұлғайды (2022 жылы 630 898 млн теңгені құрады), бұл ретте EBITDA көрсеткіші 2023 жылдың қорытындысы бойынша қатысу үлесіне пропорционалды түрде 639 407 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 29%-ға ұлғайды (2022 жылы 495 357 млн теңгені құрады). Өзгерістер негізінен шоғырландырылған деңгейдегі жоғары операциялық пайдаға, сондай-ақ БК мен қауымдастырылған компаниялардағы EBITDA жоғары көрсеткішіне байланысты болды, бұл көбінесе U3O8 спот бағасының өсуіне байланысты орташа сату бағасының өсуінен туындайды.
Акцияға пайда, теңге/акция

2023 жылы акцияға шаққандағы пайда 2022 жылмен салыстырғанда 20%-ға артып, 1 616 теңгені құрады.
Акцияға түзетілген пайда, теңге/акция

2023 жылы акцияға шаққандағы түзетілген пайда 2 237 теңгені құрады, бұл таза пайдаға әсер ететін уақытша әсерлерді есепке алмағанда, бір жыл ішінде түзетілген таза пайданың ұлғаюын көрсетеді.
Операциялық пайда, млрд теңге

2023 жылдың қорытындысы бойынша операциялық пайда 680 812 млн теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 49%-ға ұлғайды (2022 жылы 455 962 млн теңгені құрады), бұл негізінен 2023 жылы жоғарыда көрсетілгендей түсімнің ұлғаюына байланысты болды.
Уран өнімдерінің нарығына шолу және бәсекелестік орта
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ НАРЫҚТАР
Минералды активтер
Компанияның минералды активтері Қазақстанның төрт негізгі облысына, соның ішінде Қызылорда, Түркістан, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына бөлінген, бұл Қазатомөнеркәсіпке әлемдегі ең ірі уран қорларының біріне қол жеткізуді қамтамасыз етеді.
ҚМК3 стандарттарына сәйкес уран қорларының бөлінуі көрсетілген қазақстандық уран провинциялары
3 Пайдалы қазбалар қоры жөніндегі мемлекеттік комиссия (ҚМК). Қорлардың бөлінуі пайыздық арақатынаста көрсетілген.
Негізгі нәтижелер, 2023 жыл

Уран саласының әлемдік нарықтағы маңызды оқиғалары
![]() |
Әлемдегі геосаяси жағдай | Ресейдің атом өнеркәсібі санкцияларға ұшырамады, дегенмен Ұлыбританиядағы, ЕО мен АҚШ-тағы заң шығарушылар арасындағы санкциялық көңіл-күй 2023 жылдың басынан бастап кейбір жаңа бастамалар мен шараларға, соның ішінде Ресейдің кейбір кәсіпорындары мен атом өнеркәсібінің аға басшыларын Ұлыбритания мен АҚШтың санкциялар тізіміне қосуына әкелді. |
![]() |
ЕО | Бельгия, Франция, Италия және Ұлыбритания сияқты елдерді қамтитын Еуропалық ядролық альянс аясында 16 еуропалық елдің үкімет өкілдері 2050 жылға қарай 150 ГВт атом энергиясына жетуді көздеп отыр, бұл қазіргі қолданыстағы 100 ГВт-тан едәуір көп. Альянс мақсатқа қосымша 30-45 ірі реакторлар мен шағын модульді реакторлар салу арқылы жетуді көздеп отыр, осылайша ЕО-да электр энергиясын өндірудегі ядролық энергиясының қазіргі 25% үлесін сақтап қалады. |
![]() |
Ұлыбритания | Ұлыбританияның энергетикалық қауіпсіздік министрлігі қаржыландыруы 20 миллиард фунтқа (~25,8 миллиард долларға) жетуі мүмкін елде жаңа атом электр станцияларының құрылысын дамытуға бағытталған Great British Nuclear бағдарламасын іске қосатынын жариялады. |
![]() |
Франция | Францияның Конституциялық кеңесі әкімшілік процедуралар мен жоспарлауды жеңілдету арқылы жаңа реакторлардың құрылысын жеделдетуге бағытталған заңды бекітті. Мамыр айында парламент мақұлдаған заң Францияның ядролық қуатына бұрын қойылған шектеулерді және 2035 жылға қарай ядролық энергетика ұлттық электр энергиясы балансының тек 50%-ын құрауы керек деген талапты жояды. Осылайша, 2050 жылға қарай ядролық энергиясы электр энергиясын өндірудің жалпы көлемінен 50%-дан астамын құрайды. |
![]() |
Жаһандық климаттық стратегия | Атом энергетикасын дамыту перспективалары жақсаруда. БҰҰ-ның СОР28 климаттық өзгерістер жөніндегі конференциясында 20-дан астам ел 2050 жылға қарай атом энергетикасы қуатын үш есе ұлғайту туралы Декларацияға қол қойды. Декларация атом энергетикасы бүкіл әлемде нөлдік шығарындыларға қол жеткізу үшін маңызды рөл атқаратынын мойындайды. Декларацияның негізгі аспектілері халықаралық қаржы институттарын атом энергетикасын энергетикалық инфрақұрылымды қаржыландыру бағдарламаларына қосуды ынталандыруға шақыруға бағытталған ниеттерді де қамтиды. |
Уран бағасы
2010-2023 жылдардағы уран бағасы, U3O84 бір фунты үшін АҚШ доллары

4 TradeTech, UxC мәліметтері бойынша.
2023 жылғы уран өндірісі
2023 жылдың қорытындысы бойынша 100% негізіндегі және меншік үлесіне пропорционалды өндіріс көлемі 2022 жылдың ұқсас көрсеткіштерінен төмен болды, бұл негізінен 2022 жылмен салыстырғанда 2023 жылға арналған өндірістік жоспардың шамалы төмендеуіне байланысты, бұл Компанияның ұзақ мерзімді құндылықты құруға бағытталған өнімді өндіру мен сатуға тәртіптік көзқарасын көрсетеді.
2023 жылғы реакторларды енгізу және шығару



Сату және өткізу
УРАН ӨНІМДЕРІН САТУ
2023 жылы Компания уран өнімдерін тікелей және «Trade House KazakAtom AG» («THK») еншілес компаниясы арқылы 9 елдегі 23 клиентке сатуды жүзеге асырды (2022 жылы: 11 елдегі 24 клиентке).
Төмендегі кестеде Топтың сатылымының географиялық таралуы туралы мәліметтер келтірілген:
Аймақтар5 бойынша уран өнімін шоғырландырылған сатылымы*

5 Дереккөз: Қазатомөнеркәсіптің деректері.
* Уран өнімдерін БК серіктестеріне сатуды қамтиды.
Клиенттердің Компанияның уран өнімдеріне географиялық бөлінуі туралы деректерді қоса алғанда:
Компания мен THK уран өнімдерін (U3O8) аймақтар6 бойынша сату
(U3O8 сату көлемінен* %)

6 Дереккөз: Компанияның деректері, көрсеткіштер ықшамдалды.
* Компанияның сату көлемі (Топта есепке алынатын) Компания мен THK-ның сыртқы сатып алушыларына сатудың жалпы көлемін қамтиды. Компания мен THK арасындағы топ ішіндегі мәмілелер есепке алынбайды.
Негізгі жетістіктер:
- ҚАӨ портфеліне 2 жаңа клиент қосылды;
- сату географиясы кеңейтілді: ҚАӨ екі жаңа елге табиғи уранды жеткізуге шарт жасасты;
- сату көлемі өсті;
- келісім-шарт деңгейі артты.
ТАСЫМАЛДАУ
Қазатомөнеркәсіп уран өнімдерін бүкіл әлем бойынша клиенттерге тасымалдау үшін қауіпсіз, қорғалған және тиімді логистикалық шешімдерді қолданады. Барлық өнімдер теміржол және/немесе теңіз арқылы 20 футтық контейнерлерде тасымалданады, бұл ретте тасымалдау уранды тасымалдаумен байланысты тәуекелдерден сақтандыру жүзеге асырылады.
2023 жыл ішінде Румыния, АҚШ және Канададағы соңғы жүк алушыларға Транскаспий халықаралық көлік бағыты (TХКБ) арқылы бірнеше физикалық тұрғыда жеткізу жүзеге асырылды. 2023 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстаннан батыс елдеріне уранның барлық жөнелтілімдерінің 64%-ы TХКБ арқылы сәтті жүзеге асырылды.
2023 жылы Қазатомөнеркәсіп U3O8 және дайын өнімді клиенттердің қажеттіліктері мен талаптарына сәйкес әртүрлі бағыттарға жеткізді:
Конверторлар: U3O8-ді Honeywell (АҚШ), Cameco (Канада) және Orano (Франция) компанияларының лицензияланған конверсиялық зауыттарына тасымалдау Қазақстаннан Санкт-Петербург порты арқылы теміржол көлігімен, содан кейін АҚШ, Канада немесе Еуропа порттарына теңіз көлігімен жүзеге асырылды, содан кейін жүк теміржол немесе автомобиль көлігімен қайта өңдеу зауыттарына жеткізілді.
Қытай: материалдар Алашанькоу теміржол станциясына жеткізілді.
Ресей: Ресей Федерациясына жеткізулер кезінде, оның ішінде «Сібір химиялық комбинаты» АҚ («СХК»), өнімдер теміржол арқылы Томск-2 станциясына дейін жеткізілді.
Румыния: Клиент Фельдиордағы конверсиялық зауытында меншік құқығын алды.
Аргентина: Клиент Буэнос-Айрес қаласының портында меншік құқығын алды.
Көрсетілген пункттерге жеткізудің орташа құны U3O8 килограмы үшін 0,7-ден 6,6 АҚШ долларына дейін болады. Жеткізу мерзімі мен құнын азайту және көлік тәуекелдерін азайту үшін Компания своп-келісімдер жасайды.
Еншілес ұйым
Компанияға «ОРТАЛЫҚ» ӨК» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 51%-ы тиесілі, қалған 49%-ы қытайлық CGNM UK Limited компаниясына тиесілі. Бұл кәсіпорын өз қызметін Мыңқұдық кен орнының орталық учаскесінде, сондай-ақ Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан Жалпақ кен орнында жүзеге асырады.
Кен орны
Мыңқұдық кен орны 1973 жылы ашылған, 2008 жылдан бастап Орталық учаскесін өнеркәсіптік игеруі басталған. Мыңқұдық кен орнының Орталық учаскесін игеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына арналған №1796 келісімшартқа 2005 жылғы 8 шілдеде қол қойылды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқықтары 2033 жылға дейін қолданылады.
Жалпақ кен орнында тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру жұмыстары аяқталды. Уран өндіруге арналған №4996-тпи келісімшарты 2021 жылғы 14 желтоқсанда жасалды, уранды өндіру және өткізу құқықтарының қолданылу мерзімі 2042 жылға дейін белгіленген.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 33,5 мың тоннаны құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 33,5 мың тоннаны құрайды.
Сипаттамалары


Орталық жобалық
қуаттылығы
2000 т/жылына, Жалпақ –
900 т/жылына)

Түркістан облысы,
Созақ ауданы





учаскесі
2. Жалпақ
7 13.11.2023 ж. дейін – Ташимов Ерлан Лесбекович.
Еншілес ұйым
Компания «РУ-6» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болып табылады.
2018 жылдың қараша айында Компания Қызылорда облысының Шиелі ауданында орналасқан Солтүстік Қарамұрын және Оңтүстік Қарамұрын кен орындарын жер қойнауын пайдалану және игеру келісімшарты бойынша өзінің барлық құқықтары мен міндеттемелерін «РУ-6» ЖШС-на тапсырды.
Кен орны
Солтүстік және Оңтүстік Қарамұрын кен орындары 1979 жылы анықталды, ал оларды өнеркәсіптік пайдалану 1997 жылы басталды.
Осы кен орындарын игеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартқа 1996 жылғы 27 қараша күні қол қойылды, уранды зерттеуге, пайдалануға және өткізуге рұқсаттардың қолданылу мерзімі 2040 жылғы 31 қараша күніне дейін белгіленді8.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 11,9 мың тонна уранды құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 11,9 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы





2. Оңтүстік Қарамұрын
8 ҚР Энергетика Министрлігінің 2023 жылғы 11 қаңтардағы жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының отырысына №1/5 Хаттамаға сәйкес шешімі.
9 20.05.2021 ж. бастап 26.10.2023 ж. дейін – Ысқақов Дәуржан Мұхамеджанович.
Еншілес ұйым
Компания «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-нің жалғыз қатысушысы болып табылады.
2018 жылғы қарашада Компанияның Қанжуған кен орнында, №1 учаскенің оңтүстік бөлігінде (Оңтүстік) және Мойынқұм кен орнының №3 учаскесінің солтүстік бөлігінде (Орталық), Мыңқұдық кен орнының Шығыс учаскесінде және Уванас кен орнында жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша құқықтары мен міндеттері тиісті өндірістік активтермен бірге «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС-не берілді.
Кен орны
1972 жылы ашылған және 1997 жылы өнеркәсіптік өндіруді бастаған Қанжуған кен орны 1996 жылдың 27 қарашасынан бастап 2047 жылдың 31 желтоқсанына дейін уранды барлау, өндіру және өткізу құқығымен жер қойнауын пайдалануға қолданыстағы келісімшартқа ие10.
1976 және 1974 жылдары ашылған Мойынқұм кен орнының №1 учаскесінің оңтүстік бөлігі (Оңтүстік) және №3 учаскесінің солтүстік бөлігі (Орталық) 1997 және 2017 жылдары өнеркәсіптік өндірісті бастады. №1 учаскенің оңтүстік бөлігін өнеркәсіптік пайдалану 1997 жылы басталды, ал №3 учаскенің солтүстік бөлігін пайдалану 2017 жылы басталды.
№1 учаскенің оңтүстік бөлігінің (Оңтүстік) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2000 жылғы 26 қыркүйекте жасалған. Уранды өндіру, барлау және өткізу құқығы 2021 жылғы 26 қыркүйекке дейін қолданылады.
№3 учаскенің солтүстік бөлігінің (Орталық) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарт 2010 жылғы 31 мамырда жасалған. Уранды өндіру, барлау және өткізу құқығы 2041 жылғы 31 мамырға дейін қолданылады.
1963 жылы ашылған, 1997 жылы өнеркәсіптік өндіруді бастаған Уванас кен орны 1996 жылғы 27 қарашадан бастап 2022 жылғы 15 қарашаға дейін уранды барлау, өндіру және өткізу құқығымен жер қойнауын пайдалануға келісімшартқа ие.
1973 жылы ашылған Мыңқұдық кен орны 1996 жылғы 27 қарашадағы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартпен және 2027 жылғы 31 желтоқсанға дейін уранды барлау, өндіру және өткізу құқығымен 1997 жылы Восточный учаскесін өнеркәсіптік пайдалануды бастады11.
Қазіргі уақытта Мойынқұм кен орнының №1 учаскесінің оңтүстік бөлігінде (Оңтүстік) және Уванас кен орнында уран өндіру қорлардың таусылуына байланысты тоқтатылды, жерді мемлекетке қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 20,2 мың тонна уранды құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 22,6 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Түркістан облысы,
Созақ ауданы





қоса алғанда)
2. Мойынқұм, №1 учаске
(Оңтүстік), оңтүстік бөлігі
3. Мойынқұм, №3 учаске
(Орталық), солтүстік бөлігі
4. Уванас
5. Мыңқұдық, Шығыс учаскесі
10 ҚР Энергетика Министрлігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының отырысына №2/1 Хаттамаға сәйкес шешімі.
11 ҚР Энергетика Министрлігінің 2023 жылғы 13 қаңтардағы жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сараптама комиссиясының отырысына №2/1 Хаттамаға сәйкес шешімі.
12 22.02.2023 бастап 26.10.2023 дейін – Жұбанов Асқар Айтжанұлы.
Еншілес ұйым
Компания «АППАК» ЖШС жарғылық капиталындағы қатысу үлесінің 65%-ын иеленеді, қалған үлестер Sumitomo Corporation (25%) және The Kansai Electric Power Co., Inc. (10%) арасында бөлінген.
Бірлескен кәсіпорын өз қызметін Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан Мыңқұдық кен орнының батыс бөлігінде жүзеге асырады.
Кен орны
Мыңқұдық кен орны 1973 жылы табылды, ал оның батыс бөлігі 2008 жылы өнеркәсіптік өндірісті бастады.
Мыңқұдық кен орнының батыс учаскесін игеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды және уранды зерттеу, өндіру және сату құқығы 2035 жылғы 8 шілдеге дейін берілді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орнының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 14,3 мың тонна уранды құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 18,5 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Түркістан облысы,
Созақ ауданы





13 30.11.2021 ж. бастап 29.05.2023 ж. дейін – Әбдімолдаев Дархан Қайратович.
Еншілес ұйым
«Инкай» БК» ЖШС құрамында Компания қатысу үлестерінің 60% иеленіп, үстемді орынды алып отыр, ал Cameco серіктесі үлесінің 40%-на ие.
Бұл бірлескен кәсіпорын Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан Инкай кен орнының №1 учаскесінде пайдалануды жүзеге асырады.
Кен орны
Инкай кен орнының ашылуы 1976 жылдан басталады, ал 2002 жылдан бастап №1 учаскені тестілеу басталды.
№1 учаскеде өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартқа «Инкай» БК» ЖШС 2000 жылғы 13 шілдеде қол қойды, ол 2045 жылғы 13 шілдеге дейін уранды зерттеуге, пайдалануға және сатуға құқық береді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орнының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 123,9 мың тонна уранды құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 144,2 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Түркістан облысы,
Созақ ауданы





14 21.02.2023 ж. дейін – Пернеш Ельнар Қайратұлы, 15.01.2024ж. бастап – Жылкайдаров Біржан Сакенұлы.
Еншілес ұйым
«Байкен-U» ЖШС Компанияға 52,5%-ға тиесілі, Energy Asia (BVI) Limited арқылы тікелей үлесі 5% және 47,5%.
Бұл бірлескен кәсіпорын Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан Солтүстік Харасан кен орнында Харасан-2 учаскесін игеруде.
Бұл кен орны жерасты ұңғымаларын шаймалау әдісімен уран өндіру үшін Қазақстандағы ең терең кен орны болғанымен ерекшеленеді.
Кен орны
Солтүстік Харасан кен орны 1972 жылы ашылған, ал учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2010 жылы басталды.
Солтүстік Харасан кен орнының Харасан-2 учаскесінде жер қойнауын пайдалану туралы келісімшартқа 2006 жылдың 1 наурызында қол қойылып, уранды зерттеу, өндіру және сату құқығын 2055 жылдың 1 наурызына дейін берді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орнының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 14,4 мың тоннаны құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 14,4 мың тоннаны құрайды.
Сипаттамалары



Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы





Харасан-2 учаскесі
Бірлескен кәсіпорын
«Семізбай-U» ЖШС құрамында Компания бақылау қатысу үлесінің 51%-на ие, ал қалған 49%-ы Қытайдың Ұлттық ядролық энергетикалық тобына тиесілі.
Бұл бірлескен кәсіпорын Қызылорда облысы Шиелі ауданында орналасқан Иіркөл кен орнын, сондай-ақ Ақмола облысы Біржан сал ауданында орналасқан Семізбай кен орнын игерумен айналысады.
Кен орны
Иіркөл кен орны 1976 жылы ашылды, ал оны өнеркәсіптік игеру 2008 жылы басталды. Осы кен орнын игеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартқа 2005 жылғы 14 шілдеде қол қойылды, уранды зерттеу, өндіру және сату құқықтарының қолданылу мерзімі 2030 жылғы 4 наурызға дейін белгіленді.
1973 жылы ашылған Семізбай кен орны 2009 жылы өнеркәсіптік өндіріске кірісті. Оны игеру үшін жер қойнауын пайдалану туралы келісімшарт 2006 жылдың 2 маусымында жасалып, 2031 жылдың 2 маусымына дейін уранды барлау, өндіру және өткізу құқығын берді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 8,8 мың тонна уранды құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 19,8 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Қызылорда облысы,
Шиелі ауданы және Ақмола облысы,
Біржан сал ауданы





2. Семізбай
15 05.04.2023 ж. дейін – Майлыбаев Алмас Абдиллаұлы, 06.04.2023 ж. бастап 13.11.2023 ж. дейін – Бердіғұлов Алмат Құдайбергенович.
Бірлескен операциялар
Компания және Росатом құрамына кіретін «Ураний Уан Груп» АҚ «Қаратау» ЖШС иелері болып табылады, тараптардың әрқайсысы ұйымның жарғылық капиталында 50% үлеске ие.
«Қаратау» ЖШС қызметі Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан Буденовское кен орнының екінші учаскесіне шоғырланған.
Кен орны
Буденовское кен орны 1979 жылы ашылды, ал №2 учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2008 жылы басталды.
Буденовское кен орнының №2 учаскесін игеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарт 2005 жылғы 8 шілдеде жасалды және уранды зерттеуге, өндіруге және өткізу құқықтары 2040 жылғы 8 шілдеге дейін берілді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орнының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 33,5 мың тонна уранды құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 129,9 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Түркістан облысы,
Созақ ауданы





№2 учаске
16 19.11.2021 ж. бастап 13.11.2023 ж. дейін – Қалибеков Сәкен Қазбекович.
Еншілес ұйым
«Хорасан-U (Хорасан-У)» БК» ЖШС құрамында Компанияның жарғылық капиталында 50% қатысу үлесі бар, ал 30%-ы Росатом тобына кіретін «Ураний Уан Груп» АҚ-ға және 20%-ы Energy Asia Holdings Ltd-ға тиесілі.
Бұл бірлескен кәсіпорын Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында орналасқан Солтүстік Харасан кен орнының Харасан-1 учаскесінде қызметін жүзеге асырады.
Кен орны
Солтүстік Харасан кен орны 1972 жылы ашылды, ал Харасан-1 учаскесі 2008 жылдан бастап өнеркәсіпте пайдаланыла бастады.
Харасан-1 учаскесінде өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығы бойынша келісімшартқа 2005 жылдың 8 шілдесінде қол қойылып, уранды зерттеу, өндіру және сату құқығын 2058 жылдың 8 шілдесіне дейін берді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орнының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 33,1 мың тонна уранды құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 44,1 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы





Харасан-1 учаскесі
17 18.09.2020 ж. бастап 13.11.2023 ж. дейін – Өмірбеков Адай Есіркепович.
Қауымдастырылған ұйым
Компания мен «Ураний Уан Груп» АҚ-на (Росатом тобына кіреді) «ЗАРЕЧНОЕ» БК» АҚ акцияларының 49,98%-ы тиесілі, «Қарабалты тау-кен комбинаты» АҚ-на акциялардың 0,04%-ы тиесілі.
БК өз қызметін Түркістан облысы Отырар ауданындағы Заречное кен орнында жүргізеді.
Кен орны
Заречное кен орны 1977 жылы ашылды, кен орнын өнеркәсіптік пайдалануы 2007 жылы басталды.
Заречное кен орнын игеру мақсатында жер қойнауын пайдалануға келісімшарт 2002 жылғы 23 қыркүйекте жасалды. Уранды барлау, өндіру және өткізу құқығы 2025 жылғы 23 қыркүйекке дейін қолданылады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орнының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 3,3 мың тонна уранды құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 3,9 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Түркістан облысы,
Отырар ауданы





18 07.03.2023 ж. бастап 02.02.2024 ж. дейін – Ж.Н. Бекбаев, 07.03.2023 ж. бастап 01.02.2024 ж. дейін – Бас директордың міндеттерін атқару орынбасарларына жүктелген.
Бірлескен операциялар
Компания мен Росатом тобының құрамына кіретін «Ураний Уан Груп» АҚ «Ақбастау» БК» АҚ-ны бірлесіп басқарады, бұл ретте тараптардың әрқайсысы акциялардың тең үлесі – 50%-дан иеленеді.
АҚ қызметі Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан Буденовское кен орнының №1, №3 және №4 учаскелерінде жүзеге асырылады.
Кен орны
Буденовское кен орны 1976 жылы ашылған, ал 2012 жылдан бастап №1, №3 және №4 учаскелерді өнеркәсіпте пайдалану басталды.
Осы учаскелер үшін жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттар 2007 жылғы 20 қарашада жасалған. №1 учаскеде уранды зерттеу, өндіру және өткізу құқығы 2037 жылғы 20 қарашаға дейін, ал №3 және №4 учаскелер үшін – 2038 жылғы 20 қарашаға дейін қолданылады.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орнының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 34,3 мың тоннаны құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 34,3 мың тоннаны құрайды.
Сипаттамалары



Түркістан облысы,
Созақ ауданы





№1, №3, №4 учаске
19 28.12.2023 ж. бастап – Жүнісов Арнұр Жұмабекович, 31.07.2023 ж. бастап 28.12.2023 ж. дейін – Майлыбаев Алмас Әбділлаұлы.
Қауымдастырылған ұйым
«КАТКО» БК ЖШС қауымдастырылған құрылым болып табылады, онда Компания 49% қатысу үлесіне ие, ал негізгі акциялар пакеті (51%) бұрын AREVA деп танылған Orano компаниясына тиесілі.
Бұл бірлескен кәсіпорын Түркістан облысының Созақ ауданында орналасқан Мойынқұм кен орнының №1 учаскесінің солтүстік бөлігінде (Оңтүстік) және №2 учаскесінде (Төрткұдық) уран өндіруді жүзеге асырады.
Кен орны
Мойынқұм кен орны 1976 жылы ашылды, №1 учаскені өнеркәсіптік пайдалану 2001 жылы басталды.
№1 учаскенің солтүстік бөлігін (Оңтүстік) және №2 учаскені (Төрткұдық) игеру үшін жер қойнауын пайдалану құқығы бойынша келісімшартқа 2000 жылдың 3 наурызында қол қойылып, 2039 жылдың 4 наурызына дейін уранды зерттеу, өндіру және өткізу құқығы берілді.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 49,0 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 53,5 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Түркістан облысы





(Оңтүстік), солтүстік бөлігі
2. Мойынқұм, №2 учаске
(Төрткұдық)
Қауымдастырылған ұйым
«Оңтүстік тау-кен-химия компаниясы» БК» ЖШС қауымдастырылған компаниясында Компанияның 30% үлесі бар, ал негізгі 70% үлесі Росатом тобының бөлігі болып табылатын «Ураниум Уан Груп» АҚ-ға тиесілі.
Бірлескен кәсіпорын қызметін Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан Ақдала кен орнында және Инкай кен орнының №3 учаскесінде жүргізеді.
Кен орны
Ақдала кен орны 1982 жылы анықталды, ал оның өндірістік қолданылуы 2004 жылы басталды. Ақдала кен орнында өндіру үшін жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшартқа 2001 жылдың 28 наурызында қол қойылды, уранды өндіру, зерттеу және сату құқықтары 2026 жылдың 28 наурызына дейін берілді.
1976 жылы ашылған Инкай кен орны №4 учаскені өнеркәсіптік пайдалануды 2007 жылы бастады. Инкай кен орнының №4 учаскесі үшін жер қойнауын пайдалану келісімшарты 2005 жылғы 8 шілдеде жасалған, уранды зерттеу, өндіру және өткізу құқығы 2029 жылғы 8 шілдеге дейін ұзартылған.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орындарының кен қорларының жиынтық көлемі (жылдық сарқылуды қоса алғанда) 72,7 мың тонна уранды құрайды. Минералды ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 74,9 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Түркістан облысы,
Созақ ауданы





2. Инкай, №4 учаске
20 13.11.2023 ж. бастап – Өмірбеков Адай Есіркепович.
Бірлескен кәсіпорын
«Будёновское» БК» ЖШС бірлескен кәсіпорны шеңберінде Компанияға 51% құрайтын қатысудың бақылау үлесі тиесілі, ал «Степногорск тау-кен-химия комбинаты» ЖШС 49% үлеске ие21.
Бірлескен кәсіпорынның қызметі Түркістан облысы Созақ ауданында орналасқан Буденовское кен орнының №6 және 7 учаскелерінде жүргізіледі. Осы учаскелер үшін жер қойнауын пайдалану құқығына келісімшарт 2020 жылдың 16 қазанында, 25 жыл мерзімге, 2045 жылдың 16 қазанына дейін жасалды, ол уран өндіру және сату құқығын береді.
Кен орны
Буденовское кен орны 1976 жылы ашылған, 2023 жылы №6, 7 учаскесінде тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру басталды.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кен орындары кен қорларының жиынтық көлемі (баланстық қорлардың өсімін қоса алғанда) 114,0 мың тонна уранды құрайды. Минералдық ресурстардың жалпы көлемі (қорларды қоса алғанда) 119,9 мың тонна уранды құрайды.
Сипаттамалары



Түркістан облысы,
Созақ ауданы





№6, 7 учаскелер
21 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Будёновское» БК» ЖШС аудиттелген қаржылық есептілігі шеңберінде, «Буденовское» БК» ЖШС-нен «Степногорск тау-кен-химия комбинаты» ЖШС қатысушыларының құрамын өзгер-ту туралы ақпарат алынды, оған «Ураниум Уан Груп» АҚ және «ЯОЦ логистикалық орталығы» АҚ кірді.центр ЯТЦ».
22 24.03.2023 ж. дейін – Медео Рустам Қолыбекович, 29.12.2023 ж. бастап - Жансүгіров Дәурен Орашович.