4

Корпоративтік басқару жүйесі

Компанияның корпоративтік басқару жүйесі тиісті бақылау мен басқаруды, ұзақ мерзімді құнның өсуін және тұрақты дамуды қамтамасыз етуге бағытталған. Корпоративтік басқарудың негізгі принциптері үш құрамдас бөлікке негізделген: тиімділік, жеделдік және ашықтық. Компания акционерлердің құқықтары мен барлық мүдделі тараптардың мүдделерін сақтай отырып, корпоративтік басқару жүйесін жетілдіруді жалғастыруда.

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

GRI 2-9

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ корпоративтік басқару саласындағы негізгі саясаты

76 2019 жылғы 19 мамырдағы, 2021 жылғы 20 мамырдағы және 2023 жылғы 25 мамырдағы АЖЖ шешімдерімен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы

Корпоративтік басқару кодексі

Компанияның Корпоративтік басқару кодексі Қазақстан Республикасының заңнамасына, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ ішкі құжаттарына және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ трансформациялау бағдарламасына сәйкес әзірленді. Ол Қазақстанда да, шетелде де қабылданған корпоративтік басқару практикасын ескереді және компаниядағы корпоративтік басқару жүйесінің негізінде жатқан қағидаттарды бекітеді.

Қазатомөнеркәсіп өзінің корпоративтік басқару жүйесінің ірі қор биржаларында қолданылатын негізгі қағидаларға, сондай-ақ Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қағидаттары сияқты корпоративтік басқарудың негізгі әлемдік стандарттарына сәйкестігін растай алады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023.07.23 жылғы №590 қаулысымен «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексі жаңа редакцияда бекітілгенін ескере отырып, 2024 жылы Қоғамның корпоративтік басқару кодексін жаңарту жоспарлануда.

КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ КОДЕКСІН САҚТАУ

Корпоративтік хатшы қызметі Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Компанияда 2023 жылға арналған Кодексінің қағидаттары мен ережелерінің сақталуына талдау жүргізді. Жүргізілген талдау нәтижелеріне77 сәйкес, Компанияда Кодекс ережелерінің 89,3%-ы сақталады, Кодекс ережелерінің тағы 0,6%-ы ішінара сақталады, ал Кодекс ережелерінің 10,1%-ы Компанияға қолданылмайды.

Корпоративтік басқару кодексін сақтау

AIX КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫН САҚТАУ

AIX биржасы акцияларында баға белгіленетін компаниялар үшін корпоративтік басқарудың жалпы қағидаттарын белгілейді. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексі көп жағдайда осы қағидаттарға сәйкес келеді. Бұдан басқа Компанияның Корпоративтік басқару кодексінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ мақсаттары мен болжамдарының сақталуын қамтамасыз ететін белгілі бір ережелер бар. Топтың негізгі қызметі шегінен шығатын қызметімен байланысты кез келген бастамалары тәуелсіз директор басқаратын Директорлар кеңесінің қарауына және тексеруіне жатады.

KASE КОРПОРАТИВТІК БАСҚАРУ ҚАҒИДАТТАРЫН САҚТАУ

KASE биржасы 2013 жылы акциялары мен облигациялары KASE листингінде тұрған Компаниялаарға өзінің корпоративтік басқару деңгейін бағалауға мүмкіндік бере отырып, Халықаралық Қаржы Корпорациясының (IFC) корпоративтік басқарудың бағалау картасын бейімдеді. Алты санат бойынша бағалау жүргізілген кезде, Компания көпшілік жағдайда бағалау картасымен белгіленген өлшемдерге сәйкес келеді.

Компанияның корпоративтік басқару Кодексі мен Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексінің ережелері арасындағы айырмашылықтар78

Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік басқару кодексі
Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексінің ережелеріне сәйкес, егер акционерлердің 20 пайызы немесе одан да көп бөлігі Директорлар кеңесінің қабылданған шешіміне қатысты ұсынымдарына «қарсы» болса, компания дауыс беру нәтижелерін жариялау кезінде акционерлердің мұндай дауыс беруінің себептерін түсіну үшін қандай қадамдар жасағысы келетіні туралы түсініктеме беруге міндетті. Акционерлердің көзқарастары мен қабылданған шаралар туралы жаңартылған ақпарат акционерлер жиналысы өткізілгеннен кейін 6 айдан кешіктірілмей жариялануы тиіс. Директорлар кеңесі Компанияның жылдық есебінде және акционерлердің пікірлері қабылданған шешімдерге қандай әсер еткенін талқылай отырып, акционерлер жиналысының ұсынылған шешімдеріне түсіндірме жазбаларда (егер қолданылатын болса) жалпы қорытындыларды көрсетуге міндетті. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексі Директорлар кеңесі төрағасының Директорлар кеңесі мүшелері, ірі акционерлер және Компанияның атқарушы органы арасында сындарлы сұхбат құру жөніндегі міндетін көздейді. Бұдан басқа, компания акционерлерінің жалпы жиналысының төрағасы акционерлер отырыс барысында өз сұрақтарына тікелей жауап алуына ұмтылуы тиіс. Егер сұрақтардың күрделілігі оларға бірден жауап беруге мүмкіндік бермесе, қойылған сұрақтарға жауаптар Акционерлердің жалпы жиналысы аяқталғаннан кейін қысқа мерзімде жазбаша түрде берілуі тиіс. Сонымен қатар, Компанияның ірі акционерлері даму стратегиясының мәселелерін талқылау, атқарушы органның бірінші басшысын таңдау және Компанияның ұзақ мерзімді құнының өсуіне және тұрақты дамуына әсер ететін басқа аспектілерді талқылау үшін Директорлар кеңесінің төрағасымен және мүшелерімен кездесулер өткізу мүмкіндігіне ие. Мұндай кездесулерді өткізу алдын ала жоспарланады және бекітілген рәсімдерге сәйкес өткізіледі.
Ұлыбританияның корпоративтік басқару кодексі атқарушы емес директорлар Компанияның атқарушы органының мүшелерін тағайындау және жұмыстан шығару процесінде шешуші рөл атқаруы керек деп көздейді. Олар менеджмент пен жеке атқарушы директорлардың қызметіне мұқият талдау мен бақылауды жүзеге асыруға, олардың жұмысын компанияның белгіленген мақсаттарымен салыстыруға міндетті. Төраға атқарушы емес директорлардың кездесулерін атқарушы директорлардың қатысуынсыз өткізуге тиіс. Қазатомөнеркәсіптің корпоративтік басқару кодексі Компанияның бірінші басшысы лауазымына кандидатураны Қазақстан Республикасының Президентімен немесе Президент Әкімшілігімен (Компания Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілген тиісті тізімге енгізілген болса), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқармасымен, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің тағайындаулары мен сыйақылары жөніндегі Комитетімен және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасымен міндетті түрде келісуді көздейді.
Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексі тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі комитеттің, сондай-ақ Компанияның Директорлар кеңесінің аудит жөніндегі комитетінің негізгі функцияларын сипаттайды. Сондай-ақ компанияның жылдық есебіне осы комитеттердің негізгі қызметінің сипаттамасын және олардың аспектілерін енгізудің маңыздылығы атап өтіледі. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексінде мұндай талаптар жоқ.
Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Компанияның Директорлар кеңесінің төрағасы аудит жөніндегі комитеттің мүшесі бола алмайды. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексінде мұндай талаптар жоқ.
Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес жылдық және жартыжылдық қаржылық есептілікте Компанияның Директорлар кеңесінің қаржылық есептілікті жасау кезінде қолданылатын бухгалтерлік есеп тәсілдерінің қолайлылығына қатысты ұстанымын көрсету, сондай-ақ компанияның қаржылық есептілік бекітілген күннен бастап 12 ай ішінде осындай қызметті жалғастыру қабілетіне қатысты кез келген елеулі күмәндарды анықтау қажет. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексінде мұндай талаптар жоқ.
Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексіне сәйкес сыйақы комитеті сыйақы бойынша кеңесшіні таңдауға жауапты. Жылдық есепте кеңесшінің атыжөні және компаниямен немесе жеке директорлармен кез келген басқа байланыстар туралы айтылуы керек. Үшінші тұлғалардың сыртқы ұсынымдарын бағалау және атқарушы директорлар мен аға менеджменттің пікірін алу кезінде сыртқы кеңесшінің пікірінің тәуелсіздігі ескерілуі тиіс. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексінде мұндай талаптар жоқ.
Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексінде атқарушы директорлардың компания акцияларын ұзақ мерзімді иеленуін талап ететін ұзақ мерзімді сыйақы жүйесі қарастырылған. Сондай-ақ компания директорларымен жасалатын келісімшарттардың мерзімдеріне қатысты нақтылау белгіленеді. Қазатомөнеркәсіптің Корпоративтік басқару кодексінде мұндай талаптар жоқ.

78 Айырмашылықтар Компанияның корпоративтік басқару Кодексі мен Ұлыбританияның Корпоративтік басқару кодексінің мазмұнын тура салыстыру негізінде белгіленеді, бірақ іс жүзінде Ұлыбритания кодексінің нормаларын толық сақтамауды білдірмейді.

Акционерлердің жалпы жиналысы

Компания барлық акционерлерге, соның ішінде миноритарлық акционерлерге, олардың акционерлік капиталдағы үлесіне қарамастан бірдей қарайды және барлық акционерлерге бірдей тәртіпте ақпарат береді.

Акционерлердің жалпы жиналысы – Компанияның жоғары басқару органы. 2023 жылғы 3 ақпан күні Компания акционерлерінің сырттай кезектен тыс Жалпы жиналысы өткізілді, оны Компанияның Директорлар кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ ірі акционерінің бастамасымен шақырды. Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» мәселе болды.

2023 жылғы 25 мамырда Компанияның директорлар кеңесінің бастамасымен Компанияның Директорлар Кеңесі шақырған Компания акционерлерінің сырттай жылдық Жалпы жиналысы өткізілді. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

2023 жылғы 21 маусымда Компания акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысы өтті, оны Компанияның Директорлар кеңесі «Самұрық-Қазына» АҚ ірі акционерінің бастамасымен шақырды. Жиналыстың күн тәртібіндегі жалғыз мәселе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы туралы» мәселе болды.

2023 жылғы 1 қарашада Компания акционерлерінің тағы бір кезектен тыс Жалпы жиналысы өтті, оны Компанияның Директорлар кеңесінің және «Самұрық-Қазына» АҚ ірі акционерінің бастамасымен Компанияның Директорлар кеңесі шақырды. Күн тәртібінде келесі мәселелер қарастырылды:

Директорлар кеңесі

GRI 2-10

Директорлар кеңесінің мүшелері мен төрағасын таңдау процесі «Акционерлік қоғамдар туралы» ҚР Заңының және Компания Жарғысының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Кандидаттарды іріктеу және оларды таңдау объективті критерийлер негізінде және Кеңес құрамының әртүрлілігінің қажеттілігін ескере отырып жүргізіледі. Кеңес мүшелері тек жеке тұлғалар бола алады. Олар келесі топтардан сайланады:

Директорлар кеңесінің құрамына Директорлар кеңесінің міндеттерін тиімді орындауға, сондай-ақ Компания құнының ұзақ мерзімді өсуін және тұрақты дамуын қамтамасыз етуге қажетті тиісті білімі, дағдылары мен тәжірибесі бар адамдар кіруге тиіс. Олар мінсіз іскерлік және жеке беделге де ие болуы керек.

Директорлар кеңесіне кандидаттарды іріктеу кезінде ескерілетіндер:

Компанияның Басқарма мүшелері, Төрағадан басқа, Директорлар кеңесіне сайлана алмайды. Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелерінің және мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының Директорлар кеңесіне қатысуына тыйым салынады.

GRI 2-17

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ МҮШЕЛЕРІН ОҚЫТУ ЖӘНЕ ДАМЫТУ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесі мүшелерінің біліктілігін арттыру және сыртқы сарапшыларды тарту саясатына сәйкес Кеңес мүшелерінің біліктілігін арттыру туралы шешім мынадай критерийлер негізінде қабылданады:

Сондай-ақ, ДК мүшелерін оқыту Компанияның корпоративтік басқармасының жалпы диагностикасы немесе «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің қызметін тәуелсіз бағалау барысында алынған ұсынымдар негізінде қалыптастырылады.

2023 жылы ESG тақырыбында оқытуды өткізу жоспарланған болатын, бірақ Компанияның Директорлар кеңесі құрамындағы өзгерістерге байланысты оқыту 2024 жылға ауыстырылды.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

GRI 2-9

2023 жылғы 31 желтоқсан күнгі жағдай бойынша Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына жеті директор, оның ішінде үш тәуелсіз директор79 кіреді. Директорлар кеңесінің Төрағасы тәуелсіз директор80 болып табылады, бұл миноритарлық акционерлер құқықтарын сақтаудың кепілі болады.

79 ДК құрамындағы өзгерістерге байланысты тәуелсіз директорлардың үлесі жыл ішінде өзгерді: 01.01.2023 жылдан 02.02.2023 жылға дейін – (3/7); 03.02.2023 жылдан 20.06.2023 жылға дейін – (4/8); 21.06.2023 жылдан 31.12.2023 жылға дейін – (3/7).

80 Директорлар кеңесі мүшелерінің тәуелсіздік нормаларына сәйкестік критерийлерінің сипаттамасы интернет-ресурста орналастырылған Директорлар кеңесі туралы Жарғыда және Ережеде келтірілген.

Директорлар кеңесінің тәуелсіздігі:

7
ДК мүшелерінің жалпы саны
3
ДК тәуелсіз мүшелері

Компанияның Директорлар кеңесінің құрамы біліктілік, тәжірибе, білім және іскерлік қасиеттер бойынша тепе-теңдікпен сипатталады. Кеңес мүшелері атом өнеркәсібі, қаржы, инвестициялар, корпоративтік басқару, сондай-ақ Компанияны тиімді басқару үшін маңызды басқа да салаларда сараптамалық білімге ие.

GRI 405-1

Директорлар кеңесі мүшелерінің ірі халықаралық компаниялардың басқару органдарының ТОП-менеджерлері, серіктестері мен мүшелері рөлінде ауқымды жұмыс тәжірибесі, сондай-ақ бизнес-қоғамдастықта мінсіз беделі бар. Тәуелсіз директорлардың құрамы мен үлесінің әртүрлілігіне ерекше назар аударылады. Директорлар кеңесінің құрамына әлеуметтік-мәдени әртүрлілікті қамтамасыз ететін басқа мемлекеттің азаматы кіреді.

Директорлар кеңесінің мүшелеріні Компанияда немесе оның аффилирленген ұйымдарында акцияларға (қатысу үлестерге) иелік етпейді, сондай-ақ Компания жеткізушілер немесе бәсекелестер акцияларының иелері болып табылмайды.

Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелеріне жыл сайынғы белгіленген сыйақы беріледі – Компанияның Директорлар кеңесі мүшелерінің 2023 жылы сыйақыдан бас тартуы туралы бас тарту деректері немесе уағдаластықтары түскен жоқ.

2023 ЖЫЛЫ ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының 2023 жылғы 3 ақпандағы шешімімен (№1/23 хаттама) «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің құрамы 8 адам санында айқындалды және Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің құрамына тәуелсіз директор – Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде сайланды.

Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелері Нил Лонгфэллоу, Рассел Бэнхам және Марк Кэшер сәйкесінше 2023 жылдың 21 маусымынан, 2023 жылдың 25 мамырынан және 2023 жылдың 19 мамырынан бастап Компанияның Директорлар кеңесінің мүшелері ретінде өз өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату туралы өтініштер берді.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының 2023 жылғы 21 маусымдағы шешімімен (№3/22 хаттама) Қазатомөнеркәсіптің ірі акционері «Самұрық-Қазына» АҚ өкілі Нұрбаева Назира Нұртілеуқызы Компанияның Директорлар кеңесінің құрамынан шығарылды.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының 2023 жылғы 21 маусымдағы шешімімен (№3/22 хаттама) Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің жаңа құрамы сайланды, оның құрамына Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы, Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы, Сидиков Нодир Саидович, Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы, Отыншиев Елжас Мұратұлы, Жаңаділ Ернар Бейсенұлы, Мұқанов Ержан Жанәбілұлы кірді.

Акционерлердің кезектен тыс Жалпы жиналысының 2023 жылғы 1 қарашадағы шешімімен (№4/23 хаттама) Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесінің мүшелері Мұқанов Ержан Жанәбілұлы мен Е.Б. Жаңаділдің өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды, ал Рысқұлов Айдар Қайратұлы пен Юсупов Мейіржан Бахытұлы Компанияның Директорлар кеңесінің мүшесі ретінде Компанияның Директорлар кеңесінің құрамына сайланды.

GRI 2-9, 2-11

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРАМЫ

Арғынғазин Арман Әнуарбекұлы
Директорлар кеңесінің төрағасы (тәуелсіз, атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Аудит жөніндегі комитет.
  • Өндірістік қауіпсіздік Комитетінің төрағасы.
  • Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар комитеті.
  • Тағайындау және сыйақы Комитетінің төрағасы.
Сайланған күні

202381

Туған жылы

1978

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2000 ж. – Менеджмент мектебі Бостон университеті (Бостон қ., АҚШ), Бизнесті басқару мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі

2012-2021 ж. – UBS AG өкілдігіндегі басқарушы директор.

2006-2012 ж. – Корпоративтік банкинг басшысы, RBS Bank Kazakhstan Басқарма мүшесі.

2003-2006 ж. – филиал басқарушысы, ABN AMRO Bank Kazakhstan-да, бұдан әрі Басқарма төрағасының орынбасары болып жұмыс істеді.

2001-2003 ж. – HSBC Bank Kazakhstan-да клиенттермен жұмыс жасау менеджері, бұдан әрі маман, бұдан әрі бизнесті дамыту бөлімі бастығының орынбасары.

2000 ж. – Halyk Bank-тегі қаржы талдаушысы («Қазақстан Халық Банкі» АҚ).



81 2023 жылғы 21 маусымда Компания акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен 3 жыл мерзімге ДК құрамының мүшесі болып сайланды.

Жұбаев Арманбай Сапарбайұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор, атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Аудит комитетінің төрағасы.
  • Тағайындаулар мен сыйақылар комитеті.
Сайланған күні

202382

Туған жылы

1977

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2012 ж. – қаржылық талдаушы сертификаты (CFA).

2007 ж. – Беркли Калифорния университеті (АҚШ) MBA дәрежесі.

2003 ж. – Оксфорд университеті (University of Oxford), салыстырмалы әлеуметтік саясат бойынша ғылым магистрінің дәрежесі.

1999 ж. – Дюкейн университеті (Питсбург қ., АҚШ), «Бизнесті басқару (BSBA)» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі

2020 ж. – «Strategy Lab» ЖШС консультациялық компаниясын құрды.

2013-2020 ж. – аға менеджер, бұдан әрі «PwC» ЖШС директоры (Қазақстан).

2012-2013 ж. – «KPMG» ЖШС аға менеджері (Қазақстан).

2010-2012 ж. – «Полиметалл» АҚ компаниясында жұмыс істеген (Қазақстан).

2009-2010 ж. – Мәскеу қаласындағы McKinsey компаниясында консультант.

2006-2008 ж. – SAP компаниясының маркетинг маманы (АҚШ).

1999 ж. – Өзбекстан Республикасы Орталық банкінің бухгалтерлік есеп және аудит департаментінің бас маманы, бұдан әрі бөлім бастығы, бұдан әрі басқарма басшысы.



82 2023 жылғы 21 маусымда Компания акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен 3 жыл мерзімге ДК ағымдағы құрамының мүшесі болып сайланды. 2023 жылғы 3 ақпаннан бастап ДК құрамында (Компания акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімі).

Сыдыков Нодир Саидович
Директорлар кеңесінің мүшесі (тәуелсіз директор, атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Аудит жөніндегі Комитет.
  • Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар Комитетінің төрағасы.
Сайланған күні

202383

Туған жылы

1982

Азаматтығы

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігі

Білімі

2009 ж. – BPP университетінің заң мектебі.

2006 ж. – Вестминстер университетінің заң магистрі дәрежесі (Лондон, Ұлыбритания).

2003 ж. – мемлекеттік заң университеті (Ташкент қ., Өзбекстан), «Құқық бакалавры» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі

2005 ж. – Grata LLP заңгері (Алматы қ., Қазақстан).

2006-2012 ж. – Fieldfisher LLP компаниясының заңгері (Лондон қ., Ұлыбритания).

2012-2013 ж. – Fieldfisher LLP компаниясының аға заңгері (Лондон қ., Ұлыбритания).

2013 ж. – қазіргі уақытқа дейін – Fieldfisher LLP серіктесі.



83 2023 жылғы 21 маусымда Компания акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының шешімімен 3 жыл мерзімге ДК құрамының мүшесі болып сайланды.

Бердіғұлов Ернат Құдайбергенұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі (атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Өндірістік қауіпсіздік (HSE) комитеті.
Сайланған күні

202284

Туған жылы

1987

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2010 ж. – Торонто университетінің «Мемлекеттік саясат және халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бакалавр дәрежесі.

2018 ж. – Уорвик университетінің (UniversityofWarwick) бизнес-әкімшілендіру мамандығы бойынша магистр дәрежесі.

Жұмыс тәжірибесі

2022 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры.

2021-2022 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия, тұрақты даму және цифрлық трансформация жөніндегі бірлескен басқарушы директоры.

2019-2021 ж. – жобалар жетекшісі, Whiteshield Partners халықаралық консалтингтік компаниясы.

2018-2019 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ Активтерді басқару дирекциясының талдаушысы.

2013-2018 ж. – «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі (қаржы-экономикалық мәселелер бойынша), «Талдамалық қолдау» департаментінің директоры, стратегиялық даму департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры.

2011-2012 ж. – жоба менеджері, «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарушылық есептілік жүйесін (БЕЖ) енгізу жөніндегі жобалық кеңсесі.

2010-2011 ж. – «Семізбай-U» ЖШС («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес кәсіпорны) бизнес-әкімшілендіру бөлімінің бас маманы.



84 Компания акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының 2023 жылғы 21 маусымдағы шешімімен 3 жыл мерзімге сайланды.

Отыншиев Елжас Мұратович
Директорлар кеңесінің мүшесі (атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Тағайындау және сыйақы комитетінің мүшесі.
Сайланған күні

202385

Туған жылы

1987

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2010 ж. – «Қолданбалы математика және физика» мамандығы бойынша ғылым магистрі дәрежесі.

2008 ж. – Мәскеу физика-техникалық институты (Мәскеу қ., Ресей), «Қолданбалы математика және физика» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі

2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ стратегия мен активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы директоры.

2019-2023 ж. – Kazakhstan Investment Development Fund (KIDF) Management Company Ltd., «PlanetCare Management» ЖШС-де жұмыс істеді.

2012-2019 ж. – Қордың инвестициялық қызметін жобалық талдау департаментінің бас менеджері, бұдан әрі директоры, бұдан әрі жаңа жобаларды дамыту департаментінің жоба директоры, бұдан әрі «Самұрық-Қазына» АҚ активтерін дамыту департаментінің тау-кен активтерін дамыту секторының басшысы.

2009-2012 ж. – менеджер, бұдан әрі «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ инвестициялық жобалар департаментінің директоры.

2007 ж. – Ernst & Young талдаушысы (Мәскеу қ., Ресей).



85 Компания акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының 2023 жылғы 1 қарашадағы шешімімен жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне, яғни 2026 жылғы 21 маусымға дейін сайланды.

Рысқұлов Айдар Қайратұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі (атқарушы емес)
Комитеттерге қатысуы
  • Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі Комитет.
Сайланған күні

202386

Туған жылы

1981

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2015 ж. – Дьюк университетімен (Дарем қ., АҚШ) бірлескен бағдарлама бойынша Назарбаев Университетінің іскерлік әкімшілендіру магистрі дәрежесі (Executive MBA).

2002 ж. – Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, экономика факультеті, «Қаржы және несие» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі

2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.

2019-2023 ж. – «Самұрық-Қазына» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры.

2014-2019 ж. – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Корпоративтік қаржы департаментінің директоры.

2012-2014 ж. – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ қаржы активтерін басқару директоры.

2009-2012 ж. – «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі» АҚ инвестициялық жобалар департаменті директорының орынбасары.

2006-2008 ж. – «Қазақстан Халық Банкі» АҚ орта бизнестің Сату орталығының бастығы (Ақтау қ.).

2003-2006 ж. – шағын-орта бизнесті кредиттеу бөлімінің маманы, бұдан әрі «Банк ЦентрКредит» АҚ бизнес-клиенттер бөлімінің аға кредиттік офицері (Астана қ.).

2002-2003 ж. – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ филиалының инженер-экономисті (Қарағанды қ.).



86 Компания акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының 2023 жылғы 1 қарашадағы шешімімен жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне, яғни 2026 жылғы 21 маусымға дейін сайланды.

Юсупов Мейіржан Бахытұлы
Директорлар кеңесінің мүшесі (атқарушы), Басқарма Төрағасы
Комитеттерге қатысуы
  • Жоқ.
Сайланған күні

202387

Туған жылы

1979

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2015 ж. – Гарвард университетінің мемлекеттік басқару магистрі дәрежесі.

2007 ж. – Лондон экономика және саясат ғылымдары мектебінің экономикалық дамуды басқару саласындағы магистр дәрежесі.

2001 ж. – Middle East Technical University, «Экономика және басқару» мамандығы.

Жұмыс тәжірибесі

2023 ж. – қазіргі уақытқа дейін – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы.

2021-2023 ж. – «Kazakh Invest» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы.

2020-2021 ж. – ҚР Ұлттық экономика вице-министрі.

2015-2020 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры.

2010-2015 ж. – «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры.

2009-2010 ж. – ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары.

2003-2009 ж. – «Демир Қазақстан Банкі» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да жұмыс істеді.

2001-2003 ж. – «Туркуаз» Компаниялар тобының маркетинг және ішкі аудит департаменті директорының орынбасары.



87 Компания акционерлерінің кезектен тыс Жалпы жиналысының 2023 жылғы 1 қарашадағы шешімімен жалпы Директорлар кеңесінің өкілеттік мерзіміне, яғни 2026 жылғы 21 маусымға дейін сайланды.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІ

2023 жылы Директорлар кеңесі 14 отырыс (14 күндізгі) өткізді, онда 230 мәселе қаралды.

Директорлар кеңесі мүшелерінің отырыстарға қатысуы 2023 жылы орта есеппен 94%-ы құрады.

Директорлар кеңесі мүшелерінің 2023 жылғы отырыстарына қатысуы

GRI 2-14

Директорлар кеңесі 2023 жылы қараған ең маңызды мәселелер

Есептер
  • Басқарманың тоқсан сайынғы есебі (CEO есебі).
  • Тоқсан сайынғы қаржылық есептілік (ХҚЕС бойынша шолу).
  • Жартыжылдық қаржылық есептілік (ХҚЕС бойынша шолу).
  • 2022 жылға жылдық қаржылық есептілік (ХҚЕС бойынша шолу).
Стратегиялық мәселелер
  • Компанияның даму стратегиясын және оның стратегиялық бастамаларын іске асыру мәртебесін қарастыру.
  • Біріктірілген жылдық есепті бекіту.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2023-2027 жылдарға арналған шоғырландырылған бизнес-жоспарын бекіту.
  • Басқарма төрағасы мен мүшелері қызметінің негізгі көрсеткіштерін бекіту.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ орталық аппаратының ұйымдық құрылымын бекіту.
Корпоративтік басқару мәселелері
  • Директорлар кеңесінің Жұмыс жоспарын бекіту.
  • Директорлар кеңесі комитеттерінің құрамына өзгерістер енгізу.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2023-2024 жылдарға арналған ESG тәжірибелерін жетілдіру жөніндегі Жол картасын бекіту және орындау есептерін қарау.
Мәмілелер жасасу мәселелері
  • Жасауға мүдделілік бар мәмілелер жасасу.
  • Бұрын жасалған мәмілелермен өзара байланысты мәмілелер жасасу.
  • Құны активтер құнының жалпы мөлшерінің он пайызынан астамын құрайтын, нәтижесінде мүлік иеліктен шығарылатын мәмілелерді немесе өзара байланысты мәмілелер жиынтығын жасасу.
Еншілес және тәуелді ұйымдардың мәселелері
  • Кадрлық мәселелер.
  • Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту.
  • Ірі мәмілелерді жасасу.
  • Жарғылық капиталды ұлғайту.
  • Бақылау кеңестерінің/Директорлар кеңесінің мүшелерін сайлау.
  • ЕТҰ жылдық қаржылық есептілігін бекіту, ЕТҰ таза кірісін бөлу.
Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оның құрылымдық бөлімшелерінің ішкі құжаттарын бекіту және есепке қою.
Өзге де мәселелер
  • Капитал нарығына шолу.
  • Инвестициялық қоғамдастықпен және стейкхолдерлермен байланыс және өзара әрекеттесу жоспарын қарастыру.
Директорлар кеңесі бөлімшелерінің мәселелері
  • Комплаенс қызметінің, Омбудсменнің, Ішкі аудит қызметінің, Корпоративтік хатшы қызметінің есептері.
  • Ішкі нормативтік құжаттарды бекіту.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТІН БАҒАЛАУ

GRI 2-18

Компанияның корпоративтік басқару кодексіне сәйкес Директорлар кеңесінің қызметі құрылымдық процесс шеңберінде жыл сайынғы бағалауға жатады. Осыған байланысты Директорлар Кеңесі өзін-өзі бағалау жолымен 2023 жылғы Компанияның Директорлар кеңесінің қызметіне бағалауды жүргізу туралы шешім қабылдады.

Директорлар кеңесінің өзін-өзі бағалауы «Самұрық-Қазына» АҚ Директорлар кеңесі мен оның комитеттерінің, Директорлар кеңесінің төрағасының, мүшелерінің және ұйымдардың корпоративтік хатшысының қызметін бағалау жөніндегі Әдістемелік ұсынымдарға және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің, Директорлар кеңесі комитеттерінің, Төрағасының, Директорлар кеңесі мүшелерінің қызметін бағалау туралы Ережеге сәйкес дайындалған сауалнамаларды толтыру жолымен жүргізілді».

Бағалау нәтижелері бойынша Директорлар кеңесінің қолданыстағы негізгі параметрлер бойынша тиімділік деңгейі – 86,3%-ы құрады және А грейдке ие болды, оған сәйкес Директорлар кеңесі барлық маңызды аспектілерде белгіленген критерийлердің басым көпшілігіне сәйкес келетіндігі анықталды және Директорлар кеңесінің тиімді жұмыс істейтіндігі туралы жеткілікті растамасы бар.

Тиімділіктің ең жоғары көрсеткіштері келесі бағалау салаларында атап өтілді:

Жетілдіруді талап ететін тиімділік көрсеткіштері мынадай салаларда атап өтілді:

Директорлар кеңесі Тағайындаулар мен сыйақылар жөніндегі Комитетпен бірлесіп, төмендегі негізгі міндеттерді көздейтін Директорлар кеңесінің тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын дайындады:

Айта кету керек, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да 2023-2024 жылдарға арналған ESG тәжірибелерін жетілдіру жөніндегі Жол картасында Компанияның Директорлар Кеңесі құрамындағы әйелдердің үлесін арттыру мәселесін пысықтау көзделген.

Акционерлер мен Директорлар кеңесінің мүшелері тарапынан іс-шаралар жоспарында көрсетілген міндеттердің уақытылы және тиісінше орындалуынажасалатын мониторинг Директорлар кеңесі қызметінің тиімділігін одан әрі арттырудың кепілі болып табылады.

2024 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ЖОСПАРЛАР

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІНІҢ КОМИТЕТТЕРІ

GRI 2-9, 2-12

Компанияда Директорлар кеңесінің төрт комитеті жұмыс істейді:

Комитеттердің қызметі88 оларға Директорлар кеңесі берген өкілеттіктер шеңберінде және Комитеттер туралы тиісті ережелерге сәйкес жүзеге асырылады. Комитет мүшелері Директорлар кеңесінің шешімімен Акционерлік қоғамдар туралы Заңға, «Самұрық-Қазына» АҚ Корпоративтік басқару кодексіне және Қазатомөнеркәсіптің Жарғысына сәйкес сайланады.

88 Директорлар кеңесі комитеттерінің рөлі туралы толығырақ білу үшін 2019 жылғы Біріктірілген жылдық есепті қараңыз.

ДИРЕКТОРЛАР КЕҢЕСІ КОМИТЕТТЕРІНІҢ 2023 ЖЫЛҒЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ НӘТИЖЕЛЕРІ

Өндірістік қауіпсіздік жөніндегі комитет есебі

Комитет отырыстарының құрамы мен саны

5
бетпе-бет отырыс
2023 жылы өткізілді.
25
мәселе
қаралды.

Комитеттің 2023 жылы қаралған мәселелері:

АУДИТ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ ЕСЕБІ

Комитет отырыстарының құрамы мен саны

12
бетпе-бет отырыс
2023 жылы өткізілді.
110
сұрақ
қаралды.

Комитеттің 2023 жылы қаралған мәселелері:

Есеп беру мәселелері:

Тәуекелдерді басқару мәселелері:

Корпоративтік басқару мәселелері:

Басқа мәселелер:

СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ ИНВЕСТИЦИЯЛАР КОМИТЕТІНІҢ ЕСЕБІ

Комитет отырыстарының құрамы мен саны

7
бетпе-бет отырыс
2023 жылы өткізілді.
30
сұрақ
қаралды.

Комитеттің 2023 жылы қаралған мәселелері:

ТАҒАЙЫНДАУЛАР МЕН СЫЙАҚЫЛАР ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТТІҢ ЕСЕБІ

Комитет отырыстарының құрамы мен саны

12
бетпе-бет отырыс
2023 жылы өткізілді.
69
мәселе
қаралды.

Комитеттің 2023 жылы қаралған мәселелері

Кадрлық мәселелер:

Марапаттау мәселелері:

Басқарма

Басқарма Қазатомөнеркәсіптің атқарушы органы болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына, Компания Жарғысына, Корпоративтік басқару кодексіне және Басқарма туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Көрсетілген құжаттарда Басқарманың рөлі, оның құзыреттері мен өкілеттіктері, сондай-ақ Басқарма мүшелерінің жауапкершілігі туралы ақпарат қамтылады.

Басқарманың құзыретіне жататындар:

БАСҚАРМА ҚҰРАМЫНДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР

Есепті кезеңде Басқарма құрамында мынадай өзгерістер болды:

1) Компанияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 12 қаңтардағы шешіміне сәйкес (№1/23 хаттама) сауда жөніндегі Бас директор - Басқарма мүшесі сайланды:

2) Компанияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 29 маусымдағы шешіміне (№7/23 хаттама) сәйкес төменде көрсетілген басшы қызметкерлер Басқарма мүшелері болып сайланды:

3) Компанияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 20 шілдедегі шешіміне сәйкес (№8/23 хаттама) Құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі Бас директор 2023 жылғы 21 тамыздан бастап Басқарма мүшесі болып сайланды:

4) Компанияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 20 шілдедегі шешімімен (№8/23 хаттама) Басқарма 7 адам санында, мынадай құрамда айқындалды:

5) Компанияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі шешіміне сәйкес (№11/23 хаттама) Экономика және қаржы жөніндегі Бас директор Басқарма мүшесі болып сайланды:

6) Компанияның Директорлар кеңесінің 2023 жылғы 28 қыркүйектегі шешімімен (№11/23 хаттама) 2023 жылғы 2 қазаннан бастап Басқарма Төрағасы болып сайланған:

БАСҚАРМА ҚҰРАМЫ

(2023 жылғы 31 желтоқсан күніне)

Юсупов Мейіржан
Басқарма Төрағасы
Туған жылы

1979

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2001 жылы «Экономика және басқару» мамандығы бойынша MIDDLE EAST TECHNICAL UNIVERSITY, 2007 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін экономикалық дамуды басқару магистрі дәрежесімен, 2015 жылы Гарвард университетін Мемлекеттік басқару магистрі дәрежесімен бітірді.

Жұмыс тәжірибесі

Еңбек жолын 2001 жылы «Туркуаз» Компаниялар тобында маркетинг және ішкі аудит департаменті директорының орынбасары болып бастаған.

2003 жылдан 2009 жылға дейін «Демир Қазақстан Банкі» АҚ және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-да жұмыс істеді. 2009 жылдан 2010 жылға дейінгі кезеңде Юсупов Мейіржан мемлекеттік қызметте ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Инвестициялық саясат департаменті директорының орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2010 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ға Корпоративтік қаржы және қазынашылық департаментінің директоры болып келді, 2015 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

2020 жылдан 2021 жылға дейін ҚР Ұлттық экономика вице-министрі, ал 2021 жылғы наурыздан 2023 жылғы қазанға дейін «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарды.

2023 жылғы 2 қазаннан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма Төрағасы болып тағайындалды.

Омарбеков Қуаныш
Өндіріс жөніндегі бас директор
Туған жылы

1986

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2007 жылы Алматы Экономика және статистика академиясын қаржы бакалавры дәрежесімен, 2014 жылы Қазақ Гуманитарлық-Заң университетін құқық бакалавры дәрежесімен, 2017 жылы Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын «Іскерлік әкімшілендіру шебері (МВА)» біліктілігімен, 2022 жылы «Металлургия және пайдалы қазбаларды байыту» мамандығы бойынша Қ.И. Сатпаев атындағы Қазақ Ұлттық Зерттеу техникалық университетін бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

Атом саласындағы еңбек қызметі 2011 жылы «Қазатомөнеркәсіп жолдары» Сауда-көлік компаниясы» ЖШС филиалында материалдық-техникалық қамтамасыз ету инженері лауазымынан басталды. 2018 жылдан 2022 жылға дейінгі кезеңде «KAP Logistics» ЖШС (бұрынғы «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС) Бас директоры, 2022 жылғы желтоқсаннан бастап «Ақбастау» БК» АҚ Бас директоры болып жұмыс істеді.

2023 жылғы маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ өндіріс жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

Темірбаев Сұлтан
Экономика және қаржы жөніндегі бас директор
Туған жылы

1986

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2008 жылы Дарем университетін (Ұлыбритания) экономика бакалавры дәрежесімен бітірді. 2020 жылы Томск политехникалық университетінде уранды жерасты шаймалау технологиясы бағдарламасы бойынша кәсіби қайта даярлаудан өтті. Қазіргі уақытта Global MBA в Astana School of Management and Business бағдарламасы бойынша оқиды.

Жұмыс тәжірибесі

Темірбаев Сұлтан еңбек жолын 2008 жылы «Жана Теміржол» ЖШС бухгалтерлік есеп бөлімінің маманы болып бастаған. 2009 жылдан 2011 жылға дейін «ENRC Logistics» ЖШС инвестициялар департаментінің маманы болып жұмыс істеді. Кейін, әр жылдары «Қазақстан Жүк компаниясы» ЖШС, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС және «Odyssey Investments Group» ЖШС-де түрлі лауазымдарда, соның ішінде басшылық лауазымдарда қызмет атқарды. 2020 жылы «Инкай» БК» ЖШС-де («Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бірлескен кәсіпорны) экономика және қаржы жөніндегі бас директордың орынбасары лауазымына тағайындалған.

2023 жылғы 28 тамызда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Экономика және қаржы жөніндегі Бас директоры болып тағайындалды.

Көшербаев Дастан
Сауда жөніндегі бас директор
Туған жылы

1988

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2011 жылы Hult International Business School (Ұлыбритания) «Бизнесті басқару» мамандығы бойынша, 2022 жылы Назарбаев университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

Еңбек жолын 2011 жылы «Қамқор Менеджмент» ЖШСде Инвестициялық саясат департаментінің бас менеджері болып бастаған.

Атом саласындағы мансабын 2016 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да корпоративтік басқару департаментінің менеджері болып бастаған, содан кейін бизнесті дамыту департаментінің бірігу және жұтылу (M&A) бөлімінің бастығы болды. 2019-2020 жылдар аралығында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес өндіруші кәсіпорны «КАТКО» БК ЖШС-де атқарушы директордың орынбасары лауазымында жұмыс істеді.

2021 жылғы шілдеде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сату департаментінің директоры, ал 2023 жылғы маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ коммерция жөніндегі бас директоры болып тағайындалды.

Алдонғаров Әлібек
HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі бас директор
Туған жылы

1983

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2003 жылы «Есептеу техникасы, байланыс желілері және коммутация жүйелері» мамандығы бойынша Қазақ-Америка Университеті жанындағы Алматы байланыс колледжін, 2007 жылы «Көп арналы телекоммуникациялық жүйелер» мамандығы бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақтелеком» кәсіпорындарының құрылымында желілік құрылыстардың электромонтері болып бастаған. «Искрател» ЖШҚ өкілдігінде телекоммуникациялық жүйелерді жобалау саласында, сондай-ақ техникалық қолдау департаментінің директоры және «ҰБК Банктік сервистік бюросы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары лауазымында Ақпараттық жүйелерді қолдау және дамыту саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар. Атом саласында «Байланыс-ҰАК» ЖШС және «KAP Technology» ЖШС-де басшылық лауазымдарда жеті жылдық жұмыс тәжірибесі бар. Тағайындалғанға дейін «KAP Technology» ЖШС Бас директоры қызметін атқарған.

2021 жылдың мамыр айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ HR және цифрландыру жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы 21 тамыздан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ HR және өндірістік қауіпсіздік жөніндегі Бас директор ретінде қызмет атқарады.

Мағажанов Мұхит
Сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі бас директор
Туған жылы

1979

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2001 жылы «Құқықтану» мамандығы бойынша Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін, 2009 жылы қаржы бакалавры дәрежесімен Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетін бітірген. 2017 жылы University of Roma Tor Vergata (Италия) мемлекеттік сатып алуды басқару саласындағы магистратураны бітірді.

Жұмыс тәжірибесі

2001-2006 жылдар аралығында «Банк Индустриальный» ААҚ-да, «Алтын Полис» Сақтандыру компаниясы» ЖАҚда және «АТФ Банк» АҚ-да заңгер болып жұмыс істеді. 2006-2019 жылдар аралығында түрлі лауазымдарда, соның ішінде «Самұрық-Қазына» АҚ және «KEGOC» АҚ-да басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды.

2021-2023 жылдар аралығында «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ «Магистральдық желі дирекциясы» филиалы директорының жабдықтау жөніндегі орынбасары және «KEGOC» АҚ операциялық қызмет жөніндегі басқарушы директоры қызметтерін атқарды.

«ТОП 100» бағдарламасы бойынша «Самұрық-Қазына» АҚ кадр резервінде тұр.

2023 жылғы маусымда «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ әкімшілігі аппаратының басшысы лауазымына тағайындалды.

2023 жылғы 21 тамыздан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ сатып алу және жалпы мәселелер жөніндегі Бас директор ретінде қызмет атқарады.

Қуантыров Ермек
Құқықтық сүйемелдеу және корпоративтік басқару жөніндегі бас директор
Туған жылы

1989

Азаматтығы

Қазақстан Республикасы

Білімі

2010 жылы «Халықаралық қатынастар» бағыты бойынша Томск мемлекеттік университетін, 2012 жылы «Халықаралық құқық» бағыты бойынша Қазақ гуманитарлық-заң университетін (KAZGUU University), 2014 жылы Нью-Йорк қ. Columbia University in the City of New York, School of Law/Колумбия университеті, Құқық мектебін (Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» стипендиясы бойынша) бітірген.

Жұмыс тәжірибесі

Еңбек жолын 2010 жылы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ Халықаралық ынтымақтастық және өзара әрекеттесу басқармасының менеджері болып бастаған.

2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Халықаралық экономикалық интеграцияны реттеу департаменті сыртқы байланыстар басқармасының сарапшысы лауазымында жұмыс істеді. 2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі Халықаралық экономикалық интеграция департаменті ЕурАзЭҚ және Кеден одағының жұмыс істеу мәселелері басқармасының сарапшысы, ал 2014 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің сарапшысы болып жұмыс істеген. 2015 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік-құқықтық бөлімінің сарапшысы қызметін атқарды.

2016-2022 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаменті арбитражға дейінгі талқылау басқармасының бас сарапшысы, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорны директорының орынбасары, министрдің кеңесшісі, апелляциялық кеңестің қызметін қамтамасыз ету басқармасының, тауар таңбасын жалпыға белгілі деп тану жөніндегі комиссияның, зияткерлік меншік құқығын қорғау департаментінің аттестаттау және апелляциялық комиссияларының басшысы, зияткерлік меншік құқықтары департаменті директорының орынбасары, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры, заңға тәуелді актілер департаментінің директоры, «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының директоры қызметтерін атқарды.

2022 жылдың наурызынан қыркүйегіне дейін Мәскеу қ. Еуразиялық экономикалық комиссияның Кәсіпкерлік қызметті дамыту департаментінің директоры қызметін атқарды.

2023 жылғы шілдеде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құқықтық сүйемелдеу және сатып алу жөніндегі бас директоры лауазымына тағайындалды.

GRI 405-1

Басқарманың жас шамасы, %

Басқарманың гендерлік құрамы, %

GRI 202-2
100%
жергілікті қоғамдастық өкілдері89 қатарынан жалданған жоғары басшылардың үлесі90 2023 жылы құрады.

89 Жергілікті қоғамдастық – Қазақстан Республикасының азаматтары.

90 Жоғары басшылар деп Басқарма мүшелері түсініледі.

БАСҚАРМА ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЕСЕП

41
күндізгі
және
2
сырттай
отырыс 2023 жылы Басқарманың өткізілді, онда 466 мәселе қаралды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқармасы қараған мәселелердің құрылымы

GRI 2-15

2023 жылы Компанияның Басқарма мүшелері деңгейінде мүдделер қақтығысы анықталған жоқ.

Басқарма мүшелерінің отырыстарға қатысуы

91 М.М. Елемесов 19.07.2021 жылдан бастап оқу демалысында.

Сыйақы жүйесі

GRI 2-19, 2-20

Компанияның Жарғысына сәйкес Директорлар кеңесі мүшелерінің сыйақы мөлшерін Акционерлердің жалпы жиналысы белгілейді, ал Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің сыйақы мөлшерін Директорлар кеңесі айқындайды, бұл ретте консультанттар бұл процеске қатыспайды.

2023 жылғы 26 қазанда Компанияның Директорлар кеңесінің шешімімен Компанияның басшы қызметкерлеріне Еңбекақы төлеу, сыйлықақы беру және әлеуметтік қолдау ережелері бекітілді. Бұл ережелерде Компанияның Басқарма Төрағасы мен мүшелеріне сыйақы төлеу тәртібі мен шарттары сипатталған.

Компанияның Басқарма Төрағасы мен мүшелерінің лауазымдық жалақысының мөлшерін Директорлар кеңесі Лауазымдық жалақының схемасына сәйкес айқындайды.

Компания Төрағасы мен Басқарма мүшелерінің еңбекақысы уақытша-сыйлықақы жүйесі негізінде жүзеге асырылады және лауазымдық жалақы түріндегі тіркелген құрамдас бөлікті және бір жылдағы нәтижелілігі үшін сыйақы түріндегі ауыспалы құрамдас бөлікті қамтиды. Бөлімнің сыйақы мөлшері тиісті есепті кезеңге Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі бекітетін стратегиялық ҚНК-ны каскадтау жолымен қалыптастырылатын қызметтің корпоративтік және функционалдық негізгі көрсеткіштерінің (ҚНК) орындалу дәрежесіне байланысты болады. Осы жүйеге сәйкес Басқарма Төрағасына нәтижелілік үшін жылдық сыйақы мөлшері корпоративтік ҚНК-ға қол жеткізуден 100%-ға, ал Басқарма мүшелері үшін бұл мөлшер корпоративтік ҚНК-ны орындаудан 60%-ға және функционалдық (жеке) ҚНК-ны орындаудан 40%-ға тәуелді болады.

Есепті жылға арналған Корпоративтік ҚТК картасын жыл сайын Директорлар кеңесі бекітеді және оған қаржылық көрсеткіштер, акционерлердің кірістілігі мен табыстылығы, қауіпсіздік мәдениетін арттыру, ірі инвестициялық жобаларды іске асыру, УШТ шығару жөніндегі өндірістік бағдарламаның орындалу дәрежесі және басқа да көрсеткіштер, соның ішінде Компания қатысатын аймақтардағы әлеуметтік қолдауға байланысты түрлі көрсеткіштер кіреді. Ол жақсы теңдестірілген және Қазатомөнеркәсіптің барлық стратегиялық мақсаттарын ескереді.

Компания қызметінің корпоративтік негізгі көрсеткіштерінің тізбесі

2024 жыл
УШТ-ның меншікті өндірістік өзіндік құны Көрсеткіш «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және оны өндіруші кәсіпорындарына бір килограмм уран шала тотығы-тотығын (УШТ) шығару үшін өндірістік шығындарды азайтуға бағытталған.
Қауіпсіздік мәдениетін арттыру Көрсеткіш өндірістік қауіпсіздіктің жалпы деңгейі мен мәдениетін арттыруға бағытталған және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындар тобы бойынша еңбекке қабілеттілігін жоғалтқан жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициентін және жүргізілген қауіпсіздік мінез-құлық аудиттерінің санын көрсетеді.
Акционерлердің кірістілігі мен табыстылығы Көрсеткіш акционерлер салған инвестициялардың табыстылығын көрсету үшін қолданылады және акционерлердің табысын арттыруға бағытталған. Ол келесі компоненттерден тұрады: жыл соңындағы акционердің жалпы кірісі (TSR) және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жаһандық депозитарлық қолхаттарының бағасы.
Ірі инвестициялық жобаларды, оның ішінде басым жобаларды іске асыру Көрсеткіш инвестициялық қызметке ақшалай қаражаттың тиімді пайдаланылуын, есепті кезеңде инвестициялық жобалардың уақтылы және толық орындалуын қамтамасыз етуге бағытталған.
УШТ шығару бойынша өндірістік бағдарламаның орындалу дәрежесі Көрсеткіш УШТ шығару бойынша өндірістік бағдарламаларды орындау мақсатында Компанияның және оның уран өндіруші кәсіпорындарының УШТ шығару жөніндегі жоспарының орындалуын көрсетеді.

Бір жыл ішінде сыйақы төлеудің негізгі шарты есепті кезең үшін шоғырландырылған қорытынды пайданың болуы болып табылады.

Компанияның Төрағасы мен басқарма мүшелерін зейнетақымен қамсыздандыру «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. Қазатомөнеркәсіп міндетті зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агент рөлін атқарады және табыстың белгілі бір пайызын заңға сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударады. Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты Басқарма Төрағасымен немесе мүшелерімен еңбек қатынастары бұзылған жағдайда қызметкерге Ұжымдық шартқа сәйкес материалдық көмек төленеді.

2023 жылы Қазатомөнеркәсіптің Басқарма мүшелері мен Директорлар кеңесінің тәуелсіз директорларына салықтар мен өзге де міндетті төлемдер төленгенге дейін жалпы сомасы 912,8 млн теңге сыйақы төленді.

Басқарма мүшелері мен Директорлар кеңесі сыйақысының жалпы мөлшері, млрд теңге

Тәуекелдерді басқару

ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Қазатомөнеркәсіптің тәуекелдерді басқару жүйесі Компанияның бизнес-моделінің ажырамас бөлігі болып табылады және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу және тұрақты құнды құру кезінде барлық мүдделі тараптар үшін тәуекелдерді азайтуға ықпал етеді. Топ нарықтың өзгергіштігін және макроэкономикалық жағдайды, өндіріс тәуекелдерін, қоршаған ортаны қорғауға байланысты аспектілерді, геосаяси жағдайды және реттеудегі нормативтік өзгерістерді олардың ағымдағы тәуекел профиліне әсерін бағалау үшін үнемі бақылайды. Сонымен қатар, Компания тәуекелдерді азайту үшін тиісті стратегиялар мен шараларды қолданады.

Компания қызметінің үздіксіздігін басқару жүйесін үйлестіруді қоса алғанда, тәуекелдерді басқару мен ішкі бақылаудың тиімді жүйелерін құру шеңберінде 2023 жылы мынадай құжаттар әзірленіп, өзектендірілді:

Сақтандыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде 2023 жылы ЕТҰ мүлкін сақтандырудың корпоративтік бағдарламасы жалғасты, оған 11 өндіруші ЕТҰ және «KAP Logistics» ЖШС кірді.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өнімін сату бойынша контрагенттің тәуекелін басқару жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес, Компания Басқармасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ уран өнімін сату бойынша келісімшарттарға қатысты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ контрагенттерінің тізбесін және контрагенттеріне арналған лимиттерді бекітті. Тәуекел-менеджмент департаменті контрагенттер тәуекелдерін тәуелсіз бағалауды жүзеге асырады және тәуекелдерді басқару туралы тоқсан сайынғы есептерде тиісті ақпаратты Компанияның Директорлар кеңесі жанындағы Басқарма мен Аудит жөніндегі комитетке және тәуекелдерді басқару туралы жылдық есепті Компанияның директорлар Кеңесіне ұсынады. Сонымен қатар, Компанияда және оның еншілес және тәуелді ұйымдарында қызметтің үздіксіздігін басқару жүйесі жұмыс істейді. Осы жүйе шеңберінде қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету бойынша жоспарларды үнемі тестілеу жүргізіледі.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да қаржылық есептілікті дайындау процесінің дизайнын бағалауын, операциялық тиімділігін тестілеуді жүргізуін, елеулі кемшіліктерін/бақылау рәсімдерінің болмауын айқындауын және құжаттауды жүргізу» Әдістемесіне сәйкес Компанияда қажет болған жағдайда қаржылық есептіліктің дұрыстығына сенімділікті қамтамасыз ету үшін қаржылық есептілікті дайындау процестері бойынша ішкі бақылау рәсімдері жүргізіледі.

2023 жылы жыл ішінде бекітілген кестеге сәйкес Компания қызметінің үздіксіздігі жоспарларына, санкциялық тәуекелдер мәселелері бойынша Жедел штаб отырысына тестілеу өткізілді.

2024 жылға арналған жоспарлар:

«ҚАЗАТОМӨНЕРКӘСІП» ҰАК» АҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІ

COSO әдіснамасына сәйкес Компанияның барлық анықталған тәуекелдері бес негізгі санатқа жіктеледі: стратегиялық, қаржылық, операциялық, комплаенс, инвестициялық-жобалық тәуекелдер.

Жыл сайын еншілес және тәуелді ұйымдар (ЕТҰ) үшін тәуекелдер тіркелімдері мен карталары әзірленеді және бекітіледі. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Тәуекелдер картасы ықпал ету және ықтималдық аймақтарына бөлінген.

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тәуекелдер тізілімі 32 анықталған тәуекелден тұрады, оның ішінде 46 негізгі тәуекел қызыл аймақта:

Тәуекелдерді бағалау Тәуекелдер картасындағы олардың әрқайсысының позициясына сәйкес жүзеге асырылады, бұл ретте тәуекел аймақтары тәуекел-тәбетті ескере отырып, ықтимал зиянға байланысты айқындалады.

2023 жылға арналған тәуекел картасы

Стратегиялық тәуекелдер (S)
S-1 Уранды сату бағасының жоспарланған бағадан төмендеуі
S-2 Әлеуметтік шиеленістің өсуі
S-3 Беделді тәуекел
S-4 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттық міндеттемелердің талаптарын орындамау тәуекелі
Операциялық тәуекелдер (O)
О-1 Уран өнімін өткізу жоспарының орындалмауы
О-2 Уран өндірудің жоспарланған көлемін және (немесе) уран өнімін (УШТ) өндіру көлемін орындамау
О-3 Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын жоспарланғаннан жоғарылату
О-4 Білікті персонал жетіспеушілігі немесе төмен біліктілік
О-5 Өндірістік жарақаттану
О-6 Компанияның кәсіпорындар тобына қасақана зиян келтіру
О-7 Ақпараттық қауіпсіздікті төмендету
О-8 ҮМЗ бериллий, тантал, ниобий және өзге де өнімдерін өндірудің/өткізудің жоспарланған көлемін орындамау
О-9 Экологиялық тәуекел
О-10 Пандемия қаупі
О-11 Заңнаманы сақтамаудың/әр түрлі түсіндірудің құқықтық салдарының басталуы
О-12 Климаттық қауіп
Комплаенс тәуекелдері (С)
C-1 Сыбайлас жемқорлық және корпоративтік алаяқтық тәуекелі
C-2 Санкциялық тәуекел
C-3 Листингтік және реттеуші тәуекелдер
Қаржылық тәуекелдер (F)
F-1 Өтімділік жетіспеушілігі
F-2 Контрагент-банктерге қатысты несиелік тәуекел
F-3 Берілген кепілдіктер бойынша және кепілдіктің заңды нысаны жоқ міндеттемелер бойынша міндеттемелерді орындау
F-4 Валюталық тәуекел
F-5 Пайыздық тәуекел
F-6 Кредиттік және кепілдік келісімдер бойынша ковенанттарды орындамау
F-7 Контрагенттің дефолт тәуекелі
F-8 Елдік тәуекел
Инвестициялық-жобалық тәуекелдер (I)
I-1 Қазақстан Республикасында ЖБҚ өндіру жөніндегі жобаны іске асыру бойынша жоспарланатын көрсеткіштерге қол жеткізбеу
I-2 КДҚ жобасын уақтылы іске асырмау (1 кезең)
I-3 КДҚ жобасын уақтылы іске асырмау (1 кезең)
I-4 «Қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу» жобасын уақтылы іске асырмау
I-5 «Түркістан облысы Созақ ауданында өндірістік қуаты жылына 900 тонна Жалпақ кен орнының жерүсті қайта өңдеу кешенін салу» жобасын уақтылы іске асырмау

Тәуекел картасындағы 2023 жылғы негізгі өзгерістер:

I тоқсанда 4 тәуекел бойынша орын ауысуы байқалады:

  1. S-4 «Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттық міндеттемелердің талаптарын орындамау тәуекелі» ықтималдылық 4-тен 5-ке дейін артты.
  2. О-7 «Ақпараттық қауіпсіздікті төмендету» ықтималдылық 4-тен 5-ке дейін артты.
  3. О-6 «Компанияның кәсіпорындар тобына қасақана зиян келтіру» ықтималдылық 3-тен 4-ке дейін және әсер ету 2-ден 4-ке дейін артты.
  4. О-2 «Уран өндірудің жоспарланған көлемін және (немесе) уран өнімін (УШТ) өндіру көлемін орындамау» ықтималдылық 4-тен 3-ке дейін және әсер ету 4-тен 3-ке дейін азайды.

II тоқсанда 2 тәуекел бойынша орын ауысуы және 2 жаңа тәуекел тіркелді:

  1. I-3 «600 ғимараты. Қайта құру. Уран шала тотығу-тотығуының аффинаждық өндірісі. «ҮМЗ» АҚ. Солтүстік алаңы» жобасының жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу ықтималдық 3-тен 4-ке дейін артты.
  2. О-10 «Пандемия қаупі» ықтималдық 3-тен 1-ге дейін азайды.
  3. I-4 «Қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу» жобасын уақтылы іске асырмау» жаңа тәуекелі тіркелді.
  4. I-5 «Түркістан облысының Созақ ауданында өндірістік қуаты жылына 900 тонна Жалпақ кен орнының жерүсті қайта өңдеу кешенінің құрылысы» жобасын уақтылы іске асырмау» жаңа тәуекелі тіркелді.

III тоқсанда 1 тәуекел бойынша орын ауысуы:

  1. I-2 «КДҚ жобасын уақтылы іске асырмау (1 кезең)» әсер ету 1-ден 2-ге дейін ұлғайды.

IV тоқсанда 6 тәуекел бойынша орын ауысуы:

  1. O-2 «Уран өндірудің жоспарланған көлемін және (немесе) уран өнімін (УШТ) өндіру көлемін орындамау» ықтималдық 3-тен 4-ке дейін және әсер ету 3-тен 4-ке дейін артты.
  2. O-3 «Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын жоспарланғаннан жоғарылату» ықтималдық 3-тен 4-ке дейін және әсер ету 3-тен 4-ке дейін артты.
  3. O-8 «ҮМЗ бериллий, тантал, ниобий өнімдерін өткізудің жоспарланған көлемін орындамау» ықтималдылық 4-тен 5-ке дейін артты.
  4. F-7 «Контрагенттің дефолт тәуекелі» әсер ету 2-ден 3-ке дейін артты.
  5. I-3 «600 ғимараты. Қайта құру. Уран шала тотығу-тотығуының аффинаждық өндірісі. «ҮМЗ» АҚ. Солтүстік алаңы» жобасының жоспарланған көрсеткіштеріне қол жеткізбеу ықтималдылық 4-тен 5-ке дейін артты.
  6. I-4 «Қуаттылығы жылына 800 мың тонна күкірт қышқылы зауытын салу» жобасын уақтылы іске асырмау» ықтималдық 3-тен 4-ке дейін артты.

Тәуекелдер және оларды азайту шаралары

Тәуекел Атауы Іс-шаралар
S-1 Уранды сату бағасының жоспарланған бағадан төмендеуі
  • Келісімшарттардың үлесін бекіту.
  • Дұрыс қаржыландыруды қамтамасыз ете отырып, THKazakatomAG-пен мәмілелер арқылы уран бағасын хеджирлеуді жүргізу мүмкіндігін зерделеу:
    • Тендерлерге қатысу және белгіленген және ішінара индекстелген бағалар бойынша орта және ұзақ мерзімді мерзімге жаңа келісімшарттар жасасу.
  • Уран бағасының болжамды трендін анықтау үшін нарықтық талдау жүргізу.
  • Атом және уран объектілеріндегі инциденттер мен апаттарға және олардың салдарына қатысты БАҚ мониторингі.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ стратегиялық шешімдеріне сәйкес «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының уран өндіру көлемін бақылау.
S-2 Әлеуметтік шиеленістің өсуі
  • Жер қойнауын пайдалану туралы келісімдер шеңберінде қатысу өңірлерін әлеуметтік-экономикалық дамытуға қаржы қаражатын бөлу.
  • Жергілікті атқарушы органдармен ынтымақтастық.
  • Онлайн платформалар, көшпелі сессиялар және/немесе дөңгелек үстелдер арқылы жұмысшылар арасында ақпараттық науқанды ұйымдастыру.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарында әлеуметтік әріптестік, ішкі коммуникациялар және әлеуметтік тұрақтылық деңгейін жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бақылау.
  • ЕТҰ/СҚО есептілігі арқылы еңбек заңнамасының сақталуын бақылау.
  • ЕТҰ қызметкерлерінің табыстарының теңдік дәрежесін салыстырмалы талдау бойынша жұмысты жалғастыру.
  • Қаржылық сауаттылықты арттыру мақсатында қызметкерлерді оқыту.
  • БАҚ жарияланымдарының мониторингі.
S-3 Беделді тәуекел
  • Коммуникацияларды тиімді басқару және ақпаратты ашу.
  • КО және ЕТҰ-да тиімді ішкі коммуникацияларды дамыту.
  • Жергілікті және халықаралық БАҚ-пен қарым-қатынас орнату және қолдау.
  • Медиа және әлеуметтік медианы бақылау.
  • Дағдарысқа қарсы коммуникациялар жоспарына сәйкес іс-шараларды ұйымдастыру.
  • КО және ЕТҰ құзыреті бөлігінде АЭХА-мен қол қойылған келісімдер бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның міндеттемелерінің орындалуын бақылау.
S-4 Жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттық міндеттемелердің талаптарын орындамау тәуекелі
  • Компания қызметінің контекстінде ҚР заңнамалық базасының мониторингін жүзеге асыру.
  • Компанияның ЕТҰ-да «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» ҚР Кодексіне сәйкес барлық қажетті рұқсат құжаттарының (лицензияларының) болуын қамтамасыз ету.
  • Заңнаманың жобаларын/өзгерістерін талқылауға қатысу және ҚР заңнамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша ұсыныстар дайындау.
  • ҚР заңнамасының жекелеген түрлерін түсіндіру бойынша семинарларға қатысу және күрделі мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға түсініктеме алу.
  • ТҚ-25 есептерінің өндірістік көрсеткіштерінің ЕТҰ-ның шарттық міндеттемелерінің талаптарына сәйкестігін бақылау.
  • Компанияның ДК Стратегиялық жоспарлау және инвестициялар жөніндегі комитетінің қарауына жер қойнауын пайдалану жөніндегі келісімшарттық міндеттемелерге байланысты тәуекелдер туралы мәселені шығару.
  • Жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды ұзарту мерзімдерінің мониторингі.
О-1 Уран өнімін өткізу жоспарының орындалмауы
  • Ағымдағы жылы уран нарығындағы ағымдағы жағдайды және сұраныстарды ағымдағы жылы сату жоспарынан жоспарланған уран көлемін іске асыру мүмкіндігін бағалау үшін өзекті деректерді пайдалана отырып зерттеу. Бұл әсіресе қолданыстағы сатып алушылардың уран өнімдеріне сұраныстың төмендеуіне байланысты табиғи уранды сатып алудан бас тартуы жағдайында өте маңызды.
  • Дайын өнімді сатуға ұзақ мерзімді, қысқа мерзімді және орта мерзімді келісімшарттар жасасу (оның ішінде KazakAtomTHAG-пен).
  • Келісімшарттар жасау кезіндегі тәуекелдерді есепке алу (айыппұл санкцияларының болуы, жеткізілімдердің икемділігі).
  • Келісімшарттарға қол қою сатысында қажетті құжаттарды уақтылы келісу.
  • Контрагенттердің келісімшарт талаптарын сақтауын тексеру.
  • Жүктерді тасымалдау кезінде жоғалудан немесе зақымданудан сақтандыру.
  • Уран саласына әсер ететін санкцияларды және/немесе қарсы санкцияларды енгізудің ықтимал ниеттерін жедел анықтау үшін БАҚ мониторингі.
  • Контрагентті мұқият іріктеу/талдау/келісім шарттарының талаптарын мүдделі құрылымдық бөлімшелермен келісу және т. б.
  • Конверторда уран өнімін алу үшін және кейіннен сатып алушыларға физикалық жеткізумен своп (location/time swap) келісімшарттарын жасасу.
  • Дайын уран өнімдерін өндірудің технологиялық процестерінің сақталуын бақылау
  • Стандарттарға сәйкес дайын уран өнімдерінің қаптамасының сапасын бақылау.
  • Уран экспортының баламалы бағыттарын әзірлеу.
О-2 Уран өндірудің жоспарланған көлемін және (немесе) уран өнімін (УШТ) өндіру көлемін орындамау
  • ТЖДЖ түзету (блоктарды пайдалануға беру кестесін өзгерту).
  • Жер қойнауын пайдалану бойынша лицензиялық-келісімшарттық шарттарды қатаң орындау
  • Ұңғымалар құрылысы мен өндірудің жоспарлы көлемдерінің орындалуын бақылау.
  • 2016-2027 жылдарға арналған минералды-шикізат базасын толықтыру үшін іздеу жұмыстарының бағдарламасын іске асыру.
  • ӨЕ-де төмен уран ұңғымаларын істен шығару, ӨЕ-де жоғары уран блоктарын енгізу, сондай-ақ қышқылмен қамтамасыз етуді реттеу және т. б. сияқты түзету шараларын қолдану.
  • Сапа стандарттарына сәйкес дайын уран өнімінің сапасын бақылау.
  • Ұңғымаларды салу, ТДЖ жүргізу және уран өндіру кезінде технологиялық процестердің орындалуын тұрақты бақылау (апта сайын және ай сайын), сондай-ақ өндірістік операциялар кезінде технологиялық регламенттің сақталуы.
  • Дайын уран өнімін өндіру кезінде технологиялық режимдердің сақталуын бақылау.
  • Ұңғымалардың ТДЖ және ЖҚЖ күнтізбелік кестелерінің сақталуын бақылау.
  • Қосымша бұрғылау станоктарын сатып алу және бұрғылау жұмыстарының қосымша көлемін орындау үшін аутсорсингті ішінара тарту.
  • Шикізатқа, ТМҚ-ға, энергия ресурстарына және басқа ресурстарға қажеттілікті ұтымды жоспарлау.
  • Кен орындарын, учаскелер мен бМлоктарды уақтылы пайдалануға беруді бақылау.
  • ЕТҰ мүлікті сақтандырудың корпоративтік бағдарламасын жалғастыру.
О-3 Өнімдер мен қызметтердің өзіндік құнын жоспарланғаннан жоғарылату
  • Химиялық реагенттердің, материалдардың және энергия шығындарының нақты нормаларын бақылау.
  • Негізгі химиялық реагенттерге, материалдарға және энергия шығындарына сатып алу бағаларын талдау.
  • Өндірістің энергия тиімділігін арттыру (ЖЭК қолдану есебінен сатып алынған электр энергиясын тұтынуды азайту, Энергия үнемдейтін аспаптар мен құрылғыларды қолдану есебінен электр энергия көлемін азайту, Жабдықты анағұрлым үнемдісіне ауыстыру, Аз энергия сыйымдылығымен жаңа технологияларды енгізу).
  • ЕТҰ басқару органдары бекіткен өндірістік өзіндік құнның жоспарлы көрсеткішінің нақты орындалуын бақылау.
  • Өндіріс технологиясын оңтайландыру, оның тиімділігін арттыру үшін технологиялық процеске өзгерістер енгізу, реагенттер мен материалдардың шығын нормаларын азайту үшін ұйымдастырушылық және техникалық шараларды енгізу.
  • ҒЗТКЖ қызметтерін жеткізушінің келісімшарттық міндеттемелерінің орындалуын бақылау.
  • Табиғи уран өндірудің өзіндік құнын төмендетуге жаңа ғылыми әзірлемелердің қосқан үлесі.
  • Негізгі жабдықты уақтылы диагностикалау және жөндеу.
  • «Жедел желі» арқылы өтініштерді қарау процесін ұйымдастыру және қараудың белгіленген мерзімдерінің сақталуын бақылау.
  • Компания қызметкерлері үшін тренингтер мен оқыту сессияларын өткізу.
  • Резидент емес контрагенттерге және/немесе оларға қызмет көрсететін банктерге қатысты санкциялық шектеулердің бар-жоғын тексеру үшін Комплаенс қызметімен валюталық төлемдерді келісу.
О-5 Өндірістік жарақаттану
  • ЕҚ, ӨҚ, РБ және ҚОҚ, ҚТ саласындағы ҚР заңнамасы мен корпоративтік нормативтік құжаттардың талаптарын сақтау мониторингі.
  • ЕҚ, ӨҚ, РБ, ҚТ ҚОҚ және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарына сәйкестігіне Компанияның ЕТҰ тұрақты тексерулерін жүзеге асыру.
  • ЕҚ, ӨҚ, РБ, ЯҚ және ҚОҚ, ҚТ бойынша персоналды оқытуды, нұсқаманы және білімін тексеруді уақтылы жүргізуді бақылау.
  • Кәсіпорындарда өндірістік жарақаттану мен ЖКО талдауын жүргізу, кейіннен ЕТҰ-ға олардың алдын алу және профилактикасы бойынша ұсыныстарды қамтитын ақпараттық хатты дайындау және тарату.
  • ЕТҰ қызметкерлерінде қажетті арнайы киім мен жеке қорғаныс құралдарының болуын бақылау.
  • ЕТҰ-да мерзімді дозиметриялық бақылау жүргізу мониторингі.
  • ЕТҰ-да ауысым алдындағы медициналық куәландыру мен нұсқама жүргізуді бақылауды жүзеге асыру.
  • Компанияның ЕТҰ-да еңбек жағдайлары бойынша жұмыс орындарын аттестаттауды уақтылы жүргізуді қамтамасыз ету.
  • Қауіпсіздіктің мінез-құлық аудиттерін (ҚМА) жүргізу және талдау, ықтимал қауіпті жағдайларды, әрекеттерді анықтау (NEARMiss).
  • «Стоп Карта» рәсімінің қолданылуын талдау.
  • Өндірістегі қауіпсіздікті бұзғаны үшін жауапты лауазымды тұлғаларға тәртіптік шараларды қолдану.
О-6 Компанияның кәсіпорындар тобына қасақана зиян келтіру
  • Компанияда және ЕТҰ-да кейіннен алдын алу сипатындағы ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлей отырып, залалдың алдын алу және өтеу, ұйымдық және кадрлық шешімдер қабылдау, ішкі нормативтік құжаттаманы өзектендіру және бақылау ортасын жетілдіру бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізу.
  • Компания акционерлері мен басшылығын Компания мен ЕТҰ стейкхолдерлері тарапынан сыбайлас жемқорлық және алаяқтық әрекеттердің тәуекелдері мен фактілері туралы хабардар ету.
  • Террористік сипаттағы, сондай-ақ терроризммен байланысты емес өзге де криминогендік сипаттағы дағдарыстық жағдайлар туындаған кезде қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау.
  • Еңбек жанжалдарының алдын алу және оқшаулау бойынша жұмыс берушінің Іс-қимыл алгоритмін орындау.
  • Радиоактивті заттар мен ядролық материалдардың сақталуы мен қозғалысын мерзімді бақылау және есепке алу.
  • Физикалық қорғаныс және күзет дабылы жүйелерінің жұмысын үнемі бақылау және тексеру.
  • Көрсетілген түрдегі материалдарға қол жеткізе алатын тұлғалардың сенімділігін тексеру.
  • Қажет болған жағдайда радиациялық және ядролық материалдарды ұрлау, жоғалту және санкциясыз алу фактісі бойынша қызметтік тергеу жүргізу.
  • Шарттарды болдырмау және ұқсас фактілердің қайталануына жол бермеу бойынша түзету іс-шараларын әзірлеу.
О-7 Ақпараттық қауіпсіздікті төмендету
  • Ақпараттық қауіпсіздік (АҚ) саясатының сақталуын тұрақты бақылау.
  • Компанияның кәсіпорын тобының контрагенттерімен құпиялылық туралы келісімдерге қол қою.
  • Киберқауіпсіздік саласындағы қызметкерлердің хабардарлығы мен құзыреттілік деңгейін арттыру. Нұсқаулық пен тестілеуді ұйымдастыру. Таратуды жүзеге асыру.
  • «Киберқауіпсіздікті енгізу және дамыту» жобасының таралымы шеңберінде 12 ЕТҰ үшін киберқауіпсіздік саласындағы қызметкерлердің хабардарлығын арттыру процесін автоматтандыру.
  • Күтпеген жағдайларға жауап беру үшін бизнес-процестердің үздіксіздігін қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелерді қалпына келтіру жоспарына тестілеу жүргізу.
  • Компания мен оның ЕТҰ АҚ-ның ағымдағы жай-күйіне аудит жүргізу.
  • Барлық ЕТҰ-ны (КАР доменіне кіретін) АҚ жедел орталығына және Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзіне қосу.
  • Анықталған АҚ қатерлері мен кемшіліктерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  • Ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды элементтеріне жатқызылған объектілер тізімін қалыптастыру.
  • «KAPTechnology» ЖШС базасында Киберқауіпсіздік орталығын құру мүмкіндігін зерттеу (АҚЖО-ға және одан әрі АҚҰҮО-ға қосыла отырып).
  • Барлық ЕТҰ (Компанияның корпоративтік желісіне кіретін) АҚ кешенді жүйесіне (АҚКЖ) қосылуын қамтамасыз ету.
  • Ену тестілеуін өткізу. АҚ-ның анықталған қатерлері мен кемшіліктерін жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
  • АҚ жетілу деңгейін қамтамасыз ету және арттыру үшін АҚ құралдарын енгізу.
  • Ақпаратты құпия деректердің ағып кетуін болдырмау жүйесі (DLP), ақпаратты криптографиялық қорғау (АКҚҚ), АҚ кешенді жүйесі (АҚКШ) құралдарымен қорғау.
  • АҚ саласындағы ҚР заңнамасының өзгерістеріне тұрақты мониторинг және талдау.
  • Компанияның таралуы шектеулі құпия ақпаратқа заңсыз қол жеткізудің алдын алу.
  • Компания қызметі барысында таралуы шектеулі құпия ақпараттың ықтимал жайылып кетуін анықтау және жою.
  • «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құпия және коммерциялық құпиясы болып табылатын Ақпарат тізбесін айқындау.
  • Сатып алу процесінің бөлігі ретінде SAP GRC AC-да өкілеттіктерді бөлу қақтығыстарын шешу.
О-8 ҮМЗ бериллий, тантал, ниобий және өзге де өнімдерін өндірудің/ өткізудің жоспарланған көлемін орындамау
  • Дайын өнімді өндіру жоспарының орындалуын бақылау.
  • Апаттардың алдын алу үшін ЖӨЖ жүргізу және жабдықты күрделі жөндеу.
  • Шикізат жеткізушілерімен тұрақты келіссөздер жүргізу (бериллий, тантал).
  • Қоймадағы шикізаттың нормативтік қорын қамтамасыз етуді бақылау.
  • Бекітілген жоспарға сәйкес бериллий, тантал және ниобий өнімдерін өткізу мониторингі.
  • Бериллий, тантал және ниобий өнімдерін тұтынушылармен келісімшарттар жасасу.
  • Бериллий, тантал және ниобий нарығының жай-күйін тұрақты талдау (сегменттер, аймақтар, өнімдер, бәсекелестер, тұтынушылар бойынша).
О-12 Климаттық тәуекел
  • Жазда орта температураның жоғарылауымен жұмысшылардың су ішу режимін ұйымдастыру.
  • Жабдықтар мен техниканы жазғы режимге ауыстыру.
  • Арнайы киім беру бойынша климаттық белдеуді қайта қарау (қысқы киімді кию мерзімін аз жаққа қайта қарау).
  • Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің және ықтимал апаттарды жою бойынша кәсіби апаттық-құтқару қызметінің дайындығы мен кезекшілігін бақылауды қамтамасыз ету.
  • Апаттық электр қуаты өшкен жағдайда резервтік қуат көздеріне көшу.
  • Ауа-райының қауіпті құбылыстары орын алуы мүмкін болған кезде көлік құралдарының шығуын шектеу.
  • Жедел қызмет қызметкерлерімен үздіксіз байланысты қамтамасыз ету.
  • Табиғи өрт туындаған кезде табиғи апат және халыққа көрсетілетін көмек туралы ақпарат алу үшін жергілікті билік органдарына хабарлау.
  • Өртке қарсы іс-шараларды өткізу, өрт қауіпсіздігі бойынша жаттығуларды жиілету.
  • Аумақты және өрт қауіпті объектілерді құғап кетуден тазарту.
  • Темір жол мен автомобиль жолдарын қардан тазарту.
  • Энергия тұтынуды жақсарту және энергияны үнемдеу шаралары.
  • Халықаралық стандарттар мен гайдлайндарға және жалпы қабылданған нұсқаулықтарға сәйкес парниктік газдардың тікелей және жанама шығарындыларының көлемін сандық бағалауды жүргізу.
  • Персоналды ПГ шығарындылары туралы есептілік бойынша міндеттемелерді кеңейту/қатаңдату бөлігінде заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша оқыту.
  • Энергия үнемдейтін және энергия үнемдеу іс-шараларын іске асыру.
  • Жабдықты жаңарту.
  • Шикізатқа, ТМҚ-ға, энергия ресурстарына және т.б. қажеттілікті дұрыс жоспарлау.
  • Технологиялық процестерді жетілдіру.
  • Жаңартылатын және баламалы көздерден сатып алынатын энергияға көшу (немесе ЖЭК-ке инвестициялау жағдайында өзінің жасыл энергиясын пайдалану).
C-2 Санкциялық тәуекел
  • Санкциялық тәуекелдер (оның ішінде төлемдерді бұғаттау тәуекелі) тұрғысынан контрагенттермен ынтымақтастық мәселелерін СК-мен алдын ала келісу.
  • Санкциялық тәуекелдерді басқару мәселелері бойынша мүдделі БК-ны ақпараттандыру (ДК, ДП, ДСП, ПД, ГРД, ДНТП, ДIT).
  • Санкциялар тізіміне серіктестер енгізілген жағдайда (бірлескен кәсіпорындары бар РФ, ҚХР компаниялары): а) басқа ЕТҰ есебінен, оның ішінде өндірісті ұлғайту туралы жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттарды қайта қарау арқылы өндіру жоспарын орындау; б) бірлескен кәсіпорындағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қатысу үлесін бірлескен кәсіпорынды санкциялар тізімінен шығарудың пакеті немесе басқа нұсқасының 100% деңгейіне дейін жеткізу.
  • Санкциялар тізіміне негізгі сатып алушылар енгізілген жағдайда: а) жаңа сатып алушыларды іздеу (нарықты қайта бағдарлау); б) өндіру көлемін түзету (төмендету); в) батыстық конверсиялық кәсіпорындарда одан әрі іске асыру үшін материалмен қамтамасыз ету үшін своп-мәмілелер жасасу;
  • Негізгі жеткізушілерді (оның ішінде логистикалық компанияларды, порттарды және т. б.) санкциялар тізіміне қосқан жағдайда: а) санкциялық тәуекелдерге ұшырамайтын баламалы маршруттарды пысықтау; б) негізгі өнімнің (арнайы техниканың, жабдықтың) отандық өндірісін ашу туралы мәселеге бастамашылық жасау; в) жеткізушілермен ҚР-ға тікелей жеткізу туралы келіссөздер жүргізу.
  • Санкциялық тізімге ҚР банктері енгізілген жағдайда: а) санкциялық тізімде жоқ банктерге қызмет көрсетуге көшу; б) қазақстандық қор нарығында облигациялар шығару түріндегі қорландырудың баламалы көздеріне көшу.
  • Санкциялық тәуекелдерге ұшырамайтын баламалы маршруттарды пысықтау.
C-3 Листингтік және реттеуші тәуекелдер
  • Инсайдерлер тізімін жаңартып отыру, инсайдерлік ақпарат негізінде қолданыстағы заңнамада, оның ішінде Компанияның бағалы қағаздарымен операциялар бойынша жауапкершілік туралы инсайдерлік хабарламалар жинау;
  • Компания қызметкерлеріне жабық/ашық кезеңдер туралы алдын ала хабарлау;
  • PDMR жасаған мәмілелер туралы қор биржалары мен реттеушілерді уақтылы хабардар ету;
  • Қор биржалары ережелерінің өзгеруін бақылау;
  • Листинг талаптарының өзгеруі туралы Компанияның мүдделі БК-ін хабардар ету;
  • Жарты жылда кемінде бір рет ақпаратты ашу ережелерін сақтау мониторингі;
  • Қызметкерлерді Әдеп кодексін және Компанияның комплаенсін оқыту және мерзімдік тестілеу;
  • Инсайдерлік ақпаратқа иелік ету және құпия ақпаратты қорғау мәселелері бойынша түсіндіру іс-шаралары.

Компания менеджменті тәуекелдердің салдарын болдырмау және азайту үшін іс-шараларды қолдану арқылы тәуекелдерді басқару жүйесі тиімді болатынына сенімді. Ескерту іс-шараларының орындалуы бойынша есептер (тәуекелдер тіркелімі шеңберінде) тұрақты негізде қалыптастырылады. Тәуекел-тәбет деңгейін жыл сайынғы негізде Директорлар кеңесі айқындайды және бекітеді. Ықтимал теріс қаржылық салдарлардың алдын алу және Компания құнының ықтимал төмендеуі жөніндегі процесті бақылау үшін барлық тәуекелдер бойынша толеранттылық деңгейлері айқындалды.

Тәуекелдерді лимиттеу практикасы қолданылады және кредиттік тәуекелді бақылау үшін екінші деңгейдегі банктерге лимиттер белгілеу жөніндегі ережелер белгіленеді. Топтың банктерге арналған лимиттерін Басқарма жылына кемінде бір рет бекітеді, содан кейін Компания мен оның еншілес ұйымдары арасында қайта бөлінеді.

Сонымен қатар инвестициялық жобаларда және басқару органдарының қарауына шығарылатын басқа да мәселелерде тәуекелдерді талдау және бағалау практикасы енгізілді. Мұның бәрі Компанияның жоғары басшылығының белсенді қатысуымен жүзеге асырылады. Тәуекел-менеджмент департаменті іске асырылған және болжанатын тәуекелдер, сондай-ақ оларды барынша азайту бойынша қабылданған шаралар туралы ақпаратты қамтитын тәуекелдерді басқару туралы есептерді тоқсандық және жылдық негізде тұрақты түрде ұсынады.

ТҰРАҚТЫ ДАМУ САЛАСЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ тұрақты даму саласындағы тәуекелдер мен мүмкіндіктерді ескеруге және олардың тұрақтылыққа әсерін ескере отырып, негізделген және әдепті шешімдер қабылдауға ұмтылады. Компания әлеуметтік жауапты инвесторлардың, қоғамның және тұрақты даму принциптерін қолдайтын басқа да мүдделі тараптардың үміттерін ақтау үшін ESG аспектілерімен және климаттың өзгеруі жөніндегі агендамен біріктіру арқылы тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін біртіндеп жетілдіруде.

Бақылау жүйесі

Компаниядағы ішкі бақылау жүйесі үш негізгі салада тәуекелдерді болдырмауға бағытталған: қаржылық есептілік, заңнаманы сақтау және операциялық процестердің тиімділігін арттыру. Ол COSOның «Ішкі бақылау – Біріктірілген модель» үлгісіне негізделген және бес компонентті қамтиды: бақылау ортасы, тәуекелдерді бағалау, бақылау процедуралары, ақпарат және оны тарату және мониторинг.

Ішкі бақылау жүйесі саласындағы оның даму мақсаттары мен бағыттарын айқындайтын Саясат бекітілді. Басқарушылық есептілікті қалыптастыру туралы қағидалар әзірленді және SAP GRC AC шеңберінде Өтемдік бақылауларды тестілеуді өткізу жөніндегі нұсқаулық бекітілді. Мұның бәрі тәуекелдерді тиімді бақылауға және оларға жедел жауап беруге мүмкіндік береді.

ІШКІ АУДИТ

Компанияда Директорлар кеңесіне тікелей бағынатын тәуелсіз Ішкі аудит қызметі (ІАҚ) жұмыс істейді. Директорлар кеңесі ІАҚ-ның сандық құрамын айқындайды, қызметкерлерге сыйақы мөлшерін белгілейді, ішкі аудиттің саясаты мен рәсімдерін, сондай-ақ жыл сайынғы аудиторлық жоспар мен бюджетті бекітеді.

ІАҚ қызметінің 2023 жылғы негізгі нәтижелері:

  • жылдық аудиторлық жоспар 103%-ға орындалды;
  • ішкі аудиторлардың тәуелсіздігіне немесе жеке объективтілігіне теріс әсер ететін фактілер тіркелмеген;
  • Аудит комитеті мен Директорлар кеңесі тоқсан сайын ІАҚ есептерін қарады.

СЫРТҚЫ АУДИТ

GRI 2-5

Жыл сайын Қазатомөнеркәсіптің Шоғырландырылған қаржылық есептері мен Біріктірілген жылдық есебі аудитордың тәуелсіз тексеруінен өтеді. Бұл тексерудің нәтижелеріне шектеулі сенімділікті қамтамасыз ететін тәуелсіз аудитордың Аудиторлық қорытындысы мен аудитордың Тәуелсіз тексеру нәтижелері туралы есебі кіреді.

2022 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Акционерлерінің жалпы жиналысының кезектен тыс отырысында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның 2023 және 2024 жылдарға арналған Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептілік аудитін жүзеге асыру үшін аудиторлық ұйым ретінде «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС-ні айқындау туралы шешім қабылданды. 2023 және 2024 жылдардағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары бойынша шоғырландырылған және жекелеген қаржылық есептіліктердің аудиті бойынша қызметтер үшін сыйақы сомасы ҚҚС есебімен 679 938 766 (алты жүз жетпіс тоғыз миллион тоғыз жүз отыз сегіз мың жеті жүз алпыс алты) теңге 00 тиынды құрайды.

2023 жылы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның барлық ЕТҰ-сын қоса алғанда, Топқа көрсетілген аудиторлық емес қызметтер үшін «ПрайсуотерхаусКуперс» ЖШС төлемінің жалпы сомасы ҚҚС есептемегенде 115 076 000 теңгені құрады.

Акционерлермен өзара әрекеттесу

АКЦИОНЕРЛІК КАПИТАЛ

Жаһандық депозитарлық қолхаттарды (ЖДҚ) қоса алғанда, Қазатомөнеркәсіптің шығарылған акцияларының жалпы саны 259 356 608 дананы құрайды. Қазіргі уақытта бұл санның 25%-ы, яғни 64 839 152 дана еркін айналымда. «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ акцияларының үлесі 75%-ды құрайды, бұл 194 517 456 данаға тең.

Шығарылған акциялар мен айналымдағы акциялардың үлесі

2023 жылы Қазатомөнеркәсіптің бас компаниясы қандай да бір орналастыруға қатысқан жоқ. Бақылаушы акционермен кез келген келісімдер шарттарының болуы және сақталуы туралы ақпарат болған жоқ.

БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЛИСТИНГІ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша Компанияның акциялар, жаһандық депозитарлық қолхаттар және облигациялар түріндегі бағалы қағаздары «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE), Astana International Exchange (AIX) және Лондон қор биржасында (LSE) листингімен қазақстандық және халықаралық қор биржаларында айналысқа түседі.

Бағалы қағаздар листингі

АҚПАРАТТЫҚ САЯСАТ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Компанияның қолайлы имиджі мен іскерлік беделін қалыптастыру, сондай-ақ тиімді сыртқы және ішкі байланыстарды орнату арқылы мүдделі тараптарды өз қызметі туралы хабардар ету бойынша тұрақты жұмысын атқарады.

Осы жұмыс шеңберінде Ақпаратты ашу жөніндегі кеңес құрылды, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның ақпаратты ашу Саясаты мен Қағидалары, сондай-ақ Компанияның коммуникациялық тәуекелдерін реттейтін басқа да ішкі нормативтік құжаттар жаңартылды.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ ақпаратын ашу саясатын іске асыру кезінде Компания мынадай негізгі қағидаттарды басшылыққа алады:

2023 жылы Компания:

АКЦИОНЕРЛЕРМЕН ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСУДІҢ РЕСМИ АРНАЛАРЫ

Корпоративтік құқықтарды жүзеге асыруды және акционерлермен тиімді өзара әрекеттесуді қамтамасыз ету үшін Компанияда бірнеше байланыс арналары қарастырылған:

Салықтың ашықтығы

GRI 3-3, 207-1

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ құрылған сәттен бастап қолданыстағы салық заңнамасының талаптарын сақтауға үлкен мән береді. Компанияның барлық қызметі нормативтік актілерді, халықаралық келісімдерді және мемлекеттік органдардың ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады. Компания салық есебін және салық есептілігін дайындауды тиісті бақылауды қамтамасыз етеді. Салық салу саласындағы біздің жауапкершілігіміз корпоративтік салық саясатына және барлық міндетті салықтарды уақтылы және толық төлеуге бағытталған ішкі регламенттерге негізделген.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ салық саясаты салықтық есептің жоғары стандарттарын қолдауға ұмтылады және Топ басшылығы оның сақталуына жауапты болады. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жалпы бизнес-стратегиясына және корпоративтік басқару, әдеп және тәуекелдерді басқару қағидаттарына сәйкес бірыңғай салық саясатын қолданады. Компанияның салық саясаты Топ әзірлеген салықтық тәуекелдердің алдын алуды, сәйкестендіруді және азайтуды қоса алғанда, нақты тәсілдер мен шаралар арқылы жүзеге асырылады, бұл салық міндеттемелерін орындаудың дәлдігі мен уақтылығын қамтамасыз етеді.

Халықаралық компаниялардың/корпорациялардың үздік тәжірибелеріне сәйкес келу мақсатында Қазатомөнеркәсіп Басқармасы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының халықаралық Тобына салық салу қағидаттарының саясатын әзірледі және бекітті, ол салық функциясының міндеттерін орындау кезінде Топ кәсіпорындары басшылыққа алатын жалпы қағидаттарды декларациялайтын құжат болып табылады.

Жергілікті билік органдарына барлық тиісті салық төлемдерін жүргізе отырып, Қазатомөнеркәсіп өз қызметін жүзеге асыратын аймақтардың тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын белсенді қолдайды. Компания мүмкін болған жерде әділ, тиімді және тұрақты салық жүйесін қалыптастыруға елеулі үлес қосу үшін мемлекеттік органдармен, тәуелсіз қауымдастықтармен және бизнес-топтармен салық мәселелері бойынша диалогқа ұмтылады.

GRI 207-2, 207-3

Салық департаментінің директоры салық есебін жүргізуге, салық тәуекелдерін бақылауға және басқаруға жауапты және оларды бақылау үшін тиісті процестер мен жүйелердің болуын қамтамасыз етеді. Топ салық тәуекелдерін барынша азайтуға ұмтылады және әрқашан Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес келетін ақылға қонымды қағидаттарды басшылыққа алады. Салық заңнамасындағы өзгерістерді үнемі қадағалап отыру Компанияға қажет болған жағдайда процестерді жаңартуға мүмкіндік береді.

Топ салық тәуекелдерін аса маңызды деп санайды және олар болған жағдайда оны қаржылық есептілікте ашады. Топ тоқсан сайын ішкі пайдаланушылар үшін салықтық тәуекелдер туралы есептер дайындайды. Қазақстан Республикасының салық жүйесі тұрақты даму үстінде екендігін ескере отырып, біз Топ үшін ең маңызды салықтық тәуекелдер ретінде салық заңнамасының нормалары мен ережелерін әртүрлі түсіну, сондай-ақ трансферттік баға белгілеу заңнамасын қолдану тәуекелдерін қарастырамы.

Біз салықтық тәуекелге қатысты күрделі мәселе немесе белгісіз жағдай туындаған кезде сыртқы кеңестерге жүгінеміз және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер комитетімен талаптардың сақталуын келісу арқылы салық органымен өте тығыз жұмыс жасаймыз, кез келген даулы мәселелерді белсенді және ашық талқылау және келіссөздер арқылы шешуге тырысамыз.

Топ ықтимал тәуекелдерді жедел анықтау және оларға ден қою мақсатында тараптардың тұрақты өзара әрекеттесуіне бағытталған салық органдарының түрлі пилоттық жобаларына белсенді қатысады. Қазіргі уақытта Топ негізгі қағидаттары салық есебінің ашықтығы мен дұрыстығы болып табылатын көлденең мониторинг бойынша пилоттық жобаның екінші кезеңіне кіру жұмыстарын жүргізуде. Компания қызметкерлері салық заңнамасының тенденциялары мен өзгерістері туралы өзекті ақпарат алу үшін салық мәселелері бойынша семинарлар мен тренингтерге үнемі қатысады. Салық салу саласындағы маңызды мәселелерді Компанияның қаржылық есептілігінің аудиті барысында сыртқы аудиторлар үнемі тексеріп отырады.

Заңдар мен нормативтік актілерді сақтау

GRI 2-27

2023 жылы заңдар мен нормативтік актілердің сақталуы

2023 жылы Топ бойынша заңдар мен нормативтік актілерді сақтамау жағдайларының жалпы саны 328 құрады, оның ішінде айыппұл салу жағдайлары – 61, ақшалай емес санкциялар қолдану жағдайлары – 267. Бұл ретте ақшалай емес санкциялар қатарына Топ кәсіпорындарының тиісті мемлекеттік/реттеуші органдар белгілеген заңдарды, заңға тәуелді нормативтік-құқықтық актілерді және реттеуші құжаттарды бұзуының барлық жеке жағдайлары кірді.

2023 жылы Топ жалпы сомасы 522,8 млн теңгеге 61 айыппұл төледі. Бұл ретте әрбір жеке жағдайда 364 млн теңгеден астам сомаға айтарлықтай/ елеулі айыппұлдар төлеу жағдайлары болған жоқ. Елеулі мәннің таңдалған сомасы 2023 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған қаржы жылы үшін салық салуға дейінгі пайданың 5% мөлшерінде тәуелсіз аудиторлық қорытындыда көрсетілген мән негізінде айқындалады және қаржылық есептіліктің жекелеген бабына көрсетілген пайыздың жүзден бір бөлігі ретінде қолданылады.

Ақшалай емес санкцияларды қолданбау жағдайлары да елеусіз болып табылады, өйткені олар Холдингтің операциялық қызметіне айтарлықтай әсер етпеді (өндірісті тоқтату, лицензияларды кері қайтарып алу, шарттық міндеттемелерді орындамау және т.б.).

Корпоративтік әдеп және комплаенс

GRI 2-13, SASB EM-MM-510a.1.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ бизнестегі әдеп нормаларын сақтау ұзақ мерзімді табыстың іргелі аспектісі болып табылатынын, сондықтан өзінің күнделікті қызметінде әдептілік мінез-құлықтың жоғары стандарттарын ұстанатынын көрсетеді. Бұл Компанияның корпоративтік мәдениеті мен бизнеске деген көзқарасының ажырамас бөлігі.

Қазатомөнеркәсіптің қолданыстағы нормалары аясында Әдеп және комплаенс кодексі бекітілді, ол мінез-құлықтың негізгі қағидаттарын айқындайды және стратегиялық мақсаттарға қол жеткізу үшін негіз болып табылады. Бұл кодекс бар қызметкерлерге барлық мүдделі тараптармен қарым-қатынас орнатудағы нұсқаулық ретінде қызмет етеді.

Әдеп және комплаенс кодексімен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-рәсімдерді реттейтін негізгі құжаттар:

Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясаты «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттарын, мақсаттары мен қағидаттарын белгілейтін негізгі құжат болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа және алаяқтыққа қарсы іс-қимылдың негізгі қағидаттары:

Корпоративтік жанжалдар мен мүдделер қақтығысын реттеу туралы ереже олардың себептерін, алдын алу және реттеу рәсімдерін айқындайды, сондай-ақ осындай жанжалдарды реттеу контекстінде Компания органдары қызметінің тәртібін белгілейді.

GRI 205-2

Топ қызметкерлерінің 100%-ы, оның ішінде басшы құрам Сыбайлас жемқорлық пен алаяқтыққа қарсы іс-қимыл саясаты туралы хабардар етілген. Комплаенс саласындағы жыл сайынғы тестілеуді қоса алғанда, осы саясаттың қағидаттары мен талаптары бойынша оқыту іс-шаралары үнемі өткізіліп тұрады.

ESG қағидаттарына сәйкес, Қазатомөнеркәсіп өзінің іскер серіктестері арасында комплаенс мәдениетін дамытуға және таратуға белсенді ықпал етеді.

Топтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатымен және рәсімдерімен танысқан жеткізушілер қатарындағы іскер серіктестердің үлесі – 100%.

2023 жылы Комплаенс қызметі Топтың жиырма сегіз ірі және жүйелік контрагенттері үшін жеткізушілер мен мердігерлердің Әдеп кодексін түсіндіру бойынша семинарлар өткізді.

2023 жыл ішінде «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Комплаенс қызметі комплаенстің түрлі аспектілері, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Топ қызметкерлері үшін сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар оқыту іс-шараларын өткізді.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мемлекеттік қызметшілерінің қатысуымен оқыту және түсіндіру іс-шаралары ұйымдастырылды.

Жалпы, Компания сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Топ қызметкерлерінің кемінде 90%-ын оқытуға ұмтылады.

GRI 205-1

Сыбайлас жемқорлыққа байланысты тәуекелдерді бағалау 2023 жылы Топтың 167 бөлімшесінде/бизнес-процестерінде жүргізілді, бұл Топтың жалпы бөлімшелерінің/бизнес-процестерінің 47,7% құрайды.

2023 жылға арналған Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің бекітілген картасына сәйкес Қазатомөнеркәсіп үшін елеулі тәуекелдер болып келесі тәуекелдер саналады:

ӘДЕП ЖӘНЕ БИЗНЕС ЖҮРГІЗУ

Компанияның барлық қызметкерлері қоғамдық нормаларға, сондай-ақ Компания ішінде қалыптасқан жауапкершілік қағидаттары мен дәстүрлерге сәйкес келетін жеке мінез-құлықтың жоғары стандарттарын ұстанады. Бұл жоғары стандарттарға жұмыс ортасында да, әріптестермен, серіктестермен, жеткізушілермен, тұтынушылармен және Компанияның басқа да мүдделі тараптарымен қарым-қатынаста да, күнделікті өмірде де адалдық, шынайылық, әділдік пен құрмет жатады.

Ұжыммен, іскер әріптестермен, акционерлермен, мемлекеттік органдармен және басқа да мүдделі тараптармен өзара әрекеттестікте персонал мінез-құлқының негізгі қағидаттары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әдеп және комплаенс кодексінде бекітілген. Бұл Кодекс қызметкерлердің көзқарастары мен іс-әрекеттерінің бірлігіне, сондай-ақ Компанияның мақсаттарына тиімді қол жеткізуге ықпал ететін, Топтың корпоративтік мәдениетінің негізі болып табылатын корпоративтік құндылықтарды қамтиды.

GRI 2-23

Компанияның корпоративтік құндылықтары:

Қауіпсіздік
  • Қауіпсіздік – біздің әдетіміз.
  • Біздің әрқайсымыз қауіпсіздік үшін жеке жауап береміз.
  • Біз қауіпсіздік мәдениетін стандарттар мен мінез-құлық арқылы қолдаймыз.
  • Біз қоршаған ортаға ұқыпты қараймыз.
Кәсібилік
  • Біз саладағы көшбасшымыз.
  • Бізде бірегей білім мен тәжірибе бар және онымен бөлісеміз.
  • Біз алға қойған мақсаттарға тиімді қол жеткіземіз.
  • Біз салмақты шешімдер қабылдаймыз.
Жауапкершілік
  • Біздің әрқайсымыз өз жұмысымыздың нәтижесі үшін жеке жауап береміз.
  • Біз болашаққа қамқорлық жасаймыз және қабылданған шешімдер үшін жауап береміз.
  • Біз Компанияның беделін бағалаймыз.
  • Біз бір-бірімізге, серіктестерге, жеткізушілерге және тұтынушыларға адалмыз.
Даму
  • Өзімізді дамыта отырып, біз Компанияны дамытамыз.
  • Біз инновация қолдануды насихаттаймыз.
  • Ең жақсы дәстүрлерді сақтай отырып, біз жаңа бизнес бағыттарын дамытамыз.
  • Біз технологияны жетілдіреміз.
Команда
  • Біз әркімнің пікірін құрметтейміз және оның үлесін бағалаймыз.
  • Біз бір-бірімізге көмектесеміз.
  • Біз ортақ нәтиже үшін жұмыс істейміз.
  • Ұрпақтардың тәжірибесі мен күш-қуаты тиімді команда құрады.

Әдеп және комплаенс кодексінде белгіленген нормаларды сақтау лауазымына қарамастан Компанияның барлық қызметкерлерінің міндеті болып табылады. Бұдан басқа, бұл нормалар басшылық пен Компания өзара әрекеттесетін үшінші тұлғалар үшін міндетті болып табылады. Барлық қызметкерлер Әдеп және комплаенс кодексі бойынша жұмысқа қабылдау кезінде және оның ережелерін өзгерткен сайын оқудан өтеді.

Бұдан басқа, Топтың әрбір компаниясында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Тобының әдеп қағидаттарын түсіндіретін және жеткізушілер мен мердігерлерді оларды сақтауға міндеттейтін Жеткізушілер мен мердігерлер кодексі (стандартты сатып алу шартының бөлігі ретінде) енгізілді.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІН БАСҚАРУ

GRI 3-3

Заңға бағынатын және жария ұйым ретінде Қазатомөнеркәсіп қазақстандық заңнамада, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық пен парақорлыққа қарсы күрес жөніндегі әлемдік қоғамдастықта көзделген шараларды қолдайды және сақтайды. Сыбайлас жемқорлық мемлекет пен қоғамның экономикалық қауіпсіздігіне айтарлықтай зиян келтіреді, бұл ел экономикасы үшін жойқын зардаптарға әкеледі, азаматтардың және жалпы қоғамның қоғамдық өмірі мен сенімін тұрақсыздандырады. Компанияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы міндеттемелері оның Әдеп және комплаенс кодексінде нақты бекітілген.

GRI 2-16, 2-24, SASB EM-MM510a.1.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету үшін Компанияда шаралар мен рәсімдердің толық кешені қолданылады. Шешім қабылдау деңгейіне байланысты келесі міндеттер мен шаралар белгіленеді:

Сонымен қатар, Компания өзінің жеткізушілері мен мердігерлері арасында әдепті мінез-құлықтың ұқсас принциптерін таратуға тырысады. 2021 жылдан бастап Компания тобының үлгілік сатып алу келісімшарттарына Жеткізушілер мен мердігерлер кодексі қосымшасы енгізілді, оны орындау жеткізушілер үшін міндетті болып табылады. Кодекс ESG принциптеріне сәйкес келетін жеті негізгі принципті қамтиды. 2022 жылдан бастап Кодексті талқылау үшін топтың неғұрлым жүйелі және ірі жеткізушілерімен түсіндіру кездесулері мен семинарлар өткізіледі. Одан басқа, 2023 жылы Компания жеткізушілер үшін ESG жауап алу сауалнамасын әзірледі және жеткізушінің ESG жауап алу сауалнамасын толтыру жөніндегі міндеттемесі Қазатомөнеркәсіптің тауарларын, жұмыстары мен қызметтерін сатып алудың үлгілік келісімшартына енгізілді.

GRI 205-3

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлықтың 1 жағдайы анықталды: «Волковгеология» АҚ қызметкері Түркістан қалалық сотының 23.01.2023 жылғы үкімімен 2021 жылы Қазақстан Республикасы Түркістан облысы Экология департаментінің қызметкеріне пара бергені үшін кінәлі деп танылды. Бұл ретте, осы құқық бұзушылық бойынша тергеу іс-шараларын жүргізу кезеңінде «Волковгеология» АҚ қызметкерімен еңбек шарты бұзылды.

Есепті кезеңде Топ қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық әрекеттері үшін жұмыстан шығару немесе жазалау жағдайлары болған жоқ.

Есепті кезеңде сыбайлас жемқорлық бойынша бұзушылықтарға байланысты іскер әріптестермен келісімшарттарды бұзу немесе жаңартпау туралы расталған жағдайлар тіркелмеген.

2023 жылы есепті кезеңде ұйымға немесе оның қызметкерлеріне қарсы қозғалған сыбайлас жемқорлық туралы жария сот істері болған жоқ.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ОҚЫТУ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да қызметкерлердің комплаенс саласындағы хабардарлығын арттыруға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамадағы соңғы өзгерістер туралы ақпараттандыруға арналған оқытулар тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

2023 жыл ішінде ЕТҰ тәуекел және комплаенс офицерлерімен екі кеңес өткізілді (2023 жылғы 15-17 наурыз және 16-17 қараша). Кеңес барысында тәуекел-менеджмент және комплаенс ортасындағы негізгі өзгерістер талқыланды, практикалық әдістер мен әзірлемелер бойынша баяндамалар жасалды.

2023 жылдың қараша-желтоқсан айларында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ қызметкерлері үшін «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әдеп және комплаенс кодексін білуге тестілеу өткізілді.

Бұдан басқа, Компаленс қызметінің қызметкерлері «Қазатомөнеркәсіп» комплаенс тобының мамандары үшін үш баяндама дайындады:

Компанияда ай сайын QazatomNews корпоративтік журналында комплаенс мәселелері түсіндіріліп, комплаенс бойынша бағана жарияланады.

КЕРІ БАЙЛАНЫС АРНАЛАРЫНЫҢ ЖҰМЫСЫ

GRI 2-16, 2-26, 207-2

Компанияда сыбайлас жемқорлық пен алаяқтық жағдайларына, Әдеп және комплаенс кодексін бұзушылықтарына, сондай-ақ Топтың қызмет саласын қозғайтын заңнаманың өзге де бұзушылықтарына қатысты Компания қызметкерлерінің де, үшінші тұлғалардың да өтініштерін қабылдауға арналған «жедел желі» жұмыс істейді. «Жедел желі» байланыс ақпараты Компанияның және ЕТҰ-ның ресми веб-сайтында қолжетімді.

2023 жылы «жедел желіге» 48 хабарлама келіп түсті. «Жедел желіге» келіп түскен 48 хабарламаның 44-і қаралды, 4-і қабылданбады (мәселені сот органдарында қарауға, осыған ұқсас хабарлама бойынша бұрын тексеру жүргізуге, тексеруді жүргізуге мүмкіндік беретін мәліметтердің болмауына байланысты). Хабарламалар Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес мерзімде қаралды.

Хабарламалар тақырыбы, %

ОМБУДСМЕН ИНСТИТУТЫ

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-да Омбудсмен институты жұмыс істейді, оның негізгі функциялары Кодекстің ережелері бойынша кеңес беруді, Кодекс ережелерін бұзу туралы дауларды қарауға бастамашылық жасауды және оларды реттеуге қатысуды, сондай-ақ Компания қызметкерлерінің іскерлік әдеп қағидаттарын сақтауын бақылауды қамтиды. Өз қызметінде Омбудсмен Компанияның ішкі құжаттарына сәйкес тәуелсіздік, бейтараптық, әділдік, құпиялылық және бейресми қағидаттарын басшылыққа алады.

Қазатомөнеркәсіп Омбудсмен қызметінен және 23 ЕТҰ-дағы дербес Омбудсмендерден тұратын құқық қорғау институтымен ұсынылған.

Бұл құрылымдық модель өтініштерді жедел қарауға, әдеп бұзушылықтар бойынша шаралар қабылдауға, әлеуметтік-еңбек дауларының алдын алуға және реттеуге, дауларға, жанжалдарға немесе проблемалық жағдайларға қатысушы тұлғаларға ұсынымдарды мазмұнды әзірлеуге, сондай-ақ тиімді коммуникациялық іс-шаралар жүргізуге мүмкіндік береді.

Нәтижесінде ЕТҰ Омбудсмендерімен 2023 жылы 225 қызметкер жеке қабылдауда қабылданды, еңбек ұжымдарымен 141 кездесу өткізілді.

Әрбір қызметкер Омбудсменге арнайы байланыс арналары: сенім телефоны, ЕТҰ-дағы ішкі коммуникациялар арналары, WhatsApp мобильді қосымшасы, Омбудсменнің e-mail арқылы жүгіне алады. Омбудсменнің қызметі туралы ақпарат ЕТҰ кәсіпорындарының ақпараттық стендтерінде және экрандарында өтініш беру тәсілдерін көрсете отырып орналастырылған.

Келіп түскен барлық өтініштер Компанияның ішкі құжаттарына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, оның ішінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексіне сәйкес қаралды.

Мәселелердің сипаты бойынша қаралған өтініштер келесідей бөлінді:

Сонымен қатар, қаралған 40 өтініштің 12-сі немесе 30%-ы ұжымдық өтініштерден тұрады, оның 10-ы анонимділік шарттарымен берілген. Анонимді өтініштердің жалпы саны –12. Басқа өтініштер – 2.

Өтініштер келесі арналарда қабылданды:

Барлық өтініштер бойынша Омбудсмен ҚР қолданыстағы заңнамасына және Қоғамның ІҢҚ-на қатаң сәйкестікте тексерулер жүргізіп, кейіннен өтініш берушілерге жауап берілді.

2023 жылы Омбудсменнің қызметінде алғаш рет бұзушылықтарды жою, оның ішінде Қоғамның ІҢҚна өзгерістер мен толықтырулар енгізу жолымен ұсыныстар енгізу практикасы қолданылды. Аталған кезеңде 8 ұсыным дайындалып, енгізілді, оларды қарау нәтижелері бойынша ұжымдық шартқа, рекрутинг жүргізу қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ Samruk Research Services әдістемесі бойынша әлеуметтанулық зерттеулер жүргізу кезінде қолданылатын сауалнамалық сұрақтар өзектендірілді.

40
өтінішті
Компанияның Омбудсмені 2023 жылы қарады. Нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойынша түсініктемелер мен ұсыныстар берілді.

2023 жылы моральдық-әдептілік ахуалды бағалау мақсатында 23 ЕТҰ өндірістік персоналынан 11 000 қызметкерді қамти отырып, анонимді сауалнама жүргізілді, бұл олардың жалпы штат санының 60%дан астамын құрады.

Бұл іс-шара өзара сыйластық қағидаттарында қарым-қатынас құру, жұмыстағы әділ көтермелеу мен жоғарылату бойынша кемшіліктерге, қамтамасыз етілген жеке қорғану құралдарына қанағаттанбауға, ұлты, діні, жынысы және т. б. белгілері бойынша кемсітушілікке байланысты проблемалық мәселелерді анықтауға мүмкіндік берді.

Талдау нәтижелері бойынша ЕТҰ бас директорларына ұжымдардағы моральдық-әдептілік ахуалын сауықтыруға бағытталған ұсынымдар әзірленді.

2023 жылы «Самұрық-Қазына» АҚ Омбудсмені С.У. Трумовты және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ жетекшілік ететін ӘӨКО өкілі (интервьюері) А.А. Аққазынованы шақырумен «РУ-6» ЖШС, «Байкен-U» ЖШС, «Қызылқұм» ЖШС, «СКЗ-U» ЖШС, «Семізбай-U» ЖШС Иркөл кеніші, «KAP Logistics» филиалы және «Волковгеология» АҚ «Оңтүстік ВГ» ГРЭ-23 филиалы нысандарына барып қайтты.

Әкімшілік өкілдерімен және қызметкерлермен кездесулерде SRS (Samruk Research Services) өткізген зерттеу нәтижелері талқыланды, онда материалдық-техникалық инфрақұрылымға қанағаттануға, қажетті өндірістік-тұрмыстық жағдайлардың болуына, сондай-ақ даму блоктарына, мансапқа, әлеуметтік пакетке, еңбекті ұйымдастыру мен қауіпсіздікті бағалауға байланысты мәселелерге басты назар аударылды.

Барып қайту нәтижелері бойынша омбудсмендерді, Қызылорда өңірінде орналасқан кәсіпорындардың кадрлық және әлеуметтік қызметтерінің басшыларын шақыра отырып, SRS жүргізіліп жатқан зерттеулер нәтижелерінің дұрыстығына әсер ететін проблемаларды талқылай отырып, бірлескен кеңес өткізілді.

Талқылау нәтижелері бойынша ӘӨКО сұрақтарының еселігі, баяндалуы және саны бойынша ұсынымдар әзірленді.

Еңбек ұжымдарымен осындай кездесулер «Инкай» БК» ЖШС, «Қаратау» ЖШС және «ОТХК» БК» ЖШС, «Қазатомөнеркәсіп-SaUran» ЖШС (Қанжуған кеніші), «Волковгеология» АҚ «Оңтүстік ВГ» ГРЭ-5 филиалы, «Уранэнерго» ЖШС және «KAP Logistics» ЖШСде өткізілді.

Бұдан басқа, ЕТҰ жұмыс жоспарлары зерделеніп, «шекті» және «шиеленісті» индекстер бойынша әлеуметтік әл-ауқат пен тыныштықты жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.

ЕТҰ Омбудсмендерінің кәсіби деңгейін арттыру үшін БҰҰДБ (Біріккен Ұлттар Ұйымын дамыту бағдарламасы) сарапшыларымен кездесу ұйымдастырылып, «Еңбек қатынастарындағы адам құқықтары мен әдеп нормаларын сақтау» тақырыбында білім беру тренингі өткізіліп, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы арнайы өкілінен сертификаттар табысталды.

Қазақстандық ядролық университет (ҚЯУ) базасында ЕТҰ Омбудсмендері үшін «Еңбек жанжалдарын басқару кезінде келіссөздер жүргізу әдістері мен ұйымдастырулары» тақырыбы бойынша оқыту курсы ұйымдастырылды, онда мұнай-газ және басқа салаларда орын алған жанжалды жағдайлардың мысалында нақты кейстер талданды, практикалық міндеттер шешілді және тәжірибе алмасу жүргізілді. Бұл оқуға «Самұрық-Қазына» АҚ, «ҚазМұнайГаз» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Қазақтелеком» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Ембімұнайгаз» АҚ Омбудсмендері шақырылды.

Бұдан басқа, консультациялық-кеңес жұмысы шеңберінде дағдыларды игеру, тәжірибе алмасу мақсатында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ компаниялар тобы Омбудсмендер Кеңесінің 5 отырысы өткізілді.

Айта кету керек, Омбудсмен қызметі «Самұрық-Қазына» АҚ медиаторларының қолданыстағы пулы бойынша оператор болып табылады, ол 11 медиатордан тұрады, олардың басым бөлігі кәсіби медиаторлардың арнайы курстарынан өткен ЕТҰда жұмыс істеп жүрген Омбудсмендер.

Бұл ретте, осы пулдың жұмыс істеу тәжірибесінде алғаш рет Қор компанияларының бірінде болған Қоғам Омбудсменінің қызметінен медиатормен реттелді.

МҮДДЕЛЕР ҚАҚТЫҒЫСЫН БАСҚАРУ

GRI 2-15

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Әдеп және комплаенс кодексі ішкі құжаттарға сәйкес мүдделер қақтығысының туындағаны туралы міндетті түрде хабарлауды талап етеді. Мүдделер қақтығысының барлық мүмкін немесе нақты жағдайлары олармен байланысты тәуекелдерді азайту шараларын әзірлеумен мұқият талданады.

Сонымен қатар, Компанияда Корпоративтік қақтығыстар мен мүдделер қақтығысын реттеу ережесі қолданылады. Бұл құжат осындай қақтығыстардың туындау себептерін, олардың алдын алу және реттеу рәсімдерін айқындайды, сондай-ақ осындай жағдайларды реттеу контекстінде Компания органдарының қызметін реттейді.

МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРМЕН БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ ДЕМЕУШІЛІК ҚЫЗМЕТ

Компанияның мүдделі тараптармен өзара әрекеттесу тәсілі жеке тұлғалармен қарым-қатынаста да, мемлекеттік органдармен жұмыс жасауда да парақорлықтың немесе сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністерін қатаң түрде болдырмайды.

GRI 415-1

Әдеп және комплаенс кодексіне сәйкес Қазатомөнеркәсіп саяси партияларға, ұйымдарға немесе олардың өкілдеріне қаржылық қолдау көрсетпейді және саяси қызметке қатыспайды. Алайда қызметкерлерге жеке көмек көрсетуге немесе саяси партияларға жарна салуға тыйым салынбайды.

Компания шешім қабылдауға әсер ету мақсатында «Сыйлықтар мен брендтік кәдесыйлар беру және алу туралы» Ережеге, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес материалдық құндылықтарды, тауарларды, көрсетілетін қызметтерді немесе пайданы қабылдауға және ұсынуға қатаң тыйым салады.

Қазатомөнеркәсіп өзінің қайырымдылық қызметін «Samruk-Kazyna Trust» Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры арқылы жүзеге асырады, ол әлеуметтік маңызы бар жобаларды конкурстық негізде іріктеуді және іске асыруды жүзеге асырады.